Липантил® 200 М

МНН: Фенофибрат
Производитель: Рецифарм Фонтен
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fenofibrate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010118
Информация о регистрации в РК: 17.10.2012 - 17.10.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Липантил® 200М

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фенофибрат

Дәрілік түрі

200 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат ­­­– 200 мг микрондалған фенофибрат,

қосымша заттар: лактоза, натрий лаурилсульфаты, прежелатиндендірілген крахмал, кросповидон, магний стеараты

капсуланың қабығы: титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) сары тотығы Е172, темірдің (III) қызыл тотығы Е172, желатин.

Сипаттамасы

Мөлдір емес ашық-қоңыр түсті капсулалар №1. Капсула ішінде ақ немесе ақ түсті дерлік ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Гиполипидемиялық препараттар. Гипохолестеринемиялық және гипотриглицеридемиялық препараттар.

АТХ коды C10AB05

Фармакологиялық қасиеттері

Сіңуі. Липантил 200М капсуласын ішке қабылдағаннан кейін фенофиброй қышқылының Cmax (ең жоғары концентрациясы) 4-5 сағаттан соң жетеді. Ұзақ уақыт қолданғанда плазмадағы фенофиброй қышқылының концентрациясы емделушінің жекелей ерекшеліктеріне қарамастан тұрақты болып қала береді. Қан плазмасындағы Cmax және микрондалған фенофибраттың жалпы әсері аспен бір уақытта қабылдағанда жоғарылайды.

Таралуы

Фенофиброй қышқылы плазма альбуминімен 99% -дан жоғары берік байланысады.

Метаболизмі және шығарылуы

Фенофибрат ішке қабылдағаннан кейін эстеразалармен оның белсенді заты болып табылатын фенофиброй қышқылына дейін тез гидролизденеді. Плазмада фенофибрат анықталған жоқ. Фенофибрат CYP3A4 үшін субстрат болып табылмайды, бауырдың микросомальді метаболизміне қатыспайды.

Фенофибрат негізінен бүйректермен фенофиброй қышқылы және глюкуронид конъюгаты түрінде шығарылады. Фенофибрат іс жүзінде 6 тәулік ішінде толық шығарылады. Егде емделушілерде фенофиброй қышқылының жалпы клиренсі өзгермейді. Фенофиброй қышқылының жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) - 20 сағатқа жуық. Гемодиализде шығарылмайды. Кинетикалық зерттеулер көрсеткендей, фенофибрат бір рет қабылдағаннан кейін және ұзақ уақыт қабылдағанда жинақталмайды.

Фармакодинамикасы

Фиброй қышқылының туындылары тобынан гиполипидемиялық дәрі. Фенофибрат PPAR-α (пролифератор пероксиспен белсенділендірілетін альфа-рецепторлар) рецепторларын белсенділендіру арқылы адам организміндегі липидтер құрамын өзгертетін қасиетке ие.

Фенофибрат PPAR-α рецепторларын, липопротеинлипазаны белсенділендіру және апопротеин C-III синтезін азайту (апо C-III) жолымен триглицеридтердің жоғары құрамымен атерогенді липопротеиндердің плазмадан шығарылуы мен липолизді күшейтеді.

Жоғарыда сипатталған әсерлер апопротеин В қоса (апо В) ТТЛП және ӨТТЛП фракциясы құрамының азаюына және А-I (апо А-I) мен апопротеин A-II (апо A-II) қоса ЖТЛП фракциясы құрамының жоғарылауына әкеледі.

ӨТТЛП синтезі мен катаболизмінің бұзылуын түзету арқылы, фенофибрат ТТЛП клиренсін жоғарылатады және ТТЛП-дің ұсақ және тығыз бөлшектерінің құрамын төмендетеді (осы ТТЛП жоғарылауы липидтердің атерогенді фенотипімен емделушілерде байқалады және ЖИА (ИБС) жоғары қаупімен қатар жүреді).

Клиникалық зерттеулер барысында фенофибратты қолдану Хс-ЖТЛП деңгейі 10-30%-ға жоғарылағанда, жалпы Хс деңгейін 20-25%-ға және триглицеридтерді 40-55%-ға төмендетуі байқалған. Хс-ТТЛП деңгейі 20-35%-ға төмендейтін гиперхолестеринемиямен емделушілерде фенофибратты қолдану атерогенді қауіптің маркері болып табылатын жалпы Хс/Хс-ЖТЛП, Хс-ТТЛП/Хс-ЖТЛП және апо В/апо А-I арақатынасының төмендеуіне әкелді.

Фенофибраттың Хс-ТТЛП және триглицеридтердің деңгейіне әсерін ескеріп, препаратты қолдану салдарлы гиперлипопротеинемияны қоса, гипертриглицеридемиямен қатар жүретін, және жүрмейтін гиперхолестеринемиямен емделушілерде тиімді мысалы, 2 типті қант диабетінде.

Фибраттардың жүректің ишемиялық ауруларының пайда болу жиілігін төмендетуі мүмкіндігінің дәлелдері бар, бірақ жүрек-қантамыры ауруларын алғашқы немесе салдарлы алдын алуда жалпы өлім жағдайының төмендеуі дәлелденбеген.

Фенофибраттармен емдеу кезінде Хс (сіңірлік және туберозды ксантомалар) қантамырынан тыс жинақталуының айтарлықтай азаюы және толықтай жоғалуы мүмкін.

Фенофибратпен ем алған, фибриногеннің жоғары деңгейімен емделушілерде липопротеидтердің жоғары деңгейімен емделушілердедегідей аталған көрсеткіштің айтарлықтай төмендегені байқалған. Фенофибратпен емдеуде С-реактивті ақуыз бен басқа да қабыну маркерлерінің концентрациясының төмендеуі байқалған.

Дислипидемиямен және гиперурикемиямен емделушілер үшін қосымша артықшылықтары, несеп қышқылының концентрациясының шамамен 25%- ға төмендеуіне әкелетін фенофибраттың урикозуриялық әсері.

Клиникалық зерттеулер және жануарларға тәжірибе барысында көрсетілгендей, фенофибрат аденозиндифосфат, арахидон қышқылы және эпинефринмен туындаған тромбоциттер агрегациясын төмендетеді.

Қолданылуы

  • емдәммен немесе басқадай дәрілік емес емдік іс шаралармен (салмақты азайту немесе физикалық белсенділік секілді), түзетуге келмейтін, әсіресе артериялық гипертензия және темекі шегу секілді қауіп факторы болған жағдайда, оқшауланған немесе біріктірілген (IIa, IIb, IV типтері немесе III және V типтері), гипертриглицеридемияда және гиперхолестеринемияда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Липантил® 200M-ді негізгі ас қабылдау кезінде ішке, тәулігіне 1 капсуладан қабылдау керек.

Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Препаратты емделуші Липантил 200 М- мен емді бастағанға дейін ұстанған емдәммен бір уақытта сақтай отырып, ұзақ уақыт қабылдауы керек. Емдік әсерін липидті спектр мәнінің көмегімен бағалайды (жалпы холестерин, төмен тығыздықтағы холестерин, триглицеридтер). Егер 3 ай ішінде липидті бейін көрсеткіштерінің жақсаруына қол жетпеген жағдайда қосымша ем немесе альтернативті ем тағайындау мәселесін қарастыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Клиникалық зерттеулер деректері бойынша:

Жиі:

- іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея, метеоризм (орташа білінетін)

- бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы

Жиі емес:

- бас ауыруы,

- терең көктамырлар тромбозы, өкпе артериясы тромбоэмболиясы

- панкреатит

- холелитиаз

- жоғары сезімталдықтың тері реакциясы: бөртпе, қышыма, есекжем

- миалгия, миозит, бұлшықет түйілуі, бұлшықет әлсіздігі

- сексуальді дисфункция

- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

Сирек:

- гемоглобин деңгейінің төмендеуі, лейкоциттер құрамының төмендеуі

- жоғары сезімталдық реакциясы

- гепатит

- алопеция, фотосенсибилизация реакциясы

- қан плазмасында мочевина деңгейінің жоғарылауы

Маркетингтен кейінгі тәжірибеден ақпарат, жиілігі белгісіз:

- интерстициальді пневмопатиялар

- рабдомиолиз

- сарғаю, холецистит, холангит, өт коликасы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

— препараттың белсенді немесе кез келген қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

— бауыр жеткіліксіздігі (себебі анықталмаған бауыр циррозын және персистирленген бауыр бұзылуын қоса)

— басқа фибраттармен және ГМГ-КоА редуктазаның (рабдомиолиз даму қаупі жоғарылайды) тежегіштерімен бір уақытта тағайындау

— ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (КК < 20 мл/мин)

— өт қабының ауруы

—ауыр гипертриглицеридемия нәтижесінде жедел панкреатитті қоспағанда, созылмалы немесе жедел панкреатит

— туа біткен галактоземия, лактаза тапшылығы, глюкоза және галактоза сіңірілуінің бұзылуы (препарат құрамында лактоза бар);

— фибраттармен немесе кетопрофенмен емдеуде сыртартқысында фотосенсибилизация немесе фотоуыттылықтың болуы

— 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге

— жүктілік және лактация кезеңі (емшекпен қоректендіру)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ішке қабылданатын антикоагулянттарды Липантил 200М-мен бір уақытта тағайындауға болмайды. Фенофибрат ішке қабылданатын антикоагулянттардың әсерін күшейтеді және қан кету қаупін күшейтуі мүмкін. Фенофибратпен емдеудің басында антикоагулянттар дозасын дозаны ары қарай біртіндеп іріктеумен, үштің біріне төмендету ұсынылады. Дозаны іріктеуді ХҚҚ (халықаралық қалпына келтірілген қатынас) деңгейін бақылаумен жүргізу ұсынылады.

Циклоспорин. Фенофибратпен және циклоспоринмен бір уақытта емделу кезінде бүйрек қызметінің қайтымды төмендеуінің бірнеше ауыр жағдайы суреттелген. Сондықтан осындай емделушілерде бүйрек қызметі жағдайын бақылау қажет және зертханалық параметрлердің күрделі өзгерістері болған жағдайда Липантил 200 М-ді қабылдауды тоқтату керек.

КоА-редуктазаның тежегіштері және басқа да фибраттар. Фенофибратты ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен немесе басқа фибраттармен бір уақытта қабылдағанда бұлшықет талшықтарына елеулі уытты әсерінің қаупі артады. Аталған топ препараттарын Липантил 200М-мен сақтықпен қолдану керек, емделушілер бұлшықетке уыттылық белгілерін анықтау үшін мұқият бақылауды керек етеді.

Глитазондар. Фенофибратты глитазондар тобындағы препраттармен біріктіріп бір уақытта қабылдағанда ЛВП-холестерол деңгейінің парадоксальді қайтымды төмендеуі туралы хабарлар бар. Сондықтан препараттарды біріктіріп қолданғанда және олардың біреуін қабылдауды тоқтатқанда, егер ЛВП-холестерол деңгейінің өте төмендігі анықталса, ЛВП-холестерол деңгейін мониторингілеу ұсынылады.

Р450 цитохром энзимдері. Адам бауырынан микросомаларды in vitro зерттеу көрсеткендей, фенофибрат және фенофиброй қышқылы CYP3A4, CYP2D6, CYP2E1 немесе CYP1A2 изоферменттері тежегіші болып табылмайды. Емдік концентрацияларда бұл қосылыстар CYP2C19 және CYP2A6 изоферменттерінің әлсіз тежегіші және CYP2C9 изоферменттерінің әлсіз немесе орташа тежегіші болып табылады.

Фенофибратпен бір уақытта метаболизміне CYP2C19, CYP2A6 және, әсіресе, CYP2C9 энзимдері қатысатын, тар емдік индексімен препараттарды қабылдайтын емделушілер мұқият бақылауды керек етеді.

Қажет болғанда осы препараттардың дозасын түзету ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Емдеу тиімділігін қан сарысуында липидтер құрамына қарай (Хс, ЛПНП, триглицеридтер) бағалау керек. Емдеудің бірнеше айынан кейін (әдетте, 3 айдан кейін) емдік әсері болмаған жағдайда қосымша немесе баламалы ем тағайындаудың мақсатқа сай екенін қарастыру керек.

Салдарлы гиперлипидемия себебі. Липантилâ 200М емдеуге кіріспес үшін мысалы, мынадай ауруларда 2 типтегі бақыланбайтын қант диабеті, гипотиреоз, нефротикалық синдром, диспротеинемия, бауырдың обструктивті аурулары, сондай-ақ дәрілермен емдеу салдары, алкоголизмде салдарлы гиперхолестеринемия себебін жою үшін, сәйкес ем жүргізу керек.

Эстрогендер немесе құрамында эстрогендер бар гормональді контрацептивтер қабылдайтын гиперлипидемиямен емделушілерде гиперлипидемия табиғатының бірінші немесе салдарлы екенін анықтау керек. Осындай жағдайларда липидтер құрамының жоғарылауы эстрогендер қабылдаумен туындауы мүмкін.

Бауыр қызметі. Липантилâ 200М және липидтер концентрациясын төмендететін басқа препараттарды қабылдағанда кейбір емделушілерде бауыр трансаминазалары белсенділігі жоғарылауы сипатталған. Көп жағдайларда бұл жоғарылау уақытша, мардымсыз және симптомсыз болады. Емдеудің алғашқы 12 айы бойы әр 3 ай сайын бауыр транаминазлары (АЛТ, ACT) деңгейін бақылау ұсынылады. Емдеу барысында трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы анықталған емделушілер, мұқият бақылауды қажет етеді.

Егер АЛТ және АСТ концентрациясы ҚЖШ (қалыптың жоғары шегінен) 3 есе жоғары болса препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Гепатит симптомдары (сарғаю, қышыма) пайда болған жағдайларда, зертханалық тесттермен диагнозы расталғанда Липантил 200М қабылдауды тоқтату керек.

Панкреатит: Липантил 200М емдеу кезінде панкреатиттің даму жағдайлары сипатталған. Бұл жағдайларда панкреатиттің мүмкін себебтері: ауыр гипертриглицеридемиямен емделушілерде препарат тиімділігінің төмендігі, препараттың тікелей әсері, сондай-ақ жалпы өт жолдары бітелуімен жүретін өт қабында тастардың болуы немесе шөгінді түзілуіне байланысты салдарлы жағдайлар.

Бұлшықет тініне уытты әсері. Фибраттарды және басқа да гиполипидемиялық дәрілерді қабылдауда, рабдомиолиздің өте сирек жағдайларын қоса, бұлшықет тіндеріне уытты әсері жөнінде хабарлар сипатталған.

Аталған асқыну қаупі гипоальбуминемияда және алдындағы бүйрек жеткіліксіздігінде жоғарылайды. 70 жастан асқан тұлғаларды, сыртартқысындағы туа біткен бұлшықет ауруларын, бүйрек қызметінің бұзылуын немесе гипотиреозды, сондай-ақ алкогольды шектен тыс қабылдауды қоса миопатияға және / немесе рабдомиолизге бейімділікпен емделушілерде рабдомиолиздің қаупі жоғарылайды.

Осындай емделушілерге Липантил 200М-ді тек күтілген пайдасы рабдомиолиздың мүмкін қаупінен жоғары болған жағдайда ғана тпағайындайды.

Егер емделушілерде әлсіздік, жайылған миалгия, миозит, бұлшықет тартылуы мен құрысуға шағымы және/немесе КФК белсенділігінің айтарлықтай жоғарылауы (қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда 5 реттен жоғары) анықталса, оны бұлшықет тініне уытты әсер деп бағалау керек. Бұл жағдайларда Липантил 200М-ді тоқтату қажет. Әсіресе, емдеуді бастағанға дейін бұлшықет аурулары орын алса, ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен немесе басқа фибраттармен бір уақытта қабылдауда бұлшықет талшықтарына елеулі уытты әсерінің қаупі артады. Осыған байланысты Липантилâ 200М және статиндерді бірге тағайындау сыртартқысында бұлшықет аурулары болмағанда және препараттың бұлшықет тініне уытты әсерін анықтауға бағытталған ұдайы бақылау жағдайында, емделушіде ауыр аралас дислипидемия және жүрек-қантамыр ауруларының қаупі жоғары болғанда ғана мүмкін.

Бүйрек қызметі. Емді креатинин деңгейі ҚЖШ 50% жоғары болғанда тоқтату қажет. Креатинин концентрациясын ұдайы бақылау: алғаш рет ем тағайындалғаннан кейін 3 айдан соң, содан кейін қажетіне қарай.

Липантил 200М құрамында лактоза бар, сондықтан сирек кездесетін туа біткен галактозаны көтере алмаушылық, Лаппа лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясында бұл препаратты тағайындауға болмайды.

Көлік құралдарын жүргізуге немесе басқа да әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Липантил 200М-нің көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мардымсыз немесе әсер етпейді.

Жүктілік және лактация

Фенофибраттың жүктілік кезінде қолданылуы жөнінде деректер аз. Адамға әлеуетті қаупі белгісіз болғандықтан препарат жүкті әйелдерге тағайындалмайды.

Липантил 200М-нің қолдану қауіпсіздігіне қатысты деректердің болмауына байланысты лактация кезінде (емшекпен қоректендіруде) қолдануға болмайды.

Артық дозалануы

Липантил 200М артық дозалануы жөнінде дербес хабарлар бар. Симптомдары: көптеген жағдайларда арнайы симптомдары анықталмаған. Жағымсыз әсерлер айқындығы күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық. Арнайы у қайтарғысы жоқ. Гемодиализ тиімсіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді,

ұяшықты қаптамада 15 капсуладан.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тіліндегі қолдану

жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25oС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Дәріханлардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші және қаптаушы

“Рецифарм Фонтэн” Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

“Лаборатория Фурнье С.А”, Франция

Руе де Пре-Потэ, 21121, Фонтен ле Дижон,

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Абботт Лабораториз С.А.» компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Достық даңғылы 117/6, «Хан Тәңірі-2» Бизнес-орталығы, 050059, Алматы қ-сы, Қазақстан Республикасы. Тел.: +7 727 244 75 44, факс: +7 727 244 76 44. E-mail: pvqa.kz@abbott.com

 

 

Прикрепленные файлы

739161451477977011_ru.doc 80 кб
132227371477978189_kz.doc 101 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники