Масло крапивы

МНН: Крапивы листья
Производитель: ФитОлеум ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, применяемые при кашле и простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№021620
Период регистрации: 15.09.2015 - 15.09.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Қалақай майы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Майлы сығынды

Құрамы

100 г препарат құрамында

белсенді зат 5.0 г қалақай жапырақтары

қосымша зат – күнбағыс майы

Сипаттамасы

Жасыл-қоңыр түсті, өзіне тән иісі және дәмі бар майлы сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Салқын тию және жөтел симптомдарын жоюға арналған препарат

АТХ коды R05

Фармакологиялық қасиеттері

Препараттың қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, анемияға қарсы, қан тоқтататын, иммуномодуляциялаушы, антиоксиданттық әсері бар

Қолданылуы

Кешенді ем кезінде:

- бронхиттерде, пневмонияда, бронх демікпесінде, өкпе туберкулезінде

- темір тапшылығы бар анемияның алдын алуда және емдеуде, босанудан кейінгі қан кетулерде, етеккірдің көп келуі

- секреторлы функциясы төмендеген гастриттерде

- иммунитет төмендегенде

- шашты нығайту және өсуін күшейту, қайызғақ түзілуін азайту үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Бронх өкпе жүйесінің қабыну ауруларында ас ішерден 15-20 минут бұрын 3 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балаларға – ½ шай қасықтан күніне 3 рет; 7 жастан үлкендер мен ересектерге – 1 шай қасықтан күніне 3 рет қабылдау керек. Емдеу курсы 10-14 күн.

Темір тапшылықты анемияда: ас ішерден 15-20 минут бұрын 3 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балаларға – ½ шай қасықтан күніне 4 рет; 7 жастан үлкендер мен ересектерге - 1 шай қасықтан күніне 4 рет қабылдау керек. Емдеу курсы 20-30 күн.

Босанудан кейінгі кезеңде қан кетуде, етеккір көп келгенде күніне 4 рет 1 шай қасықтан тамаққа дейін, 10-20 күн.

Шаштың өсуін нығайту үшін шашты жуардан 2-3 сағат бұрын бастың шашты бөлігіндегі теріге ысқылап жағу керек.

Жағымсыз әсерлері

- сирек жағдайларда: қышыну, күйдіру, гиперемия. Жағымсыз құбылыстар және басқа да реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулары

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Препараттың автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозаланауы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл және 100 мл препараттан бұрандалы мойны бар қызыл сары шыныдан жасалған фармацевтикалық қолдануға арналған шыны құтыларда. Сыйымдылығы 50 мл құтылар алғашқы ашуды бақылайтын сақинасы бар полиэтилен тамшылатқышпен және бұрандалы полипропиленді қақпақтармен тығындалған. Сыйымдылығы 100 мл құтылар алғашқы ашуды бақылайтын сақинасы бар алюминий тығындармен тығындалған.

Әр құты мемлекеттік пен орыс тілінде жазылған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапқа қапталады. Қолданылуы жөніндегі нұсқаулық мәтінін тікелей қорапшаға салуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Қолданар алдында шайқау керек!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФитОлеум» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы обл., Есік қ., Маметова к-сі, 25, тел.\факс 8 (727) 297-27-00, 297-27-01, 8 (727) 297-29-36, 8 (72775) 7-25-18

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФитОлеум» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронды поштасы.

«ФитОлеум» ЖШС

050037, Қазақстан Республиксы, Алматы қ., Сейфуллин даңғ., 163 «а»

тел.\факс 8 (727) 297-27-00, 8 (727) 297-27-01, 8 (727) 297-29-36

e-mail: fitoleum@mail.ru www.fitoleum.kz

Прикрепленные файлы

623322591477976392_ru.doc 43.5 кб
107509681477977591_kz.doc 49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники