Ломексин (Крем вагинальный 2 %)

МНН: Фентиконазол
Производитель: Рекордати Химика и Фармацевтика Индустрия С.П.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fenticonazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017150
Информация о регистрации в РК: 19.05.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Ломексин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фентиконазол

Дәрілік түрі

Қынаптық 2 % крем

Құрамы

100 г кремнің құрамында

белсенді зат - 2,00 г фентиконазол нитраты

қосымша заттар: глицерил моностеараты, ЭДТА динатрий тұзы, май қышқылдарының полигликольдік эфирі, гидрогенизирленген ланолин, тәтті миндаль майы, пропиленгликоль, цетил спирті, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ түсті біртекті крем

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімдерді қоспағанда). Имидазол туындылары. Фентиконазол АТХ коды G01AF12

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ломексин іс жүзінде жүйелік сіңуге ұшырамайды, ұзақ уақыт бойы қынапқа қолданғанда, қанда оның концентрациясы анықталмайды. Шырышты қабық арқылы сіңу дәрежесі елеусіз.

Фармакодинамикасы

Ломексин – зеңге қарсы әсер ету ауқымы кең, гинекологияда жергілікті қолдануға арналған препарат. Фентиконазол (Ломексиннің әсер етуші заты) имидазолдың синтетикалық туындылары болып табылады (оның рацемиялық қоспасы фентиконазол азотқышқылдық тұзы түрінде). Жергілікті фунгицидті, фунгистатикалық және бактерияларға қарсы әсер етеді. Әсер ету механизмі зеңдердің жасуша жарғақшасының өткізгіштігін реттейтін эргостеролдың синтезін тежеуден тұрады. Candida spp. (оның ішіңде Candida albicans), грамоң бактерияларға (Staphylococcus aureus, Streptococcus spp.) ашытқы зеңдеріне қатысты, сондай-ақ Trichomonas vaginalis қатысты белсенді.

Басқа белгілі азольді қосылыстарға (ішінара, эконазол, миконазол және кетоконазол) қарағанда фентиконазол Candida spp. протеазаларының биосинтезін тежейді. Бұл әсер микозға қарсы белсенділік мөлшеріне байланысты емес және ол ашытқы тәрізді зеңдердің протеолиздік ферменттері пайда болу сатыларының бірі тежелуіне байланысты.

Қолданылуы

- вульвовагинальді кандидозда

- кольпиттерде

- қынаптық бөліністерде

Қолдану тәсілі және дозалары

Кремді (шамамен 5 г) тәулігіне 1 рет ұйықтар алдында немесе қажет болғанда тәулігіне 2 рет - таңертең және кешке, жатқан қалыпта қынапқа тереңдете енгізу керек.

Емдеу курсы - 7 күнге дейін.

Қайтадан инфекция жұқтыруды болдырмас үшін бір мезгілде жұптасына жыныстық мүшесінің басына және күпегіне крем жағу арқылы ем жүргізу ұсынылады.

Аппликаторды қолдану:

1

Прикрепленные файлы

373797791477976215_ru.doc 68.5 кб
455335021477977460_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники