Лоркоф
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Лоркоф
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
100 мл шәрбат
Құрамы
10 мл шәрбат құрамында
белсенді заттар:
2,0 мг сальбутамолға баламалы сальбутамол сульфаты ,
4,0 мг бромгексин гидрохлориді ,
100,0 мг гвайфенезин,
1,0 мг ментол,
қосымша заттар: қант, натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, глицерин, қан қызыл түстес 4R (Е124), ананас эссенциясы, лимон қышқылы моногидраты, пропиленгликоль, тазартылған су.
Сипаттамасы
Мөлдір шәрбат тәрізді қызғылт түсті сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған басқа препараттармен біріктірілімдегі симпатомиметиктер
АТЖ коды R03СК
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сальбутамол асқазан-ішек жолында жылдам сіңеді. Қан плазмасы ақуыздарымен 10-25% байланысады. Әсері 1 сағаттан кейін басталады. Ол бауырдың бірінші пассажы метаболизміне ұшырайды. Несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 5 сағат. Бромгексин асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді, бірақ биосіңірілуі 20% құрайды. Бромгексин бауырда белсенді зат амброксолға айналады. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 80-90%. Әртүрлі сұйықтықтар мен тіндерге жақсы өтеді, ішінара жұлын сұйықтығына, емшек сүтіне өтеді. Әсері 1-2 сағаттан кейін басталады, 6-12 сағатқа жалғасады. Дибромантранил қышқылы мен глюкурон конъюгаттарына биотрасформацияланудың аяқталу кезеңі бауырда жүреді. Экскрециялануы несеппен метаболиттер түрінде жүзеге асады.Тіндерден жартылай шығарылу кезеңі 7-15 сағат, ал қаннан шығарылуы 1 сағатқа жуық.
Фармакодинамикасы
Сальбутамол – бронхолитикалық дәрі, көбіне бета2–адренорецепторларға әсер ететін бета-адреномиметик. Айқын бронхолитикалық әсер етеді, бронхтүйілуін тойтарады және басады, тыныс алу жолдарындағы қарсылықтарды төмендетеді, өкпенің өмірлік сыйымдылығын арттырады. Гистамин бөлінуін болғызбайды, жуан жасушалардың анафилаксия субстанцияларын және нейтрофилдердің хемотаксис факторларын баяу сезінеді. Миокардқа айқындығы азырақ оң хроно- және инотропты әсер етеді. Іс жүзінде артериялық қысымды төмендетпейді, коронарлық артерия кеңеюін туындатады. Токолитикалық әсер көрсетеді, тонусты және миометрияның жиырылу белсенділігін төмендетеді.
Бромгексиннің муколитикалық және қақырық түсіретін әсері бар. Құрамында бейтарап полисахаридтер бар, сөлініс бөліп шығаратын, бронх шырышты қабаты секреторлық жасушаларының көтермелеуі және бронх бөлетін қышқыл полисахаридтер деполяризациясы есебінен бронхиальдік сөлініс тұтқырлығын төмендетеді. Сурфактант түзілуіне ықпал етеді.
Гвайфенезин - муколитикалық препарат, оның беткейлік тартылуын және адгезивті қасиеттерін төмендете отырып, қақырық тұтқырлығын төмендетеді, оның тыныс жолдарынан эвакуациялануын жеңілдетеді, әлсіз седативті әсер етеді.
Ментол спазмолитикалық әсер етеді, бронхиальдік бездердің секрециясын жұмсақ көтермелейді, бронх шырышты қабығы жыпылықтағыш эпителийінің қызметін жаңартады, антисептикалық белсенділікке ие.
Қолданылуы
- бронхтүйілуімен, бронхтармақтарының шырышпен бітелуімен және қақырық түсуінің қиындауымен қатар жүретін бронхитпен, бронхиальді демікпемен, өкпе эмфиземасы және басқа да бронхөкпе ауруларына байланысты жөтелді жеңілдетуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге Лоркофты (5-10мл) 1-2 шай қасықтан тәулігіне 3 ретке тағайындайды.
Емдеу ұзақтығы: 5-10 күн.
Жағымсыз әсерлері
Ұзақ уақыт қабылдағанда
-жүрек айнуы, құсу, диспепсиялық құбылыстар, диарея, асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасының асқынуы
Сирек
- шеткергі қан тамырларының өтпелі кеңеюі, артериялық қысымның төмендеуі, коллапс, бас айналуы, бас ауыруы, орташа тахикардия
- тремор, бұлшықет құрысулары, ұйқының бұзылулары
- аллергиялық реакциялар, оның ішінде ангиневротикалық ісік, тері бөртпесі, есекжем, парадоксальді бронхтүйілуі
- гипокалиемия
Өте сирек
- трансаминаздар белсенділігінің жоғарылауы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың белсенді және қосымша заттарына жоғары сезімталдықта
- тахиаритмияда, миокардитте, жүрек ақауында
- қант диабетінде
- асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасында (асқыну сатысында)
- асқазаннан қан кетуде
- гипертиреозда
- глаукомада
-жүктілікте, лактацияда
- балалық және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдік жаста
- жөтелге қарсы дәрілерді, бета-адренорецепторлардың селективті емес бөгегіштерін, MAО тежегіштерін бір уақытта қолдануға.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Сальбутамолды уыттану қаупі күшеюіне байланысты жүрек гликозидтарымен үйлестіруге болмайды. Сальбутамол гипогликемиялық дәрілермен өзара әрекеттескенде соңғысының әсері әлсірейді. Бромгексинді антибиотиктармен, бронходилататорлармен біріктіруге болады. Бета-адренобөгегіштері сальбутамолдың әсерін төмендетеді. Теофиллин сальбутамолмен өзара әрекеттескенде соңғысының бронхолитикалық әсерін күшейтеді, гипокалиемия қатерін жоғарылатады. Симпатомиметиктер сальбутамолдың әсерін жоғарылатады.
Айрықша нұсқаулар
Асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасында (сыртартқысындағы), жүрек жеткіліксіздігінде, артериялық гипертензияда абайлап тағайындау керек.
Диуретиктер мен глюкокортикостероидтар сальбутамолдың гипокалиемиялық әсерін күшейтеді. Құрамында кодеин бар және басқа да жөтелге қарсы препараттармен бір уақытта тағайындау сұйылған қақырықтың кетуін қиындатады. Препарат құрамына кіретін бромгексин антибиотиктердің өкпе тініне енуіне ықпал етеді.
Гвайфенезин несепті қызғылт түске бояйды.
Препаратпен бір мезгілде сілтілі сусындар ішуге болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Сезімтал науқастар Лоркоф қабылдағанда тахикардия, қол дірілдеуі, бұлшықет құрысулары туындауы мүмкіндігін ескере отырып, препарат қабылдау уақытында көлік құралдары мен механизмдерді басқару, зейін шоғырландыруды қажет ететін жұмыстарды атқарудан бас тартқан жөн.
Артық дозаланғанда
Симптомдары: тахикардия, бас ауыруы, шеткергі вазодилатация.
Емдеу: асқазан шаю, құсуды шақыру, белсенділендірілген көмірді қабылдау. Терапиясы – симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Қоңыр шыныдан жасалған, алюминий қалпақшамен тығындалған құтыда 100 мл препараттан.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі 2 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Биомедикейр (Үндістан) Пвт. Лтд.
120, Мегхраджи Комплекс,
П/о Сархеджи Тап қ., Ахмедабад ауданы, Үндістан
E-mail: biomedicare@vsnl. Com
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Биомедикейр (Үндістан) Пвт. Лтд., Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Биомедикейр (Үндістан) Пвт. Лтд ҚР өкілдігі
Алматы қ., Төле би, 284
Тел. +7 727 2980920
sisodia@mail.ru