Максим

МНН: Моксифлоксацин
Производитель: Жамжум Фармасьютикалс Ко.Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Moxifloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020594
Период регистрации: 03.06.2014 - 03.06.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Максим

Халықаралық патенттелмеген атауы

Моксифлоксацин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 400 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат – 436.80 мг моксифлоксацин гидрохлориді (400.00 мг моксифлоксацинге баламалы),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты,

қабықтың құрамы: опадрай ақ (03Н28604)*, пропиленгликоль.

* Опадрай ақ (03Н28604) құрамы: пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е171), тальк, гипромеллоза.

Сипаттамасы

Ақ түстен ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, ұзынша пішінді, ұзындығы 20.00 мм және ені 7.00 мм, бір жақ бетінде нақышталған «JP108» жазуы бар және басқа жақ беті жалпақ таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Микробтарға қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Моксифлоксацин.

АТХ коды J01MA14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі және биожетімділігі

Пероральді түрде қабылдағанда моксифлоксацин тез және толық дерлік сіңеді. Абсолютті биожетімділігі 91%-ға жуықты құрайды.

50 мг-нан 1200 мг-ға дейінгі дозада бір рет, сондай-ақ тәулігіне 600 мг-нан 10 күн бойы қабылдағанда моксифлоксациннің фармакокинетикасы дозаға байланысты болады. Тепе-тең жағдайға 3 күн ішінде жетеді.

400 мг моксифлоксацинді бір рет тағайындағаннан кейін қанда ең жоғары концентрацияға (С max) 0.5-4 сағат ішінде жетеді және 3.1 мг/л құрайды. Плазмада ең жоғары шектегі және ең төмен концентрация тұрақты жағдайда (күн сайын бір рет 400 мг) тиісінше 3,2 және 0,6 мг/л болды.

Моксифлоксацинді аспен бірге қабылдағанда Сmax жету уақытының аздап (2 сағатқа) артқаны және Сmax (шамамен 16%-ға) аздап төмендегені білінеді, мұндайда сіңу жылдамдығы өзгермейді. Алайда бұл деректердің клиникалық маңызы жоқ, өйткені AUC/MIC арақатынасы хинолондардың микробтарға қарсы белсенділігін көбірек болжайды. Демек, препаратты ас қабылдауға қарамай-ақ қолдануға болады.

Таралуы

Моксифлоксацин қантамырдан тыс арнада өте тез таралады. Моксифлоксациннің теңдей таралу көлемі (Vss) шамамен 2 л/кг болатын, фармакокинетикалық қисық астындағы үлкен аудан AUC (AUCnorm = 6 кг*сағат/л) байқалады. Моксифлоксациннің сілекейдегі ең жоғары шектегі концентрациясы плазмадағыдан жоғары болады. Ин-витро және ин-виво зерттеулерде 0,02 мл/л-ден 2 мл/л-ге дейінгі концентрациялар диапазонында моксифлоксациннің ақуыздарымен байланысуы, препарат концентрациясына қарамай-ақ, шамамен 45% құрайды.

Моксифлоксацин негізінен плазма альбуминімен байланысады.

Көлемінің төмен болуына байланысты бос концентрациясының ең жоғары шыңы > 10xMIC байқалады.

Препараттың плазмадағы осындайдан асып кететін жоғары концентрациялары өкпе тіндерінде (эпителиальді сұйықтықта, альвеолярлық макрофагтарда, биологиялық тінде), мұрын қуыстарында және полиптерінде, қабыну ошақтарында болады. Сілекейден, интерстициальді сұйықтықтан (бұлшықетішілік және теріастылық) бос күйіндегі препараттың жоғары концентрациялары табылады.

Бұдан басқа, препараттың жоғары концентрациялары құрсақ қуысының ағзаларынан және перитонеальді сұйықтықтан, сондай-ақ әйелдің жыныс ағзаларынан табылады.

Моксифлоксациннің бір реттік 400 мг дозасынан кейін енгізудің екі жолында да әртүрлі тіндерде-нысандардағы плазмалық концентрациямен салыстырғанда ең жоғары салыстырмалы концентрациялар байқалды.

Метаболизмі

Биотрансформацияның 2-ші фазасынан өткеннен кейін моксифлоксацин организмнен бүйректер арқылы және асқазан-ішек жолымен (АІЖ) өзгермеген күйінде де, сондай-ақ белсенді емес сульфоқосылыстар (М1) және глюкуронидтер (М2) түрінде де шығарылады. Аталған метаболиттер адам организміне қатысты ғана қолдануға келеді және микробтарға қарсы белсенділігі жоқ. Басқа препараттармен метаболизмдік фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерін зерттеу Р450 цитохромының микросомальді жүйесімен моксифлоксациннің биотрансформацияға ұшырамайтындығы көрінді.

Қолдану тәсілдеріне қарамай-ақ М1 және М2 метаболитттер қан плазмасында өзгеріске ұшырамаған моксифлоксацин концентрациясына қарағанда өте төмен концентрацияларда табылады.

Шығарылуы

Препараттың плазмадан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 12 сағатты құрайды. 400 мг дозасын қабылдағаннан кейінгі орташа жалпы клиренсі минутына 179 мл-ден 246 мл-ге дейінді құрайды. Шамамен 24-53 мл/мин құрайтын бүйректік клиренсі бүйректерде препараттың ішінара өзекшелік реабсорбциясы арқылы жүреді. Ранитидин мен пробенецидті біріктіріп қолдану препараттың бүйректік клиренсіне ықпалын тигізбейді. Енгізу жолдарына қарамай-ақ бастапқы зат моксифлоксацин оксидативті метаболизм белгілерінсіз метаболизмнің ІІ сатысының метаболиттеріне дейін толық дерлік 96-98% метаболизденеді.

Емделушілердің әртүрлі топтарындағы фармакокинетикасы

Егде жастағы емделушілер

Моксифлоксациннің фармакокинетикасында айырмашылықтар анықталған жоқ.

Жынысы. Еркектер мен әйелдер арасында фармакокинетикасында (AUC, Cmax) айырмашылықтар (33%) байқалды. AUC пен Cmax мәндерінде анықталған айырмашылықтар жынысына қарағанда дене салмағындағы айырмашылықтармен түсіндірілді. Осылайша, олар клиникалық тұрғыдан маңызды емес.

Этникалық айырмашылықтары

Ықтимал нәсіларалық айырмашылықтар европеоидтық, жапондық, негроидтық және басқа да этникалық топтарда зерттелді. Моксифлоксациннің фармакокинетикасында клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар анықталған жоқ.

Балалар

Моксифлоксациннің фармакокинетикасы балаларда зерттелген жоқ.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин/1,73 кв.м болатын емделушілерде) және үздіксіз гемодиализде және ұзақ амбулаторлық перитонеальді диализде болатын емделушілерде моксифлоксациннің фармакокинетикасында елеулі өзгерістер байқалған жоқ.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясы жеңілден ауырға дейін бұзылған (Чайлд-Пью бойынша А сатысынан С сатысына дейін) емделушілерде қан плазмасындағы моксифлоксацин концентрациясын зерттеу дені сау еріктілермен немесе бауыр функциясы қалыпты емделушілермен салыстырғанда клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар байқалған жоқ (сондай-ақ «Айрықша нұсқаулар» тарауында бауыр циррозы бар емделушілерге пайдаланылуын қараңыз).

Фармакодинамикасы

Максим – белсенділігі және бактериялық әсері кең ауқымды 8-метокси-фторхинолонды антибиотик. Максимнің кең ауқымды грамоң және грамтеріс организмдерге, анаэробтық организмдерге, қышқылға төзімді бактерияларға және өзіне тән емес түрлеріне, мысалы, Chlamidia spp., Mycoplasma spp. және Legionella spp. қарсы «ин витро» белсенділігі бар.

Препараттың бактерицидтік әсері II және IV бактериялық топоизомеразалардың – ДНҚ топологиясын бақылайтын маңызды ферменттердің (микроб жасушасының ДНҚ репликациясына, репарациясына және транскрипциясына жауап беретін) тежелуімен жүзеге асады.

Моксифлоксациннің бактерицидтік әсері оның концентрациясына байланысты. Препараттың ең төмен бактерицидтік концентрациялары жалпы алғанда ең төмен тежегіш концентрацияларға ұқсас.

Максим β-лактамдарға және макролидтерге төзімді бактерияларға бактерицидтік әсер етеді.

Төзімділігі

Пенициллиндерге, цефалоспориндерге, аминогликозидтерге, макролидтерге және тетрациклиндерге төзімділіктің пайда болуына әкелетін механизмдер препараттың бактерияларға қарсы белсенділігін бұзбайды. Бактерияларға қарсы препараттардың осы топтары мен Максим арасында айқаспалы төзімділік білінбейді. Плазмидо арқылы болатын төзімділік күні бүгінге дейін байқалмады.

Препарат құрылымындағы C8-метокси-тобы грамоң микроорганизмдерге қарсы белсенділікті арттыратындығы және C8-H-топпен салыстырғанда төзімді грамоң бактериялар селекциясының мутанттарының пайда болуын төмендетуге мүмкіндік беретіндігі анықталды. Құрылымында С7 күйіндегі азабициклоқұрылымның болуы, механизмі фторхиноландарға микроорганизмдердің төзімділігінің пайда болуы негізінде жатқан, белсенді эффлюкске (яғни жасушадан фторхинолонның белсенді түрде шығару) жол бермейді.

Максимге төзімділік көптеген мутация арқылы баяу дамиды. Төзімділіктің пайда болуының жалпы жиілігі өте мардымсыз (10-7 – 10-10). Препараттың микроорганизмдерге ең төмен тежегіш концентрациялардан (МТК) төмен концентрацияларда көп рет әсер етуі МТК аздап қана артуымен қатарласа жүреді.

Хинолондарға айқаспалы төзімділік жағдайлары білінеді. Дегенмен, басқа хинолондарға төзімді кейбір грамоң және анаэробтық микроорганизмдер Максимге сезімталдылығын сақтайды.

Адамның ішек флорасына ықпалы

Максимді™ ішке қабылдағаннан кейін ішек флорасында келесі өзгерулер байқалды: E.Coli, Bacillus spp., Bacteroides vulgatus, Enterococci және Klebsiella spp., сондай-ақ анаэробты Bifidobacterium, Eubacterium және Peptostreptococcus азайды. Бұл өзгерулер екі апта ішінде өтті. Clostridium difficile уыты табылған жоқ.

Ин витро сезімталдығы жөнінде деректер

Сезімтал микроорганизмдер:

Грамоң бактериялар:

- Gardnerella vaginalis

- Streptococcus pneumoniae (Streptococcus pneumoniae (MDRSP) мультитөзімді штаммдарын қоса есептегенде, PRSP ретінде белгілі штаммдарды (пенициллин-төзімді St. Pneumoniae) және келесі екі және одан көп антибиотиктерге төзімді штаммдар: пенициллин (MIC ≥ 2 мкг/мл), цефалоспориндердің екінші буыны (мысалы, цефуроксим), макролидтер, тетрациклиндер және триметоприм/сульфаметоксазол

- Streptococcus pyogenes (А тобы)*

- Streptococcus milleri тобы (S. anginosus*, S. constellatus* и S. intermedius*)

- Streptococcus viridans тобы (S. viridans, S. mutans, S. mitis, S. sanguinis, S. salivarius, S. thermophilus, S. constellatus)

- Streptococcus agalactiae

- Streptococcus dysgalactiae

- Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал штаммдар)*

- метициллинге сезімтал коагулаза-теріс стафилококк штаммдары (S. cohnii, S. epidermidis, S. haemolyticus, S. hominis, S. saprophyticus, S. simulans)

Грамтеріс бактериялар

- Haemophillus influenzae (β-лактамазаны түзетін және түзбейтін штамдарды қоса есептегенде)*

- Haemophillus parainfluenzae*

- Moraxella catarrhalis (β-лактамазаны түзетін және түзбейтін штамдарды қоса есептегенде)*

- Bordetella pertussis

- Legionella pneumophilia Acinetobacter baumanii

- Proteus vulgaris

Анаэробтар:

- Fusobacterium spp, Porphyromonas spp, Prevotella spp, Propionibacterium spp.

Өзіне тән емес:

Chlamydia pneumoniae*, Chlamydia trachomatis**, Mycoplasma pneumoniae*, Mycoplasma hominis, Mycoplasma genitalium, Legionella pneumophila*, Coxiella burnetti

Аралық микроорганизмдер:

Грамоң бактериялар:

- Enterococcus faecalis* (тек ванкомицинге және гентамицинге сезімтал штаммдар)

- Enterococcus avium*

- Enterococcus faecium*

Грамтеріс бактериялар:

- Escherichia coli *

- Klebsiella pneumoniae *

- Klebsiella oxytoca

- Citrobacter freundii*

- Enterobacter species (E. aerogenes, E. intermedius, E. sakazaki)

- Enterobacter cloacae *

- Pantoea agglomerans

- Pseudomonas fluorescens

- Burkholderia cepacia

- Stenotrophomonas maltophilia

- Proteus mirabilis * 

- Morganella morganii

- Neisseria gonorrhoea **

- Providencia species (P. rettgeri, P. stuartii)

Анаэробтар:

- Bacteroides sp (B. fragilis*, B. distasoni*, B. thetaiotaomicron*, B. ovatus*, B. uniformis*, B. vulgaris*)

- Peptostreptococcus spp. *

- Clostridium sp *

Төзімді

Грамоң:

- Staphylococcus aureus -метициллин/офлоксацин төзімді штаммдар.

(Максимді метициллин-төзімді Staphylococcus aureus (MRSA) туындаған жұқпаларды емдеу үшін қолдануға болмайды. Жұқпаның осы штаммдардан (MRSA) туындағанына күдіктенгенде немесе айғақталғанда, тиісті антибиотиктермен емдеуді бастау қажет).

- коагулаза-теріс стафилококктар (S. cohnii, S. epidermidis, S. haemolyticus, S. hominis, S. saprophyticus, S. simulans) метициллинге төзімді штаммдар

Грамтеріс

- Pseudomonas aeruginosa

*/** Максимге сезімталдық клиникалық деректермен айғақталған.

Микроорганизмдердің кейбір штаммдарының жүре келе болған төзімділігінің жиілігі географиялық аймаққа байланысты уақыт өте келе өзгеруі мүмкін.

Микроорганизмдердің, әсіресе ауыр жұқпаларды емдеген кезде, жергілікті төзімділігі жөнінде ақпарат болғаны дұрыс.

Қолданылуы

Максим таблеткалары препаратқа сезімтал микроорганизмдер әсерінен болған келесі бактериялық жұқпаларды емдеу үшін қолданылады:

- тыныс жолдарының жұқпаларын, соның ішінде созылмалы бронхиттің өршуі, ауруханадан тыс пневмония, мультитөзімді штаммдар* әсерінен болғандарды қоса есептегенде

- жедел синусит

- тері мен жұмсақ тіндердің асқынбаған жұқпалары

- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған жұқпалары, жұқпалы «диабеттік табанды» қоса есептегенде

- кіші жамбас ағзаларының асқынбаған қабыну аурулары (әйелдің жыныс жолдарының жоғарғы бөліктерінің жұқпалары, сальпингит пен эндометритті қоса)

- асқынған интраабдоминальді жұқпалар, полимикробтық жұқпаларды, соның ішінде құрсақішілік абсцестерді қоса

* Мультитөзімді (MDRSP) Streptococcus pneumoniae, PRSP (пенициллин-төзімді S. Pneumoniae) ретінде белгілі изоляттарды қоса есептегенде, және келесі екі және одан көп антибиотиктерге төзімді штаммдар: пенициллин (MIC ≥ 2 мкг/мл), цефалоспориндердің екінші буыны (мысалы, цефуроксим), макролидтер, тетрациклиндер және триметоприм/сульфаметоксазол.

Бактерияларға қарсы препараттарды тиісінше пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларға назар аударған жөн.

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблетканы сұйықтықтың мол мөлшерімен ішіп, бүтіндей жұтқан жөн. Ас қабылдауға қарамай-ақ қабылдануы мүмкін.

Ересектер

Максимнің ұсынылатын дозасы жоғарыда аталған көрсетілімдер үшін күніне 1 рет 400 мг (1 таблетка) құрайды және арттырылмауы тиіс.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы көрсетілім ауырлығына немесе клиникалық әсеріне байланысты анықталады.

Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жұқпаларын емдеу үшін келесі жалпы ұсынымдар бар:

Созылмалы бронхиттің өршуі – 5 күн.

Ауруханадан тыс пневмония – 10 күн.

Жедел синусит – 7 күн.

Терінің және жұмсақ тіндердің асқынбаған жұқпалары – 7 күн.

Кіші жамбас ағзаларының асқынбаған қабыну аурулары – 14 күн.

Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған жұқпалары – Максиммен сатылы емдеудің жалпы ұзақтығы (препаратты көктамыр ішіне енгізу, әрі қарай ішке қабылдау) 7-21 күнді құрайды.

Құрсақішілік асқынған жұқпалар – сатылы емнің жалпы ұзақтығы (препаратты көктамыр ішіне енгізу, әрі қарай ішке қабылдау) 5 - 14 күнді құрайды.

Ұсынылатын емдеу ұзақтығын арттырмаған жөн.

Емделушілердің ерекше категориялары бойынша қосымша ақпарат

Балалар мен жасөспірімдер

Максимнің тиімділігі және қауіпсіздігі балаларда және 18 жастан кіші жасөспірімдерде анықталған жоқ.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде дозалау режимін өзгертудің қажеті жоқ.

Этникалық айырмашылықтары

Этникалық топтарда дозалау режимін өзгертудің қажеті жоқ.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер

Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде дозалау режимін өзгертудің қажеті жоқ.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин/1,73 кв.м қоса есептегенде), сондай-ақ созылмалы диализдегі, мысалы, гемодиализдегі және ұзаққа созылатын амбулаториялық перитонеальді диализдегі емделушілерде дозалау режимін өзгертудің қажеті жоқ.

Жағымсыз әсерлері

«Жиі» категориясына жатқызылған, жүректің айнуы және диареядан басқа, жағымсыз құбылыстар емделушілердің 3%-нан азында байқалды.

Жиі (> 1/100 және 1/< 10 %)

- кандидоздық супержұқпалар

- бас айналу, бас ауыру

- гипокалиемиясы бар науқастарда ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы

- жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея

- қанда трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

- инъекция және инфузия жасалған жерде реакциялар

Жиі емес ( > /1 000 және <1/10 %)

- анемия, лейкопения, нейтpопения, тробоцитопения,

тpомбоцитоз, пpотpомбинді уақыттың ұзаруы және халықаралық қалыптасқан қатынас көрсеткіштерінің артуы

- аллергиялық реакциялар, есекжем, қышыну, бөртпе, эозинофилия

- гиперлипидемия

- үрейлену сезімі, психомоторлық белсенділіктің жоғарылауы, ажитация

- парестезиялар/дизестезиялар

- дәмнің бұзылуы, соның ішінде агевзия (дәм сезімінің жоғалуы) өте сирек жағдайларда

- сананың шатасуы, бағыттан адасу, ұйқының бұзылуы, бас айналу, діріл, сомноленция

- көрудің нашарлауы, әсіресе ОЖЖ тарапынан болатын реакциялармен біріккен

- емделушілерде ЭКГ-де QT аралығының ұзаруы, жүректің қағуы, тахикаpдия, вазодилатация

- ентігу, соның ішінде демікпе жағдайы

- тәбеттің нашарлауы, іш қату, диспепсия, метеоризм, гастроэнтерит (эрозиялық гастроэнтериттен басқа)

- амилаза, билирубин деңгейлерінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылуы, соның ішінде лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, гамма-глутамилтрансфераза және сілтілік фосфатаза деңгейлерінің жоғарылауы

- артралгия, миалгия

- дегидратация (диареядан немесе сұйықтықты қабылдаудың азаюынан болған)

- жалпы дімкәстік, өзіне тән емес ауырулар, тершеңдік

- инфузия жасаған жерде тромбофлебиттер

Сирек ( > 1/10 0000 және 1/1 000)

- тpомбопластин концентрацияларының өзгеруі

- анафилактикалық/анафилактоидтық реакциялар, аллергиялық/ангионевротикалық ісінулер, соның ішінде көмейдің ісінуі (өмірге қауіп төндіретін)

- гипергликемия, гиперурикемия

- көңіл-күйдің құбылмалылығы, депрессия (өте сирек жағдайларда өзіне зақым келтіруге тенденциясы бар мінез-құлық танытатын, мысалы, суицидальді ойлар немесе әрекеттер), елестеулер

- гипостезия, иіс сезімінің бұзылуы, аносмияны қоса есептегенде

- патологиялық түстер көру, үйлесімнің бұзылуы (жүріс-тұрыс мәнерінің негізінен бас айналу немесе вертиго салдарынан бұзылуы (құлап қалу нәтижесінде жарақаттану, әсіресе егде жастағы емделушілерде өте сирек жағдайларда), әртүрлі клиникалық біліністері бар құрысу ұстамалары (соның ішінде денеге жайылған), зейіннің нашарлауы, сөйлеудің бұзылуы, амнезия

- шеткергі невропатия және полинейропатия

- құлақтың шыңылдауы, естудің нашарлауы, соның ішінде кереңдік (әдеттегідей, қайтымды)

- естен танулар, гипотензия, гипертензия, қарыншалық тахиаритмиялар

- дисфагия, стоматиттер, жалған жарғақшалы колит (сирек жағдайларда өмірге қауіп төндіретін асқынулармен астасқан), сарғаю, гепатит (көбіне холестатикалық)

- тендинит, бұлшықет тонусының жоғарылауы және бұлшықет құрысулары, бұлшықеттердің әлсіздігі

- бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі (дегидратация салдарынан, әсіресе бүйрек функциясы қатарласа бұзылған егде жастағы емделушілерде)

- ісінулер

Өте сирек (<1/10 000)

- пpотpомбин концентрациясының жоғарылауы және халықаралық қалыптасқан қатынас көрсеткіштерінің азаюы немесе пpотpомбин концентрацияларының және халықаралық қалыптасқан қатынас көрсеткіштерінің өзгеруі

- анафилактикалық/анафилактоидтық шок (соның ішінде өмірге қатер төндіретін)

- деперсонализация, өзіне зақым келтіру тенденциясы бар мінез-құлық танытатын психоздық реакциялар

- гиперестезия

- көрудің транзиторлы бұзылуы, әсіресе ОЖЖ тарапынан болатын реакциялармен біріккен

- спецификалық емес аpитмиялар, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардия, жүректің тоқтап қалуы, клиникалық тұрғыдан маңызды брадикардия, жедел миокард ишемиясы сияқты көбіне аритмиялық жағдайларға бейім адамдарда

- өмірге қауіп төндіретін, соның ішінде өліммен аяқталатын бауыр қызметінің жеткіліксіздігіне әкелетін шұғыл гепатит

- буллезді тері реакциялары, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз (өмір үшін қауіпті)

- сіңірлердің үзілуі, артриттер, бұлшықет, сіңір немесе буын зақымдарынан жүріс-тұрыс мәнерінің бұзылуы, миастения симптомдарының өршуі

Келесі жағымсыз құбылыстар Максим ерітінді/Максим таблеткалармен сатылап емделіп жүрген науқастар тобында байқалды:

Жиі

- гамма-глутамил трансфераза деңгейінің жоғарылауы

Жиі емес

- қарыншалық тахиаритмиялар, артериялық гипотензия, ісінулер, антибиотиктерден туындаған жалған жарғақшалы колит (өте сирек жағдайларда өмірге қауіп төндіретін асқынулармен астасқан), әртүрлі клиникалық біліністері бар құрысу ұстамалары (соның ішінде денеге жайылған), елестеулер, бүйрек функциясының бұзылуы және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі (дегидратация нәтижесінде, әсіресе бүйрек функциясының бұзылуы қатарласқан егде жастағы емделушілерде)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- моксифлоксацинге немесе басқа да хинолондарға, сондай-ақ препарат компоненттерінің кез келгеніне белгілі асқын сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Атенололмен, ранитидинмен, құрамында кальций бар қоспалармен, теофиллинмен, пероральді контрацептивтік дәрілермен, глибенкламидпен, итраконазолмен, дигоксинмен, морфинмен, пробеницидпен бірге қолданғанда дозаны түзетудің қажеті жоқ (Максиммен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесудің жоқтығы айғақталды).

Антацидтік дәрілер, поливитаминдер және минералдар

Максимді антацидтік дәрілермен, поливитаминдермен және минералдармен бір мезгілде қабылдау, осы препараттарда болатын көпвалентті катиондары бар хелатты кешендердің түзілуі салдарынан, ішке қабылдағаннан кейін моксифлоксациннің сіңуінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Нәтижесінде моксифлоксациннің плазмадағы концентрациясы қалағаннан едәуір төмен болуы мүмкін. Демек, антацидтік препараттарды, антиретровирустық препараттарды (мысалы, диданозин) және құрамында магний немесе алюминий бар препараттарды, сукральфатты және құрамында темір немесе мырыш бар басқа препараттарды Максимді ішке қабылдаудан кем дегенде 4 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң тағайындаған жөн.

Варфарин

Варфаринмен бірге қолданғанда фармакокинетикасы, протромбиндік уақыт және қанның ұюының басқа да параметрлері өзгермейді.

ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) мәндерінің өзгеруі

Антикоагулянттарды антибиотиктермен, соның ішінде Максиммен, бірге қабылдаған емделушілерде ұюға қарсы препараттардың антикоагуляциялық белсенділігінің жоғарылау жағдайлары білінеді. Қауіп факторлары жұқпалы аурулардың (және қатарласқан қабыну үдерістері) болуы, емделушінің жасы және жалпы жағдайы болып табылады. Максим мен варфарин арасында өзара әрекеттесудің байқалмағанына қарамастан, осы препараттармен біріктірілген ем қабылдап жүрген емделушілерде ХҚҚ мониторинг жүргізу және қажет болғанда ұюға қарсы пероральді препараттардың дозасын түзету керек.

Дигоксин

Максим және дигоксин бір-бірінің фармакокинетикалық параметрлеріне елеулі ықпалын тигізбейді. Дені сау адамдарда Максимнің дозаларын қайталап тағайындағанда дигоксиннің ең жоғары концентрациясы шамамен 30%-ға артты, мұндайда дигоксиннің «концентрация – уақыт» қисығы астындағы ауданы (AUC) мен ең жоғары концентрациясының арақатынасы өзгермейді.

Белсендірілген көмір

Белсендірілген көмірді және Максимді 400 мг дозада ішке бір мезгілде қолданғанда препараттың жүйелік биожетімділігі оның сіңуінің тежелуі нәтижесінде 80%-дан астамға төмендейді. Артық дозаланған жағдайда белсендірілген көмірді сіңудің ерте сатысында қолдану жүйелік әсерінің әрі қарай жоғарылауына кедергі жасайды.

Тағамдық және сүт өнімдері

Препараттың сіңуі аспен бір мезгілде қабылдағанда (сүт өнімдерін қоса есептегенде) өзгермейді. Максимді ас қабылдауға қарамай-ақ қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Кейбір жағдайларда препаратты алғаш қолданғаннан кейін-ақ асқын сезімталдық және аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін, мұны кідіртпей дәрігерге мәлімдеу қажет.

Өте сирек жағдай да, кейбір жағдайларда препаратты алғаш қолданғаннан кейін анафилактикалық реакциялар өмірге қатер төндіретін анафилактикалық шокқа дейін өршуі мүмкін. Мұндай жағдайларда Максимді тоқтатқан және қажетті емдік шараларды (соның ішінде шокқа қарсы) жүргізген жөн.

Максимді кейбір емделушілерге қолданған кезде электрокардиограммада QT аралығының ұзарғаны білінуі мүмкін.

Әйелдерде, еркектерге қарағанда, QT аралығының ұзаруына тенденциясы бар екендігін ескерсек, олар QT аралығын ұзартуға мүмкіндік беретін препараттарға көбірек сезімтал болуы мүмкін. Егде жастағы емделушілер де мұндай препараттарға көбірек сезімтал болуы мүмкін.

QT аралығының ұзару дәрежесі препарат концентрациясының жоғарылауымен өсуі мүмкін, сондықтан ұсынылған дозаны және инфузия жылдамдығын арттырмаған жөн (60 минут ішінде 400 мг). Алайда пневмониясы бар емделушілерде қан плазмасындағы препарат концентрациясы мен QT аралығының ұзаруы арасында өзара байланыс байқалған жоқ. QT аралығының ұзаруы қарыншалық аритмияның, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны қоса есептегенде, жоғары қаупімен байланысты. Препаратты қабылдаған кезде QT аралығының ұзаруымен байланысты кардиоваскулярлық асқынулар және өлім жағдайлары білінген жоқ. Алайда аритмияларға бейім белгілі бір жағдайлары бар емделушілерде Максимді қолданғанда қарыншалық аритмиялардың пайда болу қаупі артуы мүмкін.

Осыған байланысты мына емделушілерде Максимді қолдану тәжірибесі шектеулі болғандықтан, препаратты келесі емделушілерге тағайындамаған жөн:

- QT аралығы ұзарған

- емделмеген гипокалиемиясы бар

- аритмияға қарсы IA класқа (хинидин, прокаинамид) немесе ІІІ класқа жататын (амиодарон, соталол) препараттарды қабылдап жүрген.

Келесі жағдайларда моксифлоксациннің аддитивтік әсерін жоққа шығару мүмкін болмағандықтан, Максимді абайлап тағайындаған жөн:

- QT аралығын ұзартатын препараттармен (цизаприд, эритромицин, антипсихотикалық препараттар, үшциклдік антидепрессанттар) қатарласқан ем қабылдап жүрген емделушілерде

- клиникалық тұрғыдан маңызды брадикардия, жедел миокард ишемиясы сияқты аритмияға бейім жағдайлары бар емделушілерде

- бауыр циррозы бар емделушілерде, өйткені оларда QT аралығының ұзаруын жоққа шығару мүмкін емес

- QT аралығын ұзартатын препараттарға көбірек сезімтал болуы мүмкін әйелдерде немесе егде жастағы емделушілерде.

Максимді қолданғанда өмірге қауіп төндіретін, соның ішінде өліммен аяқталатын бауыр қызметінің жеткіліксіздігіне әкелетін шұғыл гепатит жағдайлары жөнінде мәлімделді. Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі пайда болғанда, емдеуді жалғастырар алдында емделушілер кідірместен дәрігерге қаралғаны жөн.

Буллездік тері реакцияларының, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромының немесе уытты эпидермальді некролиздің (өмір үшін қауіпті) пайда болу жағдайлары жөнінде мәлімделді. Тері және/немесе шырышты қабықтар тарапынан реакциялар пайда болған кезде де емдеуді жалғастырмас бұрын кідірместен дәрігерден кеңес алу керек.

Хинолонды қатар препараттарын қолдану құрысу ұстамаларының пайда болу қаупімен байланысты. Максимді ОЖЖ аурулары бар және құрысу ұстамаларының пайда болуына бейім немесе құрысу белсенділігі шегін төмендетуге қатысты ОЖЖ қамтылуына күмәнді жағдайлары бар емделушілерде абайлап қолданған жөн.

Кең ауқымды антибактериялық препараттарды, Максимді қоса есептегенде, қолдану антибиотиктерді қабылдаумен астасқан жалған жарғақшалы колиттің туындау қаупімен байланысты болғандықтан, бұл диагнозды препаратпен емделу аясында ауыр диарея байқалатын емделушілерде ескерген жөн. Мұндай жағдайда тиісті ем дереу тағайындалуы керек. Ауыр диарея байқалатын емделушілерге ішектің жиырылуын тежейтін препараттарды қолдануға болмайды.

Максимді миастениясы бар науқастарға абайлап қолданған жөн, өйткені препарат осы аурудың симптомдарын өршітуі мүмкін.

Фторхинолондармен, соның ішінде Максиммен, емделу аясында, әсіресе егде жастағыларда және глюкокортикостероидтарды қабылдап жүрген емделушілерде тендинит және сіңірлердің үзілуі пайда болуы мүмкін; емдеуді аяқтағаннан кейін бірнеше ай ішінде пайда болуының жекелеген жағдайлары орын алды. Зақымданған жерде ауырудың немесе қабынудың алғашқы симптомдарында препарат қабылдауды тоқтатқан және зақымданған аяққа салмақ түсірмеген жөн.

Хинолондарды қолданғанда фотосезімталдық реакциялары білінеді. Алайда Максимді қолдаған кезде фотосезімталдық реакциялары арнайы жүргізілген клиникалық зерттеулерде де, әдеттегідей клиникалық іс-тәжірибеде де білінген жоқ. Дегенмен, препарат қабылдап жүрген емделушілер күн сәулесінің тікелей түсуінен және ультракүлгін сәулелерден сақтануы керек.

Кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары (мысалы, тубоовариальді немесе жамбас абсцестерімен байланысты) бар, көктамырішілік ем қолдану көрсетілген емделуші әйелдер үшін Максимнің 400 мг-дық таблеткаларын қабылдауға кеңес берілмейді.

Максим метициллин-төзімді алтын түстес стафилококк (МТАС) әсерінен болған жұқпаларды емдеу үшін қолданылмайды. Аталған жұқпаға күдіктенген немесе ол айғақталған жағдайда бактерияларға қарсы тиісті препараттыр қолдана бастаған жөн («Фармакодинамикалық қасиеттері» тарауын қараңыз).

Моксифлоксацин белсенділігін «ин витро» зерттеу, микобактериялық өсу супрессиясының арқасында, Mycobacterium өсіріндісімен өзара әрекеттесуі мүмкін екендігін көрсетті, бұл Максим қабылдап жүрген емделушілерден алынған үлгілерде жалған-теріс нәтижеге әкеп соғуы мүмкін.

Хинолондарды, соның ішінде Максимді қолданған кезде парестезияға, гипоэстезияға, дисэстезияға немесе әлсіздікке әкелетін сенсорлы және сенсомоторлы полинейропатияның пайда болу жағдайлары жөнінде мәлімделді. Максиммен емделіп жүрген емделушілерде нейропатияның, ауыру, күйдіру, шаншу, ұю немесе әлсіздік сияқты симптомдары пайда болғанда емдеуді жалғастырмас бұрын кідіртпей, дәрігерден кеңес алған жөн.

Психикалық реакциялар фторхинолонды қатар препараттарын, Максимді қоса, тіпті алғаш қолданғаннан кейін де пайда болуы мүмкін.

Өте сирек жағдайларда депрессия немесе психоздық реакциялар суицидальді ойлардың немесе өзіне зақым келтіруге тенденциясымен мінез-құлықтың пайда болуына дейін үдеді («Жағымсыз әсерлері» тарауын қараңыз).

Егер емделушіде аталған реакциялар пайда болса, Максиммен емделуді тоқтату және тиісті шараларды қолдану қажет. Препаратты психозы бар емделушілерге немесе сыртартқысында психиатриялық ауруы бар емделушілерге пайдаланғанда сақ болу керек.

Neisseria gonorrhoeae жұқпаларының фторхинолонтөзімді түрлерінің кең таралғанын және жиілігінің өскенін ескеріп, N. gonorrhoeae фторхинолонның төзімділігінің жоқтығын анықтағаннан кейін кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары бар емделуші әйелдерге Максим монотерапиясын тағайындау керек.

Егер Neisseria gonorrhoeae жұқпаларының фторхинолондарға төзімділігін жоққа шығару мүмкін болмаса, Максиммен емдеуге қосымша ретінде N. gonorrhoeae қарсы әсер ететін тиісті антибиотикті (мысалы, цефалоспориндер) тағайындау мәселесін қарастырған жөн.

Құрамында натрий мөлшері төмен болатын емдәм сақтап жүрген емделушілер үшін (жүрек қызметінің іркілген жеткіліксіздігінде, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, нефротикалық синдромда және т.б.) инфузияға арналған ерітіндімен бірге натрийді қосымша қабылдауға көңіл бөлу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезіндегі Максимнің қауіпсіздігі анықталған жоқ. Буындардың қайтымды зақымдануы кейбір хинолондық антибиотиктерді қабылдаған балаларда сипатталған, алайда ұрыққа әсер етуінен болған ұқсас әсерлер жөнінде мәлімделген жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеу деректері репродуктивтік уыттылықты айғақтайды. Адамдар үшін потенциалды қаупі белгісіз.

Демек, жүктілік кезінде Максимді қолдануға болмайды.

Әйелдерге лактация және емшек емізу кезеңінде Марксимді қолдану жөнінде деректер жоқ. Сондықтан емшек емізетін әйелдерге Максимді қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Фторхинолондар, Максимді қоса есептегенде, ОЖЖ тарапынан болатын реакциялар салдарынан, автомобильді басқару немесе механизмдерді басқару қабілетінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары – артық дозалануы жөнінде мәлімдемелер шектеулі. Дені сау адамдарда Максимді 1200 мг-ға дейінгі дозада бір рет және 10 күннен астам 600 мг-нан қолданғанда қандай да болсын жағымсыз әсерлер білінген жоқ.

Емі – артық дозаланған жағдайда клиникалық көрінісіне қарай белгілеу және ЭКГ-мониторингтеумен бірге симптоматикалық демеуші ем жүргізу керек. Таблеткаларды қабылдаудан кейін белсендірілген көмірді дереу қабылдау моксифлоксациннің жүйелік әсерінің шамадан тыс артуын болдырмауға жәрдемдеседі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қосарланған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада 5 немесе 7 таблеткадан.

Пішінді ұяшықсыз 1 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.

Сақтау шарттары

150С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Jamjoom Pharmaceuticals Co. Ltd», Jeddah, Saudi Arabia

Сауд Арабиясы, Жедах қ-сы, Индустриальді алаң фаза 5,

тел./факс +966 2 6081111 / +966 2 6081222

e-mail: www.jamjoompharma.com, salmanhussain@jamjoompharma.co

JamjoomPharmaceuticalsCo.Ltd, Сауд Арабиясы

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Jamjoom Pharmaceuticals Co. Ltd», Сауд Арабиясы

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

«JamjoomPharmaceuticalsCo. Ltd», Сауд Арабиясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 15 "Нұрлы Тау" ӨФО, 4"В" блок, №18 кеңсе. Телефон нөмірі: 251 98 22, 8702 198 65 74, Электрондық поштасы: pharmacovigilance@jamjoompharma.com

 

Прикрепленные файлы

603104781477976683_ru.doc 132.5 кб
771991941477977817_kz.doc 154.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники