Л' эсфаль

Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний печени
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020752
Информация о регистрации в РК: 08.08.2014 - 08.08.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Лэсфаль

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді, 50 мг/мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат: соя бұршақтан фосфатидилхолин 50 мг

қосымша заттар: бензил спирті, дезоксихолий қышқылы, натрий хлориді, натрий гидроксиді, рибофлавин (Е 101), инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір сары ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды A05ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін бір реттік дозаның жартылай шығарылу кезеңі 66 сағатты құрайды. Белгіленген субстанцияның 10%-нан азы нәжіспен, бүйрек және тыныс алу мүшелері арқылы, дозаны енгізгеннен кейін 5-7 күн ішінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Препарат құрамындағы фосфолипидтер өзінің химиялық құрылымы бойынша эндогенді фосфолипидтерге ұқсас, бірақ оларды май қышқылдарының жартылай қанықпаған (эссенциальді) құрамы бойынша арттырады. Осы жоғары энергетикалық молекулалар негізінен жасушалық жарғақшалар құрылымына кіріледі және бауыр жасушаларының регенерациясын жоғарылатады. Фосфолипидтер липопротеиндер метаболизмін реттеу арқылы липид алмасуының бұзылуына араласады, осылайша бейтарап майлар және холестерин тасымалданатын түрге өзгереді, сондай-ақ аса маңыздысы ол жоғары тығыздықтағы липопротеиндер холестеринін қармау сыйымдылығының артуының арқасында болады, осылайша оның тотығуына әкелуі мүмкін. Өт шығару жолдары арқылы фосфолипидтердің шығарылуы кезінде литогендік индекс төмендейді және өт тұрақтана бастайды.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

  • бауырдың майлы дистрофиясында (стеатоз)

  • жедел және созылмалаы гепатитте

  • бауыр циррозында

  • бауырдың уыттанып зақымдануында (бауырдың алкогольдік ауруы, бауырдың дәріден зақымдануы, уытты гепатит)

  • холестаз және өт тастары түзілуінің қайталануының алдын алу

  • жүктілер гестозы кезінде бауырдың функциональдық сынамаларының айқын өзгеруінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Тек мөлдір ерітіндіні ғана қолдану керек.

Препаратты көктамыр ішіне баяу енгізеді. Жергілікті реакцияның пайда болу мүмкіндігіне байланысты препаратты бұлшықет ішіне енгізуге болмайды.

Ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға: тәулігіне көктамыр ішіне баяу 5-10 мл-ден, ауыр жағдайларда – тәулігіне 10-нан 20 мл-ге дейін тағайындайды. Ең жоғарғы бір реттік доза препараттың 10 мл. Препаратты сұйылту үшін емделушінің өзінің қанын 1:1 арақатынаста пайдалану ұсынылады. Емдеу курсы фосфатидилхолиннің ішу түріне ауыстыра отырып 5-тен 10 күнді құрайды.

Препаратты сұйылту үшін емделушінің өзінің қанын пайдалануға мүмкіндік болмаған жағдайда электролиттерден ерітіндіні бос – 5 % немесе 10 % глюкоза ерітіндісін, 5 % ксилит ерітіндісін 1:1 арақатынаста пайдалану керек.

Жағымсыз әсерлері

Жекелеген жағдайларда

– препаратты жоғары дозада қолданған кезде асқазан-ішек жолы тарапынан (диарея) бұзылулар болуы мүмкін

Бірлі-жарым жағдайларда

– жоғары сезімталдық реакциялары, бөртпе, қышыну, есекжем.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың қандай да бір компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық

  • 12 жасқа дейінгі балаларға

  • лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антикоагулянттармен дәрілік өзара байланыс болуы мүмкін, осыған байланысты антикоагулянттың дозасын түзету керек.

Басқа да дәрілік заттармен өзара байланысуы зерттелмеген.

Препарат электролиттер ерітіндісімен сыйымсыз.

Препаратты басқа дәрілік заттармен бір еккіште енгізбеу керек.

Айрықша нұсқаулар

Сақтандырулар: ерітіндінің құрамында 5,02 мг/мл бензил спирті бар.

Тек көктамыр ішіне қолдануға ғана арналған. Препаратты көктамыр ішіне баяу енгізеді. Жергілікті реакцияның пайда болу мүмкіндігіне байланысты препаратты бұлшықет ішіне енгізуге болмайды.

Педиатрияда қолдану

Препаратты 12 жастан асқан балаларға тағайындайды.

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану

Препаратты жүктіліктің токсикозын емдеу үшін абайлап қолданады.

Көктамырішілік Лэсфаль ерітіндісінің құрамында бензил спирті болғандықтан ол плацентаға өтуі мүмкін, сондықтан препарат жүктілік кезеңде абайлап тағайындалуы тиіс.

Автокөлікті басқару кезінде жылдамдық реакциясына немесе қауіптілігі зор басқа да механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған.

Артық дозалануы

Артық дозалануы туралы хабарлар болған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан бөлу сақинасы немесе бөлу нүктесі бар қоңыр түсті шыныдан жасалған ампулаларға құяды. Ампулаларға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.

5 немесе 10 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған гофрланған қосымшамен қорапшаға салынады.

Немесе 5 ампуладан полимерлі үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптама ампулалармен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 2С-ден 8 С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ-сы, Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қ-сы, Аманагелді к-сі 59 "А" "Шартас" бизнес орталығы, 9 қабат.

Тел +7 (727) 267-64-63, факс +7 (727) 267-63-73, электронды поштасы: Djatlova88@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

260580481477976681_ru.doc 64.5 кб
535249981477977820_kz.doc 72.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники