Липосом® форте

МНН: Фосфолипиды гипоталамуса
Производитель: Фидиа фармацеутиси Эс.Пи.Эй
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие психостимуляторы и ноотропные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016802

Инструкция

Саудалық атауы

Липосом® форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді, 28мг/2мл

Құрамы

2 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 28.0 мг гипоталамус фосфолипидтер,

қосымша заттар: маннитол, натрий гидрофосфат додекагидраты, натрий дигидрофосфат дигидраты, п-гидроксибензой қышқылы эфирлері, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар ақтан крем түске дейінгі бозаңданатын ерітінді .

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар.

Психостимуляторлар және басқа да ноотроптар.

АТХ коды N06ВХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты парентеральді енгізгеннен кейін метаболизмдік үдерістер жалпы радиобелсенділігін бағалау тұрғысында және жасушалық деңгейде зерттелген болатын. Осы зерттеулер молекулалардың қанда тұрақты болып келетінін және ми жасушаларына жететінін көрсетеді.

Фармакодинамикасы

Гипоталамус фосфолипидтерін парентеральді енгізу дофаминнің, тирозин гидроксилазаның және ары қарай циклдік АМФнің жинақталуымен аденилатциклазаның айналымын арттыру арқылы гипоталамустық метаболизмді белсенділендіруі мүмкін. Осы фармакологиялық әсері, әсіресе гипоталамус-гипофиз жүйесі функциясында байқалады. Нейрондар жарғақшаларының физикалық-химиялық қасиеттеріне ықпал ете отырып, гипоталамус фосфолипидтері орталықтық нейрондар рецепторының емге бейімделуін өзгертеді.

Қолданылуы

Нейроэндокриндік бұзылыстар салдарынан болған метаболизмдік церебральді бұзылуларды емдеген кезде қосымша дәрі ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Липосом® форте бұлшықет ішіне немесе көктамырға күніне 1 рет 2 мл-ден енгізіледі. Емдеу курсын дәрігер жекелей анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз құбылыстың қолайсыз жағдайы анықталмаған.

Нұсқаулықта жазылмаған жағымсыз әсерлер пайда болса, дәрігерге қаралу керек.

- аллергиялық реакциялар (терінің қышынуы, есекжем, бөртпе)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық анықталғанда

- инъекция аумағында инфекцияның болуы немесе тері жабындысының зақымдануы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен препараттың клиникалық мәнді өзара байланысуы анықталмаған. Липосом® форте басқа фармацевтикалық өнімдермен, оның ішінде нейролептиктермен, гиперпролактинемияға қарсы препараттармен, үшциклді антидепрессанттармен (әсердің іркілуін азайтады және тиімділігін жоғарылатады) және кардиологиялық дәрілік препараттармен бір мезгілде енгізуге болады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты пайдаланғанда қандай да бір ерекше ескертулер мен сақтық шараларын ұсынбайды.

Қаптамасы зақымданған немесе ашылған препаратты пайдалануға болмайды.

Педиатрияда қолдану

Препаратты педиатрияда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректердің жоқ болуына байланысты балаларда қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация (бала емізу) кезеңінде препарат дәрігердің қатаң бақылауымен ғана қолданылуы тиіс.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Липосом® форте адамның автокөлікті басқару қабілетіне, жоғары назар шоғырландыруды және психомоторлық реакцияның жылдамдығын талап ететін басқа да қауіпті қызмет түрлерімен айналысуына әсер етпейді.

Артық дозалануы

Ұсынылған дозада емдегенде артық дозалану симптомдары байқалмаған.

Кездейсоқ артық дозаланған кезде, емі – симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне пайдалану үшін инъекцияға арналған ерітінді.

І типті қызыл-сары шыныдан жасалған ампулаларда 2 мл-ден.

Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 ампуладан.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

Фидиа фармацеутиси Эс.Пи.Эй.

35031, Абано Терме, Виа Понте делла

Фаббрика, З/А, Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

Фидиа фармацеутиси Эс.Пи.Эй.

35031, Абано Терме, Виа Понте делла

Фаббрика, З/А, Италия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Фидиа Фарма Қазақстан ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғ. 7, Нұрлы-Тау әкімшілік-тұрғын үй кешені, 4а блогы, 6 кеңсе

Тел/факс: +7 (727) 311 02 52, 311 02 53

Электронды поштасы: info@fidiapharma.kz

Прикрепленные файлы

591813171477976286_ru.doc 42.5 кб
207261331477977533_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники