Мазь серная простая

МНН: Сера
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Серосодержащие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003170
Информация о регистрации в РК: 24.12.2015 - 24.12.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 57 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Жай күкірт жақпамайы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 33% 25 г

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат - 33,0 г сыртқа қолдануға арналған күкірт

қосымша заттар: вазелин, эмульгатор Т-2,

тазартылған су

Сипаттамасы

Сары түсті жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Эктопаразиттерді жоюға арналған препараттар.

Құрамында күкірті бар қосылыстар.

АТХ коды Р03АА

 

Фармакологиялық қасиеттері

Жай күкірт жақпамайының микробтарға қарсы, паразиттерге қарсы және кератопластикалық қасиеттері бар. Сыртқа қолданған кезде күкірт органикалық заттармен өзара әрекеттесіп, микробтарға қарсы және паразиттерге қарсы әсер ететін сульфидтер және пентатион қышқылын түзеді. Сульфидтердің тері мүйізгек қабатын қалпына келтіретін қабілеті (кератопластикалық қасиеттері) бар, бұл кейбір тері ауруларын емдеген кезде өте маңызды.

Қолданылуы

- қотырда

Қолдану тәсілдері және дозасы

Сыртқа. Жақпамайды зақымданған жерге 5 күн бойы күніне 2-3 рет жағады. Емдеу курсын жүргізіп болғаннан кейін пациенттің ванна қабылдағаны және іш киімін және төсек-орынның тысын ауыстырғаны жөн.

Жағымсыз әсерлері

- қышыну, гиперемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- 3 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Балаларға

Балаларға 3 жастан бастап тек дәрігердің тағайындауымен және ұдайы бақылауымен ғана қолдану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Дәрігердің тағайындауымен қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қозғалыстағы басқа да механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Айқындалмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г-ден нығыздағыш элементі бар бұрандалы полиэтилен қақпағы бар мойны бұралатын шынымассадан жасалған банкаларда немесе нығыздағыш элементі бар тартылатын полиэтилен қақпағы бар медициналық шыныдан жасалған банкаларда.

Банкалар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге сәйкес санымен орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

25 г-ден медициналық мақсатқа арналған полимер немесе алюминий сықпада. Әрбір сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. Картон қорапшалар сәйкес мөлшерде орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 12ºС-ден 25º С-ге дейінгі температурада сақтау керек.Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,

Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,

Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

249678901477976328_ru.doc 45 кб
634623741477977576_kz.doc 41.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники