Линимент бальзамический (по Вишневскому) 40 г

МНН: Деготь, Трибромфенолята висмута и Висмута оксида комплекс
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015170
Период регистрации: 26.01.2015 - 26.01.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Бальзамдық линимент (Вишневский бойынша)

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған линимент 40г

Құрамы

Бір сықпаның (40г) құрамында

белсенді заттар: қайыңның қара майы – 1,2 г,

ксероформ – 1,2 г,

қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, майсана майы.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, ашық-қоңырдан жасыл-қоңыр түске дейінгі линимент.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да антисептиктер және зарарсыздандыратын препараттар

АТХ коды D08AX

Фармакологиялық қасиеттері

Сыртқа қолдануға арналған біріктірілген препарат. Антисептикалық және жергілікті тітіркендіретін әсер етеді, регенерация үдерісін жеделдетеді.

 

Қолданылуы

Тері мен жұмсақ тіндердің жарақаттан кейінгі, операциядан кейінгі ұзақ уақыт жазылмайтын, жұқпа жұқтырмаған жараларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа қолданылады. Линиментті зақымданған жерге ысқыламастан жұқа қабат етіп күніне 2 рет жағады немесе линимент сіңірілген 5-6 қабат дәкелі таңғыш таңылады. Емдеу ұзақтығын аурудың сипатына және ағымына байланысты дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

- мүмкін: дәрілік затты жаққан орында қызару, ісіну, қышыну түрінде терінің тітіркенуі, терінің аллергиялық реакциялары (ұзақ уақыт қолданған кезде).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- қарамайға және ксероформға жоғары сезімталдық

- тері мен жұмсақ тіндердің (абсцесті фурункул, карбункул, флегмона, абсцесс, гидраденит, лимфаденит, іріңдеген атерома, липома, парапроктит, плевра қуысының эмпиемасы) жедел іріңді аурулары

Айрықша нұсқаулар

Линименттің көзге түсуінен немесе ішке қабылдаудан аулақ болу керек. Көзге түсіп кеткен жағдайда оны сумен шаю және дәрігерге қаралу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде тек ана үшін пайда және ұрық/бала үшін потенциалді қауіп ара қатынасын ескере отырып дәрігердің тағайындауы бойынша ғана жол беріледі.

Балалар жасы

Қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер жоқ.

Авто көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Ұзақ қолданған кезде жергілікті аллергиялық реакциялар (бөртпе, қышыну) пайда болуы мүмкін.

Емі: Десенсибилизациялаушы ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий сықпаларда 40 г-нан. Әрбір сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады. Қорапшаларды топтық қаптамаға салады.

Сақтау шарттары

15 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ., Чапаев к., 64/27, тел/факс 8-(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Борисов медициналық препараттар зауыты” ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

“Борисов медициналық препараттар зауыты” ашық акционерлік қоғамы Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ., Чапаев к., 64/27, тел/факс 8-(10375177)744280, электрондық поштасы market@borimed.com

 

Прикрепленные файлы

625144451477976554_ru.doc 46.5 кб
987079051477977713_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники