Липримар® (80 мг)

МНН: Аторвастатин
Производитель: Пфайзер Фармасьютикалс ЭлЭлСи
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Atorvastatin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018157
Период регистрации: 29.08.2016 - 29.08.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 225.81 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Липримар®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аторвастатин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг, 20 мг, 40 мг және 80 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 10 мг, 20 мг, 40 мг және 80 мг аторвастатинге баламалы сәйкесінше 10,85 мг, 21,70 мг, 43,40 мг және 86,80 мг кальций аторвастатині,

қосымша заттар: кальций карбонаты, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, полисорбат 80, гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты,

үлбірлі жабын: гидроксипропилметилцеллюлоза, полиэтиленгликоль 8000, титанның қостотығы (Е 171), тальк, симетикон эмульсиясы (симетикон – 30,0 %, эмульгацияланған стеарат – 6,8 %, загуститель – 2,5 %, бензой қышқылы – 0,2 %, сорбин қышқылы – 0,1% суда).

Сипаттамасы

Бір жағында «10» және келесі жағында - «ATV» өрнегі бар, үлбірлі қабықпен қапталған ақ дөңгелек таблеткалар (10 мг доза үшін).

Бір жағында «20» және келесі жағында - «ATV» өрнегі бар, үлбірлі қабықпен қапталған ақ дөңгелек таблеткалар (20 мг доза үшін).

Бір жағында «40» және келесі жағында - «ATV» өрнегі бар, үлбірлі қабықпен қапталған ақ дөңгелек таблеткалар (40 мг доза үшін).

Бір жағында «80» және келесі жағында - «ATV» өрнегі бар, үлбірлі қабықпен қапталған ақ дөңгелек таблеткалар (80 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Гиполипидемиялық препараттар. Гипохолестеринемиялық және гипотриглицеридемиялық препараттар. ГМГ КоА-редуктаза тежегіштері.

Аторвастатин.

АТХ коды С10АА 05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Аторвастатин ішке қабылдағаннан кейін жылдам сіңеді; оның қан плазмасындағы концентрациясы ең жоғарғысына 1-2 сағаттан кейін жетеді. Аторвастатиннің қан плазмасындағы сіңу дәрежесі мен концентрациясы дозасына пропорционал артады. Аторвастатиннің абсолюттік биожетімділігі 14%-ға жуықты, ал ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты тежегіштік белсенділігінің жүйелік биожетімділігі - 30%-ға жуықты құрайды. Төменгі жүйелік биожетімділігіне асқазан-ішек жолының шырышты қабығындағы және/немесе бауыр арқылы "бірінші өтуіндегі" жүйеалдылық метаболизмі түрткі болады.

Ас ішу препараттың сіңірілуі жылдамдығы мен дәрежесін біраз (сәйкесінше 25% және 9%-ға, бұл туралы Сmax және AUC анықтау нәтижелері көрсетеді) төмендетеді, алайда тығыздығы төмен липопротеидтер холестеринінің ТТЛП-ХС төмендеуі аторвастатинді аш қарында қабылдағандағы осындаймен ұқсас. Аторвастатинді кешкі уақытта қабылдағаннан кейін оның қан плазмасындағы концентрациясы таңертеңгі уақытта қабылдағаннан кейінгіге қарағанда төмен (Cmax және AUC шамамен 30%-ға). Препараттың сіңуі мен дозасы арасында дозаға тәуелділік анықталған. Дегенмен ТТЛП-ХС деңгейін төмендету препаратты қабылдау тәулігінің уақытына байланыстырмай-ақ ұқсас болып келеді.

Таралуы

Аторвастатиннің таралуының орташа көлемі 381 л жуықты құрайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 98%-дан аз. Эритроциттердегі/плазмадағы аторвастатин құрамының қатынасы 0,25-ке жуықты құрайды, яғни аторвастатин эритроциттерге нашар өтеді.

Метаболизмі

Аторвастатин елеулі дәрежеде орто- және пара-гидроксилденген туындылары мен түрлі бета-тотығу өнімдерін түзе отырып метаболизденеді. Орто- және пара-гидроксилденген метаболиттері ГМГ-КоА-редуктазаға тежегіштік әсер береді. ГМГ-КоА-редуктаза белсенділігінің шамамен 70% төмендеуі айналымдағы белсенді метаболиттерінің әсерінің есебінен жүреді. Аторвастатиннің метаболизмінде бауырдың P450 3А4 цитохромы маңызды рөл атқарады: осы изоферменттің тежегіші болып табылатын эритромицинді бір мезгілде қабылдағанда адам қаны плазмасындағы аторвастатиннің концентрациясы артады.

Шығарылуы

Аторвастатин мен оның метаболиттері негізінен бауырдағы және/немесе бауырдан тыс метаболизмі (аторвастатин айқын ішек-бауыр рециркуляциясына ұшырамайды) нәтижесінде өтпен шығарылады. Аторвастатиннің жартылай шығарылу кезеңі 14 сағатқа жуықты құрайды. Белсенді метаболиттерінің бар болуы арқасында, ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты тежегіштік белсенділігі 20-30 сағатқа жуық сақталады. Аторвастатиннің қабылданған дозасының 2%-дан азы несеппен шығарылады.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

65 жастағы және одан асқан пациенттерде қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясы, ересек пациенттердегіден гөрі, жас ересектерде (Cmax шамамен 40%-ға, AUC шамамен 30%-ға) жоғары. Клиникалық деректер жасы ересектеу пациенттермен салыстырғанда егде пациенттерді популяциялағанда препараттың кез келген дозасында ТТЛП деңгейін жоғары дәрежеде төмендететін растайды.

Балалар жасындағы пациенттер

Бала жасындағы пациенттер қауымында фармакокинетика бойынша деректер жоқ.

Жынысы

Әйелдердің қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясы еркектердегі осындай көрсеткіштен ерекшеленеді (Смах шамамен 20%-ға жоғары, ал AUC - 10%-ға төмен), алайда препараттың әйелдер мен еркектердің липидтік алмасуына ықпал етуінің клиникалық елеулі айырмашылықтары анықталған жоқ.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек аурулары қан плазмасында аторвастатиннің концентрациясына әсер етпейді немесе липидтік алмасу көрсеткіштеріне оның әсері жоқ, осыған байланысты бүйрек функциясы бұзылған науқастарда дозаны өзгерту қажет емес.

Гемодиализ

Бүйрек ауруының терминальді сатысы бар пациенттердің қатысуымен зерттеулер жүргізілмеуіне қарамастан, гемодиализдің аторвастатин клиренсінің айтарлықтай ұлғаюына әкелу ықтималдығы аз, себебі препарат елеулі дәрежеде қан плазмасы ақуыздарымен байланысқан.

Бауыр функциясының бұзылуы

Алкогольдік бауыр циррозы бар науқастарда аторвастатиннің концентрациясы айтарлықтау жоғарылайды. Чайлд - Пью жіктелуі бойынша А класының аурулары бар пациенттерде Cmax және AUC көрсеткіштері 4 есеге жоғарылаған. Чайлд - Пью жіктелуі бойынша В класының аурулары бар пациенттерде Cmax және AUC көрсеткіштері тиісінше шамамен 16 және 11 есеге жоғарылаған.

Бір мезгілде қабылданатын препараттардың аторвастатиннің фармакокинетикасына әсері

Бір мезгілде қабылданатын препарат және дозалау режимі

Аторвастатин

 

Доза (мг)

AUC1 өзгеруі

Cmax1 өзгеруі

Циклоспорин тәулігіне 5,2 мг/кг дозада, тұрақты доза

28 күн бойы тәулігіне 1 рет 10 мг

↑ 8,7 есе

↑ 10,7 есе

Типранавир 500 мг дозада тәулігіне 2 рет/ритонавир 200 мг дозада тәулігіне 2 рет, 7 күн

10 мг, ОД

↑ 9,4 есе

↑ 8,6 есе

Телапревир 750 мг дозада 8 сағатта 1 рет, 10 күн

20 мг, ОД

↑ 7,88 есе

↑ 10,6 есе

3Саквинавир 400 мг дозада тәулігіне 2 рет/ритонавир 400 мг дозада тәулігіне 2 рет, 15 күн

40 мг тәулігіне 1 рет. 4 күн бойы

↑ 3,9 есе

↑ 4,3 есе

Кларитромицин 500 мг дозада тәулігіне 2 рет, 9 күн

80 мг тәулігіне 1 рет. 8 күн бойы

↑ 4,4 есе

↑ 5,4 есе

Дарунавир 300 мг дозада тәулігіне 2 рет/ритонавир 100 мг дозада тәулігіне 2 рет, 9 күн

10 мг тәулігіне 1 рет. 4 күн бойы

↑ 3,4 есе

↑ 2,25 есе

Итраконазол 200 мг дозада тәулігіне 1 рет, 4 күн

40 мг, ОД

↑ 3,3 есе

↑ 20 %

Фосампренавир 700 мг дозада тәулігіне 2 рет/ритонавир 100 мг дозада тәулігіне 2 рет, 14 күн

10 мг тәулігіне 1 рет. 4 күн бойы

↑ 2,53 есе

↑ 2,84 есе

Фосампренавир 1400 мг дозада тәулігіне 2 рет, 14 күн

10 мг тәулігіне 1 рет. 4 күн бойы

↑ 2,3 есе

↑ 4,04 есе

Нелфинавир 1250 мг дозада тәулігіне 2 рет, 14 күн

10 мг тәулігіне 1 рет. 28 күн бойы

↑ 74 %

↑ 2,2 есе

Грейпфрут шырыны, 240 мл тәулігіне 1 рет. *

40 мг, ОД

↑ 37 %

↑ 16 %

Дилтиазем дозада 240 мг тәулігіне 1 рет, 28 күн

40 мг, ОД

↑ 51 %

Өзгеріссіз

Эритромицин 500 мг дозада тәулігіне 4 рет, 7 күн

10 мг, ОД

↑ 33 %

↑ 8 %

Амлодипин 10 мг дозада, бір реттік доза

80 мг, ОД

↑ 15 %

↑ 12 %

Циметидин 300 мг дозада тәулігіне 4 рет, 2 апта

10 мг тәулігіне 1 рет. 2 апта бойы

1 %-дан аз

↓ 11 %

Колестипол 10 мг дозада тәулігіне 2 рет, 28 апта

40 мг тәулігіне 1 рет. 28 апта бойы

Анықталмаған

↓ 26 %**

Маалокс TC® 30 мл дозада тәулігіне 1 рет, 17 күн

10 мг тәулігіне 1 рет. 15 күн бойы

↓ 33 %

↓ 34 %

Эфавиренз 600 мг дозада тәулігіне 1 рет, 14 күн

10 мг 3 күн бойы

↓ 41 %

↓ 1 %

Рифампин 600 мг дозада тәулігіне 1 рет, 7 күн (бір рет қабылданады) 2

40 мг, ОД

↑ 30 %

↑ 2,7 есе

Рифампин 600 мг дозада тәулігіне 1 рет, 5 күн (бөлінген дозада) 2

40 мг, ОД

↓ 80 %

↓ 40 %

Гемфиброзил 600 мг дозада тәулігіне 2 рет, 7 күн  

40 мг ОД 

↑ 35 %

1 %-дан аз

Фенофибрат 160 мг дозада тәулігіне 1 рет, 7 күн

40 мг ОД            

↑ 3 %

↑ 2 %

Боцепревир 800 мг дозада тәулігіне 3 рет, 7 күн

40 мг, ОД

↑ 2,30 есе

↑ 2,66 есе

1 Өзгеру мәртелігі түрінде келтірілген деректер препараттарды бір мезгілде қабылдау мен аторвастатинді монотерапия түрінде (яғни 1 есе - өзгеріссіз) қабылдау арасында қарапайым арақатынас болып табылады.  %-дық өзгеріс түрінде келтірілген деректер монотерапия түрінде аторвастатинге қатысты пайыздық айырмашылықты білдіреді (яғни 0 % - өзгерістер жоқ).

* AUC өте айқын жоғарылауы (2,5-еселік) және/немесе Cmax (71 %-ға дейін) грейпфрут шырынын шамадан тыс қолданғанда (≥ 750 мл - күніне 1,2 л) байқалған.

** Дозаны енгізгеннен кейін 8-16 сағаттан кейін алынған бір үлгі.

2 Рифампин тарапынан өзара әрекеттесудің қосарлы механизміне байланысты аторвастатинді рифампинмен бір мезгілде тағайындау ұсынылады, себебі рифампиннен кейін біршама уақыттан кейін аторвастатинді қолдану қан плазмасында аторвастатиннің концентрациясының айтарлықтай төмендеуімен қатар жүрді.

3 Осы зерттеуде пайдаланылған ритонавирмен саквинавир дозасы клиникалық практикада қолданылмайды. Клиникалық дозада пайдаланған кезде аторвастатиннің әсер ету деңгейі жоғарылауы осы зерттеуде байқалғанға қарағанда өте елеулі болуы мүмкін. Сондықтан препаратты абайлап қолдану және ең төменгі қажетті дозаны пайдалану қажет.

Аторвастатиннің бір мезгілде қабылданатын препараттардың фармакокинетикасына әсері

Аторвастатин

Бір мезгілде қабылданатын препарат және дозалау режимі

 

Препарат/доза (мг)

AUC өзгеруі

Cmax өзгеруі

80 мг тәулігіне 1 рет. 15 күн бойы

Антипирин 600 мг дозада, ОД

↑ 3 %

↓ 11 %

80 мг тәулігіне 1 рет. 14 күн бойы

Дигоксин 0,25 мг дозада тәулігіне 1 рет, 20 күн

↑ 15 %

↑ 20 %

40 мг тәулігіне 1 рет. 22 күн бойы

Оральді контрацептив, тәулігіне 1 рет., 2 ай

- норэтиндрон 1 мг

- этинилэстрадиол 35 мкг

↑ 

↑ 19 %

↑ 23 %

↑ 30 %

10 мг, ОД

Типранавир 500 мг дозада тәулігіне 2 рет/ритонавир 200 мг дозада тәулігіне 2 рет, 7 күн

Өзгеріссіз

Өзгеріссіз

10 мг тәулігіне 1 рет. 4 күн бойы

Фосампренавир 1400 мг дозада тәулігіне 2 рет, 14 күн

↓ 27 %

↓ 18 %

10 мг тәулігіне 1 рет. 4 күн бойы

Фосампренавир 700 мг дозада тәулігіне 2 рет/ритонавир 100 мг дозада тәулігіне 2 рет, 14 күн

Өзгеріссіз

Өзгеріссіз

Фармакодинамикасы

Липримар® – 3-гидрокси-3-метилглутарил-КоА мевалон қышқылына айналдыратын ГМГ-КоА-редуктаза - ферментінің селективті бәсекелес тежегіші - холестеринді қоса, стероидтар ізашары. Гомозиготалық және гетерозиготалық туыстас гиперхолестеринемиясы, гиперхолестеринемияның туыстас емес түрлері және аралас дислипидемиясы бар науқастарда Липримар® қан плазмасында жалпы холестерин (ХС), тығыздығы төмен липопротеидтер холестерині және аполипопротеин В, сондай-ақ тығыздығы өте төмен липопротеидтер холестерині (ХС-ТӨТЛП) және триглицеридтер мөлшерін төмендетеді, тығыздығы жоғары липопротеидтер холестерині (ХС-ТЖЛП) және аполипопротеин A-1 мөлшерінің тұрақсыз жоғарылауын туғызады. Липримар® жалпы холистерин, ХС-ТТЛП, ХС-ТӨТЛП, аполипопротеин B, триглицерилдер және ХС емес-ТЖЛП деңгейін төмендетеді және оқшауланған гипертриглицеридемиясы бар пациенттерде ХС-ТЖЛП деңгейін жоғарылатады. Липримар® дисбеталипопротеинемиясы бар пациенттерде аралық тығыздықты липопротеин (ХС-АТЛП) холестеринінің өндірілуін бәсеңдетеді.

Бауырда триглицеридтер мен холестерин тығыздығы өте төмен липопротеидтер (ТӨТЛП) құрамына кіреді, қан плазмасына түседі және шеткері тіндерге тасымалданады. ТӨТЛП-дан тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП) түзіледі, олар ТТЛП жоғары аффинді рецепторларымен өзара әрекеттескенде катаболизденеді.

Липримар® ГМГ-КоА-редуктаза мен бауырда холестерин синтезін тежей отырып және ТТЛП сіңірілуі мен катаболизмін белсендіру үшін бауыр жасушалары беткейінде ТТЛП рецепторлар санын арттыра отырып, плазмада холестерин мен липопротеиндер деңгейін төмендетеді; Липримар® сондай-ақ, ТТЛП өндірілуін бәсеңдетеді және ТТЛП бөлшектері санын төмендетеді. Липримар® липидтер деңгейін төмендететін басқа дәрілік заттарға сирек жауап беретін популяцияда гомозиготалық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы (ТГ) бар пациенттерде ХС-ТТЛП деңгейін төмендетеді.

Липримар® препаратының өзі және оның кейбір метаболиттері фармакологиялық белсенді болып табылады. Негізгі әсер ету орны холестерин синтезі мен ТТЛП клиренсінің негізгі орны болып табылатын бауыр болып табылады. ХС-ТТЛП деңгейінің төмендеуі препараттың жүйелік концентрациясына қарағанда препараттың дозасына байланысты болуы мүмкін. Препарат дозасын жеке таңдау емдік жауапқа негізделуі тиіс.

Қолданылуы

Липидтер деңгейін өзгертетін препараттармен емдеу гиперхолестеринемияға байланысты қан тамырларының атеросклероздық ауру қаупі айтарлықтай жоғарылаған адамдарда көптеген қауіп факторларында дәрілік емдеу компоненті ретінде ғана қолданылуы мүмкін. Дәрімен емдеу қаныққан майлар мен холестериннің шектелуімен диетаға жауап және басқа да фармакологиялық емес шаралар жеткіліксіз болғанда диетаға толықтыру ретінде ұсынылған. Коронарлық жүрек ауруы (КЖА) немесе КЖА көптеген қауіп факторлары бар пациенттерде Липримар® препаратын қолдануды диетамен бір мезгілде бастауға болады.

Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы

Клиникалық айқындалған коронарлық жүрек ауруы жоқ, бірақ жас шамасы, шылым шегу, артериялық гипертензия, ХС-ТЖЛП төмен деңгейі немесе отбасылық анамнезде жүректің коронарлық ауруының ерте жағдайлары болуы сияқты оның дамуының бірнеше қауіп факторлары бар ересек пациенттерде Липримар® мына мақсатта қолданылады:

- миокард инфаркті қаупінің төмендеуі;

- инсульт қаупінің төмендеуі;

- реваскуляризация және стенокардия емшаралары қаупінің төмендеуі.

2-типті қант диабеті бар және клиникалық айқындалған коронарлық жүрек ауруы жоқ, бірақ ретинопатия, альбуминурия, шылым шегу немесе артериялық гипертензия сияқты оның дамуының бірнеше қауіп факторлары бар ересек пациенттерде Липримар® мына мақсатта қолданылады:

- миокард инфаркті қаупінің төмендеуі;

- инсульт қаупінің төмендеуі.

Клиникалық айқындалған коронарлық жүрек ауруы бар пациенттерде Липримар® мына мақсатта қолданылады:

- өліммен аяқталмайтын миокард инфаркті қаупінің төмендеуі;

- өліммен аяқталатын және өліммен аяқталмайтын инсульт қаупінің төмендеуі;

- реваскуляризация емшарасы қаупінің төмендеуі;

- ЖІЖ қатысты ауруханаға жату қаупінің төмендеуі;

- стенокардия қаупінің төмендеуі.

Гиперлипидемия

Липримар® қолданылады:

- бастапқы гиперхолестеринемиясы (гетерозиготалық тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын) және аралас дислипидемиясы (Фредриксон жіктелуі бойынша IIa және IIb типтері) бар пациенттерде жалпы холестерин, ХС-ТТЛП, аполипопротеин B мен триглицеридтер жоғары деңгейлерін төмендету және ХС-ТЖЛП деңгейінің жоғарылауы үшін диетаға толықтыру ретінде;

- гипертриглицеридемиясы (Фредриксон жіктелуі бойынша IV тип) бар пациенттерді емдеу үшін диетаға толықтыру ретінде.

- диетаға тиісінше жауап бермейтін бастапқы дисбеталипопротеинемиясы (Фредриксон жіктелуі бойынша III тип) бар пациенттерді емдеу үшін;

- гомозиготалық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде басқа гиполипидемиялық емдеуге (ТТЛП аферезі және т.б.) қосымша дәрі ретінде немесе мұндай емге қол жеткізілмеген жағдайда жалпы холестерин мен ХС-ТТЛП деңгейлерін төмендету үшін;

- гетерозиготалық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар ұл балаларда жалпы холестерин, ХС-ТТЛП және аполипопротеин B деңгейлерін төмендету мақсатында және 10-нан 17 жасқа дейінгі қыз балаларда етеккір басталғаннан кейін диетаға толықтыру ретінде, оларда адекватты емдік диетадан кейін мына көрсеткіштер байқалады:

а. ХС-ТТЛП  190 мг/дл/5,0 ммоль/л деңгейінде қалады немесе

б. ХС-ТТЛП  160 мг/дл/4,2 ммоль/л деңгейінде қалады және:

  • отбасылық анамнезде жүрек-қантамыр ауруларының ерте туындау жағдайлары бар немесе;

  • пациент балаларда жүрек-қантамыр аурулары (ЖҚА) туындауының екі немесе одан да көп басқа қауіп факторлары бар.

Шектеулі қолдану

Липопротеиндер тарапынан негізгі бұзылу хиломикрондар (Фредриксон жіктелуі бойынша I және V типтері) деңгейінің жоғарылауы болып табылатын аурулар жағдайында Липримар® препаратын қолдану зерттелген жоқ.

Қолдану тәсілі және дозалары

Гиперлипидемия (гетерозиготалық тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын) және аралас дислипидемия (Фредриксон жіктелуі бойынша IIa және IIb типтері)

Липримар® препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 10 мг немесе 20 мг құрайды. ХС-ТТЛП деңгейінің елеулі төмендеуін (45 %-дан жоғары) қажет ететін пациенттер емді тәулігіне бір рет 40 мг дозадан бастай алады. Липримар® дозасының ауқымы тәулігіне 10 мг-ден 80 мг-ге дейінді құрайды. Липримар® препаратын ас ішуге байланыссыз тәуліктің кез келген уақытында бір реттік дозада қабылдауға болады. Липримар® препаратының бастапқы және демеуші дозасы емдеу мақсаты және жауабы сияқты пациенттің ерекшеліктеріне сәйкес әрбір жекелеген жағдайда таңдап алынады. Емді бастағаннан кейін және/немесе Липримар® дозасын таңдаған кезде 2-4 апта бойы липидтер деңгейіне талдау жүргізу және тиісінше дозаны түзету керек.

Пациент балалардағы (10-17 жас) гетерозиготалық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемия

Липримар® препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 10 мг құрайды; ең жоғарғы ұсынылатын доза - тәулігіне 20 мг (пациенттердің бұл популяциясында препаратты 20 мг-ден жоғары дозада қолдану зерттелген жоқ). Дозаны емнің мақсаты негізінде әр жеке жағдайда іріктеу қажет. Дозаны түзетуді 4 апталық немесе одан көп аралықпен жүргізу керек.

Гомозиготалық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемия

Гомозиготалық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы (НГ) бар пациенттер үшін Липримар® дозасы тәулігіне 10-80 мг құрайды. Бұл пациенттерде Липримар® препаратын басқа гиполипидемиялық емге (ТТЛП аферезі және т.б.) немесе егер мұндай емге қол жеткізілмесе қосымша дәрі ретінде пайдалану керек.

Қатар жүретін гиполипидемиялық емдеу

Липримар® препаратын өт қышқылдарының секвестранттарымен бірге қолдануға болады. ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер) мен фибраттардың біріктірілімін әдетте сақтықпен қолдану керек.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек ауруы қан плазмасында Липримар® концентрациясына ХС-ТТЛП деңгейінің төмендеуіне әсер етпейді; сондықтан бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Циклоспорин, кларитромицин, итраконазол немесе белгілі бір протеаза тежегіштерін қабылдайтын пациенттер

Циклоспорин, АИТВ протеаза тежегіштерін (ритонавирмен типранавир) немесе С гнепатиті вирусының протеаза тежегіштерін (телапревир) қабылдайтын пациенттерге Липримар® препаратын тағайындауға болмайды. Ритонавирмен лопинавирді қабылдайтын АИТВ бар пациенттерге Липримар® препаратын сақтықпен және ең төменгі қажетті дозада тағайындау керек. Кларитромицин немесе итраконазол қабылдайтын пациенттерде және ритонавирмен саквинавирдің, ритонавирмен дарунавирдің, ритонавирмен фосампренавир немесе фосампренавирдің біріктірілімін қабылдайтын АИТВ бар пациенттерде Липримар® 20 мг дозасын арттыруға болмайды және Липримар® препаратының ең төменгі қажетті дозасын қолдануға кепілдік беру үшін тиісті клиникалық баға беруді орындау ұсынылады. АИТВ протеаза тежегіштері - нелфинавир немесе С гепатиті вирусының протеаза тежегіштері - боцепревир қабылдайтын пациенттерде Липримар® 40 мг дозасын арттыруға болмайды және Липримар® препаратының ең төменгі қажетті дозасын қолдануға кепілдік беру үшін тиісті клиникалық баға беруді орындау ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Липримар® препаратын қолданған кезде көрініс беру жиілігі төмендегідей жіктелген жағымсыз әсерлер тіркелген: жиі ( ≥ 1/100-нан < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін) және сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1000), өте сирек (1/10000-нан) және белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).

Жиі

- бас ауыруы

- назофарингит

- гипергликемия

- жұтқыншақ пен көмейдігі ауыру, мұрыннан қан кету

- диспепсия, жүрек айнуы, іш қату, метеоризм, диарея

- артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықеттің тартылуы, миалгия, буындардың ісінуі, арқаның ауыруы

- бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің нормадан ауытқуы, қандағы креатинкиназа деңгейінің жоғарылауы

- аллергиялық реакциялар

Жиі емес

- гипогликемия, дене салмағының артуы, анорексия

- шым-шытырық түс көру, ұйқысыздық

- бас айналуы, парестезия, гипестезия, дисгевзия, амнезия

- көрудің бұлыңғырлануы

- құлақтағы шуыл

- құсу, іштің жоғарғы және төменгі жағының ауыруы, кекіру, панкреатит

- гепатит

- есекжем, тері бөртпесі, қышыну, алопеция

- мойынның ауыруы, бұлшықеттің қалжырауы

- дімкәстік, астения, кеуде қуысының ауыруы, шеткері ісінулер, қатты шаршағыштық, пирексия

- несепте лейкоциттердің пайда болуы

Сирек

- тромбоцитопения

- шеткері нейропатия

- көрудің нашарлауы

- холестаз

- ангионевроздық ісінулер, полиморфты эритеманы қоса буллезді дерматит, Стивенс - Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз

- миопатия, миозит, рабдомиолиз, тендинопатия, кейде асқынған жыртылулар

Өте сирек

- анафилаксия

- естудің нашарлауы

- өлімге соқтыратын және өлімге әкелмейтін бауыр жеткіліксіздігі

- гинекомастия

- ұмытшақтық, жадының жоғалуы, амнезия, сананың шатасуы

Белгісіз

- иммунитетке байланысты некрозданған миопатия

Мынадай жағымсыз әсерлер балалар жасындағы пациенттерде байқалған:

Жиі

- бас ауыруы

- іштің ауыруы

- аланинаминотрансфераза және сарысу креатинфосфокиназа (КФК) деңгейінің жоғарылауы

Қолжетімді деректерге қарай балаларда жағымсыз әсерлердің жиілігі, түрлері мен ауырлық дәрежесі ересектердегідей күтіледі. Балалардағы ең жиі жағымсыз әсерлер инфекциялар болды. Қазіргі уақытта пациент балаларда ұзақ емдеген кезде қауіпсіздігі туралы қолжетімді ақпарат шектеулі.

Кейбір статиндерге қатысты мына жағымсыз реакциялар туралы хабарланды:

- жыныстық дисфункция

- депрессия

- әсіресе ұзақ мерзімдік емдегенде өкпенің интерстициальді ауруының өте сирек жағдайлары

- қант диабеті: жиілігі қауіп факторының болуы немесе болмауына байланысты болады (ашқарынға қандағы глюкоза  ≥ 5,6 ммоль/л, ДСИ > 30 кг/м2, триглицеридтердің жоғары деңгейлері, анамнезінде артериялық гипертензия)

Болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді хабарлау

Дәрілік препаратты тіркегеннен кейін анықталған болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді хабарлаудың маңызы зор. Бұл дәрілік препараттың пайдасы мен қаупінің арақатынасына мониторинг жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік береді.

Медицина қызметкерлері мен пациенттерден медициналық қолдану жөніндегі осы нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжай бойынша кез келген жағымсыз реакциялар туралы хабарлау сұралады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- шығу тегі белгісіз сарысу трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауын қоса, белсенді бауыр ауруы

- жүктілік және лактация кезеңі, сондай-ақ контрацепцияның адекваттық әдістерін пайдаланбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерде

- тұқым қуалайтын лактоза көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Миопатия даму қаупі статиндермен емдеген кезде фиброй қышқылының туындыларын, липидтер деңгейін модификациялайтын дозада ниацинді, циклоспоринді немесе CYP 3A4 күшті тежегіштерін (мысалы, кларитромицин, АИТВ протеаза тежегіштері және итраконазол) бір мезгілде қолданғанда артады.

CYP3A4 күшті тежегіштері

Липримар® P450 3A4 цитохромымен метаболизденеді. Липримар® препаратын CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау қан плазмасында аторвастатин концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Өзара әрекеттесу және әсерлерін күшейту дәрежесі CYP3A4 әсеріне құбылуына байланысты.

Кларитромицин

Аторвастатиннің AUC мәні Липримар® препаратының монотерапиясымен салыстырғанда 80 мг дозада Липримар® препаратын кларитромицинмен (тәулігіне екі рет 500 мг) бір мезгілде қабылдағанда айтарлықтай артқан. Демек, кларитромицин қабылдайтын пациенттерде егер доза 20 мг-ден асатын болса, Липримар® препаратын сақтықпен қолдану керек.

Протеаза тежегіштерінің біріктірілімі

Аторвастатиннің AUC мәні Липримар® препаратының монотерапиясымен салыстырғанда Липримар® препаратын АИТВ протеаза тежегіштерінің бірнеше біріктірілімімен, сондай-ақ С гепатиті вирусының протеаза тежегіштері - телапревирмен бір мезгілде қабылдағанда айтарлықтай артқан. Демек, АИТВ протеаза тежегіштері - ритонавирмен типранавир немесе С гепатиті вирусының протеаза тежегіштері - телапревир қабылдайтын пациенттерге оларды Липримар® препаратымен бір мезгілде тағайындауға болмайды. АИТВ протеаза тежегіштері - ритонавирмен лопинавир қабылдайтын пациенттерге Липримар® препаратын сақтықпен қолдану керек және ең төменгі қажетті дозаны таңдау қажет. АИТВ протеаза тежегіштері - ритонавирмен саквинавир, ритонавирмен дарунавир, ритонавирмен фосампренавир немесе фосампренавир қабылдайтын пациенттерде Липримар® дозасы 20 мг-ден аспауы тиіс және бұл препаратты сақтықпен қолдану керек. АИТВ протеаза тежегіштері - нелфинавир немесе С гепатиті вирусының протеаза тежегіштері - боцепревир қабылдайтын пациенттерде Липримар® препаратының дозасын 40 мг-ден асыруға болмайды және мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

Итраконазол

40 мг дозада Липримар® препаратын 200 мг дозада итраконазолмен бір мезгілде қабылдағанда аторвастатиннің AUC мәні айтарлықтай артқан. Демек, итраконазол қабылдайтын пациенттерде егер доза 20 мг-ден асатын болса, Липримар® препаратын сақтықпен қолдану керек.

Грейпфрут шырыны

Құрамында CYP3A4 цитохромын тежейтін бір немесе бірнеше компоненттер бар және әсіресе грейпфрут шырынын шамадан тыс қолданғанда (тәулігіне > 1,2 литр) қан плазмасында аторвастатин концентрациясын арттыруы мүмкін.

Циклоспорин

Аторвастатин мен оның метаболиттері OATP1B1 тасымалдаушысының субстраттары болып табылады. OATP1B1 тасымалдаушысының тежегіштері (мысалы, циклоспорин) аторвастатиннің биожетімділігін арттыруы мүмкін. Аторвастатиннің AUC мәні Липримар® препаратымен монотерапиямен салыстырғанда 10 мг дозада Липримар® препаратын тәулігіне 5,2 мг/кг дозада циклоспоринмен бір мезгілде қабылдағанда айтарлықтай артқан.

Гемфиброзил

Миопатия/рабдомиолиз қаупінің жоғарылауына байланысты ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін гемфиброзилмен бір мезгілде қабылдағанда Липримар® препаратын гемфиброзилмен бір мезгілде қабылдаудан аулақ болу керек.

Басқа да фибраттар

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен емдеген кезде басқа фибраттарды бір мезгілде қабылдаған жағдайда миопатия қаупі артатыны белгілі болғандықтан, Липримар® препаратын басқа фибраттармен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек.

Ниацин

Липримар® препаратын ниацинмен біріктіріп қолданған жағдайда қаңқа бұлшықеттеріне әсер ету қаупі артады; бұл жағдайда Липримар® дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыру керек.

Рифампин және P450 3A4 цитохромының басқа да индукторлары

Липримар® препаратын P450 3A4 цитохромының индукторларымен (мысалы, эфавиренз, рифампин) бір мезгілде қолдану қан плазмасында түрлі дәрежеде айқындалған аторвастатин концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Рифампин тарапынан өзара әрекеттесудің қосарлы механизміне байланысты Липримар® препаратын рифампинмен бір мезгілде қолдану ұсынылады, себебі рифампиннен кейін біршама уақыттан соң Липримар® препаратын қолдану қан плазмасында аторвастатин концентрациясының айтарлықтай төмендеуімен қатар жүрді.

Дигоксин

Липримар® препаратының көп реттік дозасы мен дигоксинді бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында дигоксиннің тепе-тең концентрациясы шамамен 20%-ға жоғарылады. Дигоксин қабылдайтын пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс.

Ішуге арналған контрацептивтер

Липримар® препаратын ішуге арналған контрацептивтермен бір мезгілде қолдану норэтиндрон мен этинилэстрадиол үшін AUC мәндерін арттырды. Бұл арттыруды Липримар® қабылдайтын әйелдер үшін ішуге арналған контрацептивті таңдаған кезде ескеру керек.

Варфарин

Варфаринмен ұзақ емделген пациенттер қабылдаған кезде Липримар® протромбиндік уақытқа клиникалық елеулі әсер көрсеткен жоқ.

Колхицин

Аторвастатин мен колхицинді бір мезгілде қолданған кезде рабдомиолизді қоса, миопатия жағдайлары туралы хабарланған, сондықтан аторвастатинді колхицинмен бір мезгілде сақтықпен тағайындау керек.

Айрықша нұсқаулары

Қаңқа бұлшықеттері

Липримар® мен осы кластың басқа препараттарын қабылдағанда миоглобинурия туғызған жедел бүйрек жеткіліксіздігімен рабдомиолиздің сирек жағдайлары туралы хабарланған. Анамнезінде бүйрек функциясының бұзылуының болуы рабдомиолиздің даму қаупі факторы бола алады. Мұндай пациенттерде препараттың қаңқа бұлшықеттеріне әсеріне мұқият мониторинг жүргізу қажет.

Аторвастатин, басқа статиндер сияқты кейде креатинфосфокиназа (КФК) деңгейінің ЖҚШ > 10 есеге жоғарылауымен қатар жүретін бұлшықет ауыруы немесе бұлшықет әлсіздігі ретінде анықталатын миопатия туғызады. Аторвастатинді бір мезгілде циклоспорин және CYP3A4 күшті тежегіштері (мысалы, кларитромицин, итраконазол және АИТВ протеаза тежегіштері) сияқты кейбір басқа препараттармен үлкен дозаларда қабылдаған кезде миопатия/рабдомиолиз қаупі жоғарылайды.

Статиндерді қолданумен қатысты иммунитетке байланысты некроздаушы миопатия (ИБНМ), аутоиммундық миопатия жағдайлары туралы сирек хабарламалар келіп түсті. ИБНМ статиндермен емдеуді тоқтатуға қарамастан сақталатын қан сарысуында креатинкиназа деңгейінің жоғарылауымен және проксимальді бұлшықет әлсіздігімен сипатталады; елеулі қабынусыз некроздаушы миопатияны көрсететін бұлшықет биопсиясы нәтижелерімен; иммунодепрессанттарды қолданған кезде жай-күйдің жақсаруымен сипатталады.

Диффузиялық миалгия, бұлшықеттің ауырсынуымен және/немесе КФК деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы бар кез келген пациентте миопатияның даму мүмкіндігін ескеру керек. Түсініксіз себептермен туындаған бұлшықет ауыруы, ауырсынуы немесе әлсіздігі туралы, әсіресе олар дімкәстікпен немесе қызбамен қатар жүрсе, немесе егер бұлшықет көріністері мен симптомдары Липримар® препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін сақталса, дереу хабарлау қажеттігін пациенттерге ескертіп қою керек. КФК деңгейі айтарлықтай жоғарылағанда, миопатия диагностикаланғанда немесе миопатияға күдік туындағанда Липримар® препаратымен емдеуді тоқтату қажет.

Осы кластың препараттарымен емдеген кезде миопатия қаупі циклоспоринді, фиброй қышқылының туындыларын, эритромицинді, кларитромицинді, С гепатиті вирусының протеаза тежегіштерін - телапревирді, ритонавирмен саквинавирді, ритонавирмен лопинавирді, ритонавирмен типранавирді, ритонавирмен дарунавирді, ритонавирмен фосампренавир және фосампренавирді қоса, АИТВ протеаза тежегіштерінің біріктірілімін, сондай-ақ ниацинді немесе азольді зеңге қарсы препараттарды бір мезгілде қолданғанда жоғарылайды. Липримар® мен фиброй қышқылының туындыларымен, эритромицинмен, кларитромицинмен, саквинавирді ритонавирмен, лопинавирді ритонавирмен, дарунавирді ритонавирмен, фосампренавирмен немесе фосампренавирмен ритонавирмен біріктірілімін, сондай-ақ азольді зеңге қарсы препаратармен немесе липидтер деңгейін модификациялайтын дозада ниацинмен біріктіріп емдеу мүмкіндігін қарастыратын дәрігерлер әлеуетті пайдасы мен қаупін мұқият таразылауы тиіс және әсіресе алғашқы емдеу айларында және препараттардың кез келгінінің дозасын біртіндеп арттыру кезеңінде бұлшықет ауыруының, ауырсынуының немесе әлсіздігінің кез келген көріністері немесе симптомдарының туындауына қатысты пациенттердің жай-күйін мұқият бақылауы тиіс. Жоғарыда атап көрсетілген препараттармен бірге қолданған кезде аторвастатиннің барынша төмен бастапқы және демеуші дозаларын пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек. Мұндай жағдайларда креатинфосфокиназа (КФК) деңгейін жүйелі анықтау мүмкіндігін қарастыруға болады, бірақ мұндай мониторинг жүргізу ауыр миопатия дамуының алдын алуға кепілдік бермейді.

Өзара әрекеттесуші заттарды тағайындау жөніндегі ұсынымдар төмендегі кестеде келтірілген.

Миопатия/рабдомиолиз жоғары қаупімен байланысты дәріаралық өзара әрекеттесулер

Өзара әсер етуші заттар

Тағайындауы бойынша ұсынымдар

Циклоспорин, АИТВ протеаза тежегіштері (типранавир ритонавирмен), С гепатиті вирусының протеаза тежегіштері (телапревир)

Аторвастатинді қолданудан аулақ болу керек

АИТВ протеаза тежегіштері (лопинавир ритонавирмен)

Сақтықпен және ең төменгі қажетті дозада қолдану керек

Кларитромицин, итраконазол,

АИТВ протеаза тежегіштері (саквинавир ритонавирмен*, дарунавир ритонавирмен, фосампренавир, фосампренавир ритонавирмен)

Аторвастатин дозасын тәулігіне 20 мг-ден асырмау керек

АИТВ протеаза тежегіштері (нелфинавир)

С гепатиті вирусының протеаза тежегіштері (боцепревир)

Аторвастатин дозасын тәулігіне 40 мг-ден асырмау керек

*Сақтықпен және ең төменгі қажетті дозада қолдану керек

Аторвастатин мен колхицинді бір мезгілде қолданған кезде рабдомиолизді қоса, миопатия жағдайлары туралы хабарланған, сондықтан аторвастатинді колхицинмен бір мезгілде сақтықпен тағайындау керек.

Миопатиямен сәйкес келетін жедел күрделі жай-күйі бар кез келген пациенттер немесе рабдомиолиз туғызған бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына бейім қауіп факторы бар пациентте (мысалы, ауыр жедел инфекциясы, гипотензиясы бар, ауқымды хирургиялық араласуды бастан өткерген, жарақаты бар, зат алмасудың ауыр бұзылуы, эндокриндік бұзылуы немесе су-электролиттік теңгерімінің бұзылуы бар, сондай-ақ бақыланбайтын құрысулары бар пациенттерде) Липримар® препаратымен емдеуді уақытша немесе толық тоқтату керек.

Бауыр функциясының бұзылуы

Гиполипидемиялық емдеудің кейбір басқа дәрілері сияқты статиндер бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуын туғызды.

Клиникалық зерттеулерде бір пациентте сарғаю дамыған. Басқа пациенттерде бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің (БФБК) жоғарылауы сарғаюмен немесе басқа да клиникалық көріністермен немесе симптомдармен қатар жүрген жоқ. Дозаны төмендеткеннен кейін, препаратты қолдану үзілісінен немесе емдеуді тоқтатқан соң трансаминазалар деңгейі емдеуді бастағанға дейінгі деңгейге оралды немесе қалдық салдарларсыз оларға жақындады.

Липримар® препаратымен емдеуді бастар алдында, содан соң клиникалық көрсетілімдер болғанда бауыр ферменттері талдауын жасау керек. Статиндерді, соның ішінде аторвастатинді қабылдаған пациенттерде тіркеуден кейінгі кезең бойы өліммен аяқталған немесе өліммен аяқталмаған бауыр жеткіліксіздігінің сирек жағдайлары тіркелді. Егер Липримар® препаратымен емдеген кезде клиникалық симптомдарымен және/немесе гипербилирубинемиясымен немесе сарғаюмен бауырдың күрделі зақымдануы туындаса, дереу емді тоқтатыңыз. Егер баламалы этиологияны тағайындау мүмкін болмаса, Липримар® препаратымен емді қайта жаңғыртпаңыз.

Айтарлықтай мөлшерде алкоголь қолданатын және/немесе анамнезінде бауыр ауруы бар пациенттерде Липримар® препаратын сақтықпен қолдану керек. Белсенді бауыр ауруы немесе трансаминазалар деңгейінің түсініксіз тұрақты жоғарылауы Липримар® препаратын қолдануға қарсы көрсетілім болып табылады.

Эндокриндік жүйе функциясы

Липримар® препаратын қоса, ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін қолдану ашқарынға сарысудағы HbA1 деңгейі мен глюкоза деңгейінің жоғарылауымен ұштасқан.

Статиндер холестерин синтезіне кедергі келтіреді және теориялық тұрғыдан бүйрекүсті безі стероидтарының және/немесе жыныстық стероидтардың өндірілуін бәсеңдетуі мүмкін. Клиникалық зерттеулер Липримар® препаратының бастапқы деңгейде плазмада кортизол концентрациясын төмендетпейтінін және бүйрекүсті безінің зерервін төмендетпейтінін көрсетті. Статиндердің ерлердегі ұрпақ өрбіту функциясына әсері пациенттердің жеткілікті санында зерттелмеген. Егер болса, әйелдерде менопауза алдындағы кезеңде гипофизалық-гонадтық жүйеге әсер етуі зерттелмеген. Егер статинді кетоконазол, спиронолактон және циметидин сияқты эндогенді стероидты гормондар белсенділігінің деңгейін төмендетуге қабілетті препараттармен бір мезгілде қабылдағанда сақ болу керек.

Жуырда инсультті немесе ТИШ бастан өткерген пациенттерде қолданылуы

Алдыңғы 6 айда инсульт немесе ТИШ бастан өткерген КЖА-ынсыз пациенттер 80 мг дозада Липримар® немесе плацебо қабылдаған холестерин деңгейінің агрессиялық төмендеуі арқылы инсульт профилактикасы зерттеу нәтижелерін ретроспективтік талдағанда плацебо тобына қарағанда 80 мг Липримар® тобында геморрагиялық инсульттің туындау жиілігі жоғары болды. Өліммен аяқталатын геморрагиялық инсульттің туындау жиілігі екі емдеу тобында да ұқсас болды. Өліммен аяқталмайтын геморрагиялық инсульт жағдайының жиілігі плацебо тобына қарағанда аторвастатин тобында айтарлықтай жоғары болды. Зерттеуге енгізген кезде геморрагиялық және лакунарлық инсультті қоса, бастапқы деңгейдің кейбір сипаттамалары аторвастатин тобында геморрагиялық инсульттің туындау жиілігінің барынша жоғарылауымен байланысты болды.

Пациент балаларда қолданылуы

Липримар® препаратын қабылдаған гетерозиготалық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар 10–17 жастағы пациенттерде жағымсыз реакциялар бейіні плацебо қабылдаған пациенттердегі бейінмен жалпы ұқсас болды. Ең жиі жағымсыз реакциялар инфекциялар болды. Пациенттердің бұл популяциясында препаратты 20 мг-ден асатын дозада қолдану зерттелмеген. Ұл балалардың өсуіне немесе жыныстық жетілуіне немесе қыз балалардағы етеккір оралымының ұзақтығына айтарлықтай әсер етуі анықталған жоқ. Жасөспірім жастағы қыздарға Липримар® препаратымен емделген кезде тиісті контрацепция әдістерін қолдануды ұсыну қажет.

Липримар® препаратын қолдану препубертаттық жастағы пациенттердің немесе 10 жастан кіші пациенттердің қатысуымен бақыланатын клиникалық зерттеулерде анықталмаған.

Егде жастағы пациенттерде қолданылуы

Жалпы, бұл пациенттер мен бұдан жастау пациенттер арасында қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты ешқандай айырмашылық байқалған жоқ, егде жастағылар мен жас пациенттер арасында емдеуге жауапта да айырмашылықтар байқалмады; дегенмен кейбір егде жастағы пациенттерде жағымсыз құбылыстарға жоғары бейімділігін үнемі ескеру керек. Егде жас (≥ 65 жас) миопатияның дамуына итермелейтін фактор болып табылатындықтан, Липримар® препаратын егде жастағыларға сақтықпен тағайындау керек.

Жүктілік

Липримар® препаратын жүкті әйелдерге және жүкті болуы мүмкін әйелдерге қолдануға болмайды. Қалыпты жүктілік кезінде сарысудағы холестерин және триглицеридтер деңгейі жоғарылайды. Гиполипидемиялық препараттар жүктілік кезінде пайда әкелмейді, себебі холестерин мен оның туындылары шарананың қалыпты дамуы үшін қажет болады. Атеросклероз - бұл созылмалы үдеріс және жүктілік кезінде гиполипидемиялық препараттарды қабылдауды тоқтату бастапқы гиперхолестеринемия емінің ұзақ мерзімдік нәтижесіне елеусіз әсер етуі тиіс.

Жүктілік кезінде аторвастатинді қолдануға қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Статиндердің жатырішілік кезеңде әсер етуінен кейін туа біткен аномалия сирек жағдайлары байқалған. Басқа статиндерді қабылдаған әйелдерде шамамен 100 проспективті қадағаланатын жүктілікке жүргізілген шолу туа біткен аномалиялар, өздігінен болатын түсік тастау және шарананың өлуі/өлі тууының туындау жиілігі жалпы қауым үшін күтілетін деңгейден аспағанын көрсетті. Бұл жағдайлардың 89 %-нда дәрі-дәрмекпен емдеу жүктілікке дейін басталған және жүктілігі анықталған кезде бірінші триместрінде тоқтатылған.

Статиндерді жүкті әйелдер қабылдағанда олар шаранаға зиян келтіруі мүмкін. Липримар® препаратын жүкті болу ықтималдығы өте аз болғанда және олар зор қауіптілігі туралы хабардар болғанда ғана бала тууға қабілетті әйелдерге тағайындауға болады. Егер әйел Липримар® препаратын қабылдап жүргенде жүкті болып қалса, бұл препаратты қабылдауды дереу тоқтатып, пациент әйелге шарана үшін қауіптілігі зор екенін және жүктілік кезінде препаратты қолдануды жалғастырғанда белгілі клиникалық пайдасының жоқтығы туралы тағы да хабарлау қажет.

Лактация кезеңі

Аторвастатиннің әйелдің емшек сүтіне өту қабілеті анықталмаған, алайда осы кластың басқа препаратының аздаған мөлшері емшек сүтіне түсетіні белгілі болды. Осы класқа жататын басқа препарат әйелдің емшек сүтіне өткендіктен, сондай-ақ бала емізетін әйелдерде статиндермен байланысты күрделі жағымсыз реакциялардың даму мүмкіндігіне қатысты Липримар® препаратымен емдеуді қажет ететін әйелдерге бала емізуді тоқтатуды ұсыну керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып автокөлік пен басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Липримар® препаратының артық дозалануын емдеу үшін арнайы антидоты жоқ. Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем жүргізу керек және қажет болғанда демеуші шараларды қолдану керек. Препарат қан плазмасы ақуыздарымен белсенді байланысатындықтан, гемодиализде Липримар® клиренсінің айтарлықтай ұлғаю ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Полиамидтен, поливинилхлоридтен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан. 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Пфайзер Фармасьютикалс ЭлЭлСи, Пуэрто Рико

Роуд 689, Км 1.9 Вега Байя

Пуэрто Рико 00693

Қаптаушы

Пфайзер Мануфактуринг Дойчланд ГмбХ

Моосвальдали, 1

79090 Фрейбург, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Пфайзер Эйч Си Пи Корпорэйшн, Нью-Йорк, АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан осы өнімнің сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Пфайзер Эйч Си Пи Корпорэйшн» (АҚШ) компаниясының өкілдігі

Алматы қ., Фурманов к-сі, 100/4

Тел.: (727) 250-09-16

Факс: (727) 250-42-09

Электронды поштасы: PfizerKazakhstan@pfizer.com

 

 

 

10.02.16

Прикрепленные файлы

540288991477976136_ru.doc 186 кб
285166801477977483_kz.doc 232 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники