Линимент бальзамический (по Вишневскому)

МНН: Деготь, Трибромфенолята висмута и Висмута оксида комплекс
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013221
Период регистрации: 20.03.2015 - 20.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Бальзамдық линимент (Вишневский бойынша)

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Линимент

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар: 3.0 г қайыңның қара майы, 3.0 г ксероформ

қосымша заттар: 5.0 г аэросил, 89.0 г күнбағыс немесе майсана майы

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, ашық-сарыдан қоңыр түске дейінгі линимент.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да антисептиктер және зарарсыздандыратын препараттар

АТХ коды D08AX

Фармакологиялық қасиеттері

Сыртқа қолдануға арналған біріктірілген препарат. Антисептикалық және жергілікті тітіркендіретін әсер етеді, регенерация үдерісін жеделдетеді.

 

Қолданылуы

Тері мен жұмсақ тіндердің операциядан кейінгі ұзақ уақыт жазылмайтын, жарақаттан кейінгі жұқпа жұқтырмаған жараларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Линиментті зақымданған тұсқа ысқыламай, жұқа қабатпен күніне 2 рет жағады немесе линимент сіңірілген 5-6 қабат дәкелі таңғыш таңылады. Емдеу ұзақтығын аурудың сипатына және ағымына байланысты дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

- болуы мүмкін: дәрілік затты жаққан орында қызару, ісіну, қышыну түрінде терінің тітіркенуі, терінің аллергиялық реакциялары (ұзақ уақыт қолданған кезде).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- қарамайға және ксероформға жоғары сезімталдық

- тері мен жұмсақ тіндердің (абсцесті фурункул, карбункул, флегмона, абсцесс, гидраденит, лимфаденит, іріңдеген атерома, липома, парапроктит, плевра қуысының эмпиемасы) жедел іріңді аурулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Линименттің көзге түсуінен немесе ішке қабылдаудан аулақ болу керек. Көзге түсіп кеткен жағдайда оны сумен шаю және дәрігерге қаралу керек.

Линименттің жағымсыз иісі бар және киімде дақ қалдырады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде тек дәрігердің көрсетілімдері болғанда ғана, анаға деген пайдасы және ұрыққа/балаға төнетін ықтимал қаупі арақатынасын ескере отырып, қолдануға жол беріледі.

Балаларға

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

 

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г немесе 40 г препараттан нығыздағыш элементімен бұрандалы полиэтилен қақпағы немесе нығыздағыш элементімен тартылатын қақпағы бар мойны бұралатын шынымассадан жасалған банкілерде.

Банкілер медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылумен бекітілетін полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картон жәшіктерге салынады.

25 г немесе 40 г препараттан медициналық мақсаттағы полимер немесе алюминий сықпада. Әр сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,

Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,

Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

 

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019,

Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

057467641477976546_ru.doc 40.5 кб
239482971477977706_kz.doc 53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники