Ломексин (1000 мг)

МНН: Фентиконазол
Производитель: Каталент Итали С.П.А
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fenticonazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017148
Информация о регистрации в РК: 19.05.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Ломексин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фентиконазол

Дәрілік түрі

Қынаптық 200 мг, 600 мг, 1000 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында:

белсенді зат - 200 мг, 600 мг, 1000 мг фентиконазол нитраты

200 мг доза үшін қосымша заттар: қаныққан май қышқылдары триглицеридтері, коллоидты кремнийдің қостотығы,

капсула құрамы: желатин, глицерол, титанның қостотығы (Е 171), натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий этилпарагидроксибензоаты;

600 мг және 1000 мг доза үшін қосымша заттар: соя лецитині, сұйық парафин, ақ вазелин,

капсула құрамы: желатин, глицерол, титанның қостотығы (Е 171), натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий этилпарагидроксибензоаты.

Сипаттамасы

Құрамында қою біртекті майлы ақ түсті суспензия бар жұмсақ, сопақша, жылтыр сарғыш түсті капсулалар

 

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімдерді қоспағанда). Имидазол туындылары. Фентиконазол АТХ коды G01AF12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ломексин іс жүзінде жүйелік сіңуге ұшырамайды, ұзақ уақыт бойы қынапқа қолданғанда, қанда оның концентрациясы анықталмайды. Шырышты қабық арқылы сіңу дәрежесі елеусіз.

Фармакодинамикасы

Ломексин – зеңге қарсы әсер ету ауқымы кең, гинекологияда жергілікті қолдануға арналған препарат. Фентиконазол (Ломексиннің әсер етуші заты) имидазолдың синтетикалық туындылары болып табылады (оның рацемиялық қоспасы фентиконазол азотқышқылдық тұзы түрінде). Жергілікті фунгицидті, фунгистатикалық және бактерияларға қарсы әсер етеді. Әсер ету механизмі зеңдердің жасуша жарғақшасының өткізгіштігін реттейтін эргостеролдың синтезін тежеуден тұрады. Candida spp. (оның ішіңде Candida albicans), грамоң бактерияларға (Staphylococcus aureus, Streptococcus spp.) ашытқы зеңдеріне қатысты, сондай-ақ Trichomonas vaginalis қатысты белсенді.

Басқа белгілі азольді қосылыстарға (ішінара, эконазол, миконазол және кетоконазол) қарағанда фентиконазол Candida spp. протеазаларының биосинтезін тежейді. Бұл әсер микозға қарсы белсенділік мөлшеріне байланысты емес және ол ашытқы тәрізді зеңдердің протеолиздік ферменттері пайда болу сатыларының бірі тежелуіне байланысты.

Қолданылуы

- вульвовагинальді кандидозда

- кольпиттерде

- қынаптық бөліністерде

Ломексин, қынаптық 1000 мг капсулалары сонымен қатар:

- қынаптық трихомониазда

- Trichomonas vaginalis пен Candida albicans тудырған аралас инфекцияларда қолданылады.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Қынаптық 200 мг капсулалар - 3 күн бойы ұйықтар алдында жатқан қалыпта қынап ішіне тәулігіне 1 рет бір капсуладан терең енгізіледі;

Қынаптық 600 мг капсулалар - ұйықтар алдында жатқан қалыпта қынап ішіне бір рет бір капсуладан терең енгізіледі. Егер симптомдар сақталып қалса, 3 күннен кейін бір капсуланы қайта қолдануға болады;

Қынаптық 1000 мг капсулалар - ұйықтар алдында жатқан қалыпта қынап ішіне бір рет бір капсуладан терең енгізіледі.

Трихомониазда және Trichomonas vaginalis пен Candida albicans тудырған аралас инфекцияларда 24 сағаттан кейін бір капсуланы қайта қолдануға болады;

Кандидоз кезінде - симптомдар сақталған жағдайларда 3 күннен кейін бір капсуланы қайта қолдануға болады.

Қайтадан инфекция жұқтыруды болдырмас үшін бір мезгілде жұптасына жыныстық мүшесінің басына және күпегіне (Ломексин, 2% қынаптық кремін) крем жағу арқылы ем жүргізу ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек:

  • жеңіл қызару, препаратты қолданған жерінде шымылдатып ашытқанды сезіну.

Ломексин әдетте жақсы көтерімді, жағымсыз әсерлері өткінші сипатта болады және препаратты тоқтату талап етілмейді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препаратты ұзақ қолданғанда сенсибилизация дамуы мүмкін. Мұндай жағдайда емді тоқтатып, емдеуші дәрігерге қаралған жөн.

Қынаптық капсулаларды бөгеттік контрацептивтермен бірге қолдануға болмайды.

Препараттың құрамына кіретін майлар латекстен жасалған контрацептивтердің зақымдануына алып келуі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Жүйелі қан айналымына сіңу деңгейінің төмен болуына байланысты артық дозалану ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 капсуладан (600 мг доза үшін), 2 капсуладан (1000 мг доза үшін) немесе 6 капсуладан (200 мг доза үшін) поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Сақтау шарттары

30 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«КАТАЛЕНТ ИТАЛИ С.П.А.»

Виа Неттуненсе км. 20, 100, 04011, Априлья, Италия

«Рекордати Ирландия Лтд.», Ирландия үшін

Рахинз Ист, Рингаскидди, Ко. Корк, Ирландия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«FIC MEDICAL» (ФИК МЕДИКАЛЬ) ЖШС Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Төле би к-сі 69, 33 кеңсе, 050000, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

тел.: +7 (727) 272 93 08, факс: +7 (727) 272 90 25

e-mail: fic_kz@ficmedical.kz

 

Прикрепленные файлы

944646411477976213_ru.doc 63.5 кб
625386031477977458_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники