Локоид® (мазь, 0.1%)

МНН: Гидрокортизон
Производитель: Теммлер Италиа С.р.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hydrocortisone butyrate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020072
Информация о регистрации в РК: 09.08.2013 - 09.08.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Локоид ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гидрокортизон

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 0,1%, 30 г жақпамай

Құрамы

Бір грамм препараттың құрамында:

белсенді зат – гидрокортизон бутират (гидрокортизон - 17-бутират) - 1 мг,

қосымша заттар: полиэтиленді жақпамай негізі (95% вазелин майы, 5% полиэтилен)

Сипаттамасы

Жартылай мөлдір, ашық-сұрдан ақ дерлік түске дейінгі, жұмсақ, майлы жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Глюкокортикостероидтар. Белсенділігі орташа глюкокортикостероидтар. Гидрокортизон бутираты

АТХ коды D07АВ02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Жаққаннан кейін белсенді заты эпидермисте, негізінен түйіршікті қабатта жиналады.

Метаболизмі

Терімен сіңген гидрокортизон 17-бутираты тікелей эпидермисте гидрокортизонға және басқа да метаболиттерге дейін метаболизденіп, әрі қарай бауырда метаболизденеді.

ШығарылуыМетаболиттер және өзгеріске ұшырамаған гидрокортизон 17-бутиратының аздаған бөлігі несеппен және нәжіспен бірге бөлініп шығады. Фармакодинамикасы

Локоид® сыртқа қолдануға арналған галогенделмеген белсенді синтетикалық глюкокортикоидты препарат болып табылады. Қабынуға қарсы, ісінуге қарсы және қышынуға қарсы әсер етеді. Оның тиімділігі галогенделген стероидтарға ұқсас.

Локоидты® ұсынылған дозаларда қолдану гипоталамды-гипофизарлы-адренал жүйесі қызметін төмендетпейді. Препараттың үлкен дозаларын ұзақ уақыт қолданса да, әсіресе окклюзиялық таңғыштарды пайдаланғанда, қан плазмасындағы кортизолдың мөлшерін арттыруы мүмкін, бұл ешқашан гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесінің рактивтілігінің төмендеуімен қатарласа жүрмейді, ал препаратты тоқтату кортизолдың өндірілуінің тез қалыпқа келуіне әкеледі.

Қолданылуы

Терінің, жергілікті кортикостероидтарға сезімтал, беткейлік, жұқпалы емес ауруларында:

  • экземада

  • дерматиттерде

  • псориазда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препараттың аздаған мөлшерін зақымданған теріге тәулігіне 1-3 рет жағады. Оң динамика пайда болған кезде препаратты аптасына 1 реттен 3 ретке дейін қолданады. Теріге енуін жақсарту үшін препаратты теріге сылап-сипалай отырып жағады. Ауру барысының төзімділігі жағдайында, мысалы шынтақтарға, тізелерге орналасқан қатты псориаздық түйіндақтарда, препаратты окклюзиялық таңғыш астына қолдану қажет. Балаларға окклюзиялық таңғыш астына пайдалануға болмайды. Апта ішінде пайдаланылатын препарат дозасы 60 г-нан аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті реакциялар: сирек – терінің тітіркенуі.

Ұзақ уақыт қолданғанда және/немесе терінің ауқымды бетіне жаққанда ГКС-ке тән жағымсыз әсерлер байқалуы мүмкін (гиперкортицизм және бүйрекүсті безі қызметінің төмендеуі).

Локоидты® қолданғанда жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупі галогенделген стероидтарды қолданған кездегіге қарағанда төмен.

Жергілікті және жүйелік жағымсыз әсерлер қаупі препаратты зақымданған терінің үлкен бетіне ұзақ уақыт қолданғанда, окклюзиялық таңғыштарды пайдаланғанда арта түседі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • беттегі қызғылт безеулер

  • acne vulgaris

  • ауыз аймағына орналасқан дерматит

  • перианальді, гениталді қышыну

  • бактериялық (мысалы: импетиго), вирустық (мысалы: Herpes simplex), зеңдік (мысалы: кандидалармен немесе дерматофиттермен) жұқпалармен асқынған дерматиттер

  • препаратқа жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Локоидтың® дәрілермен өзара әрекеттесуі жөнінде деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Балаларға қолданылуы

Балаларға 6 айлықтан бастап қолданады. Препаратты балаларда бет аймағына немесе окклюзиялық таңғыш астына қолданған жағдайларда емдеу курсының ұзақтығын қысқарту қажет.

Балаларда бүйрекүсті безі қабығының қызметінің басылуы тезірек туындауы мүмкін. Бұдан басқа, өсу гормоны экскрециясының төмендегені байқалуы мүмкін. Препаратты ұзақ уақыт бойы қолданғанда балалардың дене салмағын, бойын, плазма кортизолының деңгейін бақылап отыру қажет. 30 г Локоид® немесе 1% гидрокортизон жақпамайын апта сайын қабылдаған балаларды бақылай отырып жүргізілген зерттеулерде бүйрекүсті безі қабығы қызметінің бұзылулары байқалған жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Глюкокортикоидтар плацента арқылы өтеді. Ұрыққа әсері препаратты терінің ауқымды бетіне жаққан кезде аса айқын болуы мүмкін. Жүктілік және лактация кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ, осыған байланысты препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлікті және басқа да қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Зерттеу жүргізілген жоқ. Алайда автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпал етуі мүмкін жағымсыз реакциялар болуы мүмкін.

Артық дозалануы

Локоидтың® артық дозалануы жөнінде деректер жоқ. Препаратты үлкен дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда гиперкортицизм симптомдары пайда болуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Жарғақшамен және бұралатын полиэтилен қалпақшамен жабылатын, эпоксидтік лакпен өңделген алюминий немесе пластик сықпаға препарат 30 г-нан салынған. 1 сықпадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Теммлер Италиа С.р.Л., Виа Индустри, 2, 20061 Каругате, МИ, Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

Астеллас Фарма Юроп Б.В., Нидерланды

Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы Астеллас Фарма Юроп Б.В. өкілдігі

Алматы қ-сы, 050559, Әл-Фараби д-лы 15, «Нұрлы Тау» ҒФО, ғим. 4В, кеңсе №20 

Телефон (727) 311-13-89 Факс  (727) 311-13-90 e-mail   astellas@com.kz

Прикрепленные файлы

829689041477976795_ru.doc 53.5 кб
525346031477977952_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники