Линкас Плющ

МНН: Листьев плюща порошковый экстракт
Производитель: Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Плюща листьев экстракт
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023556
Информация о регистрации в РК: 19.01.2023 - 19.01.2033
Номер регистрации в РБ: 11279/23
Информация о регистрации в РБ: 04.10.2023 - 04.10.2028

Инструкция

Саудалық атауы

Линкас Плющ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қантсыз шәрбат

Құрамы

5 мл шәрбаттың құрамында

белсенді затшырмауық жапырақтары ұнтақ экстрактісі

[(4-8:1)] (экстрагент этанол 30%) - 35 мг,

қосымша заттар: изомальт, лимон қышқылы, стевия, натрий бензоаты, калий сорбаты, сорбитол ерітіндісі 70%, глицерин, бал хош иістендіргіші, тазартылған су

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі және дәмі бар ашық-қоңырдан күңгірт-қоңыр түске дейінгі бір текті шәрбат.

Фармакотерапиялық тобы

Жөтел және суық тию симптомдарын жоюға арналған препараттар.

Қақырық түсіретін препараттар. Шырмауық жапырақтарының экстрактісі.

ATХ коды R05CA12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетика жөнінде деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Линкас Плющ – бұл өсімдік тектес дәрілік зат.

Қақырық түсіретін әсері асқазанның шырышты қабатының тітіркенуімен болжамды негізделген, бронхтың шырышты қабатының секреторлы бронхиальді безді парасимпатикалық жүйенің сезімтал талшықтармен рефлекторлы көтермеленеді.

Қолданылуы

- бөлініп шығуы қиын қақырықты жөтелмен қатар жүретін, тыныс жолдарының жедел және созылмалы қабыну ауруларын емдегенде қақырық түсіретін дәрі ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 11 жастан асқан балаларға 5 мл-ден (1 шай қасық) күніне 3 рет.

6-дан 11 жасқа дейінгі балаларға 5 мл-ден (1 шай қасық) күніне 2 рет.

2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға 2,5 мл-ден (1/2 шай қасық) күніне 2 рет.

Немесе дәрігердің жазып беруі бойынша. Дозасын нақты өлшеуге арналған өлшегіш стақан қоса беріледі.

Емдеу ұзақтығы жағдайының сипатына және ауырлығына байланысты болады. Дегенмен, тыныс жолдарының аздап қабынуында емді кем дегенде 7 күн жалғастыру керек. Сонымен қатар, толық жазылуын қамтамасыз ету үшін симптомдары тоқтағаннан кейін 2-3 күн бойы демеп отыруға болады. Егер симптомдары сақталған жағдайда дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Қолданар алдында шайқау керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

- аллергиялық реакциялар

Кейде

- асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылыстар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- 2 жасқа дейінгі балалар

- препарат компоненттеріне немесе Аралий тұқымдас басқа өсімдіктерге жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы (құрамында сорбитол (Е420) бар)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі осы уақытқа дейін белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Кодеин немесе декстрометорфан сияқты апиынды жөтелге қарсы дәрілермен қатар қолдану медициналық кеңессіз ұсынылмайды.

2-ден 4 жасқа дейінгі балалардағы тұрақты немесе қайталанатын жөтел емдегенге дейін медициналық диагнозды талап етеді.

Ентіккенде, қызбада немесе ірің аралас қақырықта дәрігерге қаралу керек.

Препараттың ұсынылған тәуліктік дозасын арттыруға болмайды.

Егер ұзақ уақыт бойы немесе ентігу пайда болғанда, температура көтерілсе, сондай-ақ ірің аралас қақырықтың немесе қан аралас қақырықтың қайтуы кезінде шағым сақталса, дереу дәрігерге қаралу қажет.

Қантсыз Линкас Плющ құрамында сорбитол (Е420) бар. Фруктозаны көтере алмайтын сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар пациенттер бұл дәріні қабылдамаулары тиіс.

Гастриті немесе асқазанда ойық жарасы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Қант диабетімен ауыратын науқастарға нұсқау

Қантсыз Линкас Плющ құрамында қант пен алкоголь жоқ, сондықтан қант диабеті бар науқастарға және алкоголь қабылдаудан аулақ болу керек пациенттерге қабылдауға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды (клиникалық деректердің жеткіліксіздігіне байланысты).

Дәрілік заттың көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ерекше сақтық шаралары талап етілмейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея.

Емі: симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

Мойны бұрандалы, алюминий қалпақшасымен тұмшаланып жабылған, картон төсемесі бар, янтарь түстес шыны құтыларда препарат 90 мл-ден. Құтыға заттаңба қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.

1 құтыны мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен, өлшегіш стақанымен бірге картон қорапқа салады.

Балалардың ашуынан қорғалған қалпақшасы бар янтарь түстес шыныдан жасалған құтыларда препарат 120 мл және 150 мл-ден. Құтыға заттаңба қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.

1 құтыны мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен, өлшегіш стақанымен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада, құрғақ жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

Хербион Пакистан Пвт Лтд,

30/28 Коранги өнеркәсіп аймағы,

Карачи қ., Пәкістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Хербион Пакистан Пвт Лтд», Пәкістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ., Чаплин /Халиуллин к-сі 71/66

Тел. 234-48-53, 234-44-88

Факс 234-41-47

E-mail: info.kz@herbion.com

Прикрепленные файлы

Линкас_Плющ_рус.doc 0.05 кб
Линкас_Плющ_каз.doc 0.06 кб
11279_23_p.pdf 2.17 кб
11279_23_s.pdf 1.64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ