Мажезик-сановель
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Мажезик-сановель
Халықаралық патенттелмеген атауы
Флурбипрофен
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған 100 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 100 мг флурбипрофен
қосымша заттар: лактоза құрғақ спрейі, микрокристалды целлюлоза (РН 102), натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза L, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты
Опадри II көгілдір OY-L-20906 қабығының құрамы: лактоза моногидраты, гидроксипропилметилцеллюлоза 15 сР, титанның қостотығы Е171, полиэтиленгликоль 4000, FD&C көгілдір №2/индигокармин Е132
Сипаттамасы
Сопақша пішінді, екі жағында сызығы бар, көгілдір түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Фармакологиялық тобы
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.
Пропион қышқылының туындылары.
АТХ коды M01AE09
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылданған соң флурбипрофен ас қорыту жүйесінен жылдам сіңеді, плазмадағы ең жоғары концентрациясына 1.5 сағаттан кейін жетеді. Ас қабылдау препараттың биожетімділігіне әсер етпейді. Жартылай шығарылу кезеңі орташа алғанда 6 сағатты құрайды.
Флурбипрофен толығымен дерлік метаболизденіп, негізгі бөлігі несеппен бос және байланысқан дәрі түрінде (20%) және гидроксилденген метаболиттер (50%) түрінде шығарылады. Флурбипрофеннің 99% артығы
плазма ақуыздарымен байланысады.
Фармакодинамикасы
Флурбипрофен – қабынуға қарсы стероидты емес дәрі (ҚҚСД), фенилпропион қышқылының туындысы, ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсерге ие. Әсер ету механизмі циклооксигеназа (ЦОГ) ферментін бөгеу есебінен простагландиндер синтезін бәсеңдету және шеткергі ауыру медиаторларынан тіндік сезімталдықты болдырмаумен байланысты.
Қолданылуы
- дисменореяда
- ревматоидты артрит, остеоартрит, шорбуынданатын спондилит, артралгияда, артроз, бурситте, тендинитте шұғыл және ұзақ симптоматикалық ем жүргізуде
- хирургиялық араласулардан және жұмсақ тіндердің жарақаттарынан кейін пайда болатын ауыру сезімі мен қабынуды жеңілдету мақсатында
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер үшін ұсынылатын дозасы симптомдар күштілігіне байланысты 100 мг тәулігіне 1-3 рет. Ең жоғары тәуліктік доза 300 мг.
Дисменорея
Бастапқыда 100 мг, кейінгі қабылдау әр 4 немесе 6 сағат сайын 50 немесе 100 мг. Препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы 300 мг аспауы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлері сирек пайда болады, дозаға байланысты және қайтымды.
-
диспепсия, қыжыл, жүрек айну, құсу, іш аумағының ауыруы, диарея, іш қату, ҚҚСП-гастропатия
-
қан кету (асқазан-ішектен, геморроидальді, қызыл иектен), асқазан-ішек жолдары шырышты қабығының ойық жаралануы
-
холестатикалық сарғаю (көп дозаларда ұзақ қолданғанда), бауыр қызметінің бұзылуы
-
тері бөртпесі, қышыну, есекжем, бронх түйілуі, фотосенсибилизация, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок
-
ринит
-
дене салмағының өзгеруі
-
бас ауыруы, бас айналуы, астения, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық, депрессия, амнезия, діріл, қозу
-
артериялық қан қысымының жоғарылауы, тахикардия, жүрек жеткіліксіздігі
-
тубулоинтерстициальді нефрит, бүйрек қызметінің бұзылуы, организмде сұйықтықтың іркілуі, ісіну, гематурия
-
естудің төмендеуі
-
тершеңдіктің күшеюі
Сирек
-
көрудің бұзылуы, құлақтың шуылдауы, атаксия
-
анемия (темір тапшылығы, гемолитикалық, апластикалық), агранулоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения
Жекелеген жағдайларда
-
бүйрек жетіспеушілігі
-
сананың шатасуы, парестезиялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- флурбипрофенге жоғары сезімталдық
- сыртартқысында флурбипрофен, аспирин немесе басқа ҚҚСД қабылдауға туындаған асқын сезімталдық реакциялары (бронх демікпесі, ринит, есекжем) болған емделушілер
- асқазан-ішек жолының эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары
- артериялық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- тұқым қуалайтын галактоза, Lapp лактаза көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Мажезик-сановельді фуросемид сияқты диуретик препараттармен бірге пайдаланған кезде диуретикалық әсері төмендейді.
Басқа да ҚҚСД секілді Мажезик-сановельді қан кетудің даму қаупі болғандықтан антикоагулянттар қабылдайтын науқастарға сақтықпен тағайындалуы керек. Кортикостероидтармен бірге қолданғанда асқазан-ішектен қан кету қаупі артады.
Мажезик-сановель және аспиринді бір мезгілде қабылдағанда флурбипрофен концентрациясының төмендегені байқалған. Демек, бұл екі препаратты біріктірмеген жөн.
Бірге пайдаланған кезде гипотензивтік препараттардың әсері төмендейді.
Жүрек гликозидтерінің уыттылығы бірге пайдалану кезінде артуы мүмкін.
Литийдің, метотрексаттың шығарылуы азаюы мүмкін.
Мажезик-сановель циклоспоринмен бірге қолданылса, соңғының нефроуыттығы күшейеді.
Бауырдағы микросомальді тотығу индукторлары (фенитоин, этанол, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, үшциклдық антидепрессанттар) гидроксилденген белсенді метаболиттер өнімін ұлғайтады.
Мажезик-сановельді бір уақытта қолданғанда урикозуриялық препараттардың тиімділігін төмендетеді, антикоагулянттардың (қан кету қатерін ұлғайтады), антиагреганттардың, фибринолитиктердің әсерін, минералокортикоидтардың, эстрогендердің жағымсыз әсерлерін күшейтеді; сульфонилмочевина туындыларының гипогликемиялық тиімділігін күшейтеді.
Ранитидин – препараттың плазмадағы концентрациясын төмендетеді.
Антацидтар және колестирамин флурбипрофеннің сіңуін азайтады.
Мажезик-сановельді алкоголь сусындарымен бір уақытта қабылдау ұсынылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Ұзақ уақыт ҚҚСД қабылдайтын емделушілер ас қорыту жүйесі тарапынан кездесетін жағымсыз әсерлерді болдырмау үшін мұқият тексерілуі тиіс
Мажезик-сановельді бауыр, бүйрек және АІЖ аурулары бар емделушілерге, жүрек қызметі жеткіліксіздігі, артериялық гипертония және басқа сырқаттары бар емделушілерге ісінудің дамуы және сұйықтықтың іркілуі қаупіне байланысты абайлап тағайындау керек. Мажезик-сановель қан кету уақытын ұзартуы мүмкін, сондықтан патологиялық қан кету қаупі бар емделушілерге сақтықпен тағайындайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді. Алайда жағымсыз әсерлердің пайда болуы мүмкін екендігін ескере отырып, көлікті жүргізгенде және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істегенде сақ болу қажет.
Артық дозалануы
Флурбипрофенге қарсы арнайы у қайтарғысы жоқ.
Симптомдары: тыныс алудың бұзылуы, жүрек айнуы, эпигастральді аймақтың ауыруы, бас ауыруы, бас айналуы.
Емі: асқазанды шаю және симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 таблеткадан салынған.
3 және 6 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
“Сановель” фармако-индустриалды сауда компаниясы, Түркия
Мимар Синан ауданы, Чанта ауылы, Силиври/Стамбул/Түркия
Тіркеу куәлігінің иесі
“Сановель” фармако-индустриалды сауда компаниясы, Түркия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Алматы қ., Қажымұқан к-сі, 26А
Телефон нөмірі 8 727 264 73 05,
Факс нөмірі 8 727 262 00 12
эл.поштасы: sanovel@mail.ru