Магния сульфат (250 мг/мл)

МНН: Магния сульфат
Производитель: Новосибхимфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Magnesium sulfate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018584
Информация о регистрации в РК: 14.02.2017 - 14.02.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Магний сульфаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізуге арналған 250 мг/мл, 10 мл ерітінді

Құрамы

1 мл препараттың құрамында:

белсенді зат: магний сульфаты – 250.0 мг

қосымша зат: инъекцияға арналған су – 1.0 мл-ге дейін

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазмаламастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Электролиттік ерітінділер АТЖ коды: B05ХА05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы Жүйелік әсерлері көктамыр ішіне енгізгеннен кейін әп сәтте дерлік дамиды, әсер ету ұзақтығы – 30 минут.

Тепе-теңдік концентрациясы (СSS)-2-3,5 ммоль/л. Гематоэнцефалдық және плацентарлық бөгеттер арқылы өтеді, ана сүтінде плазмадағы концентрацияларынан 2 есе асатын концентрация құрайды.

Бүйрек арқылы шығарылады, бүйрекпен шығарылу жылдамдығы плазмадағы концентрациясына және шумақтық сүзілу деңгейіне пропорционалды.

Фармакодинамикасы

Парентеральді енгізуде құрысуға қарсы, аритмияға қарсы, гипотензивтік, спазмолитикалық әсер береді, жоғары дозаларда – жүйке-бұлшықет берілісін бәсеңдетеді, токолитикалық әсер береді, тыныс алу орталығын бәсеңдетеді.

Магний «баяу» кальций өзектерінің «физиологиялық» бөгегіші болып табылады және оны байланысқан орыннан ығыстыруға қабілетті. Алмасу үдерістерін, нейрон аралық беріліс пен бұлшықет қозғыштығын реттейді, кальций иондарының пресинаптикалық жарғақша арқылы түсуіне кедергі келтіреді, шеткергі және орталық жүйке жүйесіндегі (ОЖЖ) ацетилхолин мөлшерін төмендетеді. Тегіс бұлшықеттерді босаңсытады, артериялық қан қысымын (АҚ) төмендетеді (көбінесе жоғарғы), диурезді күшейтеді.

Құрысуға қарсы әсері – магний жүйке-бұлшықет синапстарынан ацетилхолиннің босап шығуын азайтады, сонымен бірге жүйке-бұлшықет берілісін бәсеңдетеді, орталық жүйке жүйесіне тікелей бәсеңдеткіш әсер береді.

Аритмияға қарсы әсері – магний кардиомиоциттердің қозғыштығын төмендетеді, ион тепе-теңдігін қалпына келтіреді, жасуша жарғақшаларын тұрақтандырады, натрий ағымын, кальцийдің баяу келу ағымы мен калийдің біржақты ағымын бұзады.

Кардиопротекторлық әсері коронарлық артерияларды кеңейтуіне, жалпы шеткергі қантамырлық қарсыласу мен тромбоциттер агрегациясын төмендетуіне негізделген.

Токолитикалық әсері – магний миометрийдің жиырылғыштық қабілетін бәсеңдетеді (кальцийдің тегіс бұлшықет жасушаларында жұтылуын, байланысуы мен таралуын төмендетеді), жатырдағы қан ағымын, оның тамырларын кеңейтуі нәтижесінде күшейтеді.

Ауыр металдардың тұздарымен уланғанда у қайтарғы болып табылады.

Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін жүйелік әсерлері әп-сәтте дерлік дамиды. Көктамыр ішіне енгізгендегі әсер ету ұзақтығы – 30 минут.

Қолданылуы

- артериялық гипертензияда (соның ішінде, мидың ісінуі құбылыстарымен гипертониялық криз)

- полиморфтық қарыншалық тахикардия («пируэт» типті)

- құрысу синдромы (эклампсия кезіндегі құрысуларды бәсеңдету үшін; ауыр преэклампсия кезіндегі құрысулардың алдын алу үшін; жатырдың қатты жиырылуын басу үшін)

- ауыр металдардың тұздарымен улануда (сынап, мышьяк, тетраэтилсвинец)

- гипомагниемияда (соның ішінде, магнийге жоғары қажеттілік және тетания кезіндегі жедел гипомагниемияда).

Қолдану тәсілі мен дозалары

Көктамыр ішіне.

Дозаларын емдік әсерін және қан сарысуындағы магний иондарының концентрациясын ескере отырып нақтылайды.

Преэклампсия және эклампсия. Дозасын клиникалық жағдайға байланысты жекелей белгілейді. Қанығу дозасы – 5-20 минуттан кейін 2-4 г (инфузия). Демеуші дозасы – сағатына 1-2 г.

Жатыр тетаниясы. Қанығу дозасы – 20 минуттан кейін 4 г (инфузия). Демеуші дозасы – әуелі – сағатына 1-2 г, кейінірек – сағатына 1 г (24-72 сағат тамшылатып енгізуге болады).

Гипомагниемия.

Жаңа туған сәбилерде. Тәуліктік дозасы – көктамыр ішіне баяу 0,2-0,8 мг/кг.

Ересектерде. Жеңіл гипомагниемия. Магний сульфатының ерітіндісін парентеральді қолданады, егер магний препараттарын енгізудің пероральді жолы мүмкін болмаса немесе талапқа сай болмаса (жүрек айнуы, құсу, асқазан резорбциясының бұзылуынан және т.б.).

Ауыр гипомагниемия. Бастапқы дозасы – 5 г. Дозасын 1 л инфузиялық ерітіндіні көктамыр ішіне баяу енгізеді. Препараттың қан сарысуындағы концентрациясына байланысты дозалайды.

Тек парентеральді қоректенетін науқастардағы гипомагниемияның алдын алу.

Егер қоректік ерітінділерде магний болмаса, оны қосымша үстемелейді. Тәуліктік дозасы 1,5-4 г. Әдетте парентеральді қоректік 1 л ерітіндіге 1г магний сульфатын қосады.

Магний сульфатының ересектерге арналған ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 40 г.

Гипертониялық криздерде 5-20 мл магний сульфатының 250 мг/мл ерітіндісін көктамыр ішіне (баяу!!) енгізеді.

Аритмияларды басу үшін көктамыр ішіне 5 минутқа жуық 1-2 г енгізеді, қайталап енгізілуі мүмкін.

Магний сульфатының дозасы грамдармен көрсетіледі.

Оларға ерітіндінің мөлшерлері сәйкес келеді: 1 г – 4 мл (250 мг/мл); 2 г – 8 мл (250 мг/мл); 3 г – 12 мл (250 мг/мл); 4 г – 16 мл (250 мг/мл); 5 г – 20 мл (250 мг/мл); 10 г – 40 мл (250 мг/мл); 15 г – 60 мл (250 мг/мл); 20 г – 80 мл (250 мг/мл); 30 г – 120 мл (250 мг/мл); 40 г – 160 мл (250 мг/мл).

Ампулалардағы магний сульфатының ерітіндісін мына инъекциялық ерітінділермен сұйылтады: 0,9 % натрий хлоридінің немесе 5 % декстроза ерітіндісімен (глюкоза).

Гипермагнемия мен тыныс алудың, жүректің тоқтап қалуы, артериялық гипотензияның дамуы мүмкін болғандықтан, жаңа туға сәбилерге магний препараттарын көктамыр ішіне сорғалатып енгізу ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

- тыныс алу жиілігінің баяулауы

- ентігу

- жедел қан айналымы жеткіліксіздігі

- рефлекстердің әлсіреуі

- гиперемия

- артериялық гипотензия

- гипотермия

- бұлшықет тонусының әлсіреуі

- жатыр атониясы

- гипергидроз

- үрейлену

- айқын ұйқышылдық (седация)

- полиурия

- жүректің жиырылу жиілігінің сиреуі

- электрокардиограммадағы өзгерістер (PQ аралығының ұзаруы және QRS кешенінің кеңеюі)

- тыныс алу орталығының салдануы

- диарея

- гипермагниемияның ерте білінген белгілері мен симптомдары: брадикардия, диплопия, бетті кенеттен қан кернеуі, бас ауыруы, артериялық қан қысымының төмендеуі, жүрек айнуы, ентігу, тілдің күрмелуі, құсу, жалпы әлсіздік.

- қан сарысуындағы магний иондары концентрациясының артуы тәртібімен ранжирленген гипермагниемия белгілері: терең сіңір рефлекстерінің төмендеуі (2-3,5 ммоль/л), электрокардиограммадағы PQ аралығының ұзаруы және QRS кешенінің кеңеюі (2,5-5 ммоль/л), сіңір рефлекстерінің төмендеуі (4-5 ммоль/л), тыныс алу орталығының бәсеңдеуі (5-6,5 ммоль/л), жүрек өткізгіштігінің бұзылуы (7,5 ммоль/л), жүректің тоқтауы (12,5 ммоль/л).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдықта

- I-III дәрекжелі атриовентрикулярлық бөгеліс (AV бөгелісі)

- айқын бүйрек жеткіліксіздігінде (егер креатинин клиренсі минутына 20 мл-ден аз болса)

- айқын артериялық гипотензияда

- кальций тапшылығымен байланысты жағдайларда

- тыныс алу орталығының бәсеңдеуінде

- тыныс алу мүшелерінің ауыр ауруларында

- брадикардияда

- босану алдындағы кезеңде (босанғанға дейін 2 сағатқа дейін)

- етеккірде.

Сақтықпен: миастенияда, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде (егер креатинина клиренсі минутына 20 мл-ден асса), тыныс алу мүшелерінің ауруларында, асқазан-ішек жолының жедел қабынбалы ауруларында, егде жастағыларға, жүктілікте, лактация кезеңінде, балаларға.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Магний сульфатымен бірге басқа дәрілік заттарды қолданатын емделушілер бұл туралы дәрігерге хабарлауы тиіс.

ОЖЖ бәсеңдететін басқа дәрілік заттардың әсерін күшейтеді.

Жүрек гликозидтері өткізгіштіктің бұзылуы мен антриовентрикулярлық бөгеліс қаупін ұлғайтады (әсіресе, кальций тұздарын к/і бір мезгілде енгізгенде).

Миорелоксанттар мен нифедипин жүйке-бұлшықет бөгелісін күшейтеді.

Парентеральді енгізуге арналған магний сульфатын басқа вазодилаторлармен бірге қолданғанда гипотензивтік әсер күшеюі мүмкін.

Барбитураттар, есірткілік анальгетиктер, гипотензивтік препараттар тыныс алу орталығының бәсеңдеу ықтималдығын арттырады.

Тетрациклин тобының антибиотиктерінің сіңуін бұзады, стрептомицин мен тобрамициннің әсерін әлсіретеді.

Кальций тұздары магний сульфатының әсерін азайтады.

Кальций препараттарымен, карбонаттармен, бикарбонаттармен және сілтілік метадардың фосфаттарымен, клиндамицин фосфатымен, гидрокортизон натрий сукцинатымен, В полимиксин сульфатымен, прокаин гидрохлоридімен, салицилаттармен және тартраттармен фармацевтикалық үйлесімсіз (шөгінді түзеді).

Толығымен парентеральді қоректенуге арналған қоспалардағы магний иондарының 10 ммоль/мл-ден артық концентрацияларында май эмульсиялары бөлінуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Магний сульфатын препараттың уытты концентрациясы туындамас үшін сақтықпен қолдану керек. Егде жастағы тұлғаларға әдетте азайтылған дозасын қолдану керек, өйткені оларда бүйрек қызметі төмендеген. Бүйрек қызметі бұзылған (егер креатинин клиренсі минутына 20 мл артық болса) және олигуриясы бар науқастар 48 сағат ішінде 20 г-ден артық магний сульфатын (81 ммоль Mg2+) алмауы тиіс, магний сульфатын көктамыр ішіне тым тез енгізбеу керек. Қан сарысуындағы магний иондары концентрациясын (0,8-1,2 ммоль/л-ден аспауы тиіс), диурезді (сағатына 100 мл-ден кем емес), тыныс алу жиілігін (минутына 16 мл-ден кем емес), АҚ бақылау ұсынылады.

Магний сульфатын енгізгенде қолда көктамырішілік енгізу үшін дайындалған кальций ерітіндісі, мысалы, 10 % кальций глюконатының ерітіндісі болуы керек. Магний мен кальцийді көктамыр ішіне бір мезгілде енгізу қажет болғанда, оларды түрлі көктамырларға енгізеді. Магний сульфатын қолданғанда технеций қолданылатын радиологиялық зерттеулердің нәтижесі бұрмалануы мүмкін.

Жүктілік

Магний сульфаттары плацента арқылы өтеді, сондықтан, жүктілік кезінде бұл препаратпен ұзақ емдеу (3 аптадан астам күн сайын қолданғанда) ұрықтағы кальцийдің шайылып кетуі мен туа бітетін рахиттің дамуына ықпал етеді.

Жүктілікте магний сульфатын тек күтілетін емдік әсері ұрық үшін ықтимал қауіптен асатын жағдайларда ғана қолданады. Лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда бала емізуді тоқтатқан жөн.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезінде автокөлік жүргізу мен зейін шоғырландыруды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін басқа қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылдануға жол берілмейді.

Артық дозаланғанда

Белгілері: тізе рефлексінің жоғалуы, жүрек айнуы, құсу, АҚ күрт төмендеуі, брадикардия, тыныс алу мен ОЖ бәсеңдеуі.

Емі: кальций хлориді немесе кальций глюконатының – 5-10мл 10 % ерітіндісін к/і баяу енгізу керек, оксигенотерапия, карбоген жұту, жасанды тыныс алу, перитонеальді диализ немесе гемодиализ, симптоматикалық ем жүргізіледі.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Көктамыр ішне енгізуге арналған 250 мг/мл ерітінді. Бейтарап шыныдан жасалған ампулаларда 10 мл-ден. Қолдану жөніндегі нұсқаулықпен және ампулалық скарификаторымен картоннан жасалған қорапта 10 ампуладан.

5 немесе 10 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден немесе полиэтилентерефталат лентадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 (10 ампуладан) немесе 2 (5 ампуладан) пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге және ампулалық скарификаторымен картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі бар ампулалар қаптамасына ампулалық скарификаторды салмайды.

Сақтау шарттары

15 ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

 

Өндіруші

«Новосибхимфарм» ААҚ

630028, Ресей, Новосибирск қ-сы, Декабристер к-сі, 275

тел. (383)363-32-44,

факс (383) 363-32-55

Тіркеу куәлігінің иесі

«Новосибхимфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан тауар (өнім)

сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Валента Азия» ЖШС, Алматы қ-сы, Абай даңғылы, Радостовец к-сі

қиылысы , 151/115,

«Алатау» бизнес орталығы, №702 кеңсе

Тел./факс 8727 334-15-52, Е-mail: asia@valentapharm.com

Прикрепленные файлы

890767031477977175_ru.doc 59.5 кб
179594301477978342_kz.doc 82.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники