Лортенза® (50 мг / 5 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Лортенза®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 50 мг/5 мг, 50 мг/10 мг, 100 мг/5 мг және 100 мг/10 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
1-ші қабат
белсенді зат: калий лозартаны 50 мг немесе 100 мг,
қосымша заттар: целлактоза*, прежелатинделген крахмал, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза (102 типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
2-ші қабат
белсенді зат: амлодипин бесилаты 6,94 мг немесе 13,88 мг (сәйкесінше, 5 мг немесе 10 мг амлодипинге баламалы)
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (102 типі), прежелатинделген крахмал, натрий крахмалы гликоляты (А типі)
темірдің сары тотығы (Е172), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты
үлбірлі қабық: Opadry 85F28751 II HP ақ (құрамы: ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол 3000, тальк), темірдің сары тотығы (Е172) - 50 мг/5 мг, 100 мг/10 мг таблеткалары, темірдің қызыл тотығы (Е172) - 50 мг/5 мг, 50 мг/10 мг, 100 мг/5 мг таблеткалары)
*альфа-лактозадан және целлюлоза ұнтағынан тұрады
Сипаттамасы
Қоңыр-қызыд сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті сәл дөңес, сопақша пішінді таблеткалар (50 мг/5 мг доза үшін).
Қызыл-қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті сәл дөңес, сопақша пішінді таблеткалар (50 мг/10 мг доза үшін).
Қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес сопақша пішінді таблеткалар (100 мг/5 мг доза үшін).
Болғылт-қоңыр-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес сопақша пішінді таблеткалар (100 мг/10 мг доза үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Басқа препараттармен біріктірілген ангиотензин II антагонистері. Кальций өзектерінің блокаторларымен біріктірілген ангиотензин II антагонистері. Лозартан және амлодипин.
АТХ коды С09DВ06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Лозартан
Ішке қабылданғаннан кейін лозартан жақсы сіңіріледі және карбон қышқылының белсенді метаболитінің және басқа да белсенді емес метаболиттердің түзілуімен жүйе алдындағы метаболизмге ұшырайды. Лозартанның жүйелік биожетімділігі шамамен 33% құрайды. Лозартан және оның белсенді метаболиті орташа ең жоғары концентрацияларына, сәйкесінше, 1 сағаттан және 3-4 сағаттан соң жетеді.
Амплодипин
Емдік дозаларда қабылдағаннан кейін амлодипин жақсы сіңеді және ең жоғары шектегі деңгейіне 6-12 сағаттан соң жетеді. Абсолюттік биожетімділігі 64-80% құрайды. Амлодипиннің биожетімділігі тамақ ішуге байланысты емес.
Таралуы
Лозартан
Лозартан және оның белсенді метаболиті қан плазмасы ақуыздарымен, негізінен альбуминмен ≥ 99%-ға байланысады. Лозартанның таралу көлемі 34 литрді құрайды.
Амплодипин
Таралу көлемі шамамен 21 л/кг құрайды. In vitro зерттеулер амлодипиннің шамамен 97,5%-ы плазма ақуыздарымен байланысатындығын көрсетті.
Метаболизмі
Лозартан
Лозартанның пероральді немесе вена ішіне қолданылатын дозасының шамамен 14%-ы оның белсенді метаболитіне метаболизденеді. 14С көміртегімен таңбаланған лозартанды ішке немесе вена ішіне қабылдағаннан кейін айналымдағы қан плазмасының радиоактивтілігі, негізінен, лозартан және оның белсенді метаболиті әсерінен туындаған. Зерттелген адамдардың шамамен бір пайызында лозартан белсенді емес метаболитке аздап айналады. Белсенді метаболиттен басқа белсенді емес метаболиттер түзіледі.
Амплодипин
Амлодипин белсенді емес метаболиттерге қарқынды түрде метаболизденеді.
Шығарылуы
Лозартан
Лозартанның және оның белсенді метаболитінің плазмалық клиренсі шамамен, сәйкесінше, минутына 600 мл және минутына 50 мл құрайды. Лозартанның және оның белсенді метаболитінің бүйректік клиренсі шамамен, сәйкесінше, минутына 74 мл және минутына 26 мл құрайды. Лозартанды пероральді түрде қабылдағанда дозаның шамамен 4%-ы өзгермеген күйінде несеппен және 6%-ға жуығы белсенді метаболит түрінде несеппен шығарылады. 200 мг дейінгі дозаларда пероральді түрде қабылдағанда лозартанның және оның белсенді метаболитінің фармакокинетикасы дозаға байланысты сипатта болады.
Ішке қабылдағаннан кейін лозартан мен оның белсенді метаболитінің қан плазмасындағы концентрациялары полиэкспоненциальді түрде азаяды, ақырғы жартылай шығарылу кезеңі, сәйкесінше, шамамен 2 сағатты және 6-9 сағатты құрайды. 100 мг дозаны күніне бір рет қабылдағанда лозартан да және оның белсенді метаболиті де қан плазмасында елеулі дәрежеде жиналмайды.
Билиарлы және бүйректік экскреция лозартан мен оның белсенді метоболизмнің шығарылуында маңызды рөл атқарады. Еркектер 14С көміртегімен таңбаланған лозартанды пероральді түрде/вена ішіне қабылдағаннан кейін шамамен 35%/43% радиоактивтілік несептен, ал 58%/50%-ы нәжіспен табылады.
Амплодипин
Плазмадан ақырғы жартылай шығарылу кезеңі шамамен 35-50 сағатты құрайды және тәулігіне бір рет дозалауға сәйкес келеді. Бастапқы заттың 10%-ға жуығы және метаболиттердің 60%-ы несеппен шығарылады.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігіЛозартан
Креатинин клиренсі минутына 10 мл-ден жоғары болатын пациенттерде қан плазмасындағы лозартанның концентрациялары өзгермейді. Гемодиализдегі пациенттерде, бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, лозартанның AUC мәні 2 есе жоғары.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде және гемодиализде жүрген пациенттерде белсенді метаболиттің плазмадағы концентрациялары өзгермейді.
Лозартан да және оның белсенді метаболиті де диализдің жәрдемімен шығарылмайды.
Амплодипин
Амлодипин экстенсивті түрде белсенді емес метаболиттерге айналады, бастапқы заттың 10%-ы өзгермеген күйінде несеппен бірге шығарылады. Амлодипин концентрациясының өзгеруі бүйрек функциясының бұзылу дәрежесімен байланысы жоқ. Амлодипин диализдің жәрдемімен шығарылмайды.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі
Лозартан
Алкоголь әсерінен туындаған бауырдың жеңіл және орташа циррозы бар пациенттерде, ішке қабылдағаннан кейін плазмадағы лозартанның және оның белсенді метаболитінің деңгейлері, дені сау адамдарға қарағанда, сәйкесінше, 5 және 1,7 есе жоғары.
Амплодипин
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде амлодипинді қолдану жөнінде деректер өте шектеулі. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде амлодипиннің клиренсі төмендейді, ол жартылай шығарылу кезеңінің және AUC мәнінің шамамен 40-60%-ға артуына әкеледі.
Жынысы
Лозартан
Артериялық гипертензиясы бар әйелдерде лозартанның плазмалық деңгейлері, артериялық гипертензиясы бар еркек пациенттерге қарағанда, екі есе жоғары, ал белсенді метаболиттің қан плазмасындағы деңгейлерінің еркектер мен әйелдерде айырмашылықтары жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Лозартан
Егде жастағы адамдардағы лозартанның және оның белсенді метаболитінің плазмадағы концентрацияларында, артериялық гипертензиясы бар жастау пациенттерге қарағанда, едәуір айырмашылықтары жоқ.
Амплодипин
Қан плазмасында ең жоғары шектегі концентрацияға жету уақыты жас адамдар мен егде жастағы пациенттерде бірдей.
Амлодипин клиренсінің, егде жастағы пациенттерде «қисық астындағы ауданды» (AUC) және жартылай шығарылу кезеңін арттырып, төмендеуге беталысы бар. Осы зерттеуде жүректің созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде, пациенттердің жасқа байланысты топтарындағы сияқты, AUC мәнінің және жартылай шығарылу кезеңінің артқаны күтіледі.
Фармакодинамикасы
Лозартан – бұл ангиотензин ІІ (АТ1 типі) рецепторларының синтетикалық антагонисі. Ангиотензин II қантамырларды тарылтатын күшті әсер береді, ренин-ангиотензин жүйесінің біріншілік белсенді гормоны және артериялық гипертензия патофизиологиялық механизмдерін анықтайтын маңызды факторлар болып табылады. Ангиотензин II АТ1 рецепторымен байланысады, ол көптеген тіндерде (мысалы, қантамырлардың тегіс бұлшықеттерінде, бүйрекүсті бездерінде, бүйректерде және жүректе) болады және, қантамырларды тарылтатын әсерін және альдостеронның босап шығуын қоса, бірқатар маңызды биологиялық реакцияларды туындатады. Сондай-ақ ангиотензин II тегіс бұлшықеттердің жасушалық пролиферациясын стимуляциялайды.
Лозартан АТ1 типті рецепторды селективті түрде бөгейді. Лозартан және оның фармакологиялық тұрғыдан белсенді метаболиті карбоксил қышқылы Е-3174 ангиотензин II-нің қатысуымен байланысты, оның синтезделу көзіне немесе синтезделу жолына қарамай-ақ, барлық физиологиялық үдерістерді in vitro және in vivo басады.
Лозартан агонистік әсер бермейді және басқа гормондардың рецепторларын немесе жүрек-қантамыр функциясын реттеу үшін маңызды болып табылатын иондық өзектерді бөгейді. Бұдан басқа, лозартан брадикининді бұзатын АӨФ (киназа II)- энзимді тежемейді. Демек, брадикинин-арқылы болатын жағымсыз әсерлер күшеймейді.
Лозартанды қолданған кезде ангиотензин II-нің кері байланысының ренин секрециясына жағымсыз әсерін жою плазмадағы ренин белсенділігінің (ПРБ) жоғарылауына әкелді. Белсенділіктің бұлай жоғарылауы плазмада ангиотензин II деңгейінің артуына әкеледі. Бірақ, осы жоғарылауға қарамастан, антигипертензиялық белсенділік және қан плазмасындағы альдостерон концентрациясының бәсеңдеуі сақталып, ангиотензин II рецепторлары блокадасының тиімділігін көрсетті. Лозартанмен емдеуді тоқтатқаннан кейін қан плазмасындағы рениннің белсенділігі және ангиотензин II концентрациясы үш күн ішінде бастапқы қалыпты мәндеріне оралады.
Лозартанның және оның белсенді метаболитінің АТ2 рецепторларға қарағанда, АТ1 рецепторларға ұқсастығы едәуір үлкен. Белсенді метаболит, бір компоненттің массасына шаққанда, лозартанға қарағанда, 10-40 есе үлкен белсенділікке ие.
Амплодипин
Амлодипин дигидропиридинді топтың кальций иондарының инфлюксінің тежегіші болып табылады (кальций өзектерінің баяу блокаторы немесе кальций иондарының антагонисі) және жүректің және қантамырлардың тегіс бұлшықеттеріндегі кальций иондарының трансжарғақшалық инфлюксін тежейді.
Амлодипиннің гипертензияға қарсы әсер ету механизмі қантамырлардың тегіс бұлшықеттеріне тікелей босаңсытқыш әсерімен жүзеге асырылған. Амлодипиннің стенокардияны төмендететін әсерінің дәл механизмі толық анықталған жоқ, бірақ амлодипин өзінің екі әсерінің арқасында жалпы ишемиялық жүктемені төмендетеді:
Амлодипин шеткері артериолдарды кеңейтеді және осылайша жүрек жұмысын атқаратын жалпы шеткері резистенттілікті (кейінгі жүктемені) төмендетеді. Жүректің жиырылу жиілігі тұрақты күйінде қалатындықтан, жүрекке түсетін жүктеменің әсері энергияны тұтынуды және миокардқа оттегінің қажеттілігін төмендетеді.
Амлодипиннің әсер ету механизмі сондай-ақ қалыпты да, сонымен қатар ишемиялық аймақтарда негізгі коронарлық артериялардың және артериолдардың кеңеюін қамтуы мүмкін. Бұл кеңею коронарлық артериялардың спазмы (Принцметал стенокардиясы немесе нұсқалық стенокардиясы) бар пациенттерде миокардтқа оттегінің жеткізілуін арттырады.
Гипертензиясы бар пациенттерде тәулігіне бір рет дозалау олардың шалқадан жатқан және түрегеліп тұрған күйінде 24 сағат бойы артериялық қысымның клиникалық тұрғыдан маңызды төмендеуіне әкеледі. Әсерінің баяу басталуы салдарынан амлодипин жедел гипертензияда тағайындалмайды.
Стенокардиясы бар пациенттерде амлодипинді тәулігіне бір рет қабылдау жалпы белсенді уақытты, стенокардия басталғанға дейінгі уақытты және 1 мм ST сегменті депрессиясына дейінгі уақытты арттырады, сондай-ақ стнокардия жиілігін және тринитроглицерин таблеткасын қабылдау қажеттілігін төмендетеді.
Амлодипин жағымсыз метаболизмдік әсер көрсетпейді және плазмада липидтердің өзгерулеріне әкелмейді және демікпесі, диабеті және подаграсы бар пациенттерде қолдануға келеді.
Қолданылуы
Пациенттерде эссенциальді гипертензияны емдеуде. Лортенза® лозартанды және амлодипинді біріктіргендегідей дозада бір мезгілде қабылдауға көрсетілген.
Қолдану тәсілі және дозалары
Дозалары
Лортенза® препаратының ұсынылатын дозасы – күніне бір таблетка. Белгіленген біріктірілім бастапқы ем үшін жарамайды. Лортензаны қабылдауға ауысар алдында пациенттер белгілі бір уақытта қабылданатын монокомпоненттердің тұрақты дозаларында бақылануы тиіс. Лортенза дозасы ауысу сәтінде біріктірілімнің жекелеген компоненттерінің дозасына негізделуі тиіс.
Қандай да болсын себептен (мысалы, қайтадан диагностикаланған байланысқан аурулар, пациент жағдайының немесе дәрілік өзара әрекеттесудің өзгерулері) белгіленген біріктірілімнің белсенді заттарының кез келгенінің дозасын өзгерту қажет болғанда дозаны белгілеу үшін жекелеген компоненттерді қайтадан пайдаланған жөн.
Лортенза® ұзақ мерзімге қолдануға арналған. Лортензаны дәрігер басқа нұсқаулар бергенге дейін қабылдай беру маңызды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде қалыпты дозалар сызбасы ұсынылады, алайда дозаны сақтықпен арттырған жөн.
Ұқсас дозаларда қабылданатын амлодипиннің егде жастағы пациенттерге де, сонымен қатар жастау пациенттерге де жағымдылығының жақсы болуы бірдей.
75 жастан асқан пациенттерде емдеуді лозартанның 25 мг дозасынан бастау мүмкіндігін қарастырған жөн болса да, егде жастағы пациенттерде лозартанның дозасын түзету әдетте қажет емес.
Интраваскулярлық көлемі азайған пациенттер
Интраваскулярлық көлемі азайған пациенттер үшін (яғни диуретиктердің жоғары дозаларымен ем қабылдайтындар) үшін күніне бір рет лозартанның 25 мг бастапқы дозасынан бастау мүмкіндігін қарастыру керек.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде Лортензаның бастапқы дозасын түзету қажет емес.
Плазмадағы амлодипин концентрациясының өзгерулері бүйрек функциясының бұзылу дәрежесімен өзара байланысты емес; сондықтан қалыпты доза ұсынылады. Амлодипин диализдің жәрдемімен шығарылмайды.
Гемодиализде жүрген, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде лозартанның бастапқы дозасын түзету керек.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі
Лортенза® препаратын бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Анамнезінде бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде лозартанның өте төмен дозасын қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде емдік қолдану тәжірибесі жоқ. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі жеңілден орташа дәрежеге дейін болатын пациенттерде амлодипинді дозалау жөніндегі нұсқаулар анықталған жоқ, сондықтан дозаны ең төмен қатардағы доза деңгейінен бастай отырып, абайлап таңдаған жөн. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде амлодипиннің фармакокинетикасы зерттелген жоқ.
Балалар
18 жасқа дейінгі пациенттерде Лортензаны қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.
Лортенза® препараты 18 жасқа дейінгі пациенттерге қолдану үшін ұсынылмайды.
Қолдану тәсілі
Лортензаны тамақ ішуге қарамай қолдана беруге болады, таблетканы сумен ішіп қабылдау ұсынылады.
Жағымсыз әсерлері
Қауіпсіздігі бейініне қысқаша сипаттама
Лозартан
Клиникалық сынақтарда өте жиі жағымсыз әсері бас айналу болды.
Амплодипин
Емделу кезінде ұйқышылдық, бас айналу, бас ауыру, жүрек қағуының жиілеуі, қан кернеулер, іштің ауыруы, жүректің айнуы, тобық буынының ісінуі, ісінулер және шаршау сияқты жағымсыз реакциялар жөнінде өте жиі мәлімделді.
Жағымсыз реакциялардың кестелік тізімі
Келесі жағымсыз әсерлер амплодипинмен немесе лозартанмен бөлек-бөлек емделу кезінде білінді және MedDRA жіктемесіне сәйкес организмнің жүйелері бойынша және жиілігі бойынша берілген: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100 <1/10 дейін), жиі емес (>1/1,000 <1/100 дейін), сирек (>1/10,000 <1/1,000 дейін), өте сирек (<1/10,000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес)
Артериялық гипертензия
MedDRA жүйелік- ағзалық класс |
Жағымсыз әсерлері |
Жиілігі |
|
Амплодипин |
Лозартан |
||
Инфекциялық және паразиттік аурулар |
Несеп шығару жолдарының инфекциялары |
- |
жиілігі белгісіз |
Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар |
Лейкопения |
өте сирек |
- |
тромбоцитопения |
өте сирек |
жиілігі белгісіз |
|
анемия |
- |
жиілігі белгісіз |
|
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар |
Анафилаксиялық реакциялар |
- |
сирек |
ангионевроздық ісіну* |
өте сирек |
сирек |
|
васкулит** |
- |
сирек |
|
аса жоғары сезімталдық реакциялары |
өте сирек |
сирек |
|
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар |
Гипергликемия |
өте сирек |
- |
Психиканың бұзылулары |
Ұйқысыздық, көңіл-күйдің өзгерулері (үрейленуді қоса) |
жиі емес |
- |
депрессия |
жиі емес |
жиілігі белгісіз |
|
сананың шатасуы |
сирек |
- |
|
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар |
бас айналу |
жиі |
жиі |
ұйқышылдық |
жиі |
жиі емес |
|
бас ауыру |
жиі |
жиі емес |
|
ұйқының бұзылулары |
- |
жиі емес |
|
парестезиялар |
жиі емес |
- |
|
гипестезия |
жиі емес |
- |
|
тремор |
жиі емес |
- |
|
дисгевзия |
жиі емес |
жиілігі белгісіз |
|
естен тану |
жиі емес |
- |
|
гипертония, шеткері невропатия |
өте сирек |
||
бас сақинасы, депрессия |
- |
жиілігі белгісіз |
|
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар |
Көрудің бұзылулары (соның ішіндедиплопия) |
жиі |
- |
Есту мүшесі тарапынан бұзылулар және лабиринттік бұзылулар |
Вертиго |
- |
жиі |
құлақтың шуылдауы |
жиі емес |
жиілігі белгісіз |
|
Жүрек тарапынан бұзылулар |
Жүрек қағуының жиілеуі |
жиі |
жиі емес |
стенокардия |
жиі емес |
||
аритмия (брадикардияны, вентрикулярлық тахикардияны және жыпылықтағыш аритмияны қоса) |
жиі емес |
жиі емес |
|
миокард инфарктісі, лүпілдеу |
өте сирек |
- |
|
Қантамырлар тарапынан бұзылулар |
Кенеттен қызару |
жиі |
- |
(ортостатикалық) гипотензия(дозаға тәуелді ортастатикалық әсерлерді қоса) II |
жиі емес |
||
гипотензия |
жиі емес |
- |
|
васкулит |
өте сирек |
|
|
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысының ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар |
Диспноэ |
жиі |
- |
ринит |
жиі емес |
- |
|
жөтел |
жиі емес |
жиілігі белгісіз |
|
фарингит, қойнаулардың қабыну аурулары, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары |
жиілігі белгісіз |
||
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар |
Іштің ауыруы |
жиі |
жиі емес |
жүректің айнуы, асқазан бұзылысы, дефекация ырғағының өзгеруі (соның ішінде диарея және іш қату) |
жиі |
||
құсу, ауыздың кеберсуі |
жиі емес |
- |
|
бітеліс |
- |
жиі емес |
|
гастрит, гипертрофиялық гингивит |
өте сирек |
- |
|
диарея |
- |
жиілігі белгісіз |
|
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар |
Гепатит |
өте сирек |
сирек |
панкреатит |
өте сирек |
жиілігі белгісіз |
|
бауыр функцияның бұзылулары |
- |
жиілігі белгісіз |
|
сарғаю |
өте сирек |
- |
|
Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы |
өте сирек |
- |
|
Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар |
Бөртпе |
жиі емес |
жиі емес |
алопеция, пурпура, терінің түссізденуі, гипергидроз, экзантема |
жиі емес |
||
қышыну |
жиі емес |
жиілігі белгісіз |
|
есекжем |
жиі емес |
жиілігі белгісіз |
|
жарыққа сезімталдық реакциялары |
өте сирек |
жиілігі белгісіз |
|
мультиформалы эритема, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, Квинке ісінуі |
өте сирек |
||
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіні тарапынан бұзылулар |
Тобықтың ісінуі, бұлшықет спазмдары |
жиі |
- |
миалгия |
жиі емес |
жиілігі белгісіз |
|
артралгия |
жиі емес |
жиілігі белгісіз |
|
қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозы |
- |
жиілігі белгісіз |
|
арқаның ауыруы |
жиі емес |
жиілігі белгісіз |
|
рабдомиолиз |
- |
жиілігі белгісіз |
|
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар |
Несеп шығарудың бұзылулары, ноктурия, несеп шығару жилігінің артуы |
жиі емес |
- |
Жыныс ағзалары және сүт безі тарапынан бұзылулар |
Эректильді дисфункция/ импотенция |
жиі емес |
жиілігі белгісіз |
гинекомастия |
жиі емес |
- |
|
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар |
Қажығыштық |
жиі |
жиі емес |
ісіну |
өте жиі |
жиі емес |
|
астения |
жиі |
жиі емес |
|
дімкәстік |
жиі емес |
жиілігі белгісіз |
|
ауыру |
жиі емес |
- |
|
төстің ауыруы |
жиі емес |
- |
|
тұмауға ұқсас симптомдар |
- |
жиілігі белгісіз |
|
Зертханалық және аспаптық деректер |
гиперкалиемия |
- |
жиі |
аланинаминотрансфераза деңгейінің (AЛT) жоғарылауы§ |
- |
сирек |
|
гипонатремия |
- |
жиілігі белгісіз |
|
дене салмағының артуы, дене салмағының төмендеуі |
жиі емес |
- |
*Соның ішінде көмейдің, жұтқыншақтың, беттің, еріннің, жұтқыншақтың және/немесе тілдің ісінуі (бұл тыныс алу жолдарының обструкциясына әкеледі); осы пациенттердің кейбіреуінде, бұрын АӨФ тежегіштерін қоса, басқа дәрілік заттарды қолданумен байланысты ангионевроздық ісіну байқалды
** Соның ішінде Генох-Шенлейн пурпурасы
IIӘсіресе қантамырішілік кемшілігі бар, мысалы, жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе диуретиктердің жоғары дозаларымен емделгенде.
§ Әдетте емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтады
*** Негізінен холестазбен байланысты
Амплодипин: экстрапирамидтік синдромның бірлі-жарым жағдайлары тіркелді.
Лозартан
Плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулерде және постмаркетингтік тәжірибеде байқалған жағымсыз реакциялар жиілігі:
Жағымсыз реакция |
Жағымсыз реакциялардың басқа көрсетілімдер бойынша жиілігі |
|||||
Сол жақ қарыншаның гипертрофиясымен бірге артериялық гипертензиясы бар пациенттер |
Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі |
Артериялық гипертензия және бүйрек ауруымен бірге 2-ші типті қант диабеті |
Постмаркетингтік тәжірибе |
|||
Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар |
||||||
анемия |
жиі |
жиілігі белгісіз |
||||
тромбоцитопения |
жиілігі белгісіз |
|||||
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар |
||||||
Аса жоғары сезімталдық реакциялары, аллергиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну*, және васкулит** |
сирек |
|||||
Психиканың бұзылулары |
||||||
депрессия |
жиілігі белгісіз |
|||||
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар |
||||||
бас айналу |
жиі |
жиі |
жиі |
|||
ұйқышылдық |
||||||
бас ауыру |
жиі емес |
|||||
ұйқы бұзылыстары |
||||||
парестезиялар |
сирек |
|||||
бас сақинасы |
жиілігі белгісіз |
|||||
дисгевзия |
жиілігі белгісіз |
|||||
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар |
||||||
вертиго |
жиі |
|||||
құлақтың шуылдауы |
жиілігі белгісіз |
|||||
Жүрек тарапынан бұзылулар |
||||||
жүрек қағуының жиілеуі |
||||||
стенокардия |
||||||
естен тану |
сирек |
|||||
жыпылықтағыш аритмия |
сирек |
|||||
миға қан құйылу |
сирек |
|||||
Қантамырлар тарапынан бұзылулар |
||||||
(ортостатикалық) гипотензия (дозаға байланысты ортастатикалық әсерлерді қоса)II |
жиі |
жиі |
||||
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысының ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар |
||||||
диспноэ |
жиі емес |
|||||
жөтел |
жиі емес |
жиілігі белгісіз |
||||
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар |
||||||
іштің ауыруы |
||||||
бітеліс |
||||||
диарея |
жиі емес |
жиілігі белгісіз |
||||
жүректің айнуы |
жиі емес |
|||||
құсу |
жиі емес |
|||||
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар |
||||||
панкреатит |
жиілігі белгісіз |
|||||
гепатит |
сирек |
|||||
бауыр функциясының бұзылуы |
жиілігі белгісіз |
|||||
Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар |
||||||
есекжем |
жиі емес |
жиілігі белгісіз |
||||
қышыну |
жиі емес |
жиілігі белгісіз |
||||
бөртпе |
жиі емес |
жиілігі белгісіз |
||||
жарыққа сезімталдық реакциялары |
жиілігі белгісіз |
|||||
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндері тарапынан бұзылулар |
||||||
миалгия |
жиілігі белгісіз |
|||||
артралгия |
жиілігі белгісіз |
|||||
қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозы |
жиілігі белгісіз |
|||||
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар |
||||||
бүйрек функциясының жеткіліксіздігі |
жиі |
|||||
бүйрек функциясының бұзылуы |
жиі |
|||||
Жыныс ағзалары және сүт безі тарапынан бұзылулар |
||||||
Эректильді дисфункция/импотенция |
жиілігі белгісіз |
|||||
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар |
||||||
астения |
жиі |
жиі емес |
жиі |
|||
қажығыштық |
жиі |
жиі емес |
жиі |
|||
ісіну |
||||||
дімкәстік |
жиілігі белгісіз |
|||||
Зертханалық және аспаптық деректер |
||||||
гиперкалиемия |
жиі емес |
жиі |
||||
аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің жоғарылауы § |
||||||
қан мочевинасы, қан сарысуындағы креатинин, сондай-ақ сарысудағы калий деңгейлерінің жоғарылауы |
жиі |
|||||
гипонатремия |
жиілігі белгісіз |
|||||
гипогликемия |
жиі |
*Соның ішінде көмейдің, жұтқыншақтың, беттің, еріннің, жұтқыншақтың және/немесе тілдің ісінуі (бұл тыныс алу жолдарының обструкциясына әкеледі); осы пациенттердің кейбіреуінде, бұрын АӨФ тежегіштерін қоса, басқа дәрілік заттарды қолданумен байланысты ангионевроздық ісіну байқалды
** Соның ішінде Генох-Шенлейн пурпурасы
IIӘсіресе қантамырішілік кемшілігі бар, мысалы, жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе диуретиктердің жоғары дозаларымен емделгенде.
+Лозартанды 50 мг орнына 150 мг дозада қабылдаған пациенттерде жиі
++ Нефропатиясы бар қант диабетімен ауыратын 2 науқасқа жүргізілген клиникалық зерттеулерде лозартан қабылдаған пациенттердің 9,9%-да және плацебо қабылдаған пациенттердің 3,4%-да > 5,5 мг-экв/1 гиперкалиемия дамыды.
§Әдетте емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтады
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің тежелуі салдары ретінде бауыр функциясындағы өзгерулер, соның ішінде бүйрек функциясының жеткіліксіздігі қаупіне тап болған пациенттерде тіркелді. Бүйрек функциясындағы осы өзгерулер емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды болуы мүмкін.
Күмәнді жағымсыз реакциялар жөнінде есеп беру
Дәрілік препаратты тіркегеннен кейін болжамды жағымсыз реакциялар жөнінде есеп беру маңызды рөл атқарады. Бұл дәрілік заттың пайда/қаупі арақатынасына мониторингті жалғастыруға мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлерінен кез келген болжамды жағымсыз әсерлерді ДЗ жағымсыз әсерлеріне мониторинг жасаудың мемлекеттік органдарына немесе осы нұсқаулықтың соңында көрсетілген байланыс жасау деректеріне мәлімдеп отыруды өтінеміз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
белсенді заттарға, дигидропиридин туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
жүктілік және лактация кезеңі
бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі
ауыр артериялық гипотензия
шок (кардиогенді шокты қоса)
сол жақ қарыншадан шығатын ағын жолының обструкциясы (мысалы, ауыр аортальді стеноз)
жедел миокард инфарктісінен кейінгі жүрек функциясының гемодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз жеткіліксіздігі
қант диабеті бар немесе бүйрек функциясы бұзылған (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2) пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Біріктірілімдер үшін жалпы өзара әрекеттесулер
Лортензаның басқа дәрілік препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.
Лозартанмен байланысты өзара әрекеттесулер
Гипертензияға қарсы басқа дәрілер лозартанның гипотензиялық әсерін арттыруы мүмкін. Жағымсыз реакция ретінде гипотензияны туындатуы мүмкін басқа заттармен (мысалы, трициклді антидепрессанттармен, психозға қарсы препараттармен, баклофенмен және амифостинмен) қатар қолдану гипотензия қаупін арттыруы мүмкін.
Лозартан көбіне Р450 (CYP) 2С9 цитохромымен белсенді карбокси-қышқыл метаболитке метаболизденеді. Клиникалық зерттеулерде флуконазол (CYP2C9 тежегіші) белсенді метаболиттің әсерін 50%-ға төмендететіні анықталды. Рифампицинмен (метаболизмдік ферменттердің индукторлары) бірге лозартанмен қатар емдеу белсенді метаболиттің плазмалық концентрациясын 40%-ға төмендеткені байқалды. Осы әсерлердің клиникалық маңыздылығы белгісіз. Флувастатинмен (CYP2C9 әлсіз тежегішімен) қатар емдеген кезде әсер етуінде айырмашылықтар табылған жоқ.
Ангиотензин II немесе олардың әсерін бөгейтін басқа дәрілік заттар сияқты, калийді жинақтайтын (мысалы, калий жинақтатын диуретиктермен: амилоридпен, триамтеренмен, спиронолактонмен) немесе калий деңгейін арттыруы мүмкін (мысалы, гепаринмен) басқа дәрілік заттармен, калий қоспаларымен немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарымен қатар қолдану қан сарысуындағы калий мөлшерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Осы препараттарды қатар қолдану ұсынылмайды.
Литийді АӨФ тежегіштерімен қатар тағайындағанда сарысудағы литий концентрациясының және уыттылығының қайтымды жоғарылағаны жөнінде мәлімделді. Ангиотензин II рецепторының антагонистерімен бірге де өте сирек жағдайлар білінді. Литий мен лозартанды бір мезгілде сақтықпен тағайындаған жөн. Егер бұл біріктірілім маңызды болып табылса, қатар қолданғанда сарысудағы литий мөлшерін бақылау ұсынылады.
Ангиотензин II антагонистерін және ҚҚСД (яғни, ЦОГ-2 селективті тежегіштерін, ацетилсалицил қышқылын қабынуға қарсы дозаларда және селективті емес ҚҚСД) бір мезгілде тағайындағанда гипертензияға қарсы әсері бәсеңдеуі мүмкін. Ангиотензин II антагонистерін немесе диуретиктерді және ҚҚСД қатар қолдану, әсіресе бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде, бүйрек функциясының ықтимал жедел жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының жоғары қаупіне, және сарысуда калийдің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Бұл біріктірілімді әсіресе егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн. Пациенттерде сулы теңгерімді қалпына келтіру, және қатар жүргізілген емнің басында және одан кейін мезгіл-мезгіл бүйрек функциясына мониторинг жүргізген жөн. Клиникалық сынақ деректері АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының антагонистерін немесе алискиренді біріктіріп қолданғанда ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы, жалғыз ғана РААЖ белсенді агентін қолданумен салыстырғанда, гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеуі (бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігін қоса) сияқты жағымсыз реакциялардың өте жоғары жиілігімен байланысты болатындығын көрсетті.
Амлодипинмен байланысты өзара әрекеттесулер
Амлодипинге басқа дәрілік заттардың ықпалы
CYP3A4 тежегіштері: амлодипинді CYP3A4 күшті немесе орташа тежегіштерімен (протеаза тежегіштері, зеңге қарсы азолдар тобына жататын препараттар, эритромицин немесе кларитромицин, верапамил немесе дилтиазем сияқты маролидтер) бір мезгілде қолданғанда амлодипин экспозициясы айқын жоғарылауы мүмкін, бұл гипотензияның жоғары даму қаупіне әкеледі. Осы ФК клиникалық мәнінің өзгерулері егде жастағы пациенттерде көбірек білінеді. Сондықтан медициналық бақылау және препарат дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
CYP3A4 индукторлары: CYP3A4 индукторларының амлодипинге ықпалы жөніндегі деректер жоқ. CYP3A4 индукторларын (мысалы, рифампицинді шілтерлі шайқурайды) бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы амлодипин концентрациясының айқын төмендеуіне әкелуі мүмкін. Амлодипинді CYP3A4 индукторларымен бірге қолданғанда сақтық танытқан жөн.
Амлодипинді грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен қолдану ұсынылмайды, өйткені кейбір пациенттерде биожетімділігі артуы мүмкін, бұл оның гипотензиялық әсерінің күшеюіне әкеледі.
Дантролен (инфузия): зерттеулерде верапамилді қолданғаннан кейін және дантроленді вена ішіне енгізгеннен кейін гиперкалимиямен қатар қарыншалардың фибрилляциясы және жүрек-қантамыр коллапсы байқалды. Гиперкалиемияның даму қаупімен байланысты қатерлі гипертермияға бейім пациенттерде, сондай-ақ қатерлі гипертермияны емдегенде амлодипин сияқты кальций өзектерінің блокаторларымен бірге қолдануға жол бермеу ұсынылады.
Амлодипиннің басқа дәрілік заттарға ықпалы
Амлодипиннің гипотензиялық әсері гипертензияға қарсы қасиеттері бар басқа дәрілік заттардың гипотензиялық әсеріне қосылады.
Такролимус: Амлодипинмен бір мезгілде қолданғанда қанда такролимус деңгейінің жоғарылау қаупі бар, бірақ осы өзара әрекеттесудің фармакокинетикалық механизмі ақырына дейін зерттелген жоқ. Такролимустің уыттылығына жол бермеу үшін такролимус қабылдаған пациентке қолданғанда қандағы такролимус деңгейіне мониторинг жүргізген және қажет болғанда такролимус дозасын түзеткен жөн.
Циклоспорин: дені сау еріктілерде немесе басқа да популяцияларда, циклоспориннің және амлодипиннің дәрілік өзара әрекеттесуіне, циклоспориннің концентрациясында өткінші жоғарылау (орта есеппен 0%-40%) байқалған бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерді қоспағанда, зерттеулер жүргізілген жоқ. Амлодипин қабылдаған, бүйрек трансплантациясы жасалғаннан кейін пациенттерде циклоспориннің деңгейіне мониторинг жүргізген және, қажет болғанда, циклоспориннің дозасын төмендеткен дұрыс.
Симвастатин: амлодипиннің 10 мг бірнеше дозаларын 80 мг дозадағы симвастатинмен қатар қолдану, симвастатиннің өзімен ғана салыстырғанда, симвастатин экспозициясының 77%-ға артуына әкелді. Амлодипин қабылдап жүрген пациенттерде симвастатиннің дозасын күніне 20 мг-ге дейін шектеңіз.
Клиникалық өзара әрекеттесулерге жүргізілген зерттеулерде амлодипин аторвастатиннің, дигоксиннің немесе варфариннің фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Аса жоғары сезімталдық
Ангионевроздық ісіну
Анамнезінде ангионевроздық ісінуі (беттің, еріннің, жұтқыншақтың және/немесе тілдің ісінуі) бар пациенттерді мұқият бақылау қажет («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).
Артериялық гипотензия және электролиттердің/сұйықтықтың дисбалансы
Диуретиктермен қарқынды емді қолданғанда немесе тұзсыз диета, диарея немесе құсу кезінде сұйықтықтың көлемі азайтылған және/немесе организмнен натрий шамадан тыс шығарылған пациенттерде, әсіресе алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін немесе дозаны арттырғаннан кейін симптоматикалық гипотензия пайда болуы мүмкін. Лортензаны тағайындағанға дейін осы жағдайларды түзету немесе төмендетілген бастапқы дозаны қолдану қажет.
Электролиттік дисбаланс
Электролиттік дисбаланс әдетте диабеті бар немесе диабетсіз бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде байқалады және ретке келтірілуі тиіс. Нефропатиясы бар 2 типті қант диабетіне шалдыққан науқастарға жүргізілген клиникалық зерттеулерде гиперкалиемияның даму жиілігі, плацебо тобына қарағанда, лозартанмен ем қабылдаған топта жоғары болды. Сондықтан, әсіресе жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар және креатинин клиренсінің деңгейі 30-50 мл/мин пациенттерде қан плазмасындағы калий деңгейіне, сондай-ақ креатинин клиренсіне мұқият мониторинг жүргізу қажет.
Калий жинақтайтын диуретиктерді, тағамдық қоспаларды және лозартанмен бірге калий бар тұз алмастырғыштарды қатар қолдану ұсынылмайды.
Бүйректерді ауыстырып салу
Бүйрегі жуық арада алмастырылған пациенттерде қолдану тәжірибесі жоқ.
Алғашқы гиперальдостеронизм
Алғашқы гиперальдостеронизмі бар пациенттер жалпы алғанда ренин-ангиотензин жүйесі арқылы әсер ететін гипертензияға қарсы препараттармен емдеуге жауап бермейді. Демек, Лортензаны қолдану ұсынылмайды.
Жүректің ишемиялық ауруы және ми қан айналымының бұзылуы
Гипертензияға қарсы кез келген препараттарды қолданған кездегідей, ми қан айналымының бұзылуымен бірге жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі миокард инфарктісіне немесе инсультке әкеп соғуы мүмкін.
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін басқа дәрілік заттарды қолданған кездегідей, бүйрек функциясы бұзылған немесе онсыз, жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде ауыр артериялық гипотензия және (көбіне жедел) бүйрек функциясының жеткіліксіздігінің қаупі бар. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі және қатар жүретін бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде, жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класс) бар пациенттерде, сондай-ақ жүрек функциясының жеткіліксіздігі және өмірге қауіп төндіретін симптоматикалық жүрек аритмиялары бар пациенттерде лозартанды емдік қолданудың жеткілікті тәжірибесі жоқ. Соған сәйкес, лозартанды пациенттердің осы топтарында сақтықпен пайдаланған жөн. Лозартанды бета-блокаторлармен біріктіруді сақтықпен қолдану керек.
Сонымен, лозартанды пациенттердің осы тобына сақтықпен қолданған жөн. Лозартанның және бета-блокаторлардың біріктірілімін сақтықпен қолдану керек.
Кальций өзектерінің блокаторларын, Лортензаның құрамындағы амлодипин сияқты жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн, өйткені келешекте олар жүрек-қантамыр асқынуларының және өлімнің қаупін арттыруы мүмкін. Ұзақ мерзімдік, плацебо-бақыланатын зерттеулерде жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (NYHA бойынша III және IV класс) бар пациенттерде өкпе ісінуінің тіркелу жиілігі амлодипин қабылдаған топта, плацебо тобына қарағанда, жоғары болды.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Лортензаны бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттердің қабылдамағаны жөн. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде амлодипиннің жартылай шығарылу кезеңі ұзарады және AUC мәндері жоғары; дозаларға қатысты нұсқаулар анықталған жоқ. Сондықтан амлодипинді қабылдауды дозаланатын деңгейдің ең төмен қатарынан бастаған жөн және емдеудің бас кезінде және дозаны арттырғанда сақтық танытқан жөн. Бауыр циррозы бар пациенттерде қан плазмасындағы лозартан концентрациясы едәуір артқанын көрсететін фармакокинетика деректеріне негіздей отырып, анамнезінде бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге өте төмен дозаларды қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде лозартанды қолданудың емдік тәжірибесі жоқ. Сондықтан лозартанды бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындамаған жөн.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Ренин-ангиотензин жүйесінің басылуы салдары ретінде, бүйрек функциясының жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының өзгерулері байқалды (атап айтқанда, бүйрек функциясы ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне байланысты пациенттерде, мысалы, жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде). Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін басқа дәрілік заттарды қолданған кездегідей, бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артерияларының бір жақты стенозы бар пациенттерде қандағы мочевина және сарысудағы креатинин мөлшерінің артқаны байқалды; бүйрек функциясының бұл өзгерулері емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды болуы мүмкін. Лозартанды бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артерияларының бір жақты стенозы бар пациенттерде сақтықпен қолданған жөн. Мұндай пациенттерде амлодипинді әдеттегідей дозаларда қолдануға болады. Плазмадағы амлодипин концентрацияларының өзгерулері бүйрек функциясының бұзылу дәрежесімен өзара байланысты емес. Амлодипин диализдің жәрдемімен шығарылмайды.
Егде жастағы пациенттерде қолдану
Егде жастағы пациенттерде дозаны сақтықпен арттырған жөн.
Қолқа клапанының және митральді клапанның стенозы, обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия
Қантамырларды кеңейтетін басқа дәрілерді қолданған кездегідей, қолқа клапаны немесе митральді клапан стенозынан немесе обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатиясынан зардап шегіп жүрген пациенттерді емдегенде аса сақтық танытқан жөн.
Жүктілік
Жүктілік кезінде ангиотензин II рецепторларының антагонистерін (А II РБ) қабылдауды бастамаған жөн. Тек ұзаққа созылатын А ІІ РБ емі қажет болған жағдайда ғана жүкті болғысы келетін пациенттер жүктілік кезінде қолдану үшін қауіпсіздік бейіні анықталған гипертензияға қарсы баламалы емге ауысуы тиіс.
Жүктілік диагностикаланғанда А ІІ РБ емдеуді дереу тоқтатқан, және қажет болған жағдайда баламалы ем жүргізуді бастаған жөн.
Басқа да нұсқаулар және сақтық шаралары
АӨФ тежегіштерінде байқалғандағы сияқты, лозартан және ангиотензиннің басқа да антагонистері негроид нәсілді адамдарда, басқа нәсілге жататындарға қарағанда, артериялық қысымның төмендеуіне қатысты азырақ тиімді болатындығы айқын көрінеді, бұл гипертензиясы бар қара нәсілге жататын адамдар популяциясында төмен рениндік жағдайдың көбірек таралуының салдарынан болуы мүмкін.
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы
АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді бір мезгілде қолданудың гипотензияның, гиперкалиемияның дамуы және бүйрек функциясының төмендеу (соның ішінде бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі) қаупін арттыратынына айғақтамалар бар. Сондықтан АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді біріктіріп қолдану жолымен РААЖ қосарлы блокадасы ұсынылмайды. Егер қосарлы блокада емі абсолютті түрде қажет деп саналса, ол маманның бақылауымен және бүйрек функциясы, электролиттер және артериялық қысым жиі мұқият бақыланған жағдайда ғана жүргізілуі тиіс.
Диабеттік нефропатиясы бар пациенттерге АӨФ тежегіштерін және ангиотензин II рецепторларының блокаторларын бір мезгілде қолдану ұсынылымайды.
Балалар
Қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде деректердің жоқ болуымен байланысты амлодипин/лозартан 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану үшін ұсынылмайды.
Қосымша заттар жөніндегі ақпарат
Лортенза® құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер осы препаратты қабылдамауы тиіс.
Жүктілік
Лозартан
Жүктіліктің алғашқы триместрі кезінде А II РБ қолдану ұсынылмайды. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде А II АБ қолдануға болмайды.
Жүктіліктің алғашқы триместрінде АӨФ тежегіштерінің тератогендік әсерінің қаупін айғақтайтын эпидемиологиялық деректер сенімділік туғызбады; алайда қауіптің аз ғана ұлғаюын жоққа шығарылмайды. Тіпті ангиотензин II рецепторларының блокаторларын (А II РБ) қабылдағанда қаупі жөніндегі бақыланатын эпидемиологиялық деректер жоқ болғанның өзінде, осындай қауіптер дәрілік заттардың осы класы үшін болуы мүмкін. Егер А ІІ РБ емдеуді жалғастыру қажет деп саналса, жүкті болуды жоспарлап жүрген пациентті жүктілік кезінде пайдалану үшін қауіпсіздік бейіні анықталған гипертензияға қарсы дәрілерге ауыстырған жөн.
Егер жүктілік диагностикаланса, А ІІ РБ емдеу дереу тоқтатылуы тиіс, және қажет болғанда баламалы ем жүргізу басталуы тиіс.
Екінші және үшінші триместр кезінде А ІІ РБ емдеудің жүкті әйелдерде фетоуыттылықпен (бүйрек функциясының төмендеуі, су аздық, бассүйек оссификациясының кідіруі), сондай-ақ жаңа туған нәрестеде уыттылықпен (бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия, гиперкалиемия) қатар жүретіні белгілі.
Егер А II РБ тежегіштерінің әсері жүктіліктің екінші триместрінен бастап болса, бүйрек және бассүйек функциясын ультрадыбыстық тексеру ұсынылады.
Егер А II РБ әсері жүктіліктің екінші триместрінен бастап болса, бүйрек және бассүйек функциясын ультрадыбыстық тексеру ұсынылады.
Анасы А II РБ қабылдаған сәбилер гипотензия тұрғысынан мұқият зерттелуі тиіс.
Амплодипин
Жүктілік кезінде амлодипинді қолданудың қауіпсіздігі анықталған жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде жоғары дозаларды қолданғанда репродукциялық уыттылық байқалған.
Жүктілік кезінде препаратты қолдану өте қауіпсіз балама жоқ болған кезде ғана және, егер анасы мен шаранада аурудың қаупі, препараттың қабылдағанға қарағанда, басым болғанда ғана ұсынылады.
Емшек емізу
Емшек емізу кезеңінде лозартанды және амплодипинді қолдануға қатысты ешқандай ақпарат жоқ болғандықтан, Лортензаны қабылдау ұсынылмайды және емшек емізу кезінде қауіпсіздік бейіні анықталған емдеудің баламалы әдістері, әсіресе жаңа туған нәрестені немесе шала туған нәрестені емізу кезінде, ұсынылады.
Фертильділік
Кальций өзектерінің блокаторларын қабылдап жүрген кейбір пациенттерде сперматозоидтардың басында қайтымды биохимиялық өзгерулер жөнінде мәлімделді. Клиникалық деректер амлодипиннің фертильділікке потенциалды әсерін анықтау үшін жеткіліксіз.
Автокөлікті немесе басқа да потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалы етуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда көлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс жасау кезінде гипертензияға қарсы ем қабылдағанда, атап айтқанда емдеудің басында немесе дозаны арттырғанда мезгіл-мезгіл ұйқышылдық немесе бас айналу пайда болуы мүмкін екендігін ескерген жөн. Әсіресе емдеудің бас кезінде сақтық таныту керек.
Амлодипин автомобильді басқару және машиналарды пайдалану қабілетіне аздаған немесе орташа әсерін тигізуі мүмкін. Егер амлодипин қабылдап жүрген пациенттер бас айналудан, бас ауырудан, шаршаудан немесе жүректің айнуынан зардап шегіп жүрсе, олардың әрекет ету қабілеті төмендеуі мүмкін, сондықтан әсіресе емнің басында сақтық таныту ұсынылады.
Артық дозалануы
Симптомдары
Қолда бар деректер амлодипиннің жоғары дозаларымен артық дозалану шамадан тыс шеткері вазодилатацияға және, рефлекторлы тахикардияға әкелуі мүмкін екендігін айғақтайды. Айқын және потенциалды ұзаққа созылатын жүйелік гипотензия, соның ішінде шоктың дамуы және өліммен аяқталу жөнінде мәлімделді.
Лозартанмен артық дозалану жөніндегі деректер адамдарда шектеулі. Артық дозаланудың өте ықтимал көріністері гипотензия және тахикардия болып табылады. Брадикардия парасимпатикалық (вагустық) стимуляциядан дамуы мүмкін.
Емі
Кейбір жағдайларда асқазанды шаю пайдалы. Пероральді түрде қабылдаудан кейін белсендірілген көмірдің жеткілікті дозасын енгізу көрсетілген. Дені сау еріктілерде амлодипинді 10 мг дозадан қабылдағаннан кейін екі сағат ішінде белсендірілген көмірді қолданғанда амлодипиннің сіңуі төмендейді.
Лортенза® препаратымен артық дозалануы салдарынан клиникалық тұрғыдан айқын артериялық гипотензияда пациенттің аяғын көтеріңкіреп жатқызып, жүрек функциясын және тыныс алу жүйесі және бөлініп шыққан несептің мөлшерін жиі бақылауды қоса, жүйрек-қантамыр жүйесінің қызметін демеудің белсенді шараларын қабылдаған жөн. Қантамырлық тонусты және АҚ қалпына келтіру үшін оның қодануға қарсы көрсетілімдері жоқ болған жағдайда вазоконстриктор қолданылуы мүмкін. Кальций өзектерінің блокадасының әсерлерін жою үшін вена ішіне кальций глюконаты енгізілуі мүмкін.
Лозартанның және амлодипиннің гемодиализ жәрдемімен шығарылуы екіталай.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ламинацияланған полиамидті/алюминийлі/поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
Пішінді ұяшықты 3 қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
КРКА, д.д., Ново место, Словения
Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения
Тіркеу куәлігінің иесі
КРКА, д.д., Ново место, Словения
Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения
Тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы
«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19, корпус 1 б, 2-ші қабат, 207 кеңсе тел.: +7 (727) 311 08 09 факс: +7 (727) 311 08 12 info.kz@krka.biz