Мазь скипидарная

МНН: Масло терпентинное
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003136
Информация о регистрации в РК: 03.08.2020 - 03.08.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Скипидар жақпамайы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 20% жақпамай

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат – 20.0 г шайырлы скипидар

қосымша заттар: 48.0 г вазелин; 8.0 г эмульгатор Т-2; 24.0 г тазартылған су.

Сипаттамасы

Скипидар иісі бар, сары реңді ақ түсті жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды М02АХ10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жақпамай тері эпидермисі арқылы сіңіп, адам организмінде рефлекторлық өзгерістер тудырады, сонымен қатар теріден биологиялық белсенді заттарды, атап айтқанда гистаминді босатып шығарады.

Фармакодинамикасы

Скипидар жақпамайының алаңдатқыш, қабынуға қарсы, антисептикалық, жансыздандыратын, жергілікті тітіркендіретін, ауырғанды басатын әсері бар. Препараттың алаңдатқыш әсері тері рецепторларын тітіркендірудің салдарынан рефлекторлы өзгерістер тудыру қабілетіне байланысты.

Қолданылуы

Кешенді емдеу кезінде:

- невралгияда

- миозитте- ревматизмде- артритте

- бронхитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа, сылау түрінде.

Жағымсыз әсерлері

  • жергілікті сипатта аллергиялық реакциялар болуы мүмкін (қышыну,

ісіну, терінің қызаруы, күйдіру, бөрту).

Жекелеген жағдайларда жайылу сипатындағы аллергиялық реакциялар болуы мүмкін (тұншығу, жүрек соғуының жиілеуі, артериялық қысымның төмендеуі, ақыл-ойдың көмескіленуі, құрысулар, естен тану).

Кез келген әдеттен тыс реакциялар туындаған жағдайда препаратты одан әрі қолдануға қатысты дәрігермен міндетті түрде кеңесіңіз!

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа аса жоғары сезімталдық

- болжамды жағылатын жердегі терінің қабыну ауруында тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы

- ауыр бауыр және бүйрек аурулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жақпамайды шырышты қабыққа және көзге тигізуге болмайды! Егер жақпамай абайсызда көзге тисе, көп мөлшерде ағынды сумен мұқият жуу керек.

Педиатрия

Препаратты балаларға қолдану тәжірибесі жоқ. Сондықтан жақпамайды балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация.

Препараттың емшек сүтіне енетіні-енбейтіні, жүктілік кезінде плацентарлық бөгет арқылы өтетіні-өтпейтіні белгісіз. Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.

Артық дозалануы

Жергілікті қолданғанда артық дозалану мүмкіндігі аз

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г мойны бұралатын, нығыздағыш элементі бар бұрандалы полиэтилен қақпағы бар шынымассадан жасалған банкіде немесе нығыздағыш элементі бар тартылатын полиэтилен қақпағы бар медициналық шыныдан жасалған банкіде.

Банкілер медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге сәйкес мөлшерде орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

25 г-ден медициналық мақсаттағы полимер немесе алюминий сықпада. Әрбір сықпаны медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады. Картон қорапшалар сәйкес мөлшерде орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 8˚С-ден 15˚С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел.факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

796105721477976329_ru.doc 46 кб
514928501477977578_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники