Линимент синтомицина

МНН: Хлорамфеникол
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chloramphenicol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013898
Период регистрации: 02.07.2014 - 02.07.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 174.14 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Синтомицин линименті

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлорамфеникол

Дәрілік түрі

Линимент 10 % 25 г

Құрамы

100 г линименттің құрамында

белсенді заттар: D, L- Хлорамфеникол (синтомицин) – 10,00 г,

қосымша заттар: майсана майы, №1эмульгатор, cорбин қышқылы, натрий кармеллоза, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті, өзіне тән әлсіз иісі бар линимент.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған басқа да бактерияларға қарсы препараттар.

Хлорамфеникол.

АТХ коды D06AX02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сыртқа қолданғанда жүйелі абсорбциясының дәрежесі мардымсыз.

Фармакодинамикасы

Препараттың әсер етуші заты – кең ауқымды әсер ететін антибиотик, хлорамфеникол болып табылады, ол жара жұқпасының қоздырғышына және іріңді-қабыну үдерісінің әр түрлеріне қатысты бактерияға қарсы белсенділік иеленген.

Хлорамфеникол – бактериостатикалық антибиотик – микробтық жасушада (жақсы липофильділік иеленіп, бактериялардың жасушалық жарғақшасы арқылы өтеді және бактериялық рибосомалардың 50S суббірлігімен қайтымды байланысады, оларда амин қышқылдарының өсудегі пептидтік тізбектерге көшуі іркіледі, ол ақуыз синтезінің бұзылуына әкеледі) ақуыз синтезінің үдерісін бұзады.

Пенициллинге, тетрациклиндерге, сульфаниламидтерге төзімді, грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің көптеген штамдарына қатысты белсенді. Күйік жараларының және трофикалық ойық жаралардың тазаруына және жазылуына ықпал етеді, эпителизацияны жеделдетеді.

Қолданылуы

  • жара үдерісінің екінші фазасындағы жараларда (іріңнің, некроздық тіндердің болмауы)

  • ұзақ уақыт жазылмайтын трофикалық ойық жаралар

  • II-III дәрежедегі күйіктер

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа қолданылуы: жаралар мен күйіктерді хирургиялық өңдеуден кейін 10% Синтомицин линименті препаратын тікелей жара беткейіне жағады, содан кейін стерильді дәке таңғышын салады (немесе таңғыш материалға, содан кейін – жараға). Линиментпен тампондармен оларды хирургиялық өңдегеннен кейін іріңді жара қуыстарын жұмсақ толтырады, ал 10% Синтомицин линименті препаратымен дәке турундаларды жылан көз жолдарына енгізеді.

Жара үдерісінің II фазасындағы жаралар мен күйіктерді емдеуде жараның жазылу динамикасына байланысты 1-3 тәулікте 1 рет қолдану керек.

Балаларда қолданар алдында (4 аптадан 3 жасқа дейін) дәрігермен кеңесу керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиілігі тұрғысынан жағымсыз әсерлерін жіктеу үшін келесі жіктеме қолданылады: өте жиі – 1/10, жиі – 1/100-ден 1/10 дейін, жиі емес – 1/1000-нан 1/100 дейін, сирек – 1/10000-нан 1/1000 дейін, өте сирек – < 1/10000.

– аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, ангионевротикалық ісіну);

– қан түзу ағзалары тарапынан: сирек ретикулоцитопения, тромбоцитопения, эритропения, апластикалық анемия, гранулоцитоз, лейкопения, гранулоцитопения

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • жекелей көтере алмаушылық

  • жүктілік және лактация

  • сүйек кемігілік қан түзілудің бәсеңдеуі

  • жедел интермиттирлеуші порфирия

  • глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

  • бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі

  • тері аурулары (зеңдік аурулар, псориаз, экзема)

  • жара үдерісінің бірінші фазасы (іріңнің көп ағуы, тіндердің айқын ісінуі, ауыру және некроздық тіндердің болуы)

  • 4 аптаға дейінгі жаңа туылған кезең

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Эритромицинмен, клиндамицинмен, линкомицинмен бір мезгілде қолданғанда хлорамфеникол осы препараттарды байланысқан күйден ығыстыруы немесе олардың бактериялық рибосомалардың 5OS с суббірлігімен байланысуына кедергі жасауы мүмкін болғандықтан әсерінің өзара әлсіреуі байқалады.

Пенициллиндер мен цефалоспориндердің бактерияға қарсы әсерін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Осмотикалық белсенділігі болмағандықтан (негізі – май, эмульгатор) жара үдерісінің бірінші фазасында (іріңнің көп ағуы, тіндердің айқын ісінуі, ауыру және некроздық тіндердің болуы) қолдануға болмайды.

Емделу үдерісінде шеткергі қан көрінісін жүйелі бақылау ұсынылады. Бұрын цитостатикалық препараттармен ем қабылдаған немесе сәулемен емделген емделушілер, препаратты сақтықпен қабылдауы керек.

Балаларда

3 жасқа дейінгі балаларда сақтықпен қабылдау керек.

Этанолды бір мезгілде қабылдағанда дисульфирамдық реакция (тері беткейінің гиперемиясы, тахикардия, жүрек айнуы, құсу, рефлекторлық жөтел, құрысулар) дамуы мүмкін.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Жергілікті қолданғанда препараттың артық дозалану жағдайлары байқалған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г препараттан ішкі жағы лакпен жабындалған бушонымен және ашылуын бақылайтын жарғақшасымен, жарғақшаны тесуге арналған ұштығымен бұралып жабылатын пластмасса қақпақпен тұмшаланып жабылған алюминий сықпаларға салынған. 1сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 15 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Телефоны: (3854) 326-946, 338-719,

Факс: (3854) 327-640

Тіркеу куәлігінің иесі

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық поштасы

«Алтайвитамины» ЖАҚ

Мекенжайы: 659325, Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Телефоны: (3854) 326-946, 338-719,

Факс: (3854) 327-640

E-mail : office@altayvitamin.ru

Прикрепленные файлы

170254511477976682_ru.doc 50 кб
001830321477977817_kz.doc 62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники