Масло Лопуха

МНН: Лопуха корни
Производитель: ФитОлеум ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний ЖКТ и нарушений обмена веществ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№021640
Период регистрации: 18.09.2015 - 18.09.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Ошаған майы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Майлы сығынды

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат – 5.0 г түйежапырақ тамыры

қосымша зат – күнбағыс майы

Сипаттамасы

Өзіне тән әлсіз иісі бар, сарыдан қызғылт сары түске дейінгі майлы сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ аурулары мен зат алмасуды емдеуге арналған басқа да әртүрлі препараттар

АТХ коды А16АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Қабынуға қарсы, несеп айдайтын, өт айдайтын, диабетке қарсы, жараны жазатын, шашты нығайтатын және өсуін күшейтетін дәрі.

Қолданылуы

Кешенді ем кезінде:

- гастриттерде, асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруында

- бүйрек-өттас ауруларында

- қуық қабынуында, несеп-тас ауруында

- қант диабетін емдегенде

- экземада, себореяда, фурункулезде

Шашты нығайту және өсуін күшейту үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

7 жасқа дейінгі балаларға – 1/2 шай қасықтан күніне 4 рет; 7 жастан үлкен балалар мен ересектерге – 1 шай қасықтан күніне 4 рет тамақтануға дейін 15-20 минут бұрын қабылдау керек. Емдеу курсы 4-8 апта.

Сыртқа: тері ауруларында зақымданған жерлерге күніне 2-3 рет жағу керек.

Шашты нығайту және өсуін күшейту үшін - бас жуудан 2-4 сағат бұрын шаштың арасындағы теріге жағу керек.

Қолданар алдында шайқау керек!

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • жекелей көтере алмаушылық

  • жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі

50 мл және 100 мл препараттан мойны бұрандалы фармацевтикалық қолдануға арналған қызғылт сары шыныдан жасалған шыны құтыда. Сыйымдылығы 50 мл құты полиэтилен тамшылатқыш және алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы полипропилен қақпақпен тығындалған. Сыйымдылығы 100 мл құты алғашқы ашылуы бақыланатын алюминий қақпақпен тығындалған.

Әрбір құты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен қораптық картоннан жасалған қорапқа қапталады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФитОлеум» ЖШС Қазақстан Республикасы

Алматы обл., Есік қ., Маметова к-сі, 25

тел.\факс 8 (727) 297-27-00, 297-27-01, 8 (727) 297-29-36, 8 (72775) 7-25-18

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФитОлеум» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронды поштасы.

«ФитОлеум» ЖШС

050037, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин д-лы, 163 «а»

тел.\факс 8 (727) 297-27-00, 8 (727) 297-27-01, 8 (727) 297-29-36

e-mail: fitoleum@mail.ru, www.fitoleum.kz

 

 

3

 

Прикрепленные файлы

442090591477976374_ru.doc 42.5 кб
157636571477977568_kz.doc 47.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники