Лоринден® А

МНН: Салициловая кислота, Флуметазон
Производитель: Фармзавод Jelfa А.О.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Флуметазон в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№006163
Информация о регистрации в РК: 30.05.2017 - 30.05.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Лоринден® A

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жақпамай

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар - 0,2 мг флуметазон пивалаты,

30,0 мг салицил қышқылы,

қосымша заттар: пропиленгликоль, сусыз ланолин, 1 г дейін ақ вазелин.

Сипаттамасы

Ашық-сары реңді ақ майлы жұмсақ масса.

Фармакотерапиялық тобы

Флуметазон басқа препараттармен біріктірілімде.

ATХ коды D07XB01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Флуметазон пивалаты эпидермистің мүйізді қабатына оңай өтеді, онда жинақталады. Теріде метаболизмге ұшырамайды. Жергілікті қолданғаннан кейін аздаған мөлшерде организмге өтеді және жалпы әсер етеді. Сіңгеннен кейін негізінен бауырда метаболизденеді. Несеппен және аз мөлшерде өтпен глюкурон қышқылының қосылыстары түрінде және аз мөлшерде өзгермеген түрде шығарылады.

Флуметазон пивалатының тері арқылы сіңуі қолтық асты және шап маңының терісіне немесе бет терісіне, эпидермисі зақымданған теріге немесе қабыну үдерісінің нәтижесінде зақымданған теріге қолданғанда артады. Дене қызуын және терінің ылғалдығын туындататын окклюзиялы таңғышты қолдану флуметазон пивалатының сіңуін арттырады. Одан басқа, препаратты жиі қолданғанда немесе терінің үлкен аумағына қолданғанда сіңуі артады. Ересектерге қарағанда жастарда тері арқылы жақсы сіңеді.

Салицил қышқылы тері бетіне жергілікті әсер етеді, глюкокортикостероидтің шамадан тыс мүйізгектенген эпидермис арқылы сіңуін жеңілдетеді.

Фармакодинамикасы

Лоринден® A жақпамайының қасиеттері флуметазон пивалаты және салицил қышқылы әсерінің бірігуіне негізделген.

Флуметазон пивалаты қабынуға қарсы орташа әсер ететін синтетикалық глюкокортикостероид. Жақпамайдағы 0,1% концентрацияда қолданылатыны орташа дәрежеде әсер етеді. Липофильді қасиеттері бар, терінің мүйізді қабатына оңай сіңеді және қабынуға қарсы, қышымаға және аллергияға қарсы ұзақ әсер етеді.

Жергілікті қолданғаннан кейін флуметазон пивалаты A2 фосфолипаза белсенділігін тоқтату және жасушалық жарғақша фосфолипидтерінен арахидон қышқылының босап шығуы төмендеуі есебінен теріде простагландиндер және лейкотриендердің түзілуін тежейді; фагоцитоз, қабыну үдерістерін туындататын интерлейкиндер және басқа цитокиндер гистаминнің босап шығуын және жергілікті аллергиялық реакциялардың пайда болуын тежейді. Қабыну ошағындағы дәнекер тіндерде жүретін пролиферативті және экссудативті үдерістер аса жоғары сезімталдық реакцияларының байқалуын төмендетеді, гиперемияны азайтады.

Салицил қышқылы глюкокортикостероидтар пенетрациясына ықпал етеді және препаратқа қосымша антипаракератозды, орташа кератолитикалық қасиеттер мен жергілікті гипотермиялық әсер береді, флуметазонның теріге енуіне ықпал етеді. Мұнымен қоса, антибактериялық және фунгицидтік әсері бар, сондай-ақ терінің қорғаныш мантиясын қалпына келтіреді.

Қолданылуы

Жақпамай түріндегі Лоринден® A гиперкератоз және басылмайтын қышынумен қатар жүретін асқынбаған салдарлы бактериялық жұқпалармен, оның ішінде аллергия аясында жергілікті қолданылады:

- себореялық және атопиялық дерматит

- уртикарлы теміреткі

- аллергиялық жанаспалы экзема

- мультиформалы эритема

- қызыл жегі

- псориаз

- жалпақ теміреткі.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жақпамайдың аздаған мөлшерін жиі дегенде тәулігіне 1-2 рет зақымданған тері бөлігіне жұқалап жағады. Айқын лихенизацияда немесе гиперкератозда окклюзиялы таңғышты қолдану рұқсат етіледі, оны тәулігіне 1 рет ауыстыру керек. Емдеуді үзіліссіз 2 аптадан артық жүргізбеген жөн. Бет терісіне препаратты 1 аптадан артық жағуға болмайды. Бір апта ішінде көп дегенде 15 г жақпамай (1 сықпа) пайдалануға болады.

Балаларға 2 жастан бастап қажет болған жағдайда ғана терінің аздаған беткейіне күніне 1 рет аса сақтықпен қолдану керек. Бет терісіне қолдануға болмайды, балаларға окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

- безеулер, стероидтен кейінгі пурпура, эпидермис өсуінің бәсеңдеуі, тері асты шел қабатының атрофиясы, тері және стрия атрофиясы

- терінің құрғауы, гипертрихоз немесе шаштың түсуі, терінің депигментациясы немесе пигментациясы

- телеангиэктазиялар

- периоральді дерматит

- фурункулез, салдарлы жұқпа

Сирек

- есекжем немесе макуло-папулезді бөртпе немесе бар өзгерістердің асқынуы

- таңғыш астына қолданғаннан кейін ісіну, артериялық гипертензия, организмнің жұқпаға қарсыласуының төмендеуі түрінде резорбтивті әсер туындатуы мүмкін

- қабақ терісіне қолданғанда глаукома немесе катаракты дамуы мүмкін

- терінің өте ауқымды беттеріне қолданғанда глюкокортикостероидтарға тән жүйелік жағымсыз әсерлері болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- глюкокортикостероидтарға, салицил қышқылына және жақпамайдың негізі компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тері туберкулезі

- поствакциналық реакциялар

- терінің бактериялық, вирусты және зеңді жұқпалары

- кәдімгі және қызғылт безеулер

- мерездің терідегі көріністері

- тері ісінулері

- тері ауруларының суланатын және экссудативтік сатылары

- желшешек

- флебиттер (көктамырлардың варикозды кеңеюі аясында), трофикалық ойық жара

- тері ақауы бар (күйіктер) тері жабындыларының ауқымды зақымданулары

- жүктіліктің I триместрі

- 2 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Глюкокортикостероидтарды жергілікті қолданғанда дәрілермен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.

Алайда препаратпен емдеу кезінде, әсіресе терінің ауқымды беткейіне ұзақ қолданған кезде, сәйкес антидене пайда болу түріндегі барабар иммунологиялық жауаптың болмауы мүмкіндігін ескере отырып, емделушілерде шешекке қарсы екпе және иммунизацияның басқа түрлерін жүргізуге болмайтынын есте сақтаған жөн.

Лоринден® A жақпамайы иммуносупрессивті дәрілік заттардың әсерін күшейтуі және иммунитет көтермелегіш дәрілердің әсерін әлсіретуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Үзіліссіз 2 аптадан артық қолдануға болмайды. Дененің ауқымды бетінде ұзақ мерзім қолданған жағдайда жағымсыз әсерлер пайда болу жиілігі артады.

Флуметазон пивалатын жергілікті қолданудың нәтижесінде гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесінің бәсеңдеуінің есебінен гипофиздің АКТГ бөлінуі, қандағы кортизол деңгейі төмендеуі және емді тоқтатқаннан кейін жойылатын Кушингтің ятрогенді синдромы пайда болуы мүмкін. АКТГ бүйрек үсті безін көтермелегеннен кейін қандағы және несептегі кортизолды анықтау жолымен бүйрек үсті безі қыртысы қызметіне ауық-ауық бақылау жүргізу керек.

Жақпамай жағылған орында жұқпа пайда болған жағдайда бактерияға қарсы немесе зеңдерге қарсы сәйкесінше ем қолдану керек. Егер жұқпаның симптомдары жойылмаса, жұқпаны емдеу мерзімі бойы жақпамайды қолдануды тоқтату керек.

Препаратты ашық немесе жабық бұрышты глаукомасы, сондай-ақ катарактысы бар адамдарға ауру белгілерін күшейтуі мүмкіндігін ескере отырып, қабақ маңының терісіне жағуға болмайды.

Препаратты қысқа мерзім қолданғанмен, артық сіңетін және жағымсыз әсерлері пайда болуы мүмкін болғандықтан (телеангиэктазия, dermatitis perioralis) бет терісіне, сондай-ақ қолтық асты және шап маңының терісіне тек аса қажет жағдайларда ғана қолдану керек.

Тері асты шел қабатының атрофиясы бар жағдайларда, әсіресе егде жастағы адамдарға сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Лоринден A-ны жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрлерінде анаға деген пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолдануға болады.

Лоринден A жақпамайын бала емізетін әйелдерге қолданғанда аса сақ болу керек.

Қажет болған жағдайда терінің аздаған аумағына тек қысқа мерзім қолдануға болады, кеуде терісіне қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік зат психомоторлы белсенділікті, көлік құралдарын жүргізуге және қозғалатын механизмдерге қызмет көрсету қабілетін шектемейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: терінің үлкен аумағына ұзақ қолданғанда келесі симптомдар пайда болуы мүмкін: ісінулер, артериялық гипертензия, жұқпаларға қарсыластығының төмендеуі, ал ауыр жағдайларда Кушинг синдромының дамуы. Сирек салицилаттармен улану симптомдары пайда болуы мүмкін.

Емі: дәрілік затты біртіндеп тоқтату және құрамында глюкокортикостероидтардың аз мөлшерімен емді пайдалану керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий сықпадағы 15 г жақпамай медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 сықпадан картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25oC-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Фармзауыт Jelfa А.Қ.

58-500, Еленя Гура, В.Поля к-сі, 21, Польша.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валеант» ЖШҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Қазақстан, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17 үй, 4Б блок,

1104 кеңсе Телефон + 7 727 3 111 516 , факс +7 727 3 111 517

Электронды поштасы: Office.KZ@valeant.com

Прикрепленные файлы

676273861477977037_ru.doc 60.5 кб
253737311477978213_kz.doc 93.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники