Лондромакс (70 мг)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Лондромакс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Алендрон қышқылы
Дәрілік түрі
70 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 91.36 мг натрий алендронаты тригидраты (70 мг алендрон қышқылына баламалы),
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза (102 типі), магний стеараты, натрий кроскармеллозасы.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, ақ түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Сүйек-бұлшықет жүйесі. Сүйек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Сүйектердің құрылымы мен минералдануына әсер ететін препараттар. Бисфосфонаттар.
АТХ коды M05BA04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Алендрон қышқылын тікелей тамақтанар алдында, тамақтану кезінде немесе кейін қабылдау биожетімділігінің азаюына алып келеді. Кофемен немесе апельсин шырынымен қабылдағанда, натрий алендронатының биожетімділігі шамамен 60%-ға азаяды.
Жұмсақ тіндерге уақытша таралады, содан соң сүйектерге жылдам қайта таралады немесе несеппен шығарылады. Адамда тепе теңдік концентрациясы жағдайындағы таралуының орташа көлемі 28 л жуықты құрайды. Емдік дозаларында ішке қабылдағанннан кейін алендронаттың қан плазмасындағы концентрациясы, әдетте, анықталатын ең аз концентрациясынан төмен (5 нг/мл аз). Плазма ақуыздарымен байланысуы шамамен 78% құрайды.
Метаболизденбейді.
Негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Ақырғы фазасындағы T½ 10 жылдан артықты құрауы мүмкін, бұл белсенді затының сүйектерден босап шығуымен байланысты.
Фармакодинамикасы
Лондромакс – сүйектің остеокластық резорбциясының гормондық емес спецификалық тежегіші. Бисфосфонаттар тобына жатады, табиғи пирофосфаттың аналогы болып табылады. Селективті әсеріне бисфосфонаттардың, сүйектің минералды компоненттерімен тектестігінің жоғарылығы түрткі болады.
Остеокласттардың белсенділігін бәсеңдетеді. Остеогенезді стимуляциялайды, сүйектің резорбциясы мен қалпына келуі арасындағы восстановлением оң теңгерімді қалпына келтіреді, сүйектердің минералдық тығыздығын үдемелі түрде арттырады (фосфор-кальций алмасуын реттейді), гистологиялық құрылымы қалыпты сүйек тінінің қалыптасуына ықпал етеді.
Қолданылуы
- сынулардың, соның ішінде, жамбас сынулары мен омыртқа бағанының компрессиялық сынулардың алдын алу мақсатында, менопаузадан кейінгі кезеңдегі әйелдердегі остеопорозды емдеу үшін
- сынулардың алдын алу мақсатында ерлердегі остеопорозды емдеу үшін.
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты қабылдау ережелері
Лондромаксты тамақты, суды немесе дәрілерді алғаш ішердің алдында кемінде 30 минут бұрын, тек жай сумен ішіп қабылдау керек. Басқа сусындар (минералды суды қоса), тамақ және кейбір дәрілер препараттың сіңірілуін төмендетуі мүмкін.
Асқазанға түсуін жеңілдету және өңештің тітіркенуін азайту үшін, таблеткаларды таңертеңгілік, төсектен тұрғаннан кейін бірден, ауыз қуысы мен жұтқыншақта ойық жаралардың түзілуі мүмкіндігіне байланысты, оларды шайнамай және ауызда сормай, бір стақан сумен ішіп қабылдаған дұрыс. Бұдан кейін пациенттер кемінде 30 минут бойы жатпауы керек. Лондромаксты ұйықтар алдында немесе төсектен тұрар алдында қабылдамау керек.
Әйелдер мен ерлердегі остеопорозды емдеу үшін препарат аптасына 1 рет 70 мг-ден тағайындалады.
Егде жастағы пациенттер, бүйректің жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар (КК=35 - 60 мл/мин) пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз реакциялардың төменде пайдаланылған жиілік параметрлері келесі тәртіппен анықталған: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100, бірақ < 1/10), жиі емес (≥ 1/1000, бірақ < 1/100), сирек (≥ 1/10000, бірақ < 1/1000).
Жиі
- бас ауыруы
- іш ауыруы, диспепсия, іш қатуы, диарея, метеоризм, өңештің ойық жаралары, дисфагия, іштің кебуі, кекіру
- қаңқа-бұлшықет (сүйектер, бұлшықеттер немесе буындар) ауыруы
Жиі емес
- жүрек айнуы, құсу, гастрит, эзофагит, өңештің эрозиялары, мелена
- бөртпе, қышыну, эритема
Сирек
- бас айналуы
- увеит, склерит, эписклерит
- өңеш стриктурасы, орофарингеальді ойық жараланулар, перфорациялар, асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлігінің ойық жарасы және қан кету
- қаңқа-бұлшықеттің қатты ауыруы (сүйектер, бұлшықеттер немесе буындар), буындардың ісінуі
- аса жоғары сезімталдық реакциялары, соның ішінде, есекжем және ангионевроздық ісіну
- симптоматикалық гипокальциемия
Реакцияның жедел фазасындағы сияқты өтпелі симптомдар (миалгия, дімкәстану және срек жағдайларда қызба), әдетте, емдеудің басталуымен байланысты. Фотосезімталдықпен байланысты тері бөртпесі.
Өте сирек
- өңештің перфорациясы
- терінің ауыр реакциялары, соның ішінде Стивенс – Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз
- жақсүйек остеонекрозы
Зертханалық көрсеткіштерге ықпалы: қан сарысуындағы кальций мен фосфордың 10-18%-ға дейін симптомсыз әлсіз және өтпелі төмендеуі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препараттың белсенді затына немесе компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
өңеш тарапынан аномалиялар және өңештің стриктурасы немесе ахалазия сияқты өңештің босауын баяулататын басқа факторлар, дисфагия, өңеш аурулары, гастрит, дуоденит немесе ойық жаралар, немесе асқазанның ойық жаралары, асқазан-ішектен жедел қан кету, асқазан-ішек жолының жоғарғы бөліктеріне жүргізілген хирургиялық араласым сияқты, асқазан-ішек жолының жуырда бастан өткерген (соңғы бір жыл ішіндегі) ауыр ауруы жағдайлары, бірақ пилоропластика емес
35мл/минуттан төмен креатинин клиренсімен, бүйрек функциясының бұзылуы
Қабылдағаннан кейін кемінде 30 минут бойы тігінен тұру немесе отырудың мүмкін болмауы
өңештің босауын бәсеңдететін зақымдануы (соның ішінде, тарылуы немесе ахалазия)
гипокальциемия
жүктілік және лактация кезеңі
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Кальций препараттарымен (тағамдық қоспаларды қоса) және антацидтермен бір мезгілде қолданғанда, Лондромакстың сіңірілуінің бұзылуы ықтимал. Сәйкесінше, Лондромакс пен басқа дәрілік заттарды қабылдаудың аралығы кемінде 30 минутты құрауы тиіс.
Лондромакс пен гормонорынбасқан емді (эстроген ± прогестин) бірге қолданғанда,біріктірілген емнің қауіпсіздігі мен көтерімділігі аталған препараттардың әрқайсысын жеке-жеке қолданғандағы осындайларға сәйкес келеді.
Ранитидинді вена ішіне қолдану биожетімділігін 2 есе арттырады.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД) гастроуыттылығын күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
АІЖ зақымдану симптомдары (мысалы, жұтынған кездегі немесе төс артының ауыруы, қыжылдың пайда болуы немесе күшеюі) пайда болған жағдайда, препаратты қабылдауды тоқтату және дәрігермен кеңесу қажет.
Өңеш тарапынан ауыр жағымсыз реакциялардың даму қаупі препаратты қабылдау ережелерін бұзған пациенттерде арта түседі, сондықтан, пациент препаратты қабылдау ережелерін қатаң сақтауы тиіс.
Препараттың шырышты қабықтарға тітіркендіргіш әсер беруі және негізгі ауру ағымының нашарлауы мүмкіндігіне байланысты, Лондромаксты АІЖ жоғарғы бөліктері ауруларының (дисфагия, өңеш аурулары, гастрит, дуоденит, ойық жаралар) өршуі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Байқаусызда аптасына 1 реттік дозадағы препаратты қабылдауды өткізіп алған жағдайда, келесі күні таңертең 1 таблеткасын қабылдау керек. 2 таблеткасын 1 күнде қабылдамау керек, бірақ, кейіннен, аптаның емдеу басталған сәттен бастап қабылдау үшін таңдалған күнінде 1 таблеткадан қабылдауды жалғастыру керек.
Лондромакспен емдеуді бастағанға дейін қандағы кальций мөлшерін қалыпқа түсіру және D дәрумені жеткіліксіздігінің орнын толтыру керек.
Лондромакс сүйектердегі минералды заттардың мөлшерін арттыратындығына байланысты, сарысудағы кальций мен фосфаттар деңгейінің аздаған симптомсыз төмендеуі орын алуы мүмкін (соның ішінде, глюкокортикоидтық дәрілерді (ГКС) қабылдап жүрген, кальцийдің сіңірілуі төмендеуі мүмкін пациенттерде).
Егер кальций мен D дәруменінің тамақпен түсімі жеткіліксіз болса, пациенттер, құрамында кальций мен D дәрумені бар тағамдық қоспаларды қабылдауы керек.
Лондромаксты бүйректің ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі бар (КК < 35 мл/мин) пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автомобиль басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: гипокальциемия, гипофосфатемия, асқазан-ішек жолының (АІЖ) жоғарғы бөлігі тарапынан жағымсыз құбылыстар, соның ішінде, диспепсия, қыжыл, эзофагит, гастрит, асқазан мен өңештің ойық жаралары.
Емі: пациент алендронатты байланыстыру үшін сүт ішуі немесе антацидтерді қабылдауы керек. Өңештің тітіркенуін болдырмас үшін, құстырмаған дұрыс. Пациенттер тік қалпын сақтауы тиіс. Арнайы емі туралы мәліметтер жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
4 таблеткадан Alu/Alu және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші/Қаптаушы
УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш., ТҮРКИЯ
15 Теммуз Мах., Джами Йолу Джад. № 50 Гюнешли, Багджылар, Стамбул, Түркия.
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
УОРЛД МЕДИЦИН ЛТД., ТБИЛИСИ/ГРУЗИЯ
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
Қазақстан Республикасы, Алматы, Турксіб ауданы,Сүйінбай д-лы, 222 б
Тел/факс: 8 (7272) 529090, www.worldmedicine.kz
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы, Сүйінбай д-лы , 222 б
Ұялы тел: +7 701 786 33 98, (24 сағаттық байланыс).
e-mail: pvpharma@worldmedicine.kz