Линимент бальзамический (по Вишневскому) (Алтайвитамины ЗАО)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Бальзамдық линимент (Вишневский бойынша)
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған линимент 30г
Құрамы
100г препараттың құрамында
белсенді заттар: қайыңның қара майы 3г, висмут трибромфеноляты және висмут тотығы кешені (ксероформ) 3 г,
қосымша заттар: кремнийдің коллоидты қостотығы (аэросил), майсана майы.
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, ашық-сарыдан қоңыр түске дейінгі линимент.
Фармакотерапиялық тобы
Антисептиктер және зарарсыздандыратын препараттар.
Басқа да антисептиктер және зарарсыздандыратын препараттар
АТХ коды D08AX
Фармакологиялық қасиеттері
Сыртқа қолдануға арналған біріктірілген препарат. Антисептикалық және жергілікті тітіркендіретін әсер етеді, регенерация үдерісін жеделдетеді.
Қолданылуы
-
тері мен жұмсақ тіндердің жарақаттан кейінгі, операциядан кейінгі ұзақ уақыт жазылмайтын, жұқпа жұқтырмаған жараларында
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа қолданылады. Терінің зақымданған жерлеріне компресс, таңғыш түрінде 10-12 күн ішінде, күніне 2 рет жағады.
Препарат дозалары және емдеу курсы дәрігердің ұсынысы бойынша өзгеруі мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
мүмкін
- аллергиялық реакциялар
- ұзақ уақыт қолданғанда ісіну, қышыну, қызару түріндегі терінің тітіркенуі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- жоғары сезімталдық
- тері мен жұмсақ тіндердің (оның ішінде абсцесті фурункул, карбункул, флегмона, абсцесс, гидраденит, лимфаденит, іріңдеген атерома, липома, парапроктит, плевра эмпиемасы) жедел іріңді аурулары
- жаңа туылған кезең (1айға дейін)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Линименттің көзге түсуінен немесе ішке қабылдаудан аулақ болу керек. Көзге түсіп кеткен жағдайда оны сумен шаю және дәрігерге қаралу керек.
Линиментті жаққаннан кейін препараттың көзге, мұрын мен ауызға түсуінен аулақ болу үшін қолды мұқият жуу керек. Фенолға және оның туындыларына жоғары сезімталдықпен тұлғаларға қолдануға болмайды.
Линименттің жағымсыз иісі бар және киімде дақ қалдырады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Қажеттілігіне қарай препарат дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: қышыну, бөртпе.
Емі: препаратты тоқтату және белгісіне қарай ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 г препараттан бушоны бар алюминий сықпаларға салынған.
Әрбір сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 8 ºС-ден 15 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Алтайвитамины» ЖАҚ
Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69
Тел.: (3854) 326-946, 338-719,
Факс: (3854) 327-640
Тіркеу куәлігінің иесі
«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық поштасы
«Алтайвитамины» ЖАҚ
Мекенжайы: 659325, Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69
Тел.: (3854) 326-946, 338-719,
Факс: (3854) 327-640
E-mail : office@altayvitamin.ru