МаксиГриппин® (медово-лимонный, Натур Продукт Фарма Сп.з.о.о.)

МНН: Аскорбиновая кислота, Парацетамол, Хлорфенирамина малеат (Хлорфенамин)
Производитель: Натур Продукт Фарма Сп.з.о.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022589
Информация о регистрации в РК: 09.12.2021 - 09.12.2031

Инструкция

Саудалық атауы

МаксиГриппин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған балды-лимонды ұнтақ

Құрамы

Бір пакеттің ішінде

белсенді заттар: парацетамол 500,00 мг, хлорфенамин малеаты 10,00 мг, аскорбин қышқылы 200,00 мг

қосымша заттар: сахароза, лимон қышқылы, натрий гидрокарбонаты, сорбитол, лимон хош иістендіргіші, бал хош иістендіргіші, натрий цикламаты, аспартам, повидон, калий ацесульфамы, карамель бояғышы.

Сипаттамасы

Ақтан сұрғылт-ақ сары түске дейінгі бөлшектерден тұратын түйіршіктері әр түрлі деңгейдегі өзіне тән иісі бар ұнтақ. Қоңыр түсті теңбелдердің болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер. Басқа анальгетиктер-антипиретиктер. Аналидтер. Басқа да препараттармен біріктірілген парацетамол (психолептиктерді қоспағанда).

АТХ коды N02BE51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парацетамол пероральді қабылдағаннан кейін тез және толығымен дерлік сіңіріледі (95%), қан плазмасындағы шектік концентрациясына қабылдағаннан кейін 30-60 минутта жетеді. Биожетімділігі шамамен 80% құрайды, плазманың ақуыздармен байланысуы – 20%, жартылай шығарылу кезеңі – 2-2,5 сағат. Парацетамол негізінен бауырда метаболизденеді, метаболиттер негізінен несеппен шығарылады.

Хлорфенамин пероральді қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан баяу сіңіріледі, сіңірілу деңгейі 80% құрайды, қан плазмасындағы шектік концентрацияларына 2,5-6 сағат ішінде жетеді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысу деңгейі 45% құрайды. Хлорфенамин негізінен бауырда метаболизденеді, өзгермеген препарат және оның метаболиттері несеппен шығарылады, жартылай шығарылу кезеңі 30 сағат.

Аскорбин қышқылы ішектен жылдам сіңіріледі. Сіңірілгеннен кейін С дәрумені қанға тез ауысады және де организмнің барлық тіндеріне таралады. С дәруменінің тіндер мен лимфоциттердегі концентрациясы оның қан плазмасындағы концентрациясынан он есе жоғары. Шығарылуы өзгермеген күйде және метаболиттер түрінде несеппен іске асады. Физиологиялық дозада ішке қабылдаған кезде қымыздық қышқылы негізгі метаболит болып табылады (55%).

Фармакодинамикасы

МаксиГриппин® - біріктірілген препарат, ауыруды басатын, ыстықты түсіретін әсер етеді, суық тию ауырулары және тұмау кезінде көздің көп ағу, тұмау симптомдарын басады, жоғарғы тыныс алу жолының шырышты қабығының ісінуін азайтады.

Парацетамол – анальгетик-антипиретик. Гипоталамустағы простагландиндер синтезін басу арқылы ауыруды басатын және ыстықты түсіретін әсер етеді. Әлсіз қабынуға қарсы белсенділікке иеленген.

Хлорфенирамин малеаты гистаминдік Н1-рецепторлардың блокаторы болып табылады. Аллергияға қарсы әсер етеді, жоғарғы тыныс алу жолының шырышты қабығының ісінуін азайтады, жастың ағуын және тұмауды жояды.

Аскорбин қышқылы (С дәрімені) суық тиюді қоса, вирустық аурулар кезінде болатын С дәрумені жоғалуының орнын толтыра отырып, әдетте суық тиюге қарсы компоненттердің біріктіріліміне кіреді. Аскорбин қышқылы антиоксиданттарға жатады, көптеген метаболизмдік үрдістерге, соның ішінде көмірсу, ақуыз және липидтердің алмасуына қатысады. Аскорбин қышқылы иммун жүйесінің функциясын қолдау үшін қажет, тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіреді, қышқылдану-қалпына келтіру үрдістерін реттеуге, коллаген синтезіне және тіндердің регенерациясына қатысады, босатылуын тежейді және гистаминнің ыдырауын жылдамдатады, простагландиндердің синтезін және қабыну мен анафилаксияның басқа медиаторларын бәсеңдетеді.

Қолданылуы

- температураның жоғарылуымен, қалтыраумен, бас ауыруымен, буын және бұлшықеттің ауыруымен, мұрынның бітелуімен және тамақ пен мұрын қуысының ауыруымен бірге жүретін инфекциялық-қабыну аурулары (ЖРВИ, тұмау).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. Ересектерге және 15 жастан асқан балаларға 1 пакеттен тәулігіне 2-3 рет. Пакеттің ішіндегісін (200 мл) 1 стақан жылы суға (50-60ºС) толығымен ерітіп және алынған ерітіндіні дереу ішу қажет. Препаратты тамақтанудың аралығында қабылдаған жөн. Ең жоғарғы тәуліктік доза – 3 пакет. Препаратты қабылдау арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмауы тиіс.

Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препаратты қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 8 сағаттты құрауы керек.

Дәрігердің кеңесінсіз қабылдау ұзақтығы ауыруды басатын дәрі ретінде тағайындаған кезде 5 күннен және ыстықты басатын дәрі ретінде 3 күннен аспауы керек.

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыруы, шаршау сезімі

- жүрек айну, эпигастральді бөліктегі ауыру

- гипогликемия

- анемия, гемолиздік анемия (әсіресе глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер үшін)

- тері бөртпесі, қышыну, есекжем, Квинке ісінуі, анафилаксиялық реакциялар

- ыстық сезімі, ауыздың құрғауы, ұйқышылдық

Препараттың барлық жағымсыз әсерлері туралы дәрігерге хабарлаған жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- парацетамол, аскорбин қышқылы, хлорфенамин немесе препараттың басқа компонентіне жоғары сезімталдық

- құрамында парацетамол бар басқа препараттарды бір мезгілде қабылдау

- асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы (асқыну фазасында)

- айқын бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі

- алкоголизм

- жабық бұрышты глаукома

- қалқанша безінің гиперплазиясы

- фенилкетонурия

- 15 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен: бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, туа біткен гипербилирубинемия (Жильбер Дубин-Джонсон және Ротар синдромдары), гипероксалатурия, үдемелі қатерлі аурулар, вирустық гепатит, алкогольдік гепатит, егде жас.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

МаксиГриппинмен бір уақытта қолдануға болмайды:

- орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілермен: антидепрессанттар, паркинсонизмге қарсы дәрілер, психозға қарсы дәрілер (фенотиазин туындылары) – жағымсыз әсерлердің даму қаупі артады (несептің іркілуі, ауыздың құрғауы, іштің қатуы), амфетаминдер және үшциклді антидепрессанттар – олардың өзекшелік реасорбциясы азаяды.

- глюкортикостероидтармен – глаукоманың даму қаупі артады

- изопреналинмен – хронотроптық әсері азаяды

- дифунисалмен – қан плазмасындағы парацетамолдың концентрациясы 50% артады, гепатоуыттылығы күшейеді

- барбитураттармен – парацетамолдың тиімділігі төмендейді, аскорбин қышқылының несеппен шығарылуы күшейеді

- микросомалді қышқылдану тежегіштерімен (фенотоин, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, үшциклді антидепресанттар, циметидин) – гепатоуыттылық әсерінің қаупі артады

- этанолмен – антигистаминдік препараттардың тыныштандыратын әсері және парацетамолдың жағымсыз әсерлері (жедел панкреатиттің дамуы) күшейеді

Парацетамол урикозуриялық препараттардың тиімділігін төмендетеді, ал зидовудинмен бір уақытта қолданған кезде олардың уыттылығын арттырады (гранулоцитопения).

Аскорбин қышқылын бір уақытта қолданғанда:

- пенициллинмен – оның сіңірілуі артады

- гепаринмен және тікелей әсер етпейтін антикоагулянттармен (варфаринмен) – олардың әсері төмендейді

- салицилаттармен – кристаллурия белгісінің қаупі артады

- пероральді контрацептивтермен – қан плазмасындағы аскорбин қышқылының концентрациясы азаяды

- темір препараттарымен – темірдің сіңірілуі артады, бұл оның уыттылығының артуына әкелуі мүмкін

- ацетилсалицил қышқылымен – аскорбин қышқылының сіңірілуі азаяды.

Айрықша нұсқаулар

Ұсынылған дозадан елеулі мөлшерде артатын дозада ұзақ қолданған кезде қанның шеткері көрінісін бақылау қажет, бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы болуы мүмкін.

Парацетамол және аскорбин қышқылы зертханалық зерттеулердің көрсеткіштерін бұрмалауы мүмкін (қан плазмасының құрамындағы глюкоза және несеп қышқылын, билирубинді, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің мөлшерін анықтау).

Бауырдың уытты зақымдануынан аулақ болу үшін парацетамолды алкогольді ішімдіктермен, сондай -ақ алкогольді созылмалы тұтынуға бейім тұлғаларға бірге қабылдауға болмайды. Бауыр зақымдануының даму қаупі алкогольді гепатозы бар науқастарда артады.

Аскорбин қышқылы жылдам пролиферацияланатын және қарқынды метастаздайтын ісіктері бар пациенттерде ауыру ағымын қиындатуы мүмкін. Организмде темір көп пациенттерде аскорбин қышқылын ең аз дозада қабылдаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын және механизмдерді, сондай-ақ жоғары зейін қою және психомоторлық реакциялардың жылдамдығымен түйіндескен қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысқан кезде сақтық танытқан жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: терінің бозаруы, анорексия жүрек айну, құсу; гепатонекроз (некроздың айқындылығы артық дозалану дәрежесіне тікелей тәуелді). Препараттың уытты әрекеті ересектерде парацетамолдың 10-15 г артық қабылдағаннан кейін мүмкін болады: «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің артуы, протромбин уақытының артуы, бауырдың зақымдануының толық клиникалық сипаты 1-6 күннен кейін байқалады. Бауыр функциясының бұзылуы сирек жағдайда бірден дамиды және бүрек жеткіліксіздігімен асқынады (тубулярлық некроз). Хлорфенаминның артық дозалану белгілері болуы мүмкін: бас айналуы, қозу, ұйқының бұзылуы, депрессия, құрысулар.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, асқазанды шаю, белсендендірілген көмірді қабылдау. Әрі қарай емдік шараларды емдеу мекемесінің қабырғасында жүргізген жөн: артық дозаланғаннан кейін 8-9 сағаттан кейін SH-топтың донаторларын және глутатион – метионин синтезінің негізін қалаушысын және 12 сағаттан кейін N-ацетилцистеинді енгізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ.

5 г препараттан ламинацияланған алюминий фольгадан жасалған пакеттерге салынады. 6 немесе 10 пакеттен қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Натур Продукт Фарма Сп.з.о.о.,

Подсточиско к-сі 30, 07-300, Острув Мазовецка,

Польша.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«ВАЛЕАНТ» ЖШҚ, Мәскеу, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қадағалауға және қауіпсіздігіне жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

«Валеант» ЖШС

Қазақстан, 050059, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы,

17-үй, 4Б блогы, 1104-кеңсе

Телефон + 7 727 3 111 516, факс +7 727 3 111 517

Электрондық пошта: Office.KZ@valeant.com

Прикрепленные файлы

424766841498795377_ru.doc 63.5 кб
255571041498795904_kz.doc 70.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники