Лимферал спаг. Пекана

Производитель: ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021432
Период регистрации: 09.06.2015 - 09.06.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Лимферал спаг. Пекана

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішілетін тамшылар, 50 мл, 100 мл

Құрамы

1г (= 1.03 мл = 26 тамшы)

10 грамм препарат құрамында

белсенді заттар:

 
 

Barium carbonicum D8

1.35 г

 

Calcium jodatum D8

1.35 г

 

Helianthemum canadense D12

1.50 г

 

Conium maculatum D6

1.35 г

 

Scrophularia nodosa D4

1.30 г

 

Echinacea spag. Peka D12

1.05 г

 

Galium aparine D6

1.15 г

 

Juglans regia spag. Peka D6

0.95 г

   
 

 

   
 

 

   
 

 

   
 

 

қосымша заттар: тазартылған су, этанол 18 % к.

Сипаттамасы

Этанол дәмі мен әлсіз немесе орташа иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да емдік өнімдер. Басқа да дәрілік препараттар.

АТХ коды V03АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат біріктірілген болып саналады, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Препарат барлық ағзалар мен шырышты қабықтарда лимфа айналымын қалыпқа түсіреді, уытсыздандыратын, қабынуға қарсы және иммуномодуляциялаушы әсер береді. Организмнің спецификалық емес қорғаныш факторларын белсендіреді, гомеопатиялық сұйылтылған препараттың өсімдік, жануар тектес және минералдық компоненттерінің организмге бірлескен әсері есебінен организм функциясын қалпына келтіреді және қалыпқа түсіреді.

Гомеопатия жедел және созылмалы аурулар кезіндегі реттеу емі болып саналады. Әрбір өсімдік, жануар тектес және минералдық гомеопатиялық компоненттердің емдік мүмкіндіктері дені сау адамдарға дәрілік тестілермен (ұқсас белгілер), науқас адамдардың қолдануымен және токсикология нәтижелерімен расталған.

Рецептураның жекелеген компоненттерінің қысқаша сипаттамасы.

Barium carbonicum ұлғайған, сондай-ақ қатайған лимфалық түйіндерде де қабынуға қарсы әсер етеді. Брадикардия кезінде уытты жүктемелер салдарынан жүректің өткізу жүйесін реттейді.

Calcium jodatum – бездердің созылмалы қабынуы, лимфалық жүйенің цервикальді және шажырқай аумағында жазылатын әсерін көрсетеді. Кальций иондары метаболизмге ықпалын тигізеді, йод иондары дәнекер және лимфоидты тіндер гипоплазиясына қарсы әсер етеді.

Helianthemum canadense лимфатизм, қабынған және қатайған түйіндер (аденома), тері мен тоқ ішектің созылмалы қабынулары кезінде кеңінен қолданылады.

Conium maculatum лимфалық түйіндердің қатаюына, паретикалық әлсіздікке, лимфалық түйіндер туберкулезіне, простатизмге, обырға айналып кету қаупі бар простата гипертрофиясына қарсы әрекет етеді.

Scrophularia nodosa – лимфалық диатез белгілерінде қабынған тамақ бездері, бетте экземасы бар шіріншелік көздер, өсуі нашар тістер, қанталаған иек, зоб болғанда лимфалық жүйеге жүктемені азайтады .

Echinacea лейкоциттер стимуляциясын демейді, сепсис симптомдарында және қабынуларда иммунитетті күшейтеді. Көп мөлшердегі токсиндерге қарсы тиімді.

Galium aparine метаболизм бұзылыстарын қалпына келтіре отырып, ағзалардың, әсіресе қуық, бүйрек пен тері жабындары тінінің қатерлі қайта туындау үдерісін тоқтататады немесе түрін өзгертеді.

Juglans regia бұзылған бауыр функциясын қалпына келтіре отырып, ішек функциясы бұзылуымен байланысты қатты қышынумен және бас ауыруларымен қатар жүретін герпес, экзема, импетиго – тері жұқпаларына қарсы әсер етеді.

Қолданылуы

кешенді ем құрамында

- бәсеңдеген лимфалық жүйені қалпына келтіру үшін

- лимфалық дренаж стимуляциясы үшін қатерсіз лимфалық түйіндер гипертрофиясы, созылмалы тонзиллит, баспа және лимфа тамырларының ісінуі секілді жағдайларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: 20 тамшыдан күніне 3 рет, суда сұйылтылған, тамақтануға дейін, ішу арқылы.

2 – 12 жастағы балалар: 10 тамшыдан күніне 3 рет, суда сұйылтылған, тамақтануға дейін, ішу арқылы.

1 - 2 жастағы нәрестелер: күніне 3 рет 5 тамшыдан, суда сұйылтылған, тамақтануға дейін, ішу арқылы.

Алдыңғы дозасын өткізіп алсаңыз, екі еселенген дозаны пайдаланбаңыз.

Ауру басталуының жедел жағдайларында 10 тамшыдан күніне 6 - 8 рет, суда сұйылтып, тамақтануға дейін, ішу арқылы қабылдау керек. Одан әрі жоғарыда көрсетілгендей әдеттегі қабылдауға көшу керек.

Әдеттегі емдеу ұзақтығы 7 – 10 күн.

Егер емді бастағаннан кейін 7 күн ішінде жағдайыңыз жақсара бастамаса немесе нашарлап кетсе, онда дәрігерге көріну керек.

Ауру симптомдары жоғалғаннан кейін асқынудың алдын алу үшін препаратты тәулігіне 2 рет қабылдауды тағы 3 – 7 күн бойы жалғастыру ұсынылады.

Сүт бездерін кесіп алып тастағаннан кейінгі лимфедеме кезінде лимфалық дренажды стимуляциялау үшін 2 – 3 ай бойы препаратты күніне 2 рет (таңертең және кешке) жоғарыда көрсетілгендей қосымша қабылдау ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Осы кезге дейін Лимферал спаг. Пекананы қолданғанда ешқандай жағымсыз әсерлері айқындалмаған.

Аллергиялық реакциялардың алғашқы белгілері болғанда Лимферал спаг. Пекананы қолдануды тоқтату қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді ингредиенттердің біріне немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық

- препарат құрамында аздаған мөлшерде лактоза болады. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lарр-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды;

- 1 жасқа дейінгі балаларға

- Лимферал спаг. Пекана препаратының бір реттік дозасы (5 – 20 тамшы) құрамында 27 – 110 мг этанол бар, сондықтан препарат алгоголизмнен зардап шегетіндер үшін зиянды. Қаупі жоғары топтарда - бауыр, эпилепсия аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Ерітіндінің бұлыңғырлануы препарат тиімділігіне әсер етпейді.

Гомеопатиялық препаратты бастапқы қабылдау кезінде аурудың бұрын болған симптомдары қысқа уақыт аралығы ішінде (бастапқы реакция) күшеюі мүмкін. Онда препарат қабылдауды тоқтату керек. Бастапқы реакция қарқындылығы азайған жағдайда, препарат қабылдауды қайта бастауға болады. Ауру симптомдары қайталап күшейгенде препарат қабылдауды тоқтату қажет.

Гомеопатиялық дәрімен ұзақ емдеудің кез келгенін гомеопатияда тәжірибесі бар дәрігер бақылауы тиіс, өйткені бақылаусыз пайдалану жағымсыз дәрі-дәрмектік симптомдарға (жаңа белгілер) әкелуі мүмкін.

Жүктілік немесе лактация кезеңі

Лимферал спаг. Пекана гомеопатиялық дәрілік препаратын жүктілік немесе бала емізу кезінде қолданардың алдында емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі анықталмаған.

Этанол құрамы 18 % к. болатынын ескеру қажет.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл немесе 100 мл препараттан түссіз тамшылатқышы мен алғашқы ашылуы бақыланатын полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар III типті гидролитикалық коңыр шыны құтыға салынған.

Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Құтыны алғаш ашқаннан кейін – 12 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйым

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

D-88353 Кисслегг, Германия, Райффейсенштрассе 15

Тел. 0049-7563/91160, факс 0049-7563/2862

e-mail: info@pekana.com

Тіркеу куәлігінің иесі

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ , Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фирма «Санжар» ЖШС

Алматы қ. 050057, Айманов к-сі 206, о. 33 - 34, тел: 248-33-02

e-mail: info@sanzharpharma.kz

 

Прикрепленные файлы

550507681477976492_ru.doc 62 кб
783444701477977658_kz.doc 71 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники