Линекс®

МНН: Лебенин
Производитель: Лек д. д.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, содержащие микроорганизмы, продуцирующие молочную кислоту в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004015
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Линекс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – 280 мг лебенин ұнтағы1,

қосымша заттар: магний стеараты,

капсула: титанның қостотығы (Е 171), желатин, тазартылған су, гидромеллоза, лебенин ұнтағы1: 5.04 мг антибиотиктерге төзімді сүт қышқылды бактериялар2, 98.28 мг лактоза, 13.16 мг декстрин, 280 мг дейін картоп крахмалы,

антибиотиктерге төзімді сүт қышқылды бактериялар2 (1 г лебенин ұнтағының құрамында): антибиотиктерге төзімді 1.2 × 108 КТБ кем емес сүт қышқылды бактериялар (4.5 × 107 КТБ кем емес Lactobacillus acidophilus (L. gasseri), 3.0 × 107 КТБ кем емес Bifidobacterium infantis және 4.5 × 107 КТБ кем емес (Enterococcus faecium)

Сипаттамасы

Ақ түсті желатинді капсулалар, капсуланың ішіндегісі – ақ түсті ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Диареяға қарсы препараттар. Диареяға қарсы микроорганизмдер. Сүт қышқылын өндіретін микроорганизмдердің басқа препараттармен біріктірілімі

АТХ коды А07FA51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың құрамына кіретін компоненттер жүйелік қан ағысына түспейді, асқазан-ішек жолында жергілікті әсер етеді, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Линекс капсулалары құрамында тіршілікке қабілетті лиофилизацияланған сүт қышқылды бактериялардың үш түрлісі бар, олар ішектің қалыпты микрофлорасының бөлігі болып табылады және ішек микрофлорасы теңгерімі мен функциясын түзуге және демеуге қатысады.

Линекстің құрамына кіретін бифидобактериялар, лактобактериялар мен уытты емес сүтқышқылды энтерококк ішек микрофлорасының әдеттегі бөлігі болып табылады. Бұл бактериялар көптеген механизмдер арқылы профилактикалық және емдік тәсілмен әсер етеді:

- лактозаның ферментациясы pH-ты қышқылды аймаққа ығыстырады. Қышқылды орта зиянды және шартты зиянды бактериялардың өсуін тоқтатады және ас қорытушы ферменттердің әсері ұтымды болуын мүмкін етеді

- B1, B2, B6, B12 витаминдері мен К витаминінің синтезіне қатысады

- өт қышқылы мен өт пигменттерінің метаболизміне қатысады

- зиянды микроорганизмдердің ішек кенересіне жабысуын болғызбайды

- антибиотикті субстанцияларды (бактериоциндерді) синтездейді

- гуморальді және ішектің иммунды жүйесін көтермелейді.

Қолданылуы

- жаңа туған нәрестелер, балалар мен ересектерде асқазан-ішек жолдарының вирустық және бактериялық инфекцияларынан (мысалы, ротавирусты инфекция, «саяхатшылар» диареясы); әсер ету ауқымы кең антибиотиктер және химиотерапиялық препараттардан; құрсақ қуысы мен жамбас ағзаларын сәулемен емдеуден туындаған дисбиозда (дисбактериоз), диареяда, іш кебуі мен басқа да асқазан-ішек бұзылуларының профилактикасы үшін және қосымша дәрі ретінде.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Емшектегі балалар мен 2 жасқа дейінгі балаларға

Тамақтанудан кейін күніне 3 рет 1 капсуладан қабылдау ұсынылады. Егер бала капсуланы жұта алмаса, онда оны ашып, ішіндегісін қажетті мөлшердегі сұйықтықпен - шаймен, шырынмен, қант қосылған сумен араластыру керек. Бұл препарат құрамына кіретін бактериялардың тіршілік қабілетіне әсер етпейді.

Ерте жастағы балаларда асқазан сөлінің қышқылдылығы ересектердегіге қарағанда төмен, сондықтан Линекс бактериялары балаларда асқазан сөлінің әсеріне төзімді және ішекке дейін өзгермеген түрде жетеді.

2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға

Тамақтанудан кейін күніне 3 рет 1-2 капсуладан қабылдау ұсынылады. Капсуланы ашу және ішіндегісін аздаған мөлшердегі сұйықтықпен - шаймен, шырынмен, қант қосылған сумен араластыру керек.

6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға

Тамақтанудан кейін күніне 3 рет 1-2 капсуладан аздаған мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып қабылдау ұсынылады.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға

Тамақтанудан кейін күніне 3 рет 2 капсуладан аздаған мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып қабылдау ұсынылады.

Ең жоғарғы бір реттік дозасы - 2 капсула.

Ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 6 капсула.

Емдеу ұзақтығы дисбактериоздың даму себебі мен организмнің жекелей ерекшеліктеріне байланысты.

Егер Линекспен екі күн емдегеннен кейін науқастың жай-күйі жақсармаса, дәрігерге көріну қажет.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек:

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез-келген компонентіне немесе сүт өнімдеріне жоғары сезімталдық (көтере алмаушылық)

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Линекстің басқа дәрілермен өзара әрекеттесуі байқалмаған.

Линекстің құрамы оны антибиотиктермен және химиотерапиялық дәрілермен қатар, бірақ әр түрлі уақытта қабылдауға мүмкіндік береді. Тиімділігін жоғарылату мақсатында Линексті антибиотиктер немесе химиотерапиялық препараттар қабылдағаннан кейін үш сағаттан ерте қабылдауға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты ыстық сусындармен ішуге және алкогольмен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Бір капсуланың құрамында 98,28 мг лактоза бар, осыған байланысты қант диабеті бар науқастарға препаратты тағайындағанда абайлау керек.

Линексті қабылдаудың алдында келесі жағдайларда емдеуші дәрігермен кеңесу қажет:

- дене температурасы 380С-ден астам көтерілгенде

- нәжісте шырыш немесе қан болса

- 2 күннен астам жалғасқан диареяда

- сусызданумен және дене салмағын күрт жоғалтумен қатар жүретін жедел диареяда

- қатты ауырумен қатар жүретін диареяда

- басқа да созылмалы аурулар (диабет), иммунологиялық жеткіліксіздік (ЖИТС, АИТВ) бар болса

- 6 жастан кіші балаларға

Линекспен өз бетінше емделгенде жоғалған сұйықтық пен электролиттердің орнын қосымша сұйықтық қабылдау арқылы толтыру керек.

Препараттың құрамында сүт ақуыздарының қалдығы бар, олар аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.

Жүктілік пен лактация

Жүкті және бала емізетін әйелдердегі диареяны емдеу емдеуші дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.

Жүктілік және бала емізу кезінде Линексті қолданудың қауіпсіздігі жөніндегі жеткілікті деректер болмағандықтан, препаратты пайдалану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат назар шоғырландыру қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі мен қаптамасы

8 капсуладан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 немесе 4 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

Лек д.д., Словения

Колодворска цеста 27, Менгес, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

Лек Фармасьютикалс д.д., Словения

Веровшкова 57, Любляна, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Сандоз Фармасьютикалс д.д.» АҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі,

Алматы қ., Луганский к-сі 96

Тел: +7 (727) 2581048 факс: +7 (727) 2581047

e-mail: kzsdz.drugsafety@sandoz.com

8 800 080 0066 – Қазақстан бойынша тегін қоңырау шалу номері

Прикрепленные файлы

467524121477976219_ru.doc 64 кб
541365041477977478_kz.doc 72.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники