Максидекс*
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Максидекс*
Халықаралық патенттелмеген атауы
Дексаметазон
Дәрілік түрі
Офтальмологиялық жақпамай, 3,5г
Құрамы
1г препараттың құрамында
белсенді зат - 1мг дексаметазон,
қосымша заттар: : метилпарагидроксибензоат (метилпарабен),
пропилпарагидроксибензоат (пропилпарабен), сусыз сұйық ланолин, ақ вазелин.
Сипаттамасы
Ақтан ақ дерлік түске дейінгі жартылай мөлдір, майлы, біртекті жақпамай.
Фармакотерапиялық тобы
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Глюкокортикостероидтар. Дексаметазон.
АТХ коды S01ВА01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Дексаметазон көздің сулы ылғалына, мөлдірқабығына, нұрлы қабығына, қантамырлы қабығына, цилиарлы денеге және торқабыққа сіңеді. Жүйелік сіңуі тек жоғары дозаларда қолданғанда немесе ұзақ мерзім емдегенде пайда болуы мүмкін.
Дексаметазон көздің сулы ылғалындағы шамамен 30 нг/мл құрайтын концентрациясына екі сағаттың ішінде жетеді, соңынан 3 сағатты құрайтын жартылай ыдырау кезеңімен төмендейді.
Дексаметазон несеппен бірге шығарылады. Дозаның шамамен 60%-ы несепте 6-β-гидроксидексаметазон түрінде анықталады. Қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі 3-4 сағатты құрайды. Дексаметазон қан сарысуы альбуминімен шамамен 77-84% байланысады. Клиренс ауқымы 0,111 –ден 0,225 л/сағ/кг дейінгі шегінде және таралу көлемі 0,576-дан 1,15 л/кг дейінгі шегінде жатады.
Фармакодинамикасы
Кортикостероидтар қантамырлық эндотелиальды жасушалар молекулаларының адгезиясын, циклооксигеназаны I және II, цитокиндердің шығарылуын бәсеңдету арқылы қабынуға қарсы әсер етеді. Бұл өз кезегінде қабыну медиаторларының өндірілуін азайтуға және қантамырлық эндотелийге айналымдағы лейкоциттердің адгезиясын бәсеңдетуге алып келеді, осылайша көздің қабынған тіндеріне адгезияны болдырмайды. Дексаметазонның, басқа кейбір стероидтармен салыстырғанда белсенділігі төмен минералокортикоидтармен бірге айқын қабынуға қарсы белсенділігі бар және қабынуға қарсы тиімділігі жоғары дәрі болып табылады.
Қолданылуы
Стероидтармен емдеуге болатын конъюнктиваның, мөлдірқабықтың және көздің алдыңғы сегментінің басқа да құрылымдарының инфекциялық емес қабынуы және аллергиялық жағдайларында, оның ішінде хирургиялық аралысымнан кейінгі қабынуларда:
- аллергиялық блефаритте
- жедел және созылмалы ирит, иридоциклитте
- коньюнктивит, ірің бөлінбейтін кератоконъюнктивитте
- көздің алдыңғы бөлігінің операциядан кейінгі қабынуының профилактикасында және емдеуде
- термиялық және химиялық күйікте (мөлдірқабық ақауларының толық эпителизациясынан кейін).
Қолдану тәсілі және дозалары
Көзге қолдану үшін.
Жақпамайдың аздаған мөлшері (1,5 см- ге жуық жолақ) зақымданған көздің (екі көзге) коньюнктивалды қапшығына күніне 1-4 рет салынады. Жай-күйінің жақсаруы байқалса қолдану жиілігін бірнеше күн бойы күніне бір ретке дейін азайту керек.
Уақытынан бұрын емді тоқтатуға болмайды.
Емдеу кезінде көзішілік қысымды мұқият және ұдайы бақылап отыру ұсынылады.
Максидекс* офтальмологиялық жақпамайын ұйқы кезінде Максидекс* көз тамшысымен біріктіріп күні бойы пайдалануға болады.
Жақпамай жаққаннан кейін қабақты сәл жабу керек. Бұл көз тіндері арқылы жергілікті қолданылатын дәрілік препараттың жүйелік сіңуін және жағымсыз әсерін төмендетеді.
Жергілікті қолданылатын бірнеше офтальмологиялық препараттарды пайдаланған кезде, препараттарды қабылдауда 10-15 минутқа жуық аралықты сақтау керек. Жақпамай соңғы кезекте жағылады. Жергілікті қолданғанда дексаметазонның жүйелік сіңуінің төмен болуы салдарынан, Максидекс* офтальмологиялық жақпамайы препаратын бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолданған кезде, дозасын түзету қажет емес.
Сықпаның ішіндегісін ластамау үшін сықпаның ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізуге болмайды.
Жағымсыз әсерлері
Жергілікті :
Жиі
- мөлдірқабық жаралары
- көздің ауыруы
Жиі емес
- көздің тітіркенуі
Сирек
- мөлдірқабықтың тесілуі
- субкапсулярлы катаракта
- глаукома
- көру өрісінің ақауы, көру жітілігінің төмендеуі
- көз аллергиясы, көздің қышуы
Өте сирек
- кератиттер
- қабақ птозы
- мидриаз
- көздегі жайсыздық, көздің сезімталдығының жоғарылауы
Жүйелік :
Жиі емес
- көзішілік қысымның жоғарылауы
Сирек
- көз инфекциясы (өршуі немесе салдарлы)
Келесі жағымсыз реакциялардың жиілігі және күрделілігі мәліметтердің жеткіліксіз болу себептеріне байланысты анықталмаған:
Жергілікті: мөлдірқабық эрозиясы, мөлдірқабықтың боялуы, көрудің бұлыңғырлануы, көз гиперемиясы.
Жүйелік: бас айналуы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
- Herpes simplex герпесі қоздырғышы туындатқан кератит
- вирустық кератиттер және вирустық конъюнктивалар (Herpes zoster кератитін қоспағанда)
- сиыр шешегі
- желшешек
- Mycrobacterium tuberculosis, Mycrobacterium leprae немесе Mycrobacterium avium түрлерінен туындаған, бірақ онымен шектелмейтін көздің зеңдік аурулары.
- көздің іріңді жедел аурулары
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Максидекс* офтальмологиялық жақпамайы препараты үшін дәрілермен өзара әрекеттесуіне спецификалық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Дексаметазонның жүйелік қолданылуына байланысты өзара әрекеттесу жағдайлары белгілі. Алайда, офтальмологиялық жергілікті қолданғанда дексаметазонның жүйелік сіңуі төмен, сондықтан дәрілік өзара әрекеттесулердің даму қаупі өте аз. Бірнеше офтальмологиялық препаратты жергілікті пайдаланғанда препаратты қолданудың арасындағы аралық 5 минуттан кем болмауы тиіс.
Айрықша нұсқаулар
Тек көзге қолдану үшін, инъекция немесе ішке қабылдауға арналмаған. Қарапайым герпесті емдеу кезінде кортикостероидтарды қолдану аса назар аударуды қажет етеді. Офтальмологиялық стероидтарды ұзақ уақыт пайдалану немесе қолдану жиілігін арттыру көз гипертензиясына және/ немесе соңынан көру жүйкесінің зақымдануына әкелетін глаукомаға, көру жітілігінің төмендеуіне, көру өрісінің ақауына, сондай-ақ соңынан артқыкамералы субкапсулярлы катарактаның пайда болуына алып келеді.
Бейім емделушілерде көзішілік қысымның жоғарылауы тіпті әдеттегі дозаларды қабылдағанда-ақ байқалуы мүмкін.
Кортикостероидтармен ұзақ уақыт офтальмологиялық ем қабылдап жүрген емделушілерде көзішілік қысым ұдайы және өте жиі тексерілуі керек.
Глаукомасы бар емделушілерді ұзағырақ емдеуге дәлелденген қажеттілік болмаса, емдеу ұзақтығы 2 аптамен шектелуі тиіс; бұл орайда көзішілік қысымға ұдайы бақылау жүргізу қажет.
Кортикостероидтар төзімділікті азайтуы, сондай-ақ бактериялық, вирусты және зеңдік инфекцияларды анықтауға кедергі келтіруі, инфекцияның клиникалық белгілерін бүркемелеуі мүмкін, сонысымен антибиотиктің тиімсіздігін ерте анықтауға мүмкіндік бермей немесе дексаметазонға аса жоғары сезімталдық реакциясын бәсеңдетуі мүмкін. Кортикостероидтар қабылдаған немесе қабылдап жүрген емделушілерде мөлдірқабықтың тұрақты ойық жаралануы кезінде зеңдік инфекцияның болу ықтималдығын қарастыру керек. Зеңдік инфекция расталған жағдайда кортикостероидтармен емдеуді тоқтату қажет.
Мөлдірқабықтың немесе аққабықтың жұқаруын туындататын ауруларда стероидтарды жергілікті қабылдау, олардың тесілу ықтималдығын жоққа шығармайды. Sjőgren кератоконъюнктивиттерін емдеуде кортикостероидтар тиімді емес.
Қарапайым герпестен туындаған стромальді кератиттерді немесе увеиттерді емдеу кезінде, препаратты үлкен сақтықпен және тек вирустарға қарсы еммен біріктіре отырып қолдану қажет; маңызды шарты мезгіл-мезгіл саңылаулы шаммен микроскопия жасау болып табылады.
Кортикоидтардың жоғарғы дозасымен емдеуді уақытынан бұрын немесе кенеттен немесе үзік-үзік тоқтатуға болмайды, өйткені офтальмологиялық стероидтардың жоғарғы дозасымен жергілікті емді кенеттен тоқтату қайтадан көздің қабыну жағдайын туындатуы мүмкін.
Көзге жергілікті қолданылатын кортикостероидтар мөлдірқабық жараларының жазылуын баяулатуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Максидекс* офтальмологиялық жақпамайы тек емдеудің тиімділігі ұрық үшін болуы мүмкін қауіптен жоғары болған жағдайда ғана тағайындалуы керек.
Бала емізу кезеңінде Максидекс* офтальмологиялық жақпамайымен емдеуді тоқтата тұру керек.
Жанаспалы линзалар
Максидекс* офтальмологиялық жақпамайы препаратымен емдеу кезеңінде жұмсақ (гидрофильді) жанаспалы линзаларды тақпау керек немесе жақпамайды жаққан кезде алып тастау керек. Линзаларды препаратты қолдану арасындағы үзілістерде тағуға болады және жақпамайды қолданғаннан кейін кем дегенде 15 минуттан соң ғана тағу керек.
Максидексті* жанаспалы линзалардың үстінен қолдануға болмайды.
Дәрілік заттардың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жақпамайды жақаннан кейін көрудің уақытша бұлдырлауы немесе көруге байланысты басқадай алаңдаушылықтар пайда болуы мүмкін, бұл автомобиль немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда көру қалпына келгенге дейін біршама уақыт күту керек.
Артық дозалануы
Бұл препаратпен артық дозалану жағдайлары белгісіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Дозалаушы ақ пластик ұштығы және ақ түсті бұралатын қақпағы бар алюминий сықпаға препарат 3,5 г –ден салынған.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
27 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сықпаны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 4 апта.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Alcon-Couvreur
B-2870 Puurs, Бельгия
Тіркеу куәлігінің иесі
Alcon-Couvreur, Бельгия
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Алкон Фармасьютикалс, Лтд.» өкілдігі
Тел.: +7 (727) 256 02 05; Факс: +7 (727) 256 06 81
Электрондық пошта: phv.hotline@alcon.com