Масло АБС

МНН: Масло АБС
Производитель: Alatau Pharm ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты, способствующие нормальному рубцеванию
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011242
Период регистрации: 31.10.2014 - 31.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

АБС майы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Майлы сығынды 50 мл құтыда

Құрамы

100 мл майлы сығынды, грамында

белсенді заттар:

Кезбе пармелия қатпарлары

4,000

Кәдімгі зере жемісі

2,500

Жапондық есек мия жемісі

1,600

Үштармақты итошаған шөбі

1,500

Дәрілік қанды шөп тамырсабағы мен тамыры

1,500

Түзу қазтабан тамырсабағы

1,250

Батпақ иірінің тамырсабағы

1,250

Сүйекті аққурай жемісі

0,500

Шыбық тәрізді эвкалипт жапырағы

0,400

Кәдімгі шәңкіш қабығы

0,300

Құс самалдық (самалдық) шөбі

0,250

Үлкен жолжелкен жапырағы

0,250

Кәдімгі қара жидек жемісі

0,230

Өгейшөп жапырағы

0,200

Жалаң мия тамыры

0,150

Грек жаңғағы жемісі

0,150

Үлпек қайың бүршіктері

0,125

Кәдімгі зығыр тұқымы

0,125

Қоңыр итмұрын жемісі

0,125

Дәрілік түйежоңышқа шөбі

0,100

Үлкен сүйелшөп шөбі

0,100

Үлкен амми жемісі

0,075

Кәдімгі емен қабығы

0,075

Кәдімгі арша жемісі

0,055

Бұрыш жалбыз жапырағы

0,040

Дәрілік сәлбен жапырағы

0,00

Қандыағаш жемісшесі

0,020

Егістік ботташық жемісі

0,020

Қосымша зат

Күнбағыс майы 100,0-ге дейін

Сипаттамасы

Өзіне тән әлсіз иісі, жағымды дәмі бар, сарғыш-жасыл түсті мөлдір майлы сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Аса үлкен тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды D03AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Құрамындағы әр түрлі биологиялық белсенді заттар: флаваноидтар, иіткіш заттар, кумариндер, эфир майлары, теміреткілік қышқылдар, полисахаридтер, алкалоидтар, майлылығы жоғары майлардың арқасында «АБС» емдік майы қабынуға қарсы, жараны жазатын, антисептикалық, антибактериялық әсер етеді.

Қолданылуы

Кешенді емнің құрамында

  • созылмалы тонзиллитте, ларингитте, ринитте, трахеитте

  • тыныс алу жолдары ауруларында (жедел және созылмалы бронхит)

  • асқазан-ішек жолы ауруларында (гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, колит, энтероколит, проктит, геморрой)

  • гинекологиялық ауруларда (жатыр мойнының эрозиясы, кольпиттер, эндоцервициттер)

  • простатитте

  • терінің зақымданулары (термиялық және химиялық күйіктер, тесілулер, тері мен шырышты қабықтың сәулелік зақымданулары, ауырлық дәрежесі әр түрлі үсулер, баяу жазылатын жаралар мен ойық жаралар, оның ішінде жұқтырғандар)

  • стоматологиялық ауруларда (стоматиттер, гингивиттер, хейлиттер, парадонтиттер)

Қолдану тәсілі және дозалары

Жоғарғы тыныс жолдары аурулары кезінде: шаю түрінде немесе тамақтануға дейін 30 мин бұрын ішке 1 шай қасықтан күніне 3 рет, ринит кезінде АБС майына малынған турунданы қабықтан тазартылған мұрынның шырышты қабығына 20-30 минутқа енгізеді немесе мұрын мен мұрын-жұтқыншаққа күніне 2 рет тамызады. Емдеу курсы 5-6 күн.

Асқазан-ішек жолы аурулары

Ішке, тамақтануға дейін 40-60 минут бұрын 1 десерт қасықтан күніне 3 рет. Емдеу курсы екі апта.

Проктит, геморрой кезінде: ішекті алдын ала тазартқаннан кейін, АБС майын микроклизмаларда 15 -25 мл-ден тәулігіне 2 рет енгізеді. Анус сызаттары мен эрозиялары кезінде апта бойы күніне 3-4 рет майды күнделікті жағу керек.

Термиялық және химиялық күйіктерді, тесілулер, тері мен шырышты қабықтың сәулелік зақымданулары, тері жабындары тұтастығы бұзылған ауырлық дәрежесі әр түрлі үсулер кезінде.

Өңезден тазартылған беткейге майды жағып, үстіне дәке таңғышты салады, оны жара жазылғанша күнделікті ауыстырып отырады.

Термиялық және химиялық күйіктерді, ауырлық дәрежесі әр түрлі үсулерді, жараларды, сыдыруларды емдеу үшін.

АБС майы терінің зақымданған беткейіне жағылады, сіңу шамасына қарап, қайталап жағады. Емдеу ашық әдіспен, зақымдану дәрежесіне қарай, 2-4 апта бойы жүргізіледі.

Көмей, жұтқыншақ, асқазан обырын сәулемен емдеу кезінде

½ шай қасықтан күніне 3-4 рет тамақтан кейін бүкіл сәулемен емдеу курсы бойы және 2 апталық сәулелік ем аяқталғаннан кейін.

Гинекологиялық ауруларда

Қынап пен жатыр мойны шырышты қабығын фурацилинмен өңдегеннен кейін, АБС емдік майы сіңірілген тампон енгізіледі. Емдеу курсы 1-2 апта.

Стоматологиялық аурулар (стоматиттер, гингивиттер, хейлиттер, парадонтиттер)

Ауыз шырышты қабығына аппликация түрінде күніне 3-4 рет. Емдеу курсы 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті аллергиялық реакциялар - қышыну, күйдіру болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация

Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерге анасы үшін пайдасын және бала мен ұрыққа төнетін ықтимал қауіптің арақатынасын есепке ала отырып тағайындайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары байқалмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл май алғашқы ашылуы бақыланатын, мойны бұралатын, бұрандалы пластмасса қақпағы бар полиэтилен тығынмен тығындалған қызыл-сары шыныдан жасалған құтыларда. Әр құты нұсқаулықпен бірге картон қорапқа қапталады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Alatau Pharm» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Сәтпаев к-сі 88 А/1, 24 кеңсе

тел: 8 (727) 392 38 63

Е-mail: alatauFarm2011@mail.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Alatau Pharm» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Alatau Pharm» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Сәтпаев к-сі 88 А/1, 24 кеңсе

 

тел: 8 (727) 392 38 63

Е-mail: alatauFarm2011@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

954601121477976627_ru.doc 54 кб
581285461477977769_kz.doc 84.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники