Магникор

МНН: Ацетилсалициловая кислота
Производитель: Киевский витаминный завод ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Acetylsalicylic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023001
Информация о регистрации в РК: 25.05.2017 - 25.05.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

Магникор

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетка құрамында

белсенді заттар: ацетилсалицил қышқылы 75.0 мг, магний гидроксиді 15.2 мг 100 % затқа шаққанда,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты,

қабығы: Оpadry II White (гидроксипропилметилцеллюлоза, лактоза моногидраты, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (Е 171), триацетин).

Сипатамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі беті дөңес дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қан түзілуіне және қанға әсер ететін препараттар. Антикоагулянттар. Гепаринді қоспағанда, тромбоциттер агрегациясының тежегіштері. Ацетилсалицил қышқылы.

АТХ коды В01А С06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Абсорбциясы. Ацетилсалицил қышқылын ішке қолданғаннан кейін ас қорыту жолынан жылдам сіңіріледі. Пероральді қолданғаннан кейін ацетилсалицил қышқылының ионсыздандырылған түрінің абсорбциясы асқазанда және ішекте жүреді. Абсорбция жылдамдығы ас қабылдаумен және бас сақинасының ұстамалары бар пациенттерде төмендейді, ахлоргидриясы бар пациенттерде немесе полисорбаттар немесе антацидтер қолданатын пациенттерде ұлғаяды. Қан сарысуындағы ең жоғарғы концентрацияға 1-2 сағаттан соң жетеді.

Пероральді қабылдағанда магний аздаған мөлшерде жіңішке ішектен баяу абсорбцияланады.

Таралуы. Ацетилсалицил қышқылының қан плазмасы ақуыздарымен байланысы 80-90 % құрады. Ересектер үшін таралу көлемі дене салмағының 170 мл/кг құрады. Қан плазмасындағы концентрация жоғарылағанда ақуыздардың белсенді орталықтарының қанығуы орын алады, бұл таралу көлемінің ұлғаюына әкеледі. Салицилаттар қан плазмасының ақуыздарымен қарқынды байланысады және организмге жылдам таралады. Салицилаттар емшек сүтіне енеді және плацентарлық бөгет арқылы енуі мүмкін.

Магний ақуыздармен байланысқан күйде (шамамен 25-30 %) таралады. Аздаған мөлшері емшек сүтіне өтеді. Магний плацентарлық бөгет арқылы өтуі мүмкін.

Метаболизмі. Ацетилсалицил қышқылы белсенді метаболит – асқазан қабырғасында салицил қышқылына дейін гидролизденеді. Ацетилсалицил қышқылының абсорбциясынан кейін жылдам салицил қышқылына айналады, бірақ пероральді қолданғаннан кейін алғашқы 20 минут ішінде қан плазмасында басым болып табылады.

Шығарылуы. Салицил қышқылы көбінесе бауырда метаболизмге ұшырайды. Осылайша, қан плазмасындағы салицил қышқылының тепе-тең концентрациясы ішке қабылданған дозаға пропорционалды емес ұлғаяды. Ацетилсалицил қышқылының 325 мг дозада шығуы бірінші қатардағы реакция кинетикасының қатысуымен жүреді. Жартылай шығарылу кезеңі 2-3 сағатты құрайды. Ацетилсалицил қышқылының жоғарғы дозасында жартылай шығарылу кезеңі 15-30 сағатты құрайды. Салицил қышқылы сондай-ақ өзгермеген күйде несеппен шығарылады. Салицил қышқылының шығарылған көлемі доза деңгейіне және несеп рН байланысты. Салицил қышқылының шамамен 30 % дозасы несеппен шығарылады, егер несеп реакциясы сілтілі болса, тек 2 % – егер қышқылы болса. Бүйрек арқылы шығарылу шумақшалы сүзіліс үдерістерінің, бүйрек өзекшелерінің белсенді секрециясының және пассивті түтікті реабсорбцияның арқасында жүреді.

Магнийдің аздаған мөлшері несеппен шығарылады, бірақ үлкен бөлігі реабсорбцияланады және нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ацетилсалицил қышқылы аналгетикалық, қабынуға қарсы, ыстық түсіретін және антиагрегантты дәрі болып табылады.

Антиагрегантты қасиеттері қан кету уақытын ұлғайтады.

Негізгі фармакологиялық әсері – простагландиндер мен тромбоксандардың түзілуін тежеу. Ауыруды басатын әсері қосымша әсер болып табылады, ол циклооксигеназа ферментінің тежелуінен туындаған. Қабынуға қарсы әсері PGE2 синтезінің тежелуінен туындаған қан ағысының азаюымен байланысты.

Ацетилсалицил қышқылы G/H простагландиндерінің синтезін қайтымсыз тежейді, оның тромбоциттерге ықпалы ацетилсалицил қышқылы организмде болатынына қарағанда ұзақ жалғасады. Ацетилсалицил қышқылының тромбоциттердегі тромбоксан биосинтезіне және қан кету уақытына ықпалы емді тоқтатудан кейін ұзақ уақыт ішінде жалғасады. Әсері қан плазмасында жаңа тромбоциттер пайда болғаннан кейін ғана тоқтайды.

Салицил қышқылы (ацетилсалицил қышқылының белсенді метаболиті) қабынуға қарсы әсерге ие, сондай-ақ тыныс алу үдерістеріне, қышқылдық-сілтілік теңгерім жағдайына және асқазанның шырышты қабығына ықпал көрсетеді. Салицилаттар негізінен, сүйек кемігіне тікелей әсер ете отырып тыныс алуды көтермелейді. Салицилаттар вазодилататорлық және цитопротекторлық простагландиндерді тежеу арқылы асқазанның шырышты қабығына тікелей емес ықпал көрсетеді және ойықжараның туындау қаупін жоғарылатады.

Магний гидроксиді антацидтік әсерге ие және ас қорыту жолының шырышты қабығын ацетилсалицил қышқылының тітіркендіргіш ықпалынан қорғайды.

Қолданылуы

- жүректің жедел және созылмалы ишемиялық ауруы

- қайта тромб түзілуінің профилактикасы

- жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының даму қаупі факторлары бар 50 жастағы пациенттердегі жедел коронарлық синдром сияқты тромбоздардың, жүрек-қантамыр ауруларының бастапқы профилактикасы: артериялық гипертензия, гиперхолестеринемия, қант диабеті, семіру (дене салмағының индексі > 30), анамнезінде тұқым қуалаушылық (55 жасқа дейінгі пациенттердің ата-анасының кемінде біреуінде, ағасында немесе әпкесінде миокард инфарктісі).

Қолдану тәсілі және дозалары

Жүректің жедел және созылмалы ишемиялық ауруы.

Ұсынылған бастапқы доза – тәулігіне 2 таблетка (150 мг/30,4 мг). Демеуші доза – тәулігіне 1 таблетка (75 мг/15,2 мг).

Жедел миокард инфарктісі. Тұрақсыз стенокардия.

Ұсынылған доза 2-6 таблетканы (150 мг/30,4 мг – 450 мг/91,2 мг) құрайды, симптомдар пайда болғаннан кейін барынша жылдам қолданады.

Қайта тромб түзілуінің профилактикасы.

Ұсынылған бастапқы доза – тәулігіне 2 таблетка (150 мг/30,4 мг). Демеуші доза – тәулігіне 1 таблетка (75 мг/15,2 мг).

Жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі факторлары бар пациенттерде жедел коронарлық синдром сияқты тромбоздардың, жүрек-қантамыр ауруларының бастапқы профилактикасы.

Ұсынылған бастапқы доза – тәулігіне 1 таблетка (75 мг/15,2 мг).

Таблеткаларды тұтастай жұтады, қажет болса сумен ішеді. Жылдам сіңірілуін қамтамасыз ету үшін таблетканы шайнауға немесе суда ерітуге болады.

Бауыр функциясының бұзылуы. Дәрілік зат бауыр функциясы ауыр бұзылған пациенттерге қолданылмайды. Дозаны түзету бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін қажет болуы мүмкін.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Дәрілік зат ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (шумақтық сүзіліс деңгейі < 0,2 мл/с (10 мл/мин)) бар пациенттерді емдеу үшін қолданылмайды. Дозаны түзету бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін қажет болуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Зиянды жағымсыз реакциялар туындау жиілігін ескеріліп, келесі тәртіпте бөлінген: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1,000 <1/100 дейін); сирек (≥1/10,000 <1/1,000 дейін); өте сирек (<1/10,000)

Өте жиі:

  • қан кету уақытының ұлғаюы

  • тромбоциттер агрегациясының тежелуі

  • қыжыл, қышқылдық рефлюкс, іш ауыруы

Жиі:

  • геморрагиялық диатез

  • бас ауыруы

  • демікпесі бар пациенттердегі бронх түйілу әсері

  • эритема және асқазан-ішек жолы жоғарғы бөлімдерінің эрозиясы, жүрек айнуы, диспепсия, құсу, диарея

  • ұйқысыздық

Жиі емес:

  • жасырын қан кету

  • вертиго (бас айналуы), ұйқышылдық

  • құлақтың шулауы

  • ентігу

  • асқазан-ішек жолы жоғарғы бөлімдерінің ойықжаралары және қан кету, қан құсу, мелена (қара нәжіс)

  • аллергиялық реакцияларесекжем, ангионевроздық ісіну (ангионевроздық ісіну көбінесе аллергиядан зардап шегетін науқастарда дамиды)

  • анафилаксиялық реакциялар

Сирек:

  • трансаминазалар мен сілтілік фосфатаза мәндерінің жоғарылауы

  • анемия (ұзақ емдегенде), гемолиз (туа біткен глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы болғанда)

  • миішілік қан кету

  • дозаға байланысты қайтымды естуден айрылу және кереңдік

  • асқазан-ішек жолы жоғарғы бөлімінде ауыр дәрежедегі асқазан-ішектен қан кету, перфорация

  • бүйрек функциясының бұзылуы

  • гипогликемия

  • геморрагиялық васкулит

Өте сирек:

  • гипопротромбинемия (жоғарғы дозаларда), тромбоцитопения, нейтропения, эозинофилия, агранулоцитоз, апластикалық анемия

  • стоматит, эзофагит, асқазан-ішек жолы төменгі бөлімінде ойықжара түзілуі, стеноз, колит, ішектің қабыну ауруларының түзілуі

  • пурпура, эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)

  • түрлі вирустық аурулармен және В тұмауы, желшешек) байланысты дозаға байланысты қайтымды уытты гепатит.

Болуы мүмкін:

  • Рейе синдромы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір уақытта қолдануға болмайды.

Метотрексат. Ацетилсалицил қышқылы мен метотрексатты аптасына 15 мг және одан жоғары дозаларда қолдану метотрексаттың гематологиялық уыттылығын (метотрексаттың бүйректік клиренсінің қабынуға қарсы агенттермен төмендеуі және салицилаттардың метотрексатты қан плазмасының протеиндерімен байланысынан ығыстыруы) жоғарылатады.

АӨФ тежегіштері. Ангиотензин өзгертуші ферменттердің тежегіштері ацетилсалицил қышқылының жоғарғы дозаларымен біріктірілімде простагландиндердің вазодилататорлық әсерінің тежеуі және гипертензияға қарсы әсерінің төмендеуі салдарынан шумақшалардағы сүзілістің төмендеуін туындатты.

Ацетазоламид. Ацетазоламид концентрациясының ықтимал ұлғаюы салицилаттардың қан плазмасынан тінге өтуіне әкелуі және ацетазоламид уыттылығын (шаршау, сылбырлық, ұйқышылдық, сананың шатасуы, гиперхлоремиялық метаболизмдік ацидоз) және салицилаттардың уыттылығын (құсу, тахикардия, гиперпноэ, сананың шатасуы) туындатуы мүмкін.

Пробенецид, сульфинпиразон. Пробенецид пен жоғарғы дозаларда салицилаттарды (> 500 мг) қолданғанда дәрілік заттардың екеуінің де метаболизмін бәсеңдетеді және несеп қышқылының экскрециясы төмендеуі мүмкін.

Сақтықпен қолданылуы керек біріктірілімдер.

Метотрексат. Ацетилсалицил қышқылы мен аптасына 15 мг аз дозаларда метотрексатты қолданғанда метотрексаттың гематологиялық уыттылығы (метотрексаттың бүйректік клиренсінің қабынуға қарсы агенттермен төмендеуі және салицилаттардың метотрексатты қан плазмасының протеиндерімен байланысынан ығыстыруы) жоғарылайды.

Клопидогрель, тиклопидин. Клопидогрель мен ацетилсалицил қышқылын біріктіріп қолдануда синергиялық әсер бар. Мұндай біріктірілген қолдануды сақтықпен жүргізу керек, өйткені бұл қан кетудің туындау қаупін арттырады.

Антикоагулянттар (варфарин, фенпрокумон). Тромбин өнімінің төмендеуі мүмкін, оның нәтижесінде тромбоциттердің (К дәруменінің антагонисі) белсенділігің төмендеуіне тікелей емес ықпал жүзеге асады және қан кетудің туындау қаупі жоғарылайды.

Абсиксимаб, тирофибан, эптифибатид. Тромбоциттерде гликопротеиннің IIb/IIIa-рецепторлар тежелуі ықтимал, бұл қан кетудің туындау қаупінің жоғарылауына әкеледі.

Гепарин. Тромбин өнімінің төмендеуі мүмкін, оның нәтижесінде тромбоциттер белсенділігінің төмендеуіне тікелей емес ықпал жүзеге асады, бұл қан кетудің туындау қаупін жоғарылатады.

Егер жоғарыда аталған заттардың екеуі немесе одан артығы ацетилсалицил қышқылымен бірге қолданылса, бұл геморрагиялық диатездің күшею нәтижесі ретінде тромбоциттер белсенділігі төмендеуінің күшеюінің синергиялық әсеріне әкелуі мүмкін.

ҚҚСП және ЦОГ-2 тежегіштері (целекоксиб). Біріктіріп қолдану асқазан-ішек бұзылыстарының қаупін ұлғайтады, бұл асқазан-ішектен қан кетуге әкелуі мүмкін.

Ибупрофен. Ибупрофенді бір уақытта қолдану ацетилсалицил қышқылының әсеріне негізделген тромбоциттердің қайтымды агрегациясын тежейді. Жүрек-қантамыр жүйесіне жоғары ықпал ету қаупі бар пациенттерді ибупрофенмен емдеу ацетилсалицил қышқылының кардиопротекторлық әсерін шектеуі мүмкін.

Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы мақсатында тәулігіне 1 рет ацетилсалицил қышқылын қабылдайтын және мезгіл-мезгіл ибупрофен қабылдайтын пациенттер ацетилсалицил қышқылын ибупрофен қолданудан кемінде 2 сағат бұрын қабылдаулары тиіс.

Фуросемид. Фуросемидтің проксимальді өзекшелік элиминациясының тежелуі мүмкін, бұл фуросемидтің несеп айдайтын әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Хинидин. Тромбоциттерге аддитивті ықпал болуы мүмкін, бұл қан кету уақытының ұзаруына әкеледі.

Спиронолактон. Рениннің модификациялық әсері болуы мүмкін, ол спиронолактон тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері. Біріктіріп қолдану асқазан-ішек бұзылыстарының туындау қаупін ұлғайтады, бұл асқазан-ішектен қан кетуге әкелуі мүмкін.

Вальпроат. Вальпроатпен бір уақытта қолданғанда ацетилсалицил қышқылы қан плазмасының протеиндерімен байланыстан ығыстырады, соңғысының уыттылығы жоғарылайды (орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, асқазан-ішек жолының бұзылыстары).

Жүйелі глюкокортикостероидтар (Аддисон ауруы кезінде орын басушы ем үшін қолданылатын гидрокортизонды қоспағанда) қандағы салицилаттар деңгейін төмендетеді және ем аяқталған соң артық дозалану қаупі жоғарылайды.

Диабетке қарсы дәрілік заттар. Ацетилсалицил қышқылы мен диабетке қарсы дәрілік заттарды бір уақытта қолдану гипогликемия туындауы қаупін ұлғайтады.

Антацидтер. Бүйректік клиренстің ұлғаюы және бүйрек абсорбциясының төмендеуі (несеп рН жоғарылауымен байланысты) мүмкін, бұл ацетилсалицил қышқылы әсерінің төмендеуіне әкеледі. Ацетилсалицил қышқылы мен магнийдің өзара әрекеттесуінің клиникалық мәні дәрілік заттың құрамына кіретін магнийдің аздаған мөлшері есебінен төмен.

Желшешекке қарсы вакцина. Біріктіріп қолдану Рейе синдромының даму қаупін ұлғайтады.

Гинкго билоба. Гингко билобамен бірге қолдану тромбоциттер агрегациясына кедергі жасайды, бұл қан кету қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Дигоксин. Дигоксинмен бір уақытта қолданғанда соңғысының қан плазмасындағы концентрациясы бүйрек экскрециясының төмендеуі салдарынан жоғарылайды.

Алкоголь. Асқазан-ішек жолы шырышты қабығының зақымдалуына ықпал етеді және ацетилсалицил қышқылы мен алкоголь синергізмі салдарынан қан кету уақытын ұзартады.

Айрықша нұсқаулар

Магникор дәрілік затын келесі жағдайларда сақтықпен қолдану керек:

  • аналгетикалық, қабынуға қарсы, ревматизмге қарсы дәрілерге аса жоғары сезімталдық, сондай-ақ басқа заттарға алергия болғанда;

  • асқазан-ішек жолының ойықжаралары, созылмалы және рекурентті ойықжара ауруларын немесе анамнездегі асқазан-ішектен қан кетуді қоса;

  • антикоагулянттарды бір уақытта қолдану;

  • бүйрек функциясы бұзылған пациенттер немесе жүрек-қантамыр айналымы бұзылған пациенттер (мысалы, бүйрек тамырларының патологиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, гиповолемия, ауқымды операциялар, сепсис немесе қатты қан кету), өйткені ацетилсалицил қышқылы сондай-ақ бүйрек функциясының бұзылу және жедел бүйрек жеткіліксіздігі қаупін ұлғайтуы мүмкін;

  • глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның ауыр жеткіліксіздіні бар пациенттерде ацетилсалицил қышқылы гемолиз немесе гемолиздік анемия туындатуы мүмкін. Әсіресе гемолиз қаупі ұлғайтуы мүмкін факторлар, мысалы, дәрілік заттың жоғарғы дозалары, қызба немесе жедел инфекциялық үдеріс болғанда;

  • бауыр функциясының бұзылуы.

Ибупрофен тромбоциттер агрегациясына қатысты ацетилсалицил қышқылының тежегіш әсерін азайтуы мүмкін. Магникор дәрілік затын ауыруды басатын дәрі ретінде ибупрофен қолдануды бастағанға дейін қолданатын болса пациент дәрігермен кеңесуі тиіс.

Ацетилсалицил қышқылы бронх түйілуінің немесе бронх демікпесі немесе басқа жоғары сезімталдық реакцияларының ұстамасының дамуына түрткі болуы мүмкін. Қауіп факторларына анамнездегі демікпе, пішен қызбасы, мұрын полипозы немесе созылмалы респираторлық ауру, анамнездегі басқа заттарға аллергиялық реакциялар (мысалы, тері реакциялары, қышыну, есекжем) кіреді.

Қабылдаудан кейін бірнеше күн ішінде сақталатын тромбоциттер агрегациясына қатысты ацетилсалицил қышқылының тежегіш әсеріне байланысты құрамында ацетилсалицил қышқылы бар дәрілік заттарды қолдану хирургиялық операциялар (кіші хирургиялық араласымдарды қоса, мысалы, тіс жұлу) кезіндегі қан кету ықтималдығын/күшеюін жоғарылатуы мүмкін.

Ацетилсалицил қышқылының аздаған дозаларын қолданғанда несеп қышқылы шығарылуының төмендеуі мүмкін. Бұл бейім пациенттерде подагра ұстамасына әкелуі мүмкін.

Құрамында ацетилсалицил қышқылы бар дәрілік заттарды жоғары дене температурасымен қатар жүретін немесе қатар жүрмейтін, жедел респираторлық вирустық инфекциясы бар (ЖРВИ) балалар мен жасөспірімдерге дәрігердің кеңсінсіз қолданбаған жөн.

Кейбір вирустық ауруларда, әсіресе А тұмауында, В тұмауында және желшешекте Рейе синдромының даму қаупі бар, ол өте сирек, бірақ өмір үшін қауіпті болып табылады, бұл шұғыл медициналық араласымды талап етеді. Егер ацетилсалицил қышқылы қатарлас дәрілік зат ретінде қолданылатын болса қауіп жоғарылауы мүмкін, алайда себеп-салдарлық байланыс бұл жағдайда дәлелденбеген. Егер аталған жағдайлар тұрақты құсумен қатар жүрсе бұл Рейе синдромының белгісі болуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Простагландиндер синтезінің бәсеңдеуі жүктілікке және/немесе эмбриондық/құрсақішілік дамуға теріс ықпал етуі мүмкін. Қолда бар эпидемиологиялық зерттеу деректері жүктіліктің басында простагландиндер синтезі тежегіштерін қолданғаннан кейін түсік тастау және шарана дамуының кемістіктері қаупін көрсетеді. Қауіп дозаның ұлғаюына және емнің ұзақтығына байланысты жоғарылайды. Қолда бар деректерге сәйкес ацетилсалицил қышқылын қолдану мен түсік тастау қаупінің артуы арасындағы байланыс расталмаған.

Даму кемістіктерінің туындауына қатысты қолда бар эпидемиологиялық деректер бірізді болып табылмайды, алайда гастрошизистің жоғарғы қаупі ацетилсалицил қышқылын қолданғанда жоққа шығарылмайды. Жүктіліктің ерте мерзіміндегі (1-4-ші ай) ықпалына қатысты қолда бар деректер мальформацияның жоғарғы даму қаупімен қандай да байланысты көрсетпейді.

Жануарларға жасалған зерттеулер ұрпақ өрбітуге уыттылықты көрсетеді.

Жүктіліктің І және ІІ триместрінде құрамында ацетилсалицил қышқылы бар дәрілік заттарды анық клиникалық қажеттіліксіз тағайындамау керек. Жүкті болуы ықтимал әйелдер үшін немес жүктіліктің І және ІІ триместрі уақытында құрамында ацетилсалицил қышқылы бар дәрілік заттардың дозасы барынша төмен, ем ұзақтығы барынша қысқа болуы тиіс.

Жүктіліктің ІІІ триместрі уақытында простагландиндер синтезінің барлық тежегіштері шаранаға төмендегідей ықпал етуі мүмкін:

- жүрек-өкпе уыттылығы (мерзімінен бұрын жабылған артерия түтігімен және өкпе гипертензиясымен);

- бүйрек функциясының бұзылуы, кейіннен олигогидроамниозбен бірге бүйрек жеткіліксіздігінің ықтимал дамуымен;

жүктіліктің аяғында әйелге және балаға простагландиндер синтезінің тежегіштері төмендегідей ықпал етуі мүмкін:

- қан кету уақытының ұзару мүмкіндігі, өте төменгі дозаларды қабылдаудан кейін де туындауы мүмкін антиагрегантты әсер;

- жатыр жиырылуының тежелуі, бұл босанудың кідіруіне немесе ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін.

Осыны ескеріп, ацетилсалицил қышқылы жүктіліктің ІІІ триместрінде қарсы көрсетілген.

Салицилаттар және оның метаболиттері емшек сүтіне аздаған мөлшерде өтеді.

Лактация кезеңінде әйелдерге қолданғаннан кейін дәрілік заттың балаға зиянды ықпалы анықталмағандықтан әдетте, емшек емізуді тоқтату керек емес. Алайда тұрақты қолдану жағдайларында немесе жоғарғы дозаларда қолданғанда емшек емізуді ерте кезеңдерде тоқтату қажет.

Педиатрия

Көрсетілімдерге сәйкесҚолдану тәсілі және дозалары» бөл. қар.) Магникор дәрілік заты 18 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Ацетилсалицил қышқылын 15 жасқа дейінгі балаларға қолдану ауыр жағымсыз әсерлер (оның ішінде Рейе синдромы, оның белгілерінің бірі тұрақты құсу) туындатуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Уыттылығы.

Қауіпті доза. Ересектер: дене салмағына 300 мг/кг.

Салицилаттармен созылмалы улану жасырын сипатқа ие болуы мүмкін, өйткені оның белгілері мен симптомдары спецификалық емес. Салицилаттар туындатқан орташа созылмалы уыттану немесе салицилизм әдетте, үлкен дозаларды қайта қолданғаннан кейін ғана кездеседі.

Симптомдары.

Орташа дәрежедегі созылмалы улану симптомдары (дәрілік заттың жоғарғы дозаларын ұзақ қолдану нәтижесі): бас айналуы, вертиго, кереңдік, қатты тершеңдік, қызба, тыныс алудың жиілеуі, құлақтың шулауы, респираторлық алкалоз, метаболизмдік ацидоз, сылбырлық, орташа сусыздану, бас ауыруы, санының шатасуы, жүрек айнуы және құсуы.

Жедел уыттануды қышқылдық-сілтілік теңгерімнің айқын өзгеруі растайды, ол уыттанудың жасына және ауырлығына байланысты ерекшеленуі мүмкін. Оның балалардағы ең жиі көрінісі метаболизмдік ацидоз болып табылады. Жағдайдың ауырлығы қан плазмасындағы салицилаттар концентрациясына қатысты деректер негізінде ғана бағалануы мүмкін емес.

Ацетилсалицил қышқылының абсорбциясы асқазан босауының кідіруіне, асқазанда конкременттердің қалыптасуына байланысты немесе оны ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар түрінде қолданған жағдайда баяулауы мүмкін.

Ауыр және жедел улану симптомдары (артық дозалану салдарынан): гипогликемия (көбінесе балалар), энцефалопатия, кома, гипотензия, өкпе ісінуі, құрысулар, коагулопатия, мидың ісінуі, жүрек ырғағының бұзылуы.

Айқынырақ уытты әсер созылмалы артық дозалануы бар немесе дәрілік затты шамадан артық қолданған пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде немесе балаларда байқалған.

Емі.

Жедел артық дозалану жағдайында асқазанды шаю және белсендірілген көмір қолдану қажет. Дене салмағының 120 мг/кг дозасын қолданған күдік болса қайтадан белсендірілген көмір қолдану қажет.

Қан сарысуындағы салицилат деңгейі салицилат деңгейі өзгеріссіз төменденгенге және қышқылдық-сілтілік теңгерім қалпына келгенге дейін дозаны қолданғаннан кейін кемінде әрбір 2 сағат сайын өлшенуі керек.

Протромбиндік уақыт және/немесе ХҚИ (халықаралық қалыптасқан индекс), атап айтқанда, егер қан кетуге күдік болса тексерілуі тиіс. Сұйықтық және электролиттер теңгерімін қалпына келтіру қажет.

Салицилатты қан плазмасынан шығарудың тиімді тәсілдері сілтілік диурез және гемодиализ болып табылады. Гемодиализді ауыр уыттану жағдайында қолдану керек, өйткені бұл тәсіл салицилат шығуын едәуір тездетеді және қышқылдық-сілтілік және су-тұзды теңгерімді қалпына келтіреді.

Салицилаттармен уланудың кешенді патофизиологиялық әсерлерге байланысты белгілері мен симптомдары/талдау нәтижелері кіруі мүмкін:

Белгілер мен симптомдар

Талдау нәтижелері

Емдік шаралар

Жеңіл және орташа дәрежедегі уыттану

Асқазанды шаю, белсендірілген көмірді қайта енгізу, қарқынды сілтілік диурез

Тахипноэ, гипервентиляция, респираторлық алкалоз

Алкалемия, алкалурия

Электролиттік және қышқылдық-сілтілік теңгерімді қалпына келтіру

Диафорез (қатты тершеңдік)

Жүрек айнуы, құсу

Орташа немес ауыр дәрежедегі уыттану

Асқазанды шаю, белсендірілген көмірді қайта енгізу, қарқынды сілтілік диурез, ауыр жағдайларда гемодиализ

Респираторлық алкалоз, компенсаторлық метаболизмдік ацидозбен

Ацидемия, ацидурия

Электролиттік және қышқылдық-сілтілік теңгерімді қалпына келтіру

Гиперпирексия

Электролиттік және қышқылдық-сілтілік теңгерімді қалпына келтіру

Респираторлық: гипервентиляция, өкпенің кардиогенді емес ісінуі, тыныс алудың жеткіліксіздігі, асфиксия

Жүрек-қантамыр: дизаритмия, артериялық гипотензия, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі

Артериялық қысымның өзгеруі, ЭКГ

Сұйықтық пен электролиттер жойылуы: дегидратация, олигурия, бүйрек жеткіліксіздігі

Гипокалиемия, гипернатриемия, гипонатриемия, бүйрек функциясының өзгеруі

Электролиттік және қышқылдық-сілтілік теңгерімді қалпына келтіру

Глюкоза метаболизмінің бұзылуы, кетоацидоз

Гипергликемия, гипогликемия (әсіресе балаларда). Кетонді денелердің жоғарғы деңгейі

Құлақтың шулауы, кереңдік

Асқазан-ішек: АІЖ қан кету

Гематологиялық: тромбоциттердің тежелуі, коагулопатия

PT пролонгация, гипопротромбинемия

Неврологиялық: уытты энцефалопатия және ОЖЖ бәсеңдеуі, летаргия, сананың шатасуы, кома және құрысулар сияқты белгілерімен

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан түрлі-түсті мөлдір емес поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан немесе түрлі-түсті мөлдір емес ПВдХ қабаты бар поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан немесе түрлі-түсті мөлдір емес Aclar® қабаты бар поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

3 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ, Украина

04073, Киев қ-сы, Копыловская к-сі, 38

Тел./факс: (044) 461-03-08; факс (044) 461-03-01; Web-сайт: www.vitamin.com.ua

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта):

Өкілдік: «КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ

Мекенжайы: 050008, Қазақстан Республикасы: Алматы қ., Абай даңғылы, 109 В, кеңсе 16А

Тел.: +7(727) 356 88 50; е-mail: ossadchiy@mail.ru

Прикрепленные файлы

Магникор_инструкция_рус.doc 0.14 кб
Магникор_инструкция_каз.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту