Локоид Липокрем®

МНН: Гидрокортизон
Производитель: Теммлер Италиа С.р.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hydrocortisone butyrate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020112
Информация о регистрации в РК: 02.09.2013 - 02.09.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Локоид Липокрем®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гидрокортизон

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 0,1%, 30г крем

Құрамы

Бір грамм препараттың құрамында:

белсенді зат – гидрокортизон бутираты (гидрокортизон - 17-бутират)-1 мг,

қосымша заттар: сұйық парафин, жұмсақ ақ парафин, цетостеарильді спирт, макрогол 25 цетостеараты, пропилпарагидроксибензоат, бензил спирті, сусыз лимон қышқылы, сусыз натрий цитраты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ түсті біркелкі крем.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Глюкокортикостероидтар. Белсенділігі орташа глюкокортикостероидтар. Гидрокортизон бутираты

АТХ коды D07АВ02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі. Жаққаннан кейін белсенді заты эпидермисте, негізінен түйіршікті қабатта жиналады.

Метаболизмі. Терімен сіңген гидрокортизон 17-бутираты эпидермисте гидрокортизонға және басқа да метаболиттерге дейін метаболизденіп, әрі қарай бауырда метаболизденеді.

Шығарылуы. Метаболиттер және өзгеріске ұшырамаған гидрокортизон 17-бутиратының аздаған бөлігі несеппен немесе нәжіспен бірге бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Локоид Липокремін® сыртқа қолдануға арналған галогенделмеген белсенді синтетикалық кортикоидты препарат болып табылады. Қабынуға қарсы, ісінуге қарсы және қышынуға қарсы әсерлері бар; тиімділігі бойынша галогенделген стероидтармен ұқсас. Ұсынылған дозаларда қолдану гипоталамды-гипофизарлы-бүйрекүстілік без жүйесі қызметін төмендетпейді.

Локоид Липокрем® құрамындағы липидтер мөлшерінің жоғарылығымен ерекшеленеді, бұл терінің физиологиялық бөгегіш қызметінің қалпына келуіне мүмкіндік береді.

Қолданылуы

Терінің, жергілікті кортикостероидтарға сезімтал, беткейлік, жұқпалы емес ауруларында:

  • дерматиттерде, соның ішінде атопиялық, жанаспалы, себореялық

  • экземада

  • псориазда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және балаларға (6 айдан асқан) препаратты зақымданған теріге тәулігіне 1-3 рет жұқалап жағады. Ауру симптомдары жақсарғаннан кейін жағу жиілігі аптасына 2-3 ретке дейін азайтылуы мүмкін. Локоид Липокремін® терінің баяу өрбитін, созылмалы және аралас зақымдануларында пайдалануға болады.

Теріге енуін жақсарту үшін препаратты теріге сылап-сипалай отырып жағады. Ауру барысының төзімділігі жағдайында, мысалы шынтақтарға, тізелерге орналасқан қатты псориаздық түйіндақтарда, препаратты окклюзиялық таңғыш астына қолдану қажет. Балаларға окклюзиялық таңғыш астына пайдалануға болмайды. Апта ішінде пайдаланылатын препарат дозасы 60 г-нан аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті реакциялар:

- тері атрофиясы (эпидермистің жұқаруы, телеангиоэктазиялар, стрийлер, пурпура)

- периоральді дерматит және розацеа

- жараның жазылуының баяулауы

- депигментация

- гипертрихоз

- жанаспалы дерматит

- кортикостероидты тоқтатуды қиындататын «рикошет» синдромы

- көзішілік қысымның жоғарылауы және катарактаның пайда болу қаупі (конъюнктиваға жүйелі түрде түскенде)

Жүйелік реакциялар:

Ұзақ уақыт қолданғанда, терінің ауқымды бетіне жаққанда және/немесе окклюзияларды пайдаланғанда жүйелік кортикостероидтарға тән жағымсыз әсерлер байқалуы мүмкін. Локоид Липокремін® қолданғанда жергілікті және жүйелік жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупі фторланған стероидтарды пайдаланған кездегіге қарағанда төмен.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • бактериялармен (мысалы: пиодермия, мерез, туберкулез), вирустық (мысалы: орофациальді ұшық, желшешек, белдеулі теміреткі, өткір ұшты кондиломалар, сүйелдер, контагиозды моллюск), зеңдік және паразиттік (мысалы: қотыр) жұқпалармен асқынған дерматиттер

  • терідегі ойық жаралар және жаралар

  • периоральді дермит, стрийлер

  • қызғылт безеулер, акне, ихтиоз, жасөспірімдік табан дерматозы, қантамырлардың сынғыштығы, тері атрофиясы

  • препарат компоненттеріне немесе кортикостероидтарға жоғары сезімталдық

  • 6 айға дейінгі балалар

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі жөнінде деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Глаукоманың және субкапсулярлы катарактаның пайда болу қаупіне байланысты Локоид Липокремін® периорбитальді аймаққа жақпаған жөн. Препаратты беттің, гениталийдің және кортикостероидтар әсеріне өте сезімтал бастың шашы бар бөлігіне абайлап қолданған жөн (оны осы жерлерге пайдалану ұзақтығы, мүмкіндігінше, 7 күннен аспауы тиіс).

Ауқымды зақымданған жерге жаққанда, ұзақ қолданғанда, окклюзияны пайдаланғанда және балаларда жергілікті және жүйелік жағымсыз әсерлер қаупі артады.

Балаларда жергілікті кортикостероидтарды қолданғанда бүйрекүсті безі қабығы қызметінің бәсеңдеуі тезірек пайда болады. Бұдан басқа, өсу гормоны түзілуінің төмендегені байқалуы мүмкін. Ұзақ емдеу курсын пайдаланғанда балалардың дене салмағын, бойын, плазма кортизолының деңгейін бақылап отыру қажет.

Балаларға 4 апта бойы аптасына бір рет 30-60 г Локоид Липокремін® қолданып жүргізілген зерттеулерде, 1% гидрокортизон жақпамайымен салыстырғанда, бүйрекүсті безі қабығы қызметінің бұзылулары байқалған жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Кортикостероидтар плацента арқылы өтеді. Жүйелік стероидтардың жоғары дозаларын пайдаланғанда гипоталамды-гипофизарлы-бүйрекүстілік жүйенің тежелуі және ұрықтың жатырішілік өсуінің кідіруі тіркелді. Сыртқы кортикостероидтарды қолданған кезде олардың пайда болу қаупі ақырына дейін анықталған жоқ, бірақ ұзақ қолданғанда және ауқымды зақымданған жерге жаққанда бұларды толық жоққа шығару мүмкін емес. Локоид Липокремін® қолданған кезде емшек емізуді тоқтата тұрған жөн.

Дәрілік заттың көлікті және басқа да қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Зерттеу жүргізілген жоқ. Алайда автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпал етуі мүмкін жағымсыз реакциялар болуы мүмкін.

Артық дозалануы

Препаратты жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда жоғарыда сипатталған жағымсыз әсерлер күшеюі мүмкін. Гиперкортицизм симптомдары пайда болған кезде препаратты тоқтатқан жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Жарғақшамен және бұралатын полиэтилен қалпақшамен жабылатын, эпоксидтік лакпен өңделген алюминий немесе пластик сықпаға препарат 30 г-нан салынған. 1 сықпадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Теммлер Италиа С.р.Л., Виа Индустри, 2, 20061 Каругате, (МИ), Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

Астеллас Фарма Юроп Б.В., Нидерланды

Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы Астеллас Фарма Юроп Б.В. өкілдігі

Алматы қ-сы, 050559, Әл-Фараби д-лы 15, «Нұрлы Тау» ҒФО, ғим. 4В, кеңсе №20 

Телефон (727) 311-13-89 Факс  (727) 311-13-90 e-mail   astellas@com.kz

 

Прикрепленные файлы

876867721477976822_ru.doc 57.5 кб
784293831477977980_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники