Магвит
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Магвит
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың ішінде
белсенді зат: 5 мг пиридоксин гидрохлориді,
50 мг магний цитраты түріндегі магний
қосымша заттар: картоп крахмалы, магний стеараты, лактоза.
желатинді капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы Е-171, глицерин, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су, «күн батар түстес» сары Е-110, хинолинді сары Е-104, желатин.
Сипаттамасы
Жартылай сфералық ұштары бар цилиндр пішінді №0 сары түсті қатты желатинді капсулалар.
Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе, ақ дерлік түсті сәл сарғыш немесе сұрғылт реңді ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Минералды заттармен біріктірілген витаминдер.
АТЖ коды А 11JВ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін препарат асқазан-ішек жолынан сіңеді. Оның сіңу дәрежесі 50%-дан аспайды. Организмде магний, негізінен, жасушаішілік кеңістікте таралады (99%-ға жуық). Магнийдің шығарылуының негізгі жолы несеп шығару жүйесі болып табылады. Экскрециясы көбінесе түнгі уақытта шығарылатын циркадтық ырғаққа бағынады.
Пиридоксин гидрохлориді аш ішекте сіңіріледі, қан ағысымен тіндерге тасымалданады және жасушаларға еніп АТФ және пиридоксалькиназалардың қатысуымен фосфорланады. Коферменттердің ыдырауы тіндерде дефосфорлану және тотығу арқылы жүзеге асады. Катаболизмнің негізгі өнімі несеппен шығарылатын 4-пиридоксил қышқылы болып табылады.
Фармакодинамикасы
Магний энергия тасымалына, сақталуы мен пайдаланылуына ақуыз және нуклеин қышқылдарының синтезіне, митохондриялық үдерістердің бірқатарына қатысады; көптеген ферментативтік реакциялардың кофакторы болып табылады: фосфатты топтың гидролизі мен тасымалдануы, Na+ -K+-АТФаздық, Са2+-АТФаздық және протондық сорғылардың қызметін; жасушаішілік калий теңгерімін бақылап отырады.
Магний – мидағы барлық нейропептидтер синтезіне қатысушы. Ол 13 металлопротеиннің, 300-ден астам ферменттің, соның ішінде, глутаматты глутаминге айналдыратын глутатионсинтетазаның құрамына кіреді. Соңғы деректер бойынша, потенциалға тәуелді N-метил-D-аспартат сезімтал рецепторлар арқылы жүзеге асатын нейрональді жадыны магний реттеп отырады.
Пиридоксин гидрохлориді ақуыздардың алмасуына және нейромедиаторлардың синтезіне кофермент ретінде қатысады, атеросклероз кезінде липидтердің алмасуын жақсартады.
Организмге түсе отырып, ол фосфорланып, пиридоксаль-5-фосфатқа айналады, амин қышқылдарының декарбоксилденуі мен қайта аминделуін жүзеге асыратын ферменттердің құрамына кіреді және амин қышқылдарының жасушалық жарғақшалары арқылы тасымалдануына мүмкіндік береді. Триптофанның, глутамин қышқылының, цистеиннің, метиониннің метаболизмінде маңызды рөл атқарады. Пиридоксин фосфорилазаның белсенділенуі үшін, нейромедиаторлардың, гамма-аминмай қышқылының, глициннің, серотониннің түзілуі үшін қажет. Ол В12 витаминінің, фолий қышқылының алмасуына, порфириндер синтезіне, қанықпаған май қышқылдарының алмасуына қатысады.
Құрамында магний цитраты және В6 витамині бар біріктірілген препаратты қолдану келесі деректерге негізделген:
- В6 вит. және магний бір-бірінің фармакологиялық әсерін толықтырады;
- В6 вит. плазмада және эритроциттерде магнийдің концентрациясын арттырады және организмнен шығарылатын магнийдің мөлшерін төмендетеді;
- В6 вит. магнийдің АІЖ-нан сіңуін және оның жасушаларға енуін жақсартады;
- магний бауырда пиридоксиннің оның белсенді метаболиті пиридоксаль-5-фосфатқа өзгеру үдерісін белсенді етеді;
- В6 вит. жасушаішілік магний мөлшерінің артуына мүмкіндік береді.
Магвиттің құрамына кіретін магнийдің суда еритін органикалық тұзы (магний цитраты) жақсы сіңеді, ал пиридоксин магнийдің сіңімділігін және оның жасушаларға түсуін онан сайын арттырады.
Қолданылуы
- әртүрлі симптомдармен (жоғары тітіркенгіштік, ұйқының аздаған бұзылулары, асқазан-ішектік түйілулер немесе жүрек лүпілінің жиілеуі, қатты қажу, бұлшықеттердің ауыруы және түйілулері, шаншу сезімі) қатар жүретін оқшауланған немесе басқа да тапшылық жағдайлармен байланысты, анықталған магний тапшылығында
Қолдану тәсілі мен дозалары
Организмдегі магний тапшылығы кезінде кешенді емдеуде препаратты ішке 2 капсуладан күніне 2-3 рет тағайындайды. Емдеу курсының ұзақтығы - 1-2 ай. Алдын алу мақсатында препаратты 1 капсуладан күніне 1 рет 1-2 ай бойы қабылдауға тағайындайды.
Капсулаларды тамақтану кезінде бір стақан сумен ішіп қабылдайды.
Ең жоғары бір реттік дозасы – 2 капсула.
Ең жоғары тәуліктік дозасы – 6 капсула.
Жағымсыз әсерлері
-
аллергиялық реакциялар, тері бөртпелері, қышу
Кейде
-
жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, іш қату
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- бүйрек қызметінің айқын жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 минутына мл-ден аз)
- фенилкетонурия
- жүктілік және лактация кезеңі
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препарат темірдің, натрий фторидінің, тетрациклиннің сіңуін төмендетеді. Фосфаттар мен кальций тұздары магнийдің ішектегі сіңуін тежейді.
Айрықша нұсқаулар
Құрамында магнийдің ішекте сіңуін кідіртетін фосфаттар мен кальций тұздары бар препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Тетрациклин препараттары мен Магвитті бірге қолданғанда, бұл препараттарды қабылдау арасындағы 3 сағаттық аралықты сақтаған жөн.
Дәрілік заттың көлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Ықпал етпейді.
Артық дозаланғанда
Бүйрек қызметі қалыпты болған кезде магнийді ішке қабылдау уытты реакцияларды тудырмайды. Магниймен улану бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде пайда болуы мүмкін. Уытты әсерлер, негізінен, қан сарысуындағы магнийдің мөлшеріне байланысты болады.
Симптомдары: АҚ-ның төмендеуі, жүректің айнуы, құсу, рефлекстердің баяулауы, тыныстың тарылуы, ОЖЖ-нің тежелуі, кома, жүректің тоқтап қалуы және тыныстың салдануы, ЭКГ-да өзгерулердің болуы, анурия
Емі: регидратация, қарқынды диурез. Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде гемодиализ немесе перитонеальді диализ қажет.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан. Пішінді ұяшықты 3 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25°С-дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші
«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы,
220075, Минск қ-сы, 112 а/ж, Инженерная к-сі, 26-үй
Тел./факс (+ 37517) 344-18-66
Тіркеу куәлігінің иесі
«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы,
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Private Clinic Farmaceuticals & Technologies» ЖШС
ҚР, Алматы қ-сы, Самал-2, 58А үй, 11-қабат
Тел. (+727)2668415
E-mail: info@privateCPT.kz