Линимент бальзамический (по Вишневскому) (25 г)

МНН: Деготь, Трибромфенолята висмута и Висмута оксида комплекс
Производитель: Фармацевтическая компания Ромат , завод медицинских препаратов ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004100
Информация о регистрации в РК: 10.11.2011 - 10.11.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Бальзамдық линимент (Вишневский бойынша)

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

25 г, 40 г линимент

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар: 3,0 г қайыңның қара майы, 3,0 г ксероформ,

қосымша заттар: аэросил, майсана майы

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, ақшыл сары түстен қоңыр түске дейінгі линимент.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер және зарарсыздандыратын басқа да препараттар.

АТХ коды D08AX

Фармакологиялық қасиеттері

Антисептикалық қасиеттерге ие. Тіндердің рецепторларына әлсіз тітіркендіргіш әсері бар, регенерация үдерісінің жеделдеуіне ықпал етеді.

Емдік әсері жергілікті әсерінің нәтижесі ретінде ғана емес (тіндерді қанмен қамтамасыздандырудың жақсаруы, эпидермис регенерациясының жоғарылауы, мүйіздену үдерісінің күшеюі), тері рецепторларын тітіркендіру кезінде пайда болатын рефлекторлық реакциялардың нәтижесі ретінде қарастырылуы мүмкін.

Қолданылуы

- тері абсцесінде

- сыздауықта

- күйіктерде

- үсігенде

- жараларда, ойық жараларда

- тесілуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты сыртқа қолданады. Зақымдалған жерге тәулігіне 1-2 рет жұқа қабаттап жағады немесе линимент жағылған 5-6 қабат дәкеден таңғыш төсейді. Емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ағымына байланысты болады, дәрігермен анықталады.

Жағымсыз әсерлері

- ұзақ уақыт қолданғанда теріні тітіркендіруі мүмкін

- аллергиялық реакциялар (бөртпе, қызару).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда препаратты қолдануды тоқтатады және десенсибилизациялаушы ем жүргізеді.

Балаларда қолданылуы

Линимент балаларда дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Жүктілік және лактацияда

Линимент дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г және 40 г-ден шыны массадан жасалған банкілерге және бұрандалы мойны бар пластмасса қақпақпен тығындалған сықпаларға салынады.

Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапқа салынған.

Жылу ұстағыш полиэтилен үлбірден жасалған топтық қаптама гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге (банкілер үшін) немесе қорапшалық картоннан жасалған пеналдарға (сықпалар үшін) салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 12 ºС-ден 18 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ-сы, Краснознаменная к-сі, 13, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ-сы, Краснознаменная к-сі, 13, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

Прикрепленные файлы

643699471477977159_ru.doc 40.5 кб
952155951477978320_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники