Люголя раствор с глицерином (25 г, ФК Ромат)

МНН: Йод
Производитель: Фармацевтическая компания Ромат , завод медицинских препаратов ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Iodine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010610
Информация о регистрации в РК: 28.01.2013 - 28.01.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Люголь ерітіндісі глицеринмен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ерітінді

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат – 1.0 г йод

қосымша заттар: глицерин, калий йодиді, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, йод иісі бар қызғылт-қоңыр түсті шәрбат тәрізді сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандырғыш препараттар. Йод препараттары. Йод

АТХ D08AG03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакинетикасы

Йодтың тері және ауыз қуысының шырышты қабықтары арқылы сіңірілуі әлсіз. Шырышты қабықтармен жанасқанда 30 %-ға йодидтерге айналады.

Абайсызда жұтып қойғанда йод тез сіңеді. Сіңірілген бөлігі ағзалар мен тіндерге жақсы сіңеді. Негізінен бүйрек арқылы, аз мөлшерде ішекпен және термен шығарылады.

Емшек сүтіне өтеді.

Фармакодинамикасы

Негізгі әсер етуші заты антисепикалық және жергілікті тітіркендіретін әсері бар молекулярлы йод болып табылады.

Грамтеріс және грамоң флораға қатысты бактерицидті әсер етеді, сондай-ақ патогенді зеңдерге (оның ішінде ашытқылар) әсер етеді; Staphylococcus spp. йодқа тұрақты, алайда препаратты ұзақ қолданғанда 80 % жағдайда стафилококк флорасын басуы байқалады; Pseudomonas aeruginosa препараттың әсеріне тұрақты. Терінің және шырышты қабықтардың көлемді беткейіне жаққан кезде йод сіңіріледі: Т3 және Т4 синтезіне қатысады.

Құрамына кіретін калий йодиді суда йодтың еруін жақсартады, ал глицерин жұмсартатын әсер береді.

Қолданылуы

Жұтқыншақ пен көмей шырышты қабықтарының қабыну ауруларында (созылмалы ларингит, тонзиллит, фарингит).

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті. Бинтпен дөңгелектенген қалақшаға немесе бинтпен оралған таяқшаға (препаратты сұйылтпай) 5-10 тамшыдан күніне 2 рет жұтқыншақтың, көмейдің шырышты қабықтарын майлау үшін қолданылады. Емдеу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- ұзақ қолдану йодизм құбылыстарын туғызуы мүмкін (тұмау, есекжем, Квинке ісінуі, жастың ағуы, сілекейдің ағуы, безеулі бөртпе).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жоғары сезімталдық

  • гипертиреоз

  • өкпе туберкулезі

  • геморрагиялық диатез

  • бауыр мен бүйректің ауыр аурулары

  • 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Натрий тиосульфаты йодтың белсенділігін жояды. Препараттың құрамындағы йод металдарды тотықтырады.

Эфир майларымен, аммиак ерітінділерімен фармацевтикалық тұрғыда үйлесімсіз.

Сілтілік немесе қышқыл орта, майдың, іріңнің, қанның болуы антисептикалық әсерін әлсіретеді.

Препарат ішке түскен жағдайда қалқанша безінің қызметін бәсеңдететін дәрілік заттардың әсерін төмендетуі мүмкін, сонымен қатар қалқанша безі қызметінің көрсеткіштері өзгеруі мүмкін.

Йод препараттары асқазан-ішек жолдары шырышты қабықтарына кейбір дәрілік заттардың тітіркендіретін әсерін күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Йод емшек сүтіне өтеді және емізудегі балалардың қалқанша безі қызметіне әсер етуі мүмкіндігі зор.

Күн сәулесі және 40 оС-ден жоғары температура белсенді йодтың ыдырауын жылдамдатады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Препараттың автокөліктерді және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жоғарғы тыныс жолдарының тітіркенуі (күю, ларинго- және бронхтың түйілуі); ішке қабылдағанда – асқазан-ішек жолдары шырышты қабығының тітіркенуі, гемолиз, гемоглобинурия.

Емі: асқазанды натрий тиосульфатының 0,5 % ерітіндісімен, натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен шаю, көктамыр ішіне 300 мл дейін натрий тиосульфатының 30 % ерітіндісін енгізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г, 40 г-ден пластмасса қақпағы немесе алюминий қалпақшасы бар полимер тығынмен тығындалған шыны масссадан жасалған құтыда.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік, орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен гофрланған картоннан жасалған тұғырға салынады және жылу ұстағыш үлбірмен тартып орайды немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, Медициналық препараттар зауыты Семей қ., Қазақстан, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559,

e-mail: zmp@romat.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, Медициналық препараттар зауыты, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, Медициналық препараттар зауыты Семей қ., Қазақстан, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

 

 

 

Прикрепленные файлы

163119601477976968_ru.doc 65.5 кб
775270291477978145_kz.doc 73 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники