Мазь фурацилиновая

МНН: Нитрофурал
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nitrofural
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014884
Период регистрации: 18.09.2015 - 18.09.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Фурацилин жақпамайы 0,2%

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нитрофурал

Дәрінің түрі

Жақпамай 0,2%

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат - 0,2 г фурацилин

қосымша зат - медициналық вазелин 100,0 г дейін

Сипаттамасы

Сары түстi жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялық дәрілік заттар, фуран туындылары.

АТХ коды D08AF01

Фармакологиялық қасиеттері

Микробқа қарсы дәрі, басқа химиотерапиялық дәрілік заттардан өзгеше әсер ету механизміне ие: микробтың флавопротеиндері 5-нитротопты қалпына келтіру арқылы ақуыздар (оның ішінде рибосомалық) және басқа макромолекулалардың конформациялық өзгерістерін туындатуға қабілетті жоғары реактивті амин туындыларын түзеді, бұл жасушалардың қырылуына әкеліп соғады. Грамоң және грамтеріс кокктарға қатысты белсенді (Esherichia coli, Shigella dysenteria spp., Shigella flexneri spp., Shigella boydii spp.,

Shigella sonnei spp., Staphylococcus spp., Streptococcus spp., Clostridium perfringens, Salmonella spp. және т.б.)

Төзімділік баяу өрбиді және жоғары дәрежесіне жетпейді. Ретикулды-эндотелиалық жүйенің белсенділігін арттырады, фагоцитозды күшейтеді.

Қолданылуы

  • iрiңдi жараларда

  • күйiктерде

  • ойық жараларда

  • ойылуларда

Қолдану тәсiлі және дозалары

Жергілікті, сыртқа тіклей зақымданған беткейге жұқалап күніне 1-3 рет жағады. Емдеу ұзақтығы 7 күн.

Жағымсыз әсерлерi - дерматиттер- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жекелей жоғары сезiмталдық

- аллергиялық дерматиттер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.

Жүктілік және лактация

Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрi және қаптамасы

25 г және 40 г-ден қақпақтарымен жиынтықта дәрілік заттарды қаптауға арналған полимер банкілерде. Банкілерге заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңбалар жапсырылады.

40 банкіден медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың жеткілікті санымен топтық қаптамаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 18 оС - 25 оС температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзiмi 2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Б. Бұлқышев к-сi, 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Алматы қ., Б. Бұлқышев к-сi, 4е,

тел./факс +7727233-27-58, E-mail: farm-4@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

880370831477976368_ru.doc 44.5 кб
384590491477977562_kz.doc 43.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники