Масло облепиховое

МНН: Облепиховое масло
Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний ЖКТ и нарушений обмена веществ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010315
Период регистрации: 13.06.2016 - 13.06.2021

Инструкция

Саудалық атауы

«КМ – Хипоил» шырғанақ майы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

май

Құрамы

Препараттың 100 г құрамында

белсенді зат: шырғанақ жемістері - 50,0 г

қосымша зат: күнбағыс майы

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі және дәмі бар қызылсары-қызыл түсті майлы сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ ауруларын және зат алмасуының бұзылуын емдеуге арналған басқа да препараттар. АІЖ ауруларын және зат алмасуының бұзылуын емдеуге арналған әртүрлі басқа да препараттар.

АТХ коды А16АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Жараны жазады, қабынуға қарсы, регенерациялаушы.

Қолданылуы

Асқазан-ішек жолдарының аурулары (гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, өңеш, ішек зақымдануы), жоғарғы тыныс алу жолдарының аурулары (жедел және созылмалы риниттер, тонзиллиттер, ларингиттер, трахеиттер, бронхиттер).

Терінің, шырыштың, зақымдануы кезінде, ойылуларда, эрозияларда сыртқа қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Асқазан-ішек жолдарының ауруларында және жоғарғы тыныс алу жолдарының аурулары кезінде күніне 2-3 рет 1 шай қасықтан ішке қолданылады. Емдеу курсы дәрігердің тағайындауы бойынша

Терінің және шырыштың зақымдануы кезінде грануляциялар пайда болғанға дейін майлы таңғыш түрінде, майға жеткілікті суланған тампон, жіңішке білте түрінде сыртқа – 8-12 емшара жасалады, қажет кезінде емдеу курсы 4-6 аптадан соң қайталанады. Қолданар алдында шайқау керек.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жеке дара жоғары сезімталдық

- өттің, бауырдың, ұйқы безінің қабыну үдерісінде, өттас ауруы кезінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша балалар тәжірибесінде қолданады.

Жүктілік және лактация

Препаратты емдік дозада жүктілерге және бала емізетін аналарға пайдалануға болады

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Байқалмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бақылау сақинасы бар полимерлі қақпақпен және тамшылатқыш-тығынмен тұмшаланған, медициналық құтыда 50 мл препараттан. Құтыға заттаңба немесе жазба қағазынан жасалған заттаңба желімделеді. Әрбір құты мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қосымша бет-парақпен бірге картон қораптан жасалған қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 10 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК,

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігінің иесі

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан Республикасы

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК,

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

Прикрепленные файлы

251591111477976211_ru.doc 42 кб
070385251477977462_kz.doc 44.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники