Листенон®

МНН: Суксаметония хлорид
Производитель: Такеда Австрия ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Suxamethonium
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015881
Период регистрации: 20.04.2015 - 20.04.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 150.75 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Листенон®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Суксаметоний хлориді

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 0,1г/5мл ерітінді

Құрамы

1 ампуланың (5 мл) ішінде

белсенді зат - 100 мг сусыз суксаметоний хлориді,

қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Миорелаксанттар. Шеткергі әсер ететін миорелаксанттар. Холин туындылары. Суксаметоний хлориді.

АТХ коды М03АВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Суксометоний хлориді әсерінің қысқа уақытты болуы оның сарысулық холинэстеразамен тез белсенділігінің жойылуы нәтижесі болып табылады: суксометоний хлоридінің үлкен бөлігі препаратты енгізу бойына плазма холинэстеразасымен қимыл жүйкелері ұштарының пластинкаларына жеткенше белсенділігі жойылады. Суксаметоний плазма холинэстеразасымен тез гидролизденіп, холин мен сукцинилмонохолин түзеді. Сукцинилмонохолин деполяризацияланбайтын миорелаксант болып табылады, оның белсенділігі бастапқы затпен салыстырғанда 20–50 есе төмен болады. Бұдан әрі қарай метаболизм жылдамдығы баяулайды және сукцинилмонохолин янтарь қышқылына (белсенді емес метаболит) және холинге (белсенді метаболит) ыдырайды.

Препараттың қалған бөлігі қимыл жүйкелері ұштарының пластинкаларына жеткен кезде суксаметоний жасушадан диффузияланады. Осылайша, шығарылу жылдамдығы суксаметонийдің плазма холинэстеразасымен гидролизденуімен анықталады, өйткені гидролиз шығарылудың негізгі факторы болып табылады. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі - 1 минуттан кем, шамамен 10%-ы өзгермеген күйінде несеппен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Листенон® деполяризациялайтын миорелаксант болып табылады және қимыл жүйкелерінің ұшындағы пластинкаларына импульсті өткізуді бөгеу арқылы қаңқа бұлшықеттерінің әлсіз салдануын туындатады. Деполяризациялайтын миорелаксанттар, олардың классикалық үлгісі болып табылатын Листенон®, ацетилхолинге ұқсастығы сол никотинергиялық рецепторлармен байланысады және алдымен агонистік әсер етеді. Алайда, ацетилхолиннен айырмашылығы, Листенонның® әсер етуінің нәтижесі деполяризацияның өте ұзақтығы (деполяризациялайтын блок, немесе І саты блогы) болып табылады. Суксаметоний рецептормен байланысқан күйінде қалғанша, стимуляцияның болуы мүмкін емес. Осы саты кезінде суксаметоний өзінің антагонистік әсерін көрсетеді. Жарғақшаның деполяризациясы суксаметоний және рецептор ажырғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Листенон® әсер етуі ұзақ деполяризацияланбайтын миорелаксанттардан әсерінің тез дамуымен (минут ішінде) және әсер ету ұзақтығының қысқа, яғни 2-6 минут болуымен ерекшеленеді. Бұл хирургияның талаптарына сәйкес бұлшықеттің босаңсуын тез өзгертуге, сондай-ақ миорелаксацияның мезгілінен артық кетпеуіне мүмкіндік береді.

Бұлшықет келесі ретпен босаңсиды: көздің шеңберлі бұлшықеті, шайнау бұлшықеттері, аяқ-қолдардың, құрсақ қабырғасының, жұтқыншақтың және, соңында, диафрагманың бұлшықеттері.

Қолданылуы

  • жалпы анестезия кезінде бұлшықет тонусын төмендетуге (кеңірдек интубациясын жеңілдетуге, құрсақ қуысына операциялық араласымда, шұғыл кесарь тілігінде, асқазаны толық жағдайдағы емделушілерге шұғыл операция жасағанда, ішек тонусын төмендетуге)

  • электроқұрысу терапиясында (ЭҚТ) құрысу айқындылығын әлсіздендіруге

Қолдану тәсілдері және дозасы

Жалпы анестезия кезінде Листенонды® бір реттік көктамырішілік инъекция түрінде енгізеді. Әсері 30‑60 секундтан кейін басталады және шамамен 2‑6 минутқа созылады.

Листенонды® ұзақ инфузия түрінде енгізбеген жөн («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Операцияны бастағанға дейін көктамыр ішіне дене салмағының әр кг шаққанда 0,05 мг тестік аздаған доза арқылы препаратқа деген сезімталдықты анықтап алу керек.

12 жастан асқан балаларға және ересектерге дозалау тәртібі

Интубация үшін бір реттік доза: дене салмағының әр кг шаққанда 1 – 1,5 мг.

1 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға дозалау тәртібі – дене салмағының әр кг шаққанда 1 мг.

Жаңа туған нәрестелерге және 1 жасқа дейінгі балаларға дозалау тәртібі –дене салмағының әр кг шаққанда 1 - 2 мг. Жаңа туған нәрестелерге әр кг дене салмағына шаққанда Листенонның® көбірек мг-і (үлкен таралу көлемі) қажет етіледі. Әсер ету күші бойынша бірдей Листенон® дозаларының, 6 айлыққа дейінгілерде плазма холинэстеразасы белсенділігі ересектермен салыстырғанда тек 40-50-ды ғана құрайтынына қарамастан, барлық жас топтарында әсер ету уақыты ұқсас («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» тарауын қараңыз).

Семіздіктен зардап шегуші емделушілерге дозалау тәртібі

Осы емделушілер үшін дозалау тәртібі іс жүзіндегі дене салмағынан емес, нағыз салмағынан шығарып есептелуі тиіс.

Бауыр, бүйрек функциясы бұзылған және жүрек аурулары кезіндегі дозалау тәртібі

Арнайы тәртіппен дозалау қажеттілігі жоқ, бірақ «Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімдерінде ескерілуге тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі

  • сарысуда калий деңгейінің жоғарылауы (өте жиі – аздап 0,05 ммоль/л-ге жоғарылауы)

  • миоглобинемия (балалардың 20%-да байқалды, ересектерде сирек). Бұл әсер дозаға байланысты емес және бұлшықет фасцикуляциясымен, онсыз дамуы мүмкін.

  • бұлшықет фасцикуляциясының нәтижесі ретінде миалгия (барлық емделушілердің шамамен 60%-да), мойында, кеуде қуысында, иықта және арқада, әсіресе орта жастағы емделушілерде (20 – 50 жас) өте жиі, бұлшықет фасцикуляциялары (90%)

  • аритмиялар (көктамырішілік алғашқы инъекциядан кейін балалардың 50%-да және ересектердің 20%-да, кішкентай балаларда өте жиі анықталды), (Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Жиі

  • аллергиялық реакциялар (қан тебулер, есекжем, гистаминнің босап шығуына байланысты терінің қызаруы)

  • көзішілік қысымның жоғарылауы

  • қарыншаішілік қысымның жоғарылауы (жүкті емделушілерде регургитация қаупі, диафрагманың өңештік тесігінің жарығы бар емделушілерде, асқазанның және ішектің атониясы, асцит, сондай-ақ құрсақ қуысының ісігі), сілекейдің мол бөлінуі

  • гипотензия, гипертензия

  • бассүйекішіілк қысымның жоғарылауы

Жиі емес

  • аздап жоғарылаған тризм (60 секундқа дейін), ол ұйықтатқыш дәрілерді немесе деполяризацияланбайтын миорелаксанттың аздаған дозасын тағайындау арқылы төмендетілуі мүмкін.

  • өткінші артериялық гипертензия, тахикардия

Сирек

  • бронхтың түйілуі

  • плазмадағы холинэстераза мөлшері бұзылған емделушілерде ұзақ апноэ, бронхспазм, ларингоспазм

  • босаңсыған жердегі бұлшықеттің жиырылуы (дистрофиялық миотониямен немесе іштен туа болатын миотониямен жиі қабаттасады). Жүйке-бұлшықет өткізгіштігі ауруларында қосарлы блоктың дамуы нәтижесінде ұзақ салдану пайда болуы мүмкін, ол сондай-ақ идиосинкразияға (тұқым қуалайтын холинэстеразалы вариант), плазмадағы холинэстераза деңгейінің төмендеуіне немесе артық дозалануына байланысты дамиды.

  • миоглобинурия және креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, негізінен, Листенон® мен галотан қабылдаған балаларда

Өте сирек

  • ысынумен болатын анафилактикалық шок, бронхтың түйілуімен немесе онсыз және гипотензиямен

  • порфирия

  • дене температурасының жоғарылауы

  • қатерлі гипертермия бұлшықеттің сіресуімен және онсыз (шайнау бұлшықетінің түйілуі)

  • жүрек-қантамырлық асқынулар (тахиаритмиялар, тұрақсыз артериялық қысым)

  • қарыншалық аритмиялар, гиперкалиемияға, гиперкальциемияға байланысты қарыншалардың фибрилляциясы, Листенонды® енгізу аясындағы гиперкалиемияға байланысты жүректің тоқтап қалуы, әсіресе қаңқа бұлшық еттерінің анықталмаған аурулары бар (Дюшен миопатиясы) балаларда

  • анафилактоидты реакциялардың нәтижесі ретінде жүрек жеткіліксіздігі

  • тыныс шығару соңында CO2 концентрациясының жоғарылауы

  • ауыр ацидоз

  • бүйрек жеткіліксіздігіне әкеп соқтыратын гемоглобинурия, миоглобинурия, негізінен бұлшықет дистрофиясы (жасырын) бар емделушілерде

  • жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің ауруларында тыныс алу функциясының кешеуілдеген жеткіліксіздігі

  • көмейдің ісінуі, өкпенің ісінуі

  • жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің анықталған және анықталмаған аурулары бар жедел ағымды рабдомиолиз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • суксаметоний хлоридіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне асқын сезімталдық

  • қатерлі гипертермия

  • гиперкалиемия және бүйрек жеткіліксіздігі ауыр емделушілердегі гиперкалиемия қаупінде

  • ауыр күйіктер, көптеген жарақат

  • құрсақ қуысының ауыр жұқпалары, сепсис

  • қимыл қозғалыстың ұзақ уақытқа шектелуі (реанимациядағы емделушілер)

  • көзге тереңдей енген жарақат, көзішілік қысым жоғарылауы

  • бассүйекішілік қысым жоғарылауы

  • жүйке-бұлшықет өткізгіштігі бұзылуы (миотония, полиомиелит, бүйірлік амиотрофиялық склероз, жойылған склероз, бұлшық ет дистрофиясының барлық түрлері, ауыр миастения)

  • екіншілік бұлшықет атрофиясына әкеп соқтыратын иннервацияның бұзылуы (көлденең синдром)

  • холинэстеразаның іштен туа біткен жеткіліксіздігінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Суксаметоний хлоридімен келесі дәрілік препараттар өзара әрекеттеседі:

Суксаметоний хлоридінің әсерін күшейтеді немесе ұзартады

  • ұшқыш ингаляциялық анестетиктердің (энфлуран, десфлуран, изофлуран, севоран) көбіне орталық миорелаксанттық әсері бар;

  • холинэстераза тежегіштері: деполяризациялаушы блоктың холинэстераза тежегіштерімен (неостигмин) жойылуы мүмкін емес. Осы препараттардың әсерімен деполяризациялайтын блок күшейе түседі, ол холинэстеразаның ғана емес, сонымен қатар псевдохолинэстеразаның тежелуімен де, сондай-ақ сукцинилхолиннің өзінің ыдырауымен де түсіндіріледі. (Холинэстераза тежегіштері қосарлы блокқа да ықпалын тигізуі тиіс, бірақ бұл жағдайда сақ болған жөн). Құрамында холинэстеразы тежегіштері (экотиопат, эдрофоний, пиридостигмин) бар көз тамшылары да суксаметоний хлориді әсерін күшейте алады;

  • цитостатиктер (циклофосфамид, тиофосфамид) холинэстераза белсенділігінің төмендеу нәтижесі ретінде;

  • антибиотиктер, бәрінен бұрын аминогликозидтер (гентамицин, неомицин, стрептомицин);

  • натрий иондары үшін мембраналар өткізгіштігінің төмендеуінің нәтижесі ретінде жергілікті анестетиктер (прокаин, лидокаин), аритмияға қарсы препараттар (I класс заттары);

  • магний сульфаты: магний тұздарының инфузиясын сукасаметоний хлориді енгізуден 20–30 минут бұрын тоқтатқан жөн;

  • кальций өзекшелерінің бөгелуіне байланысты кальций антагонистері және ілмектік диуретиктер;

  • бета-адреноблокаторлар;

  • литий тұздары;

  • кортикостероидтар;

  • окситоцин, циметидин;

  • МАО тежегіштері (фенелзин) және белгілі нейролептиктер (перфеназин), метоклопрамид, гормоналды контрацептивтер және эстрогендер, холинэстераза белсенділігінің төмендеуіне байланысты симпатомиметиктер;

  • эпилепсия ауруына қарсы препараттар деполяризацияланбайтын миорелаксанттардың әсерін төмендетеді. Алайда сукасаметоний хлориді үшін әсерінің ұзару жағдайлары айтылған;

  • алкоголь және орталық жүйке жүйесін басатын дәрілер сукасаметоний хлориді әсеріне ықпалын тигізуі мүмкін;

Сукасаметоний хлоридінің әсерін төмендетеді

  • суксаметонийдің парасимпатикалық әсерлері атропиннен төмендеуі мүмкін;

  • ажыратылмаған қанды немесе плазманы қатарластыра құю сукасаметоний хлориді әсерін төмендетеді;

Сукасаметоний хлориді басқа дәрілік заттарға әсері

  • суксаметоний хлориді дигиталис препараттарының әсерін күшейтеді (аритмияларға әкеп соқтыру қаупі);

  • сукасаметоний хлоридінің ампулалардағы 0,1 г/5 мл-ін сілтілік заттармен, мысалы, барбитураттармен (мысалы, тиопенталмен) араластыру сукасаметоний хлориді әсерінің төмендеуіне немесе әсерінің жоқ болуына әкеп соқтыруы мүмкін;

Сукасаметоний хлориді мыналармен үйлесімді

  • қанмен, натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен, Рингер ерітіндісімен, 5% фруктоза ерітіндісімен, 5% декстроза ерітіндісімен, 6% декстран ерітіндісімен.

Айрықша нұсқаулар

Листенон® емделушінің санасына әсер етпей-ақ тыныс алу бұлшықеттерінің салдануын тудыруы мүмкін. Сондықтан жалпы анестезия кезінде Листенонды® тек тәжірибелі анестезиолог немесе дәрігер енгізе алады, және де ол үшін инкубациялық наркозға, өкпелерді жасанды жолмен желдетуге, ал қажет болған кезде реанимацияға арналған барлық заттар болуға тиіс.

Парасимпатикалық әсерлер (брадикардия асистолияға дейін, гипотензия, гиперсаливация) атропинді енгізу арқылы жиі тоқтатылуы немесе әлсіздендірілуі мүмкін.

Жүрек және өкпе ауруларына шалдыққан емделушілерде сақ болу қажет. Жүректің жағымсыз әсерлері балаларда жиі кездеседі (алдымен брадикардия, содан кейін тахикардия, орын басатын түйінді ырғақ болуы мүмкін, қарыншалық экстрасистолия болуы мүмкін). Балалар мен жасөспірімдерде байқалған өлім жағдайлары емге тиімсіздік нәтижесінен болды. Осы жағдайлардың кейбіреулерінде емделушілер жүйке-бұлшықет өткізгіштігі ауруын анықталмағандықтан зардап кешті.

Емделушінің жасына байланысты аритмиялардың пайда болу жиілігі алғашқы дозадан кейін 15 минут ішінде екінші дозаны енгізген кезде артты.

Осыған байланысты, сондай-ақ төменде айтылған себептерге байланысты, Листенон® ұзақ инфузия түрінде енгізілмеуге тиіс.

Суксаметоний хлориді плазма холинэстеразасы немесе псевдохолинэстеразасының әсер етуімен гидролиз барысында белсенділігі жойылады. Сондықтан препарат әсерінің ұзақтығы ең алдымен осы ферменттердің концентрацияларына және белсенділігіне байланысты болады.

Холинэстеразаның немесе псевдохолинэстеразаның жеткіліксіздігі Листенонның® әсерін елеулі ұзартуы мүмкін. Холинэстеразаның жеткіліксіздігі іштен туа болуы, бауыр функциясының ауыр бұзылуларынан, бүйрек функциясының терминальды жеткіліксіздігінен, гипотиреоздан немесе этиологиясы әртүрлі ауыр аурулардан (қатерлі ісіктер, тойып тамақтанбау), күйіктерден немесе дәрілік препаратты қабылдаудан дамуы мүмкін. Холинэстераза белсенділігінің физиологиялық тұрғыдан төмендеуі жаңа туған нәрестелерде, жастық шақта және жүктіліктің соңында білінеді.

Суксаметоний хлоридінің әсер ету уақытының елеулі артуының клиникалық маңызы бар, ең алдымен, плазма холинэстеразасы генетикалық тұрғыдан жеткіліксіз болатын емделушілерде. Белгілі бір жағдайларда мұндай емделушілер бірнеше сағат бойы ӨЖЖ-де болуды жалғастыруға тиіс.

Ұзақ инфузия аналогиясы бойынша препаратты қайтадан енгізу заттың жүйке-бұлшықет бөгетін тудыру қабілетін өзгертуі мүмкін (қажет етілетін жиналған доза әр кг дене салмағына шаққанда 5–10 мг). Ұзаққа созылған бастапқы деполяризациялық бөгет (I кезең бөгеті) ұзаққа созылатын деполяризацияланбайтын бөгетке (II кезең бөгеті, немесе қосарлы бөгет) көшеді. Егер Листенон® атипиялық холинэстеразамен гидролиздене алмаса, қосарлы бөгет дамиды, сондықтан синаптикалық саңылауға жиналады. Клиникалық деректер негізінде бөгеттің екі түрін айыру мүмкін емес; ол үшін релаксографияны қолданады. Деполяризациялық бөгеттен айырмашылығы холинэстераза тежегіштерінің қосарлы бөгетке ішінара антагонизмі бар.

Листенонды® енгізу жасуша ішіне калийдің елеулі мөлшерінің түсуімен қоса қабаттасуы мүмкін. Калийдің сарысудағы деңгейін арттыру өмірге қауіп төндіретін гиперкалиемияға әкеп соқтырып, қарыншалар фибрилляциясын және асистолияны дамытуы мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігіне, ауыр күйікке шалдыққан немесе көп жарақаттанған емделушілерде ерекше қауіп төнеді.

Листенонды® енгізгеннен кейін миалгияға немесе бұлшықеттің ауыруына әкеп соқтыратын бұлшықеттік уақытша фасцикуляция пайда болуы мүмкін. Прекурареризация (деполяризацияланбаған миорелаксанттардың төмен дозаларын енгізу) алғашқы бұлшықет фасцикуляциясын және миалгияны азайту мүмкіндігін береді.

Гипотермия Листенонның® әсерін физикалық және биохимиялық мембраналық үдерістердің баяулауы есебінен потенциялауы және ұзартуы мүмкін.

Листенонның® әсері ацетилхолиннің пресинаптикалық босап шығуының тежелуіне байланысты гипермагниемиямен және гипокальциемиямен, және де тыныш кездегі мембраналық потенциалдың төмендеуі есебінен гипокалиемиямен күшеюі және ұзаққа созылуы мүмкін.

Суксаметоний хлориді қатерлі гипертермия дамуына түрткі болуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Листенон® жүктілік кезінде тек қажет болған кезде ғана тағайындалуға тиіс. Листенон® плацента арқылы өтпейді.

Листенонның® әсер ету уақыты жүктілік кезінде плазма холинэстеразасы деңгейінің төмендеуі есебінен артуы мүмкін. Холинэстеразаның плазмадағы деңгейі босанғаннан кейін шамамен 6–8 аптадан соң қалыпты мәнге жетеді.

Листенонның® ана сүтіне өтетін-өтпейтіні белгісіз. Алайда препаратты енгізу қажет болған кезде препаратты енгізер алдында бала емізуді тоқтатқан және анестезиядан кейін кем дегенде 24 сағат бойы жаңғыртпаған жөн.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат мамандандырылған бөлімшелерде қолданылады.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұзақ миорелаксация, қосарлы блок нәтижесінде тыныстың тоқтап қалуы.

Емі: өкпелерді жасанды түрде желдету.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сындыратын нүктесі бар, түссіз ампулада 5 мл.

Пішінді ұяшықты пластик қаптамада 5 ампуладан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы картон қорапқа салынған.

Ампулаларға таңбалану ампула шынысының бетіне немесе ампулаға желімделген заттаңбаға салынады.

Сақтау шарттары

2-8°С температурада жарықтан қорғалған жерде сақтау керек!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Такеда Австрия ГмбХ, Австрия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Такеда Австрия ГмбХ, Австрия

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Такеда Австрия ГмбХ, Австрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Takeda Osteuropa Holding GmbH» (Австрия) компаниясының Қазақстандағы өкілдігі

Алматы қ., Шашкин к-сі 44

Телефон нөмірі (727) 2444004,

Факс нөмірі (727) 2444005

Электронды поштасы: DSO-KZ@takeda.com

Прикрепленные файлы

613878081477976530_ru.doc 98 кб
387236401477977693_kz.doc 105 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники