Макропен® (Таблетки)

МНН: Мидекамицин
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Midecamycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003624
Информация о регистрации в РК: 29.10.2020 - 29.10.2030
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 57 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Макропен®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Мидекамицин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 400 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 400 мг мидекамицин,

қосымша заттар: калий полакрилині, тальк, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты,

үлбірлі қабық: негізгі бутилденген метакрилат сополимері, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (Е 171), тальк.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, аздап екі беті дөңес, бір жағында ойығы мен сызығы бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Мидекамицин.

АТХ коды JO1FAO3

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Медикамицин жылдам және салыстырмалы түрде жақсы сіңеді әрі сарысуда 0,5 мкг/мл-ден 2,5 мкг/мл дейін ең жоғары концентрациясына 1 - 2 сағат ішінде жетеді. Тамақтану ең жоғарғы концентрациясын аздап азайтады, әсіресе балаларда (4 жастан 16 жасқа дейінгі). Сондықтан мидекамицинді тамақтанудың алдында қабылдау ұсынылады.

Таралуы

Мидекамицин тіндерге жақсы өтеді, онда қанға қарағанда, 100% концентрациясына жетеді. Жоғары концентрациялары бронхтық бөліністерде және теріде анықталған.

47% мидекамицин және 3 - 29% метаболиттер протеиндермен байланысады.

Метаболизмі мен шығарылуы

Мидекамицин алдымен бауырдағы белсенді метаболиттерге метаболизденеді. Ол көбінесе өтпен және тек 5%-ға жуығы - несеппен бөлініп шығады.

Сарысудағы ең жоғары концентрацияларының, қисық асты ауданының және жартылай шығарылу кезеңінің едәуір артуын бауыр циррозы бар емделушілерде байқауға болады.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Мидекамицин протеин тізбегін ұзарту сатысында РНҚ-тәуелді протеиндер синтезін тежейді. Мидекамицин 50S қосалқы тобымен қайтымды байланысады және транспептидация және/немесе транслокация реакциясын бөгейді. Рибосомалардың әртүрлі құрылымына байланысты эукариоттық жасуша рибосомаларымен байланыс жүрмейді; сондықтан макролидтердің уыттылығы адам жасушалары үшін төмен болады.

Басқа макролидтік антибиотиктер сияқты, мидекамицин негізінен, бактериостатикалық әсер береді, алайда, ол бактерияның типіне, әсер ету орнындағы дәрілік препараттың концентрациясына, инокулят өлшемі мен микроорганизмнің репродуктивті сатысына байланысты болатын бактерицидтік әсер етуі де мүмкін. Іn vitro белсенділігі қышқылды ортада азаяды. Егер pH мәні Staphylococcus aureus немесе Streptococcus pyogenes өсу ортасында 7,2-ден 8,0-ге дейін ұлғаятын болса, мидекамицин үшін ЕТБК (ең төмен бәсеңдету концентрациясы) екі есе төмен болады. Егер pH төмендесе, жағдай керісінше болады.

Макролидтер жасушаішілік жоғары концентрацияларына жақсы липидтік ерігіштігінің нәтижесінде жетеді. Бұл әсіресе хламидиялар, легионеллалар және листериялар сияқты жасушаішілік даму циклы бар микроорганизмдер туғызған инфекцияларды емдеуде маңызды. Мидекамицин адамның альвеолярлық макрофагтарында жиналатыны дәлелденген. Макролидтер нейтрофилдерде де жинақталады. Бұл ретте, жасушадан тыс және жасушаішілік концентрациялар арасындағы арақатынас эритромицин үшін 1-ден 10 дейін болса, мидекамицинді қоса, анағұрлым жаңа макролидтер үшін ол 10-нан астамын құрайды. Инфекция ошағында нейтрофилдердің жинақталуы жұқпа жұқтырған тіндерде макролидтер концентрациясын қосымша арттыра алады.

Іn vitro зерттеулер мидекамициннің иммундық функцияға әсер ететінін көрсеткен. Эритромицинмен салыстырғанда емдеу аясында хемотаксистің күшеюі осылайша анықталған. Медикамицин табиғи жасуша-киллерлердің in vivo белсенділігін көтермелеуі ықтимал. Бұл зерттеулердің барлығы мидекамициннің иммундық жүйеге әсер ететін көрсетеді, ол мидекамициннің in vivo антибиотиктік әсеріне маңызды болуы мүмкін.

Бактерияға қарсы әсері

Медикамицин белсенділігі эритромицин белсенділігіне ұқсас әсер ету ауқымы кең макролидтер тобының антибиотигі болып табылады. Ол грам-оң бактерияларға (стафилококтар, стрептококтар, пневмококтар, Bacillus anthracis, Corynebacterium diphtheriae және Listeria monocytogenes), кейбір грам-теріс бактерияларға (Bordetella pertussis, Campylobacter spp., Moraxella catarrhalis және Neisseria spp.), анаэробтарға (Clostridium spp. және Bacteroides spp.) және микоплазмалар, уреаплазмалар, хламидиялар және легионеллалар сияқты басқа да бактерияларға қарсы белсенді.

Мидекамицинге (MDM) іn vitro бактериялық сезімталдық:

Орташа ЕТБК90 (мкг/мл)

Бактерия

мидекамицин

Streptococcus pneumoniae

0,10

Streptococcus pyogenes

0,20

Streptococcus viridans

0,39

Staphylococcus aureus

1,5

Listeria monocytogenes

1,5

Bordetella pertussis

0,20

Legionella pneumophila

0,12 – 1

Moraxella catarrhalis

-

Helicobacter pylori

-

Propionibacterium acnes

-

Bacteroides fragilis

3,13

Mycoplasma pneumoniae

0,0078

Ureaplasma urealyticum

1,56

Mycoplasma hominis

-

Gardnerella vaginalis

-

Chlamydia trachomatis

-

Chlamydia pneumoniae

-

Басқа да макролидтердегі сияқты мидекамицин ЕТБК интерпретациясына арналған критерийлер NCCLS стандарттарына (Клиникалық зертханалық стандарттар жөніндегі ұлттық комитет) сәйкес. Бактериялар, егер оларда ЕТБК90 ≤ 2 мкг/мл болса сезімтал деп, ЕТБК90 ≥ 8 мкг/мл болса, тұрақты деп танылады.

Метаболиттердің микробқа қарсы тиімділігі

Мидекамицин метаболиттерінің, мидекамициндегі сияқты ұқсас бактерияға қарсы спектрі болады, бірақ олардың әсері біршама әлсіз. Кейбір жануарларға жүргізілген сынақтың нәтижелері мидекамицин және миокамициннің тиімділігі in vitro қарағанда, in vivo жақсы екенін көрсеткен. Бұл ішінара тіндердегі белсенді метаболиттердің жоғары концентрацияларына негізделген.

Төзімділік

Макролидтерге төзімділік сыртқа жасушалық жарғақша (энтеробактериялар) өткізгіштігінің азаюынан, дәрілік препараттың белсенділігі жойылуынан (S. aureus, E. coli) және маңыздылығы барынша зор қосымша әсер ету орынының өзгеруінен пайда болады.

Географиялық тұрғыдан макролидтерге бактериялық төзімділігінің таралуы қатты құбылмалы болады. Метициллин-сезімтал S. aureus төзімділігі 1%-ден 50% дейінгі аралықта ауысып тұрады, бұл ретте көптеген метициллин-төзімді S. Аureus штаммдар да макролидтерге төзімді. Пневмококтардың төзімділігі көбінесе 5%дан төмен, бірақ әлемнің кейбір бөліктерінде ол 50%-дан (Жапония) асады. Streptococcus pyogenes макролидтерге төзімділігі Еуропада 1%-дан 40%-ға дейін ауысып тұрады. Төзімділігі микоплазмаларда, C. Diphteriae және легионеллаларда өте сирек дамиды.

 

Қолданылуы

  • микоплазмалар, легионеллалар, хламидиялар және Ureaplasma urealyticum туындатқан тыныс алу жолдары мен несеп-жыныс жолдары инфекцияларында

  • пенициллинге сезімталдығы жоғары емделушілерде мидекамицинге және пенициллинге сезімтал бактериялар туындатқан тыныс алу жолдарының, тері мен теріастылық шелдің инфекциялары және басқа да инфекцияларда

  • Campylobacter тектес бактериялар туындатқан энтериттерде

  • күл мен көкжөтелді емдеу мен профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Макропен тамақтануға дейін қабылдануы тиіс.

Ересектер мен дене салмағы 30 кг-ден асатын балалар: 400 мг бір таблеткадан күніне 3 рет. Мидекамициннің ересектерге арналған ең жоғары тәуліктік дозасы 1600 мг құрайды.

Емдеу ұзақтығы әдетте 7-ден 14 күнге дейінді құрайды. Хламидия инфекциялары 14 күн емделеді.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес (≥1/1 000 <1/100 дейін)

- жүрек айнуы, тәбеттің төмендеуі, құсу, диарея және стоматиттер

Өте сирек (<1 / 10, 000)

- эозинофилия

- жалған жарғақшалы колит

- бөртпе, есекжем және қышыну

- трансаминазалар деңгейінің артуы және сарғаю

Ауыр жағымсыз әсерлер туындағанда емдеуді тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді затына және қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

  • 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Макролидтердің басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесетіні белгілі. Антибиотик макролидтер бауырдағы метаболизмге P450 цитохромының белсенділігін жою жолымен әсер етеді. Эритромициннен айырмашылығы, мидекамицин бауыр жасушаларының микросомалық оксидазаларымен байланыспайды және P450 цитохромымен төзімді кешендер туғызбайды. Нәтижесінде ол теофиллиннің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Мидекамицин сарысудағы циклоспорин деңгейін ұлғайтуы (екі есеге), жартылай шығарылу кезеңін ұзартуы және карбамазепиннің AUC («концентрация-уақыт» қисық астындағы ауданы) мәнін ұлғайтуы мүмкін. Карбамазепин немесе циклоспоринді бір мезгілде қабылдайтын емделушілерге сақтықпен тағайындау ұсынылады және олардың сарысудағы деңгейлерін мүмкіндігінше бақылап отыру керек.

Мидекамицин мен қастауыш алкалоитарын бір мезгілде қабылдау бауырдағы метаболизмнің азаюын және сарысудағы қастауыш алкалоидтары концентрациясының артуын туғызуы мүмкін.

Варфаринді бір мезгілде пайдаланғанда сақ болу керек, өйткені мидекамицин оның бөлініп шығуын баяулатуы мүмкін, бұл геморрагия қаупін арттырады.

 

Айрықша нұсқаулар

Ұзық уақыт бойы емдеуде, әсіресе бауыр функциясы бұзылған емделушілерде бауыр ферменттерінің белсенділігі қадағалануы керек.

Кез келген басқа микробқа қарсы препараттарды пайдаланғандағы сияқты, ұзақ емдеу төзімді бактериялардың артық өсуіне әкелуі мүмкін. Ұзақ уақытқа созылған диарея жалған жарғақшалы колиттің дамуын көрсетеді.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік кезінде тек анаға келетін пайда ұрыққа төнетін қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қабылдау көрсетілген.

Бала емізетін аналар Макропенмен емделу кезінде бала емізуді тоқтатулары тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозаларды қабылдағанда жүрек айнуы мен құсу байқалуы мүмкін.

Емі: симптоматиалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

8 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 0С-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д., Ново Место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19,

корпус 1б, 2-ші қабат, 207 кеңсе

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

 

 

Прикрепленные файлы

782475681477976315_ru.doc 89.5 кб
702750731477977561_kz.doc 102 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники