Лимфогель спаг. Пекана

Производитель: ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021435
Период регистрации: 09.06.2015 - 09.06.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Лимфогель спаг. Пекана

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жақпамай, 35 г

Құрамы

10 грамм жақпамайдың құрамында:

белсенді заттар

 

Arnica montana spag. Peka D8

0.25 г

Calcium fluoratum D8

0.20 г

Calcium jodatum D6

0.25 г

Clematis recta D3

0.25 г

Conium maculatum D3

0.25 г

Scrophularia nodosa D2

0.15 г

Aesculus hippocastanum D4

0.35 г

Hedera helix spag. Peka D6

0.40 г

қосымша заттар: орташа ұзындықтағы тізбегімен триглицеридтер, А типті эмульгациялайтын цетеарилді спирт, цетилді спирт, цетил пальмитаты, тазартылған су, глицерин 85%.

Сипаттамасы

Иіссіз немесе этанолдың әлсіз иісі бар, ақ біркелкі жақпамай, теріге жеңіл жағылады және жылдам сіңеді.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да емдік өнімдер. Басқа да дәрілік препараттар.

АТХ коды V03АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат біріктірілген болып саналады, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Препарат барлық ағзалар мен шырышты қабықтарда лимфалық айналымды қалыпқа түсіреді, уытсыздандыратын, дренаждау және қабынуға қарсы әсер береді, жергілікті қан айналымын қалыпқа түсіреді. Спецификалық емес қорғаныш факторларын белсендіреді, гомеопатиялық сұйылтылған препараттың өсімдік, жануар тектес және минералдық компоненттерінің организмге бірлескен әсері есебінен организм функциясын қалпына келтіреді және қалыпқа түсіреді.

Гомеопатия жедел және созылмалы аурулар кезіндегі реттеу емі болып саналады. Әрбір өсімдік, жануар тектес және минералдық гомеопатиялық компоненттердің емдік мүмкіндіктері дені сау адамдарға дәрілік тестілермен (ұқсас белгілер), науқас адамдардың қолдануымен және токсикология нәтижелерімен расталған.

Рецептураның жекелеген компоненттерінің қысқаша сипаттамасы.

Көктамырлық артық жүктемені, жұтқыншақ бадамша безінің, шырышты қабықтың ісінуін азайта отырып, Aesculus hippocastanum (Aesculus) аяқ-қолдың, жауырын сүйектерінің ауыруын, саусақ ұшының жансыздануын басуға ықпал етеді, бұл аталған ағзаларда метаболизм төмендеуінің салдары болып табылады.

Arnica montana қабынуға қарсы әсері бар және тіндер регенерациясына ықпал етеді. Ісінумен, бүкіл денеде қалтырауды сезінумен қатар жүретін терінің қабыну үдерістері кезінде тиімді.

Calcium fluoratum шырышты қабықтарда қабыну үдерістерінің созылмалылығына кедергі келтіреді, дәнекер тіндердің тонусын жақсартады, сүйектерді нығайтады және жалпы көңіл-күйді жақсартады.

Calcium jodatum қабынған, инфильтрацияланған лимфа бездері қатаюының және ісінуінің азаюына ықпал етеді.

Лимфа түйіндерінің, бадамша без бен тері жабынының қабынуы кезінде Clematis recta қабынуға қарсы және ісінуге қарсы әсер етеді. Герпес және экзема кезінде де қолданылады.

Conium maculatum созылмалы ұлғайған, бірақ қабынбаған лимфа түйіндерінің қатаюын азайтады.

Hedera helix – құрамында йод компоненті болады, қабынуға қарсы әсер етеді және әртүрлі лимфопатияларда, сондай-ақ баяу ағымдағы строфулюс кезінде тиімді.

Scrophularia nodosa папулёзді строфулюс, сүт бездерінің қабыну аурулары кезінде лимфалық дренажды жақсартады, тіннің қатерлі болып жаңадан өзгеріп пайда болуын баяулатады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- бәсеңдеген лимфалық жүйені қалпына келтіру үшін (ұлғайған және/немесе қатайған лимфалық түйіндер болғанда)

- лимфалық дренаж стимуляциясы үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 1 жастан асқан балалар.

Лимфалық түйіндердің үстіне жұқалап жағып, 5 минут бойы абайлап ысқылау керек. Күніне 1-2 рет қолданады.

Ысқылаудың орнына жақпамайымен таңғышты пайдалануға болады.

Ауру басталуының жедел жағдайларында жақпамайды күніне 4 ретке дейін жағуға болады. Одан әрі жоғарыда көрсетілгендей әдеттегі пайдалануға көшу керек.

Алдыңғы ем-шарасын өткізіп алсаңыз, екі еселенген дозаны пайдаланбаңыз.

Әдеттегі емнің ұзақтығы 7 – 10 күн.

Егер жағдайыңыз нашарлап кетсе немесе жақсару 7 күннен соң басталмаса, дәрігерге көрініңіз.

Емнің оң нәтижелерін бекіту, мысалы, жарақаттардан немесе хирургиялық операциялардан кейін лимфалық дренажды көтермелеу үшін 2 – 3 ай бойы жақпамайды күніне 2 рет (таңертең және кешке) жоғарыда көрсетілгендей қосымша қолдану ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Препарат компоненттері – цетеарилді және цетилді спирттер – жергілікті тері реакцияларын туындатуы мүмкін (жанаспалы дерматит типті).

Аллергиялық реакциялардың алғашқы белгілері болғанда Лимфогель спаг. Пекананы қолдануды тоқтату қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді ингредиенттердің біріне немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық

- зақымданған теріге пайдалануға болмайды

- 1 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Гомеопатиялық препаратты бастапқы қабылдау кезінде аурудың бұрын болған симптомдары қысқа уақыт аралығы ішінде (бастапқы реакция) күшеюі мүмкін. Онда препарат қабылдауды тоқтату керек. Бастапқы реакция қарқындылығы азайған жағдайда, препарат қабылдауды қайта бастауға болады. Ауру симптомдары қайталап күшейгенде препарат қабылдауды тоқтату қажет.

Гомеопатиялық дәрімен ұзақ емдеудің кез келгенін гомеопатияда тәжірибесі бар дәрігер бақылауы тиіс, өйткені бақылаусыз пайдалану жағымсыз дәрі-дәрмектік симптомдарға (жаңа белгілер) әкелуі мүмкін.

Жүктілік немесе лактация кезеңі

Лимфогель спаг. Пекана гомеопатиялық дәрілік препаратын жүктілік немесе бала емізу кезінде қолданардың алдында емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі анықталмаған.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

35 г препараттан ішкі лак жабыны мен бұрандалы пластмасса қалпақшасы бар алюминий сықпаға салынған.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Сықпаны алғаш ашқаннан кейін – 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйым

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

Райффейсенштрассе 15, D-88353 Кисслегг, Германия

Тел. 0049-7563/91160, факс 0049-7563/2862

e-mail: info@pekana.com

Тіркеу куәлігінің иесі

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фирма «Санжар» ЖШС

Алматы қ. 050057, Айманов к-сі 206, о. 33 - 34, тел: 248-33-02

e-mail: info@sanzharpharma.kz

 

Прикрепленные файлы

016984541477976491_ru.doc 60.5 кб
135161281477977657_kz.doc 62.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники