Лисоф

МНН: Ледипасвира премикс, Софосбувир
Производитель: Хетеро Лабс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Софосбувир и ледипасвир
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№024905
Информация о регистрации в РК: 19.01.2021 - 19.01.2026

Инструкция

Саудалық атауы

Лисоф

Халықаралық патенттелмеген атауы

Қатысты емес

Дәрілік түрі, дозасы 

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 90 мг/400 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. С гепатитін емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар. Софосбувир және ледипасвир.

АТХ коды J05AР51

 

Қолданылуы

- 12 жастан 18 жасқа дейінгі ересектер мен жасөспірімдерде созылмалы С вирустық гепатитті (ССГ) емдеу

 

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға немесе 6.1 бөлімінде көрсетілген кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- розувастатинмен бірге қолдану

- P-gp күшті индукторларымен қолдану

- ішекте гликопротеин Р (P-gp) күшті индукторлары болып табылатын дәрілік заттармен (рифампицин, рифабутин, шайқурай [Hypericum perforatum], карбамазепин, фенобарбитал және фенитоин). Оларды бірге қолдану қан плазмасындағы ледипасвир мен софосбувир концентрациясын айтарлықтай төмендетеді және препараттың тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Лисофты құрамында софосбувир бар басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препарат құрамында ледипасвир және софосбувир болғандықтан, оны қабылдаған кезде көрсетілген белсенді заттармен жеке-жеке байланысты өзара әрекеттесудің кез келген жағдайлары болуы мүмкін.

Ледипасвир мен софосбувирдің басқа дәрілік заттарға ықтимал әсері

Ледипасвир P-gp әсер етуші заты тасымалдаушысының жасанды тежегіші және сүтбез обырының резистенттілік ақуызы болып табылады, сондықтан ол аталған тасымалдаушылардың бірлесіп енгізілетін субстраттарының ішекте сіңуін күшейте алады.

Басқа дәрілік заттардың ледипасвир мен софосбувирге ықтимал әсері

Ледипасвир мен софосбувир P-gp әсер етуші затының тасымалдаушысы және сүтбез обырының резистенттілік ақуызының субстраттары болып табылады, ал GS‑331007 – табылмайды. P-gp күшті индукторлары болып табылатын дәрілік препараттар (рифампицин, рифабутин, шайқурай, карбамазепин, фенобарбитал және фенитоин) плазмадағы ледипасвир мен софосбувир концентрациясын едәуір төмендетуге қабілетті, бұл ледипасвир/софосбувир біріктірілімінің емдік әсерінің төмендеуін туындатады, сондықтан олар ледипасвирмен және софосбувирмен бірге қолдануға қарсы көрсетілімді. Ішектегі P-gp орташа индукторлары болып табылатын дәрілік заттар (мысалы, окскарбазепин) қан плазмасындағы ледипасвир мен софосбувир концентрациясын төмендетуі және осылайша ледипасир мен софосбувирдің емдік әсерін әлсіретуі мүмкін. Мұндай дәрілік заттарды ледипасвирмен және софосбувирмен бірге қолдану ұсынылмайды. P-gp және/немесе сүтбез обырының резистенттілік ақуызын тежейтін дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану плазмадағы ледипасвир мен софосбувир концентрациясын күшейтуге қабілетті, бұл ретте плазмадағы GS‑331007 концентрациясы жоғарыламайды; ледипасвир мен софосбувирді P-gp тежегіштерімен және/немесе сүтбез обырының резистенттілік ақуызымен бірге тағайындауға болады. CYP450s немесе UGT1A1 ферменттерімен байланысты ледипасвир/софосбувир біріктілімімен дәрілік препараттардың клиникалық маңызды өзара әреттесуіне қатысты болжам жоқ.

К дәруменінің антагонистерін қабылдайтын пациенттер

Лисоф қабылдау кезінде бауыр функциясының өзгеруі мүмкін болғандықтан, халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) мұқият бақылау ұсынылады.

DDA емінің бауыр метаболиздейтін препараттарға әсері

Бұл дәрілердің фармакокинетикасы (мысалы, кальцинурин тежегіштері сияқты иммуносупрессанттар) HVC вирусының клиренсімен байланысты DDA емінің нәтижесінде бауыр функциясының өзгеруі әсерінен өзгеруі мүмкін.

Ледипасвир/софосбувир және басқа дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі

Төмендегі кестеде дәрі - дәрмектердің өзара әрекеттесуінің тіркелген немесе ықтимал клиникалық маңызды жағдайларының тізімі берілген (ең аз квадраттар әдісімен есептелген геометриялық орташа сенімділік аралығының 90% коэффициенті өзгермеген-"↔", жоғарылаған -"↑", төмендеген -"↓").

Дәрілік препараттардың өзара әрекеттесулері жекелеген заттар ретінде ледипасвир/софосбувир немесе ледипасвир мен софосбувирді пайдалана отырып жүргізілген зерттеулерге негізделген немесе ледипасвирмен/софосбувирмен бірге пайдалану кезінде туындауы мүмкін дәрілік препараттардың болжамды өзара әрекеттесуі ретінде көрсетілген.

 

Лисоф және басқа дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі

Емдеу бағыттары бойынша дәрілік зат

Дәрілік заттардың деңгейіне әсері.

AUC, Смакс, Смина, b үшін орташа пайыздық өзгеріс (90% сенімділік аралығы)

Ледипасвирмен/софосбувирмен бірге қолдану бойынша ұсынымдар

ҚЫШҚЫЛДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУШІЛЕР

 

Ледипасвирдің ерігіштігі рН жоғарылауымен төмендейді. Асқазанның рН жоғарылататын дәрілік заттар ледипасвир концентрациясын төмендетуі мүмкін.

Антацидтер

мысалы, алюминий немесе магний гидроксиді; кальций карбонаты

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

↓ ледипасвир

↔ софосбувир

↔ GS‑331007

 

(Асқазанның рН жоғарылауы)

Антацидтер мен ледипасвир мен софосбувирді 4 сағат аралықпен бөлек енгізу ұсынылады.

Н2рецептор антагонистері

Фамотидин

(Бір рет 40 мг) /ледипасвир (бір рет 90 мг)с/

софосбувир (бір рет 400 мг)c, d

 

Фамотидинді ледипасвир мен софосбувирd дейін 12 сағат бұрын енгізеді

Ледипасвир

↓ Cmax 0.83 (0.69, 1.00)

↔ AUC 0.98 (0.80, 1.20)

 

Софосбувир

↔ Cmax 1.00 (0.76, 1.32)

↔ AUC 0.95 (0.82, 1.10)

 

GS‑331007

↔ Cmax 1.13 (1.07, 1.20)

↔ AUC 1.06 (1.01, 1.12)

 

(Асқазанның рН жоғарылауы)

 

Протонды сорғы тежегіштері

Омепразол

(Тәулігіне бір рет 20 мг) / ледипасвир (бір рет 90 мг)с/

софосбувир (бір рет 400 мг)c

 

Омепразол ледипасвирмен және софосбувирмен бір мезгілде дозаланады

 

Лансопразоле

Рабепразолe

Пантопразолe

Эзомепразолe

Ледипасвир

↓ Cmax 0.89 (0.61, 1.30)

↓ AUC 0.96 (0.66, 1.39)

 

Софосбувир

↔ Cmax 1.12 (0.88, 1.42)

↔ AUC 1.00 (0.80, 1.25)

 

GS‑331007

↔ Cmax 1.14 (1.01, 1.29)

↔ AUC 1.03 (0.96, 1.12)

 

(Асқазанның рН жоғарылауы)

20 мг омепразолмен салыстырылатын протонды сорғы тежегішінің дозаларын ледипасвирмен және софосбувирмен бір мезгілде енгізуге болады. Протонды сорғы тежегіштерін ледипасвир мен софосбувир қабылдағанға дейін енгізуге болмайды.

АРИТМИЯҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР

Амиодарон

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Басқа балама болмаған жағдайда ғана қолдану керек. Ледипасвир мен софосбувирді амиодаронмен бірге енгізген кезде мұқият бақылау ұсынылады («Айрықша нұсқаулар» және «Жағымсыз әсерлер» бөлімдерін қараңыз).

Дигоксин

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

↑ дигоксин

↔ ледипасвир

↔ софосбувир

↔ GS‑331007

 

(Р-gp тежелуі)

Ледипасвир мен софосбувирді дигоксинмен бірге енгізу дигоксин концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Ледипасвирмен және софосбувирмен бірге енгізген кезде барлық сақтандыруларды назарға алу және дигоксин концентрациясын бақылау ұсынылады.

АНТИКОАГУЛЯНТТАР

Дабигатран этексилаты

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

↑ дабигатран

↔ ледипасвир

↔ софосбувир

↔ GS‑331007

 

(Р-gp тежелуі)

Ледипасвир мен софосбувир мен дабигатран этексилатын бірге енгізген кезде қан кету және анемия белгілерін анықтау мәніне клиникалық бақылау жүргізу ұсынылады. Қанның ұюын талдау дабигатран әсерінің күшеюіне байланысты қан кету қаупі жоғары пациенттерді анықтауға көмектеседі.

К дәруменінің антагонистері

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген

К дәруменінің барлық антагонистерін қабылдау кезінде ХҚҚ-ны мұқият бақылау ұсынылады. Бұл ледипасвир мен софосбувирді қабылдау кезінде бауыр функциясының өзгеруіне байланысты болады.

ҚҰРЫСУҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР

Фенобарбитал

Фенитоин

 

 

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

↓ ледипасвир

↓ софосбувир

↔ GS‑331007

 

(Р-gp индукциясы)

Ледипасвир мен софосбувирді фенобарбиталмен және фенитоинмен біріктіріп қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Карбамазепин

 

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

↓ ледипасвир

 

Төмендегілер байқалды:

Софосбувир

↓ Cmax 0.52 (0.43, 0.62)

↓ AUC 0.52 (0.46, 0.59)

Cmin (NA)

GS-331007

↔ Cmax 1.04 (0.97, 1.11)

↔ AUC 0.99 (0.94, 1.04)

Cmin (NA)

(P-gp индукциясы)

Ледипасвир мен софосбувирді карбамазепинмен біріктіріп қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Окскарбазепин

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

↓ ледипасвир

↓ софосбувир

↔ GS‑331007

 

(Р-gp индукциясы)

Ледипасвирді/софосбувирді окскарбазепинмен бірге енгізген кезде ледипасвир мен софосбувир концентрациясының төмендеуі күтіледі, бұл препараттың емдік әсерінің төмендеуін туындатуы мүмкін. Мұндай бірлесіп енгізу ұсынылмайды («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

МИКРОБАКТЕРИЯҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР

Рифампицин (тәулігіне бір рет 600 мг)/ледипасвир (бір рет 90 мг)d

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

Рифампицин

↔ Cmax

↔ AUC

↔ Cmax

 

Төмендегілер байқалды:

Ледипасвир

↓ Cmax 0.65 (0.56, 0.76)

↓ AUC 0.41 (0.36, 0.48)

 

(Р-gp индукциясы)

Ледипасвир мен софосбувирді рифампицинмен бірге қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ледипасвир мен софосбувирді рифабутинмен бірге қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

 

 

Рифампицин (тәулігіне бір рет 600 мг)/ софосбувир (бір рет 400 мг)d

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

Рифампицин

↔ Cmax

↔ AUC

↔ Cmin

 

Төмендегілер байқалды:

Софосбувир

↓ Cmax 0.23 (0.19, 0.29)

↓ AUC 0.28 (0.24, 0.32)

 

GS‑331007

↔ Cmax 1.23 (1.14, 1.34)

↔ AUC 0.95 (0.88, 1.03)

 

(Р-gp индукциясы)

Рифабутин

 

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

↓ ледипасвир

Төмендегілер байқалды:

Софосбувир

↓ Cmax 0.64 (0.53, 0.77)

↓ AUC 0.76 (0.63, 0.91)

Cmin (NA)

GS-331007

↔ Cmax 1.15 (1.03, 1.27)

↔ AUC 1.03 (0.95, 1.12)

Cmin (NA)

(P-gp индукциясы)

Рифапентин

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

↓ ледипасвир

↓ софосбувир

↔ GS-331007

(P-gp индукциясы)

Ледипасвир мен софосбувирді рифапентинмен бірге енгізген кезде ледипасвир мен софосбувир концентрациясының төмендеуі күтіледі, бұл препараттың емдік әсерінің төмендеуін туындатуы мүмкін. Мұндай бірлескен енгізу ұсынылмайды.

СЕДАТИВТІ ЖӘНЕ ҰЙЫҚТАЙТЫН ПРЕПАРАТТАР

Мидазолам (бір реттік қабылдау 2,5 мг) / ледипасвир (бір реттік қабылдау 90 мг)

 

 

 

Ледипасвир (тәулігіне бір рет 90 мг)

Бақыланатын:

Мидазолам

↔ Cmax 1.07 (1.00, 1.14)

↔ AUC 0.99 (0.95, 1.04)

(CYP3A басылуы)

Мидазолам

↔ Cmax 0.95 (0.87, 1.04)

↔ AUC 0.89 (0.84, 0.95)

(CYP3A индукциясы)

Болжамы:

↔ софосбувир

↔ GS-331007

Ледипасвир мен софосбувир немесе мидазолам дозасын түзету қажет емес.

АИТВ-НЫ ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР: КЕРІ ТРАНСКРИПТАЗА ТЕЖЕГІШТЕРІ

Эфавиренз/ эмтрицитабин / тенофовир дизопроксил фумараты

(600 мг/200 мг/ 300 мг/тәулігіне бір рет)/

ледипасвир (тәулігіне бір рет 90 мг) c / софосбувир (тәулігіне бір рет 400 мг) с, d

Эфавиренз

↔ Cmax 0.87 (0.79, 0.97)

↔ AUC 0.90 (0.84, 0.96)

↔ Cmin 0.91 (0.83, 0.99)

 

Эмтрицитабин

↔ Cmax 1.08 (0.97, 1.21)

↔ AUC 1.05 (0.98, 1.11)

↔ Cmin 1.04 (0.98, 1.11)

 

Тенофовир

↑ Cmax 1.79 (1.56, 2.04)

↑ AUC 1.98 (1.77, 2.23)

↑ Cmin 2.63 (2.32, 2.97)

 

Ледипасвир

↓ Cmax 0.66 (0.59, 0.75)

↓ AUC 0.66 (0.59, 0.75)

↓ Cmin 0.66 (0.57, 0.76)

 

Софосбувир

↔ Cmax 1.03 (0.87, 1.23)

↔ AUC 0.94 (0.81, 1.10)

 

GS‑331007

↔ Cmax 0.86 (0.76, 0.96)

↔ AUC 0.90 (0.83, 0.97)

↔ Cmin 1.07 (1.02, 1.3)

Ледипасвир мен софосбувир немесе эфавиренз/эмтрицитабин/

тенофовир дизопроксил фумараты дозасын түзету талап етілмейді.

Эмтрицитабин/ рилпивирин / тенофовир дизопроксил фумараты

(200 мг/ 25 мг/ 300 мг/ тәулігіне бір рет)/ледипасвир (тәулігіне бір рет 90 мг)c / софосбувир (тәулігіне бір рет 400 мг) с, d

Эмтрицитабин

↔ Cmax 1.02 (0.98, 1.06)

↔ AUC 1.05 (1.02, 1.08)

↔ Cmin 1.06 (0.97, 1.15)

 

Рилпивирин

↔ Cmax 0.97 (0.88, 1.07)

↔ AUC 1.02 (0.94, 1.11)

↔ Cmin 1.12 (1.03, 1.21)

 

Тенофовир

↔ Cmax 1.32 (1.25, 1.39)

↑ AUC 1.40 (1.31, 1.50)

↑ Cmin 1.91 (1.74, 2.10)

 

Ледипасвир

↔ Cmax 1.01 (0.95, 1.07)

↔ AUC 1.08 (1.02, 1.15)

↔ Cmin 1.16 (1.08, 1.25)

 

Софосбувир

↔ Cmax 1.05 (0.93, 1.20)

↔ AUC 1.10 (1.01, 1.21)

 

GS‑331007

↔ Cmax 1.06 (1.01, 1.11)

↔ AUC 1.15 (1.11, 1.19)

↔ Cmin 1.18 (1.13, 1.24)

Ледипасвир мен софосбувир немесе эмтрицитабин/рилпивирин/ тенофовир дизопроксил фумараты дозасын түзету қажет емес.

Абакавир/ламивудин

(600 мг/ 300 мг/ тәулігіне бір рет)/ледипасвир (тәулігіне бір рет 90 мг)c/ софосбувир (тәулігіне бір рет 400 мг) с, d

Абакавир

↔ Cmax 0.92 (0.87, 0.97)

↔ AUC 0.90 (0.85, 0.94)

 

Ламивудин

↔ Cmax 0.93 (0.87, 1.00)

↔ AUC 0.94 (0.90, 0.98)

↔ Cmin 1.12 (1.05, 1.20)

 

Ледипасвир

↔ Cmax 1.10 (1.01, 1.19)

↔ AUC 1.18 (1.10, 1.28)

↔ Cmin 1.26 (1.17, 1.36)

 

Софосбувир

↔ Cmax 1.08 (0.85, 1.35)

↔ AUC 1.21 (1.09, 1.35)

 

GS‑331007

↔ Cmax 1.00 (0.94, 1.07)

↔ AUC 1.05 (1.01, 1.09)

↔ Cmin 1.08 (1.01, 1.14)

Ледипасвир мен софосбувир немесе абакавир/ламивудин дозасын түзету қажет емес.

АИТВ-НЫ ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР: АИТВ ПРОТЕАЗА ТЕЖЕГІШТЕРІ

Ритонавирмен күшейтілген атазанавир

(300 мг/100 мг/тәулігіне бір рет)/ледипасвир (тәулігіне бір рет 90 мг)c / софосбувир (тәулігіне бір рет 400 мг) с, d

Атазанавир

↔ Cmax 1.07 (1.00, 1.15)

↔ AUC 1.33 (1.25, 1.42)

↑ Cmin 1.75 (1.58, 1.93)

 

Ледипасвир

↑ Cmax 1.98 (1.78, 2.20)

↑ AUC 2.13 (1.89, 2.40)

↑ Cmin 2.36 (2.08, 2.67)

 

Софосбувир

↔ Cmax 0.96 (0.88, 1.05)

↔ AUC 1.08 (1.02, 1.15)

 

GS‑331007

↔ Cmax 1.13 (1.08, 1.19)

↔ AUC 1.23 (1.18, 1.29)

↔ Cmin 1.28 (1.21, 1.36)

Ледипасвир мен софосбувирдің немесе атазанавирдің (ритонавирмен күшейтілген) дозасын түзету талап етілмейді.

 

Төменде тенофовир/эмтрицитабин + атазанавир/ритонавир біріктірілімі туралы ақпарат берілген.

Ритонавирмен күшейтілген атазанавир (тәулігіне бір рет 300 мг/ 100 мг) + эмтрицитабин/тенофовир дизопроксил фумараты (тәулігіне бір рет 200 мг/ 300 мг)/ ледипасвир (тәулігіне бір рет 90 мг)c/софосбувир (тәулігіне бір рет 400 мг) с, d

 

Бір мезгілде дозаланадыf

Атазанавир

↔ Cmax 1.07 (0.99, 1.14)

↔ AUC 1.27 (1.18, 1.37)

↑ Cmin 1.63 (1.45, 1.84)

 

Ритонавир

↔ Cmax 0.86 (0.79, 0.93)

↔ AUC 0.97 (0.89, 1.05)

↑ Cmin 1.45 (1.27, 1.64)

 

Эмтрицитабин

↔ Cmax 0.98 (0.94, 1.02)

↔ AUC 1.00 (0.97, 1.04)

↔ Cmin 1.04 (0.96, 1.12)

 

Тенофовир

↑ Cmax 1.47 (1.37, 1.58)

↔ AUC 1.35 (1.29, 1.42)

↑ Cmin 1.47 (1.38, 1.57)

 

Ледипасвир

↑ Cmax 1.68 (1.54, 1.84)

↑ AUC 1.96 (1.74, 2.21)

↑ Cmin 2.18 (1.91, 2.50)

 

Софосбувир

↔ Cmax 1.01 (0.88, 1.15)

↔ AUC 1.11 (1.02, 1.21)

 

GS‑331007

↔ Cmax 1.17 (1.12, 1.23)

↔ AUC 1.31 (1.25, 1.36)

↑ Cmin 1.42 (1.34, 1.49)

Тенофовир дизопроксил фумаратын атазанавирмен/ ритонавирмен бірге енгізген кезде ледипасвир және софосбувир тенофовир концентрациясын арттырды.

 

Ледипасвир мен софосбувир аясында тенофовир дизопроксил фумаратын және фармакокинетикалық күшейткішті (мысалы, ритонавирді немесе кобицистатты) қолдану қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.

 

Егер емдеудің басқа нұсқалары болмаса, біріктірілімді бүйрек функциясын жиі бақылау кезінде сақтықпен қолдану керек.

 

Атазанавир концентрациясы да артады, билирубин/сарғыштық деңгейінің жоғарылау қаупі бар. Егер рибавирин С гепатиті вирусын емдеудің бір бөлігі ретінде пайдаланылса, бұл қауіп артады.

Ритонавирмен күшейтілген дарунавир

(тәулігіне бір рет 800 мг/ 100 мг)/ледипасвир (тәулігіне бір рет 90 мг) d

Дарунавир

↔ Cmax 1.02 (0.88, 1.19)

↔ AUC 0.96 (0.84, 1.11)

↔ Cmin 0.97 (0.86, 1.10)

 

Ледипасвир

↑ Cmax 1.45 (1.34, 1.56)

↑ AUC 1.39 (1.28, 1.49)

↑ Cmin 1.39 (1.29, 1.51)

Ледипасвир мен софосбувирдің немесе дарунавирдің (ритонавирмен күшейтілген) дозасын түзету талап етілмейді.

 

Төменде тенофовир/ эмтрицитабин + дарунавир/ ритонавир біріктірілімі туралы ақпарат берілген.

Ритонавирмен күшейтілген дарунавир

(тәулігіне бір рет 800 мг/ 100 мг)/ софосбувир (тәулігіне бір рет 400 мг)

Дарунавир

↔ Cmax 0.97 (0.94, 1.01)

↔ AUC 0.97 (0.94, 1.00)

↔ Cmin 0.86 (0.78, 0.96)

 

Софосбувир

↑ Cmax 1.45 (1.10, 1.92)

↑ AUC 1.34 (1.12, 1.59)

 

GS‑331007

↔ Cmax 0.97 (0.90, 1.05)

↔ AUC 1.24 (1.18, 1.30)

Ритонавирмен күшейтілген дарунавир (тәулігіне бір рет 800 мг/ 100 мг) + эмтрицитабин/тенофовир дизопроксил фумараты (тәулігіне бір рет 200 мг/ 300 мг)/ ледипасвир (тәулігіне бір рет 90 мг)c/софосбувир (тәулігіне бір рет 400 мг) с, d

 

Бір мезгілде дозаланадыf

Дарунавир

↔ Cmax 1.01 (0.96, 1.06)

↔ AUC 1.04 (0.99, 1.08)

↔ Cmin 1.08 (0.98, 1.20)

 

Ритонавир

↔ Cmax 1.17 (1.01, 1.35)

↔ AUC 1.25 (1.15, 1.36)

↑ Cmin 1.48 (1.34, 1.63)

 

Эмтрицитабин

↔ Cmax 1.02 (0.96, 1.08)

↔ AUC 1.04 (1.00, 1.08)

↔ Cmin 1.03 (0.97, 1.10)

 

Тенофовир

↑ Cmax 1.64 (1.54, 1.74)

↑ AUC 1.50 (1.42, 1.59)

↑ Cmin 1.59 (1.49, 1.70)

 

Ледипасвир

↔ Cmax 1.11 (0.99, 1.24)

↔ AUC 1.12 (1.00, 1.25)

↔ Cmin 1.17 (1.04, 1.31)

 

Софосбувир

↓ Cmax 0.63 (0.52, 0.75)

↓ AUC 0.73 (0.65, 0.82)

 

GS‑331007

↔ Cmax 1.10 (1.04, 1.16)

↔ AUC 1.20 (1.16, 1.24)

↔ Cmin 1.26 (1.20, 1.32)

Дарунавирмен / ритонавирмен енгізген кезде тенофовир дизопроксил фумаратымен бірге ледипасвир және софосбувир тенофовир концентрациясын арттырды.

 

Ледипасвир мен софосбувир аясында тенофовир дизопроксил фумаратын және фармакокинетика күшейткішін (мысалы, ритонавирді немесе кобицистатты) қолдану қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.

 

Егер емдеудің басқа нұсқалары болмаса, біріктірілімді бүйрек функциясын жиі бақылау кезінде сақтықпен қолдану керек.

Ритонавирмен күшейтілген лопинавир + эмтрицитабин / тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

↑ лопинавир

↑ ритонавир

 

↔ эмтрицитабин

↑ тенофовир

 

↑ ледипасвир

↔ софосбувир

↔ GS‑331007

Лопинавирмен/ритонавирмен бірге тенофовир дизопроксил фумаратымен ледипасвирмен және софосбувирмен бірге енгізген кезде тенофовир концентрациясын арттырды.

 

Ледипасвир мен софосбувир аясында тенофовир дизопроксил фумаратын және фармакокинетикалық күшейткішті (мысалы, ритонавирді немесе кобицистатты) қолдану қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.

 

Егер емдеудің басқа нұсқалары болмаса, біріктірілімді бүйрек функциясын жиі бақылау кезінде сақтықпен қолдану керек.

Ритонавирмен күшейтілген типранавир

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

↓ ледипасвир

↓ софосбувир

↔ GS‑331007

 

(P-gp индукциясы)

Ледипасвир мен софосбувирді типранавирмен (күшейтілген ритонавирмен) бірге енгізген кезде ледипасвир концентрациясының төмендеуі күтіледі, бұл препараттың емдік әсерінің төмендеуін туындатуы мүмкін. Қатарлас енгізу ұсынылмайды.

АИТВ-НЫ ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР: ИНТЕГРАЗА ТЕЖЕГІШТЕРІ

Ралтегравир

(тәулігіне екі рет 400 мг/ 100 мг)/ледипасвир (тәулігіне бір рет 90 мг)d

Ралтегравир

↓ Cmax 0.82 (0.66, 1.02)

↔ AUC 0.85 (0.70, 1.02)

↑ Cmin 1.15 (0.90, 1.46)

 

Ледипасвир

↔ Cmax 0.92 (0.85, 1.00)

↔ AUC 0.91 (0.84, 1.00)

↔ Cmin 0.89 (0.81, 0.98)

Ледипасвир мен софосбувир немесе ральтегравир дозасын түзету қажет емес.

Ралтегравир

(тәулігіне екі рет 400 мг/ 100 мг)/софосбувир (тәулігіне бір рет 400 мг)d

Ралтегравир

↓ Cmax 0.57 (0.44, 0.75)

↓ AUC 0.73 (0.59, 0.91)

↔ Cmin 0.95 (0.81, 1.12)

 

Софосбувир

↔ Cmax 0.87 (0.71, 1.08)

↔ AUC 0.95 (0.82, 1.09)

 

GS‑331007

↔ Cmax 1.09 (0.99, 1.19)

↔ AUC 1.02 (0.97, 1.08)

Элвитегравир/ кобицистат/ эмтрицитабин/ тенофовир дизопроксил фумараты (тәулігіне бір рет 150 мг/ 150 мг/ 200 мг/300 мг)/ ледипасвир (тәулігіне бір рет 90 мг)c/софосбувир (тәулігіне бір рет 400 мг)c

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

↔ эмтрицитабин

↑ тенофовир

 

Төмендегілер байқалды:

Элвитегравир

↔ Cmax 0.88 (0.82, 0.95)

↔ AUC 1.02 (0.95, 1.09)

↑ Cmin 1.36 (1.23, 1.49)

 

Кобицистат

↔ Cmax 1.25 (1.18, 1.32)

↑ AUC 1.59 (1.49, 1.70)

↑ Cmin 4.25 (3.47, 5.22)

 

Ледипасвир

↑ Cmax 1.63 (1.51, 1.75)

↑ AUC 1.78 (1.64, 1.94)

↑ Cmin 1.91 (1.76, 2.08)

 

Софосбувир

↑ Cmax 1.33 (1.14, 1.56)

↑ AUC 1.36 (1.21, 1.52)

 

GS‑331007

↑ Cmax 1.33 (1.22, 1.44)

↑ AUC 1.44 (1.41, 1.48)

↑ Cmin 1.53 (1.47, 1.59)

Элвитегравирмен/ кобицистатпен/ эмтрицитабинмен/ тенофовир дизопроксил фумаратымен енгізген кезде ледипасвир мен софосбувир тенофовир концентрациясын арттыруға қабілетті деп болжанады.

 

Ледипасвир мен софосбувир аясында тенофовир дизопроксил фумаратын және фармакокинетикалық күшейткішті (мысалы, ритонавирді немесе кобицистатты) қолдану қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.

 

Егер емдеудің басқа нұсқалары болмаса, біріктірілімді бүйрек функциясын жиі бақылау кезінде сақтықпен қолдану керек.

Долутегравир

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

↔ долутегравир

↔ ледипасвир

↔ софосбувир

↔ GS‑331007

Дозаны түзету қажет емес.

ӨСІМДІК ҚОСПАЛАРЫ

Шайқурай

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

↓ ледипасвир

↓ софосбувир

↔ GS‑331007

 

(P-gp индукциясы)

Ледипасвир мен софосбувирді және шайқурайды бір мезгілде қолдануға болмайды.

ГМГКоА РЕДУКТАЗА ТЕЖЕГІШТЕРІ

Розувастатинg

↑ розувастатин

 

(ОАТП және СБОРА әсер етуші затының тасымалдаушыларын тежеу)

Ледипасвир мен софосбувирді розувастатинмен бірге енгізу розувастатин концентрациясын (AUC бірнеше есе артуы) едәуір арттыруы мүмкін, бұл рабдомиолизді қоса алғанда, миопатияның даму қаупінің жоғарылауымен байланысты. Ледипасвир мен софосбувирді және розувастатинді бір мезгілде қолдануға болмайды.

Правастатинg

↑ Правастатин

Ледипасвир мен софосбувирді правастатинмен бірге енгізу правастатин концентрациясын едәуір арттыруы мүмкін, бұл миопатияның даму қаупінің жоғарылауымен байланысты. Мұндай пациенттерде клиникалық және биохимиялық бақылау жүргізу ұсынылады, сондай-ақ дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Басқа статиндер

Болжамы:

↑ Статиндер

МГ‑КоА редуктазаның басқа тежегіштерімен өзара әрекеттесу фактісін жоққа шығаруға болмайды. Ледипасвирмен және софосбувирмен бірге енгізген кезде статиндердің төмендетілген дозасын тағайындау туралы ойлану керек, сондай-ақ статиндерге жағымсыз әсерлерін анықтау үшін мұқият бақылау жүргізу керек.

ЕСІРТКІ АНАЛЬГЕТИКТЕРІ

Метадон

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

↔ ледипасвир

Ледипасвир мен софосбувирді немесе метадон дозасын түзету қажет емес.

Метадон

(Метадонмен демеуші ем [тәулігіне 30-130 мг])/софосбувир (тәулігіне бір рет 400 мг)d

R‑метадон

↔ Cmax 0.99 (0.85, 1.16)

↔ AUC 1.01 (0.85, 1.21)

↔ Cmin 0.94 (0.77, 1.14)

 

S‑метадон

↔ Cmax 0.95 (0.79, 1.13)

↔ AUC 0.95 (0.77, 1.17)

↔ Cmin 0.95 (0.74, 1.22)

 

Софосбувир

↓ Cmax 0.95 (0.68, 1.33)

↑ AUC 1.30 (1.00, 1.69)

 

GS‑331007

↓ Cmax 0.73 (0.65, 0.83)

↔ AUC 1.04 (0.89, 1.22)

ИММУНОСУПРЕССАНТТАР

Циклоспоринg

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

↑ ледипасвир

↔ циклоспорин

Ледипасвир мен софосбувирді немесе циклоспорин дозасын түзету қажет емес.

Циклоспорин

(бір рет 600 мг)/ софосбувир (бір рет 400 мг)h

Циклоспорин

↔ Cmax 1.06 (0.94, 1.18)

↔ AUC 0.98 (0.85, 1.14)

 

Софосбувир

↑ Cmax 2.54 (1.87, 3.45)

↑ AUC 4.53 (3.26, 6.30)

 

GS‑331007

↓ Cmax 0.60 (0.53, 0.69)

↔ AUC 1.04 (0.90, 1.20)

Такролимус

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Болжамы:

↔ ледипасвир

Ледипасвир мен софосбувирді немесе такролимус дозасын түзету талап етілмейді.

Такролимус

(бір рет 5 мг)/ софосбувир (бір рет 400 мг)h

Такролимус

↓ Cmax 0.73 (0.59, 0.90)

↑ AUC 1.09 (0.84, 1.40)

 

Софосбувир

↓ Cmax 0.97 (0.65, 1.43)

↑ AUC 1.13 (0.81, 1.57)

 

GS‑331007

↔ Cmax 0.97 (0.83, 1.14)

↔ AUC 1.00 (0.87, 1.13)

ОРАЛЬДІ КОНТРАЦЕПТИВТЕР

Норгестимат/ этинилэстрадиол (норгестимат 0.180 мг/ 0.215 мг/ 0.25 мг / этинилэстрадиол 0.025 мг)/ледипасвир (тәулігіне бір рет 90 мг)d

Норелгестромин

↔ Cmax 1.02 (0.89, 1.16)

↔ AUC 1.03 (0.90, 1.18)

↔ Cmin 1.09 (0.91, 1.31)

 

Норгестрел

↔ Cmax 1.03 (0.87, 1.23)

↔ AUC 0.99 (0.82, 1.20)

↔ Cmin 1.00 (0.81, 1.23)

 

Этинилэстрадиол

↑ Cmax 1.40 (1.18, 1.66)

↔ AUC 1.20 (1.04, 1.39)

↔ Cmin 0.98 (0.79, 1.22)

Оральді контрацептивтердің дозасын түзету қажет емес.

Норгестимат/этинилэстрадиол (норгестимат 0.180 мг/ 0.215 мг/ 0.25 мг / этинилэстрадиол 0.025 мг)/софосбувир (тәулігіне бір рет 400 мг)d

 

Норелгестромин

↔ Cmax 1.07 (0.94, 1.22)

↔ AUC 1.06 (0.92, 1,21)

↔ Cmin 1.07 (0.89, 1.28)

 

Норгестрел

↔ Cmax 1.18 (0.99, 1.41)

↑AUC 1.19 (0.98, 1.45)

↑ Cmin 1.23 (1.00, 1.51)

 

Этинилэстрадиол

↔ Cmax 1.15 (0.97, 1.36)

↔ AUC 1.09 (0.94, 1.26)

↔ Cmin 0.99 (0.80, 1.23)

a. Зерттелетін дәрілік препаратпен бірге жеке немесе біріктірілімде енгізілетін препарат фармакокинетикасының орташа пайыздық арақатынасы (90% сенімділік аралығы). Әсердің болмауы = 1.00.

b. Өзара әрекеттесудің барлық зерттеулері сау еріктілерде жүргізілді.

c. Ледипасвир мен софосбувир сияқты енгізіледі.

d. Фармакокинетикалық өзара әрекеттесу шектеулерінің болмауы 70‑143% - ды құрайды.

e. Бұл препараттар өзара әрекеттесудің ұқсас жағдайларын болжауға болатын бір класс болып табылады.

f. Атазанавир/ритонавир + эмтрицитабин/тенофовир дизопроксил фумараты немесе дарунавир/ритонавир + эмтрицитабин/тенофовир дизопроксил фумараты және ледипасвир және софосбувир біріктірілімдерін уақыт бойынша (аралығы –12 сағат) бөлу ұқсас нәтижелер берді.

g. Бұл зерттеу тікелей әсер ететін тағы екі вирусқа қарсы препаратты қолдану арқылы жүргізілді.

h. Биоэквиваленттілік/эквиваленттілік шегі 80-125% құрайды.

 

Арнайы сақтандырулар

Ауыр брадикардия және жүрек блокадасы

Ледипасвирді/софосбувирді амиодаронмен бірге немесе препараттарсыз қолдану жүректің жиырылу жиілігін төмендететін дәрілік жедел брадикардия және жүрек блокадасы жағдайлары байқалды. Механизмі анықталмаған.

Амиодаронды ледипасвирмен және софосбувирмен бір мезгілде қолдануды шектеу софосбувир мен тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттардың өзара әрекеттесуінің клиникалық салдарларынан туындаған. Өмірге қауіп төндіретін жағдайлар байқалған, сондықтан амиодаронды ледипасвирмен/софосбувирмен аритмияны емдеудің басқа балама тәсілдері қолданылмаған немесе қарсы көрсетілген кезде ғана қабылдау қажет.

Ледипасвирді/софосбувирді амиодаронмен бір мезгілде қолдану қажет пациенттерге препараттарды қабылдау басталған сәттен бастап жағдайды мұқият бақылау керек. Брадикардияның туындау қаупі бар пациенттерді клиникалық жағдайларда 48 сағат бойы бақылау керек. Соңғы бірнеше ай ішінде амиодарон қабылдауды тоқтатқан және ледипасвир/ софосбувир қабылдауды бастаған пациенттерді амиодаронның ұзақ жартылай шығарылу кезеңіне байланысты бақылау керек.

Ледипасвирді/софосбувирді амиодаронмен біріктіріп, жүректің жиырылу жиілігін төмендететін дәрілік препараттармен немесе онсыз қабылдайтын барлық пациенттер брадикардия және жүрек блокадасы симптомдарын анықтау үшін бақылануы тиіс. Мұндай симптомдар анықталған жағдайда дереу дәрігермен кеңесу керек.

Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттармен С гепатиті вирусына алдын ала ем алған пациенттерді емдеу

Көптеген жағдайларда ледипасвир/софосбувир біріктірілімімен емдеуге жауап бермеген пациенттерде NS5A резистент-мутациясының әртүрлі нұсқалары байқалды, бұл ледипасвир қабылдағыштықты айтарлықтай төмендетті. Шектеулі деректер ұзақмерзімді перспективада NS5A мутациясының кері әсері жоқ екенін көрсетеді. Қазіргі уақытта NS5A тежегішін қоса отырып, ледипасвир/софосбувир біріктірілімімен емдеуге жауап бермеген пациенттерді қайта емдеу курсының тиімділігін растайтын деректер жоқ. Сондай-ақ, қазіргі уақытта күрделі элементі NS3/4A протеаза тежегіші болған емдеуге бұрын жауап бермеген пациенттерде NS3/4A протеаза тежегіштері әсерінің тиімділігін растайтын деректер жоқ. Сондықтан С гепатитінің вирусын емдеу үшін мұндай пациенттер басқа дәрілік кластарды қолдануы мүмкін. Демек, қайта емдеудің белгісіз кейінгі нұсқалары бар пациенттерді емдеудің неғұрлым ұзақ курсын қарастыру қажет.

Бүйрек функциясының  жеткіліксіздігі

Ледипасвир/софосбувир біріктірілімінің қауіпсіздігін бағалау бүйрек функциясы ауыр бұзылған (1.73 м2-ге шаққанда шумақтық сүзілудің есептік жылдамдығы [eGFR] <30 мл/мин) немесе гемодиализді қажет ететін бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бар пациенттерде жүргізілген жоқ.

Лисоф қолдану бүйрек функциясы бұзылуының ауыр дәрежесі бар немесе терминалдық созылмалы бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу үшін, егер қатар жүретін декомпенсацияланған цирроз не қолданылуы мүмкін емес дәрілік өзара әрекеттесулер сияқты себептер бойынша пациенттердің осы тобы үшін ұсынылған баламалы емдеу схемасын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда ғана қаралуы тиіс. Бүйрек функциясы бұзылуының ауыр дәрежесі бар немесе бүйрек функциясының терминалдық созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде Лисоф қолдану кезінде бүйрек функциясының мұқият мониторингі ұсынылады.

Бауырдың декомпенсацияланған циррозы бар ересек пациенттер және/немесе бауыр трансплантациясын күтетін немесе бауыр трансплантациясынан кейін пациенттер

генотиптері 5 және 6 СВГ жұқтырған, декомпенсацияланған циррозы бар және (немесе) бауыр трансплантациясын күтетін немесе өткерген пациенттерде ледипасвир/софосбувир қолдану тиімділігі зерттелмеген. Сондықтан Лисофпен емдеу әрбір жеке пациент үшін әлеуетті пайдасы мен қаупін бағалау негізінде жүргізілуі тиіс.

Р ‑гликопротеинінің орташа индукторларымен бірге қолдану

Ішектегі Р (Р-gp) гликопротеинінің  орташа индукторлары болып табылатын дәрілік заттар (мысалы, окскарбазепин) ледипасвир мен софосбувирдің плазмадағы концентрациясын төмендетуі мүмкін, бұл Лисофтың емдік әсерін әлсіретуі мүмкін. Мұндай препараттарды Лисофпен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

АИТВ-ны емдеуде антиретровирустық емнің кейбір түрлерін қолдану

Ледипасивир/софосбувир тенофовирдің экспозициясын, әсіресе тенофовир дизопроксил фумараты және фармакокинетика күшейткіштері (ритонавир немесе кобицистат) бар АИТВ-ны емдеуге арналған препараттармен бірге қолданғанда арттырғаны туралы деректер бар. Ледипасвир/софосбувир және фармакокинетика күшейткіштерін қабылдау аясында тенофовир дизопроксил фумаратын қолдану қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Потенциалды қауіп пен пайданы, әсіресе, құрамында элвитегравир/кобицистат/эмтрицитабин/тенофовир дизопроксил фумараты немесе тенофовир дизопроксил фумараты бар белгіленген дозада біріктірілген таблетканы бір мезгілде қабылдаудан туындаған бүйрек функциясының бұзылу қаупі жоғары пациенттерге қатысты ескеру керек. Лисофты элвитегравирмен/кобицистатпен/эмтрицитабинмен/тенофовир дизопроксил фумаратымен немесе тенофовир дизопроксил фумаратымен АИТВ протеаза тежегішімен қатарлас бір мезгілде қабылдайтын пациенттердің жағдайын тенофовир қабылдаумен байланысты жағымсыз әсерлерді анықтау мәніне бақылау керек. Бүйрек функциясын бақылау бойынша ұсыныстармен танысу үшін құрамында тенофовир дизопроксил фумараты, эмтрицитабин/тенофовир дизопроксил фумараты немесе элвитегравир/кобицистат/эмтрицитабин/тенофовир дизопроксил фумараты бар дәрілік препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.

ГМГ‑КоА редуктаза тежегіштерімен қолдану

Ледипасвир/софосбувир мен ГМГ‑КоА редуктаза тежегіштерін (статиндер) бірге енгізу статин концентрациясын едәуір арттырады, бұл миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупін күшейтеді.

Қант диабеті

Тікелей вирусқа қарсы әсері бар препараттармен емдеуді бастайтын диабетпен ауыратын науқастардағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау қажет, әсіресе алғашқы 3 айда және қажет болған жағдайда қант диабетін емдеу схемасы өзгертілуі керек. Қант диабетін емдеуге жауапты дәрігерді тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттармен емдеудің басталғаны туралы алдын ала хабардар ету қажет.

С гепатиті вирусымен/В гепатиті вирусымен біріктірілген инфекция

Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттармен емдеу кезінде немесе одан кейін В гепатиті вирусының (ВГВ) реактивациясы жағдайлары тіркелген, олардың кейбіреулері пациенттердің өліміне әкеп соққан. Емдеуді бастар алдында барлық пациенттерді ВГВ-ға скринингілеу керек. ВГВ/СГВ қатарлас инфекциясы бар пациенттерде ВГВ реактивациялау қаупі бар, осыған байланысты қазіргі клиникалық ұсынымдарға сәйкес мониторинг және жүргізу қажет.

Балаларға қолданылуы

Лисофты 12 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл топтағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Қосымша заттар

Препараттың құрамында лактоза бар. Сондықтан, сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы проблемалары, туа біткен лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза‑галактозаның сіңу процесінің бұзылуы бар пациенттерге бұл дәрілік препаратты тағайындауға болмайды.

Бала туу жасындағы әйелдер/ерлер мен әйелдердегі контрацепция

Егер Лисоф рибавиринмен біріктірілімде пайдаланылса, әйел пациенттерде және еркек пациенттердің жұптары болып табылатын әйелдерде жүктіліктің алдын алу мақсатында ерекше сақ болу керек. Бала туу жасындағы әйелдер немесе олардың ер жұптары емдеу кезінде және емдеу аяқталғаннан кейін белгілі бір кезең ішінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолдануы керек. Тиісті ұсынымдар мен қосымша ақпарат рибавиринді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта қамтылған.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде ледипасвир, софосбувир немесе ледипасвир/софосбувир қолдану туралы деректер жоқ немесе шектеулі.

Сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде Лисофты қолданудан аулақ болған жөн.

Лактация

Ледипасвирдің немесе софосбувирдің және оның метаболиттерінің емшек сүтіне бөлінетіні туралы деректер жоқ.

Зерттеулердің қолда бар фармакокинетикалық деректері ледипасвир мен софосбувир метаболиттерінің емшек сүтіне бөлінетінін көрсетті.

Жаңа туған нәрестелер мен сәбилер үшін қауіпті жоққа шығару мүмкін емес. Осылайша, Лисофты бала емізу кезінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Лисоф (бөлек немесе рибавиринмен біріктіріліп енгізілетін) көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді. Дегенмен, пациенттерге шаршау сезімі ледипасвир/софосбувир біріктірілімін қабылдаған пациенттерде жиі байқалғаны туралы хабарлау керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Препарат созылмалы С гепатиті бар пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен қабылданады.

12 жастан 18 жасқа дейінгі ересектер мен жасөспірімдер

Декомпенсацияланған циррозы бар пациенттер үшін Лисофпен бірге қабылданатын рибавиринді дозалау жөніндегі ұсынымдар

Пациент

Рибавирин дозасы*

Трансплантацияға дейін Child-Pugh-Turcotte (CPT) бойынша В класындағы цирроз

Пациенттің салмағы <75 кг болғанда тәулігіне 1000 мг және ≥75 кг салмақта 1200 мг

 

Трансплантацияға дейін CPT бойынша С класындағы цирроз

 

Трансплантациядан кейін CPT бойынша В немесе С класындағы цирроз

 

Жақсы көтергенде бастапқы доза 600 мг, оны 1000 немесе 1200 мг-ге дейін арттыруға болады (пациенттің салмағы <75 кг болғанда 1000 мг және салмағы ≥75 кг болғанда 1200 мг). Бастапқы дозаға нашар көтерген жағдайда гемоглобин деңгейі негізінде дозаны клиникалық көрсетілімдер бойынша азайтқан жөн.

*Рибавирин тамақтану кезінде күніне екі рет пероральді қабылданады.

Рибавиринмен бірге пайдаланған кезде рибавиринді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты да қараңыз.

12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін тамақтану кезінде тәулігіне екі қабылдауға бөлінген рибавириннің төменде көрсетілген дозалары ұсынылады.

12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдермен бірге қабылданған рибавиринді дозалау бойынша ұсынымдар

Дене салмағы (кг)

Рибавирин дозасы*

< 47

Тәулігіне 15 мг/кг

47-49

тәулігіне 600 мг

50-65

тәулігіне 800 мг

66-74

тәулігіне 1000 мг

> немесе = 75

тәулігіне 1200 мг

*Рибавирин тамақтану кезінде күніне екі рет пероральді қабылданады.

Тәулігіне 1000‑1200 мг қабылдайтын ересек пациенттерде рибавирин дозасын түзету

Егер Лисоф рибавиринмен біріктірілімде қолданылса, ал пациентте рибавиринді қабылдаумен байланысты болуы мүмкін елеулі жағымсыз әсері байқалса, рибавириннің дозасын өзгерту керек немесе қажет болған жағдайда жағымсыз әсердің ауырлығын басылу немесе азаю сәтіне дейін тоқтату керек. Төмендегі кестеде гемоглобин деңгейінің параметрлері мен жүрек жұмысы көрсеткіштерінің негізінде дозаны түзету және қабылдауды тоқтату туралы нұсқаулар берілген.

 

Лисофпен бірге қабылдаған кезде ересек пациенттерде рибавирин дозасын түзету жөніндегі нұсқаулық

Зертханалық көрсеткіштер

Рибавирин дозасын тәулігіне 600 мг-ге дейін төмендету:

Рибавиринді қабылдауды тоқтату:

Кардиологиялық аурулары жоқ пациенттердегі гемоглобин көрсеткіштері

<10 г/дл

(<100 г/л)

<8.5 г/дл

(<85 г/л)

Тұрақты кардиологиялық аурулары бар пациенттердегі гемоглобин көрсеткіштері

кез келген 4 ‑апталық емдеу кезеңінде гемоглобин деңгейінің ≥2 г/дл (≥20 г/л) төмендеуі

4 апта бойы төмендетілген дозамен емдеуге қарамастан <12 г/дл (<120 г/л)

 

Зертханалық көрсеткіштердің нормадан ауытқуына немесе клиникалық көріністерге байланысты рибавиринді тоқтатқаннан кейін дозаны алда тәулігіне 800 мг-ға дейін арттыра отырып, рибавиринді тәулігіне 600 мг дозада қайта қабылдауға тырысуға болады. Алайда рибавириннің дозасын бастапқыда тағайындалғанға дейін (тәулігіне 1000 мг – 1200 мг) арттыру ұсынылмайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылу дәрежесі бар пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр функциясының жеңіл, орташа немесе ауыр дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес (Child‑Pugh‑Turcotte жіктемесі бойынша А, В немесе С класы). Ледипасвир/софосбувир біріктірілімінің қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау бауырдың декомпенсацияланған циррозы бар пациенттерде расталды.

Енгізу әдісі мен жолы

Пеоральді қолдану үшін.

Таблетканы тамақтанған кезде немесе оған қарамастан, сумен іше отырып, бүтіндей жұту қажет.  Ащы дәміне байланысты таблетканы шайнау және бөлшектеу ұсынылмайды.

Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі 

Препараттың ұсынылатын дозасы – күніне бір рет тамақтану кезінде немесе тамақтануға қарамастан бір таблетка.

Емдеу ұзақтығы

Препаратпен емдеудің ұсынылатын ұзақтығы және белгілі бір шағын топтар үшін рибавиринді бірге қолдану

Пациенттер тобы

(АИТВ коинфекциясы бар пациенттерді қоса алғанда)

Емдеу және ұзақтығы

1, 4, 5 немесе 6 генотипіндегі ССГ бар 12 және одан үлкен жастағы ересектер мен жасөспірімдер

Циррозсыз пациенттер

Лисоф 12 апта ішінде.

Лисофты 8 апта ішінде бұрын ем алмаған 1 генотипіндегі инфекциясы бар пациенттерді емдеу үшін қарастыруға болады.

Компенсацияланған циррозбен ауыратын пациенттер

Лисоф + рибавиринА 12 апта ішінде

немесе

Лисоф (рибавиринсіз) 24 апта ішінде.

Лисоф қабылдауды аурудың клиникалық үдеу қаупі төмен және одан әрі емдеу мүмкіндіктері болғанда пациенттер үшін қарауға болады.

Бауыр трансплантациясын циррозсыз немесе компенсацияланған циррозбен өткерген пациенттер

Лисоф + рибавиринА 12 апта ішінде

12 апта бойы (бауыр циррозы жоқ пациенттерде) немесе 24 апта бойы (бауыр циррозы бар пациенттерде) Лисоф (рибавиринсіз) қабылдауды рибавиринді қолдану мүмкін болмаған немесе көтере алмаған кезде пациенттерді емдеу үшін қарауға болады.

Трансплантацияға қатысты статусына қарамастан декомпенсацияланған циррозы бар пациенттер

Лисоф + рибавиринВ 12 апта ішінде

24 апта бойы Лисоф (рибавиринсіз) қабылдауды (бауыр циррозы бар пациенттер үшін) пациенттерде рибавиринді қолдану мүмкін болмаған немесе көтере алмаған кезде қарауға болады.

генотипі 3 ССГ бар 12 және одан үлкен жастағы ересектер мен жасөспірімдер

Компенсацияланған циррозы бар және (немесе) бұрын емделуге жауап алмаған пациенттер

Лисоф + рибавиринА 24 апта ішінде (4.4 және 5.1 бөлімдерін қараңыз)

A ересектер: рибавирин тамақтану кезінде екі рет пероральді қабылданатын дене салмағы бойынша есептелген дозаларда (<75 кг = 1000 мг және ≥75 кг = 1200 мг). Жасөспірімдер: рибавиринді дозалау бойынша ұсынымдар төменде 4-кестеде берліген.

В Рибавиринді декомпенсацияланған цирроз кезінде дозалау жөніндегі ұсынымда «қабылдау уақытын көрсете отырып, қолдану жиілігі» бөлімінде берілген

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: артық дозаланған жағдайда интоксикация белгілерін анықтау үшін пациенттің жағдайын бақылау керек.

Емі: ледипасвирмен/софосбувирмен артық дозаланғанда емдеу үшін спецификалық антидоты жоқ. Артық дозаланғанда емдеу физиологиялық көрсеткіштерді бақылауды, сондай-ақ пациенттің клиникалық жағдайын бақылауды қоса алғанда, жалпы демеу шараларынан тұрады. Гемодиализ, ең алдымен, ледипасвирді айтарлықтай шығармайды, өйткені ол плазма ақуыздарымен жеткілікті түрде қатты тіркескен. Гемодиализ GS 331007 (тазарту коэффициенті 53%) софосбувирдің айналымдағы басым метаболитін тиімді шығаруға ықпал етуі мүмкін.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар 

Егер препарат дозасын қабылдағаннан кейін 5 сағат ішінде құсу болса, пациенттерге қосымша таблетка қабылдау қажеттігі туралы ескерту керек. Егер құсу препараттың дозасын қабылдағаннан кейін 5 сағаттан кейін туындаса, қосымша таблетканы қабылдау талап етілмейді.

Егер дозаны қабылдау өткізіп алынса және белгіленген уақыттан кейін 18 сағат өтсе, пациент таблетканы мүмкіндігінше тезірек қабылдауы керек. Келесі таблетка әдеттегі уақытта қабылданады.

Егер 18 сағаттан астам уақыт өтсе, пациенттерге өткізіп алған дозаны қабылдауға және препаратты қабылдаудың әдеттегі режиміне оралуға болмайды. Пациенттерге қос дозаны қабылдауға рұқсат берілмейтіндігі туралы хабарлау керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігер немесе фармацевт кеңесіне жүгініңіз

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау  керек шаралар

Ересектердегі қауіпсіздік бейінінің қысқаша сипаттамасы

Клиникалық зерттеулерде плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда ледипасвир/софосбувир біріктірілімін қабылдаған пациенттерде шаршау және бас ауыруы жиі кездесті.

Жағымсыз құбылыстар төменде жүйелік-ағзалық кластар және туындау жиілігі бойынша келтірілген. Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Өте жиі

- бас ауыру

- шаршау

Жиі

- бөртпе

Белгісіз

- Квинке ісінуі

Декомпенсацияланған циррозы бар және (немесе) бауыр трансплантациясын күтетін немесе бауыр трансплантациясын өткерген ересек пациенттер

Декомпенсацияланған циррозы бар және (немесе) бауыр трансплантациясын өткерген және ледипасвир/софосбувирдің рибавиринмен біріктірілімін қабылдайтын пациенттерде жаңа жағымсыз әсерлер анықталған жоқ.

Емдеу кезінде гемоглобин деңгейінің <10 г/дл және <8,5 г/дл дейін төмендеуі тиісінше ледипасвир/софосбувир мен рибавирин біріктірілімін қабылдайтын пациенттердің 39% және 13% - ында байқалды. Осы пациенттердің 15% - ында рибавирин тоқтатылды.

Бауыр трансплантациясын өткерген пациенттердің 7% - ында иммунодепрессанттарды енгізу режимі өзгертілген.

Жеке жағымсыз әсерлердің сипаттамасы

Жүрек аритмиясы

Амиодаронмен және/немесе жүректің жиырылу жиілігін төмендететін басқа препараттармен бір мезгілде ледипасвир/софосбувир енгізілген кезде ауыр брадикардия және жүрек блокадасы жағдайлары туралы мәліметтер бар.

Тері тарапынан бұзылулар

Стивенс-Джонсон Синдромы

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге,   фармацевтикалық қызметкерге немесе,   дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер)   жөніндегі ақпараттық деректер базасына   тікелей хабарласу керек  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 180 мг ледипасвир премиксі 90 мг ледипасвирге баламалы, 400 мг софосбувир.

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза (Авицел РН 101), натрий кроскармеллозасы (Ас-Ди –Соль), коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты (Лигамед MF-2-V), опадри II қоңыр  (85F565007) (жартылай гидролизденген поливинил спирті, макрогол/ПЭГ, титанның қостотығы Е171, тальк, темірдің қызыл тотығы Е172, темірдің сары тотығы Е172), тазартылған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Жиектері қиғашталған, бір жағында 'Н' және екінші жағында 'L18' өрнегі бар, қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған, капсула тәрізді таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

28 таблеткадан сіңіргіш мақтамен бірге полиэфир фольгамен және бұралатын пластик қақпақпен жабылған тығыздығы жоғары полиэтилен құтыға (HDPE) салынады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жеке картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °C-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

 

Өндіруші туралы мәліметтер

HETERO LABS LIMITED

Kalyanpur village, Chakkan road, Baddi, Dist-Solan (H.P.), Үндістан

Телефоны: +914023704923/24/25

E-mail: contact@heterodrugs.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

"CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА)" ЖШС, Қазақстан

050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 13

тел.: +77273115362

факс: +77273115362

E-mail: regulatory-pvg.kz@camberglobal.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

"CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА)" ЖШС, Қазақстан

050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 13

тел.: +77273115362

факс: +77273115362

E-mail: regulatory-pvg.kz@camberglobal.com

Прикрепленные файлы

Лисоф_каз.docx 0.09 кб
Лисоф_рус.docx 0.11 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту