Лизиноприл (20 мг, Химфарм АО)

МНН: Лизиноприл
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lisinopril
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020897
Период регистрации: 20.10.2014 - 20.10.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Лизиноприл

Халықаралық патенттелмеген атауы

Лизиноприл

Дәрілік түрі

Таблеткалар 5 мг, 10 мг және 20 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – лизиноприл дигидраты 5.5 мг, 11.0 мг немесе 22.0 мг

(5.0 мг, 10.0 мг немесе 20.0 мг лизиноприлге баламалы)

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ақтан крем түстеске дейінгі таблеткалар, таблетканың бір жағында ойығы, екінші жағында – ойығы мен крест түріндегі фирмалық логотип бар (5 және 20 мг доза үшін).

Жалпақ цилиндр пішінді, ақтан крем түстеске дейінгі таблеткалар, таблетканың бір жағында ойығы мен сызығы, екінші жағында – ойығы мен крест түріндегі фирмалық логотип бар (10 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін препараттар. Ангиотензин-конвертациялаушы фермент (АКФ) тежегіштері. Лизиноприл.

АТХ коды С09АА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ас ішу препараттың сіңуіне әсер етпейді. Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына лизиноприлді ішу арқылы қабылдағаннан кейін шамамен 6 сағаттан соң жетеді. Биожетімділігі 29% құрайды. Ангиотензин-өзгертуші ферментпен байланысын қоспағанда, басқа плазма ақуыздарымен байланысқа мүлдем түспейді деуге болады. Метаболизмге ұшырамайды, толығымен өзгеріссіз күйде бүйрекпен шығарылады. Жартылай ыдырау кезеңі 12,6 сағатты құрайды. Лизиноприл плацентарлық бөгет арқылы өтеді.

Фармакодинамикасы

Лизиноприл ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерінің тобына жатады. АКФ бәсеңдеуі ангиотензин II (тамырды тарылтатын әсері бар) түзілуінің азаюына және альдостерон секрециясының төмендеуіне алып келеді. Сондай-ақ лизиноприл күшті вазодепрессорлық пептид – брадикининнің ыдырауын бөгейді. Соның нәтижесінде ол снижает артериялық қысымды, жалпы шеткергі қантамырлық қарсыласуды, жүрекке түсетін алдыңғы- және кейінгі жүктемені төмендетеді, минуттық көлемін, жүрек лықсытуын арттырады, миокардтың жүктемелерге төзімділігін жоғарылатады және ишемияланған миокардтың қанмен қамтылуын жақсартады. Жедел миокард инфарктісі бар емделушілерде лизиноприл нитраттармен бірге сол жақ қарынша дисфункциясының немесе жүрек жеткіліксіздігінің қалыптасуын азайтады.

Гипергликемиямен науқастарда зақымдалған эндотелий функциясының қалпына келуіне қатысады.

Артериялық қысымның төмендеуі препаратты ішке қабылдағаннан кейін бір сағаттан соң басталады және өзінің ең жоғарғы деңгейіне 6 сағаттан соң жетеді. Лизиноприл әсерінің ұзақтығы дозасына тәуелді және 24 сағатқа жуықты құрайды, бұл препаратты тәулігіне 1 рет пайдалануға мүмкіндік береді. Ұзақ уақыт емдеуде препараттың тиімділігі төмендемейді. Емдеуді күрт тоқтатқанда артериялық қысымның елеулі ауытқулары (тоқтату синдромы) туындамайды.

Лизиноприлдің бастапқы әсері ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесімен байланысты болса да, препарат ренин мөлшерінің төмендігімен жүретін гипертензия жағдайларында да тиімді.

Артериялық қысымды тікелей төмендетуінен бөлек, лизиноприл бүйректің гломерулярлық аппаратының гистологиясы мен гемодинамикасының өзгерістері есебінен альбуминурияны азайтады.

Қолданылуы

- артериялық гипертензияда

- жүректің созлмалы жеткіліксіздігінде (диуретиктермен, жүрек гликозидтерімен немесе бета-адреноблокаторлармен кешенді ем құрамында)

- бүйрек дисфункциясы белгілерінсіз, гемодинамикасы тұрақты емделушілердегі жедел миокард инфарктісінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Лизиноприл ішке, ас ішуге байланыссыз, күніне 1 рет, дұрысы күнде бір уақытта қабылданады.

Артериялық гипертензия

Лизиноприлді монотерапия ретінде де немесе басқа антигипертензивтік дәрілік заттармен біріктіріп те пайдалануға болады.

Артериялық гипертензия кезінде препараттың әдеттегі бастапқы дозасы 10 мг құрайды. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің айқын белсенділенуі бар (атап айтқанда, реноваскулярлық гипертензиясы, жүрек жеткіліксіздігі немесе ауыр гипертензиясы бар) емделушілерде алғашқы дозасынан кейін артериялық қысымның күрт төмендеуі білінуі мүмкін. Сондықтан мұндай емделушілерге дәрігердің бақылауымен 2,5-5 мг бастапқы дозасы ұсынылады.

Емдеу күн сайын таңертеңгілік 5 мг-ден басталуы тиіс. Дозаларын арттыру арасындағы уақыт аралықтары кемінде 3 аптаны құрауы тиіс. Әдеттегі демеуші дозасы күніне 1 рет 10–20 мг Лизиноприлді, ең жоғарғы тәуліктік дозасы - күніне 1 рет 40 мг құрайды. Артериялық қысымды қосымша төмендету үшін Лизиноприлді басқа антигипертензивтік препараттармен біріктіру керек.

Әдеттегі орташа емдік дозасы тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды. Егер күтілетін емдік әсеріне 2-4 апта ішінде қол жетпесе, онда дозасы арттырылуы мүмкін.

Диуретиктермен емдеуді Лизиноприлді қабылдауды бастағанға дейін 2-3 күн бұрын тоқтату керек. Егер диуретиктер тоқтатылмаса, онда Лизиноприлмен емдеуді тәулігіне 5 мг-ден бастау ұсынылады. Бүйрек функциясы мен қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау қажет.

Жүрек жеткіліксіздігі

Лизиноприл диуретиктермен, жүрек гликозидтерімен немесе бета-адреноблокаторлармен жүргізіліп жатқан емге қосымша тағайындалады. Сонымен қатар алдын-ала, мүмкіндігінше, диуретиктің дозасын төмендету керек. Бастапқы дозасы таңертеңгілік 2,5 мг құрайды. Демеуші дозасы сатылай, 2–4 апта аралықпен 2,5 мг арттыра отырып тағайындалады. Әдеттегі демеуші дозасы күніне 1 рет 5–20 мг құрайды. Тәулігіне 35 мг асыру ұсынылмайды.

Емдеу барысында гипотонияның және онымен байланысты бүйрек функциясы бұзылуының дамуын болдырмас үшін, жүйелі түрде артериялық қысымды, бүйрек функциясын, қан сарысуындағы калий мен натрий концентрациясын бақылап отыру керек.

Гемодинамикасы тұрақты емделушілердегі жедел миокард инфарктісі

Лизиноприлмен емдеуді гемодинамика тұрақты (систолалық қысым 100 мм сын.бағ. жоғары, бүйрек дисфункциясының белгілерінсіз) кезде миокард инфарктісінен кейін 24 сағат ішінде, миокард инфарктісін стандартты емдеуге қосымша (тромболитикалық дәрілер, ацетилсалицил қышқылы, бета-адреноблокаторлар, көктамырішілік және трансдермальді түрдегі нитраттар) бастауға болады. Бастапқы дозасы 5 мг, 24 сағаттан соң - тағы 5 мг, 48 сағаттан соң – 10 мг Лизиноприлді құрайды. Сосын дозасы күніне 1 рет 10 мг құрайды.

Систолалық қысымы төмен емделушілерге (≤ 120 мм сын. бағ.) емдеуді бастар алдында немесе инфарктіден кейінгі алғашқы 3 күн ішінде Лизиноприлдің төменірек емдік дозасын - 2,5 мг қабылдау керек.

Емдеу 6 апта бойына созылуы тиіс. Препараттың демеуші дозасы күніне 10 мг құрайды. Жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары бар емделушілерге ары қарай Лизиноприлмен емдеуді жалғастыру ұсынылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қолданылу ерекшеліктері

Лизиноприлдің элиминациясы бүйрек арқылы жүретіндіктен, бастапқы дозасы креатинин клиренсінің көрсеткіштеріне, демеуші дозасы – клиникалық жауапқа тәуелді, және бүйрек функциясын, қан сарысуындағы калий және натрий концентрациясының көрсеткіштерін жүйелі түрде бақылай отырып таңдап алынады.

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Бастапқы дозасы (мг/күніне)

30 - 70

10 - 30

< 10

(гемодиализдегі науқастарды қоса)

5 – 10 мг

2,5 – 5 мг

2,5* мг

*- лизиноприл диализденеді.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде Лизиноприлдің дозасы қан сарысуындағы креатинин деңгейін ескере отырып түзетілуі тиіс (бүйрек функциясына баға беру үшін).

Симптоматикалық артериялық гипертензия, оның ішінде диабеттік нефропатиямен асқынған қант диабетінде

Артериялық қысымы қалыпты, инсулинге тәуелді қант диабетімен науқастардың тәуліктік дозасы күніне 1 рет 10 мг құрайды. Қажет болған жағдайда, диастолалық қысымды 90 мм сын.бағ. төмендету үшін дозасын 20 мг дейін арттыруға болады.

Бүйрек функциясының бұзылуы кезінде (креатинин клиренсі <80 мл/мин) Лизиноприлдің бастапқы дозасын емделушінің креатинин клиренсіне сәйкес түзету керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥ 1%, <10%)

- бас айналуы, бас ауыруы, әлсіздік

- артериялық гипотензия (ортостатикалық әсері)

- жөтел

- құсу, диарея

- бүйрек функциясының бұзылуы

Жиі емес (≥ 0,1%, <1 %)

- көңіл-күй мен ұйқының өзгеруі, парестезиялармен жүретін шеткергі невропатия, бас айналуы, дәм, иіс сезудің бұзылуы

- тахикардия, жүректің қағуы, миокард инфарктісі, ауру қаупі жоғары науқастардағы цереброваскулярлық инсульт, айқын гипотонияның нәтижесінде болуы ықтимал, бұлшықет құрысулары, Рейно синдромы

- ринит

- жүрек айнуы, іштің ауыруы

- тері бөртпесі, қышыну

- импотенция

- әлсіздік, астения

- гиперкалиемия, азотемия, креатинин деңгейінің және бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы

Сирек (≥ 0,01%, <0,1%)

- гемоглобин, гематокрит төмендеуі

- сананың шатасуы

- ауыздың құрғауы

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, беттің, аяқ-қолдардың, еріннің, тілдің, таңдайдың, көмейдің ангионевротикалық ісінуі, есекжем, алопеция

- уремия, бүйректің жедел жеткіліксіздігі

- гинекомастия

- антидиуретиктік гормонның талапқа сай емес секрециясы синдромы

- гипербилирубинемия, гипонатриемия

Өте сирек (<0,01%)

- анемия, тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз,

гемолитикалық анемия, лимфаденопатия, аутоиммундық аурулар

- ЭШЖ жеделдеуі, антинуклеарлық антиденелердің пайда болуы, васкулит, миалгия, артралгия, артрит, эозинофилия, лейкоцитоз, эксфолиативтік дерматит, фотосенсибилизация

- гипогликемия

- бронх түйілуі, синусит, аллергиялық альвеолит, эозинофильді пневмония

- панкреатит, гепатит, холестаздық сарғаю, бауыр жеткіліксіздігі

- тершеңдік, сулы бөртпе, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема

- олигурия, анурия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- лизиноприлге немесе қосыма заттарының біріне немесе кез-келген басқа АКФ тежегіштеріне жоғары сезімталдық

- сыртартқыдағы АКФ тежегіштерімен алдыңғы емдеумен байланысты ангионевротикалық ісіну

- тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевротикалық ісіну

- бастапқы гиперальдостеронизм

- гемодинамикасы тұрақсыз емделушілердегі жедел миокард инфарктісі

- емдеу басталғанға дейінгі систолалық қысым ≤ 100 мм сын. бағ.

- бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (креатинин клиренсі < 30 мл/мин)

- кардиогендік шок

- бүйрек артерияларының стенозы (екіжақты немесе бір бүйрекпен біржақты)

- бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (креатинин клиренсі < 30 мл/мин).

- гемодинамикалық релевантты қолқа немесе митральді клапан стенозы немесе гипертрофиялық кардиомиопатия

- бүйрек трансплантациясынан кейінгі жағдай

- үдемелі азотемия, гиперкалиемия

- жүктілік, лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты диуретиктермен бір мезгілде қолданғанда АҚ күрт төмендеуі мүмкін, басқа гипотензивтік дәрілермен – аддитивтік әсері байқалады (біріктіріп емдеуде сақ болу қажет).

Лизиноприлді калий жинақтаушы диуретиктермен (спиронолактон, триамтерен, амилорид), калий препараттарымен және құрамында калий бар тұз алмастырғыштармен бір мезгілде қолдану мұқият көңіл бөлуді қажет етеді. Негізінен бүйрек функциясының бұзылуы кезінде гиперкалиемия дамуы мүмкін, сондықтан бұл препараттарды бір мезгілде тек болуы мүмкін салдарларын және қан сарысуындағы калий деңгейі мен бүйрек функциясының көрсеткіштерін жүйелі түрде бақылай отырып қолдануға болады.

Литий мен ангиотензин-конвертациялаушы фермент (АКФ) тежегіштерін бірге қолдану литийдің бүйректік клиренсінің төмендеуіне алып келуі мүмкін, бұл литий уыттылығының қаупін едәуір арттырады. Тиазидтік диуретиктер мен АКФ тежегіштерін бір мезгілде қолдану литийдің уыттылығын қосымша арттыруы мүмкін. Лизиноприлді литиймен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды, бірақ егер мұндай біріктірілімі қажет болса, қан сарысуындағы литий мөлшеріне мұқият мониторинг жүргізу керек.

Тәулігіне >3 г ацетилсалицил қышқылын қоса, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП), АКФ тежегіштерінің гипотензивтік әсерін төмендетуі мүмкін. ҚҚСП мен АКФ тежегіштерін бір мезгілде пайдалану гиперкалиемияға алып келуі мүмкін, ол бүйрек функциясына теріс әсерін тигізеді. Бұл әсері әдетте, қайтымды, ал ол ең алдымен бұрыннан бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілерде көрініс беруі мүмкін. АКФ тежегіштері мен ҚҚСД біріктірілімін, әсіресе егде жастағыларда немесе сусыздануы бар адамдарда сақтықпен тағайындау керек. Емделушілер талапқа сай су теңгерімін ұстап тұруы тиіс; емдеу курсы жүргізілгеннен кейін бүйрек функциясын тексеру қажет.

АКФ тежегіштері мен инъекциялар түріндегі алтын препараттарын (мысалы: натрий ауротиомалаты) бір мезгілде тағайындағанда көбінесе нитраттәрізді реакциялар (вазодилатация симптомдары, соның ішінде ысынулар, жүрек айнуы, бас айналуы және гипотензия, олар кейде ауыр болуы мүмкін) дамуы мүмкін.

Басқа гипотензивтік препараттарды бір мезгілде қолдану Лизиноприлдің гипотензивтік әсерін арттыруы мүмкін. Лизиноприлді нитроглицеринмен, басқа нитраттармен немесе басқа вазодилататорлармен бірге пайдалану артериялық қысымды одан әрі төмендетуі мүмкін.

Кейбір анестетиктерді, үшциклдық антидепрессанттар мен нейролептиктерді АКФ тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда, гипотензивтік әсері күшейетіндіктен, Лизиноприлді сақтықпен тағайындау керек.

Симпатомиметиктер АКФ тежегіштерінің гипотензивтік әсерін төмендетуі мүмкін.

Лизиноприл мен диабетке қарсы дәрілік препараттарды (инсулин, пероральді гипогликемиялық препараттар) бір мезгілде қабылдау соңғыларының гипогликемиялық әсерін гипогликемияның даму қаупімен күшейтуі мүмкін. Бұл әсерінің ықтималдығы бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде біріктіріп емдеудің алғашқы апталары ішінде анағұрлым жоғары.

Лизиноприлді ацетилсалицил қышқылымен (антиагреганттық әсерін қамтамасыз ететін дозаларда), тромболитиктермен, бета-блокаторлармен және/немесе нитраттармен бір мезгілде пайдалануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Гипонатриемиясы бар және/немесе диуретиктермен емдеудің, ерекше емдәм қолданудың немесе организмнің басқа да себептермен сусыздануының (қатты терлеу, қайта-қайта құсу, іш өтуі, диализ) нәтижесінде айналымдағы қан көлемі төмендеген науқастарда және жүрек жеткіліксіздігі кезінде симптоматикалық артериялық гипотензия дамуы мүмкін. Гипотензияны емдеу төсекте жату режимін қамтамасыз етуден, қажет болса, инфузиялық емнен тұрады. Артериялық қысымның өтпелі төмендеуі Лизиноприлмен емдеу үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды, алайда, препаратты уақытша тоқтату немесе дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.

Лизиноприлмен емдеудің алдында тез арада су-электролиттік теңгерімінің бұзылуы қалыпқа түсірілуі және айналымдағы қан көлемінің тапшылығы жойылуы тиіс, бұдан өзге, бастапқы дозасын қабылдағаннан кейін артериялық қысымның өзгерісі бақыланып отыруы қажет.

Цереброваскулярлық аурулар және жүректің ишемиялық ауруы кезінде артерияялық қысымның елеулі төмендеуі инсульт немесе миокард инфарктісінің дамуына алып келуі мүмкін екенін ескеру керек.

Жедел миокард инфарктісі кезінде сарысудағы креатинин концентрациясы 177 мкмоль/л жоғарылығымен және/немесе 24 сағатта 500 мг асатын протеинуриямен анықталған бүйрек функциясының бұзылу белгілері бар емделушілерде Лизиноприлмен емдеуді бастау ұсынылмайды. Егер бүйрек дисфункциясы препаратпен емдеу кезінде дами бастаса (сарысудағы креатинин концентрациясы 265 мкмоль/л асатын), онда оны тоқтату қажет.

Кардиогендік шок жағдайында және жедел миокард инфарктісінде, егер вазодилататорды тағайындау гемодинамиканы айтарлықтай нашарлататын болса, мысалы, систолалық қысым 100 мм сын.бағ. аспаса, Лизиноприлмен емдеу қарсы көрсетілімді.

120 мм сын.бағ. аспайтын систолалық қысым кезінде миокард инфарктісінің алғашқы 3 күнінде Лизиноприлдің төмен - күніне 2,5 мг дозалары тағайындалады. Артериялық гипотензия кезінде демеуші дозасын күніне 5 мг дейін немесе уақытша күніне 2,5 мг дейін төмендетеді. Ұзаққа созылған гипотензия кезінде, систолалық қысым 90 мм сын.бағ. төмен болса, препарат тоқтатылады.

Бүйрек артерияларының стенозы (екіжақты немесе бір бүйрекпен біржақты)

Бүйрек артерияларының екіжақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар кейбір емделушілерде Лизиноприлді тағайындағанда қан сарысуындағы мочевина және креатинин концентрациясы жоғарылайды, бұл әдетте, емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды. Бұл көбіне бүйрек жеткілісіздігі бар емделушілерге тән.

Реноваскулярлық гипертензия кезінде де ауыр артериялық гипотензияның және бүйренк жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғары болады. Бұл емделушілерде Лизиноприлмен емді дәрігердің қатаң бақылауымен азғантай дозаларынан бастап, ары қарай титрлеу керек.

Қолқа, митральді клапандар стенозы, гипертрофиялық кардиомиопатия

Басқа АКФ тежегіштері сияқты, Лизиноприлді митральді клапан, қолқа клапаны стенозы немесе гипертрофиялық кардиомиопатиясы бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Ангионевротикалық ісіну

Ангионевротикалық ісіну АКФ тежегіштерін қабылдаған емделушілерде сирек байқалады. Ондай жағдайларда препаратты қабылдауды дереу тоқтату және ісінудің клиникалық симптомдарын толығымен жойылғанға дейін сәйкесінше ем тағайындау керек.

Хирургиялық араласулар /анестезия

Ауқымды хирургиялық операциялар кезінде немесе гипотензивтік әсері бар есірткілік заттар қолданылған жағдайда Лизиноприл компенсаторлық рениннің ангиотензин-II-ге өзгеруін бөгейді. Жоғарыда көрсетілген механизм салдарынан болуы мүмкін гипотонияны, айналымдағы қан көлемін толтыру арқылы басуға болады.

Гемодиализ / ТТЛП-липидті-аферез / Десенсибилизациялауға арналған ем

Лизиноприл мен полиакрил-нитрил жарғақшалы немесе ТТЛП (тығыздығы төмен липопротеин)-аферезді декстран сульфатының немесе жәндіктердің (аралардың, соналардың) уына қарсы десенсибилизациялаудың көмегімен жүргізілетін диализді бір мезгілде тағайындағанда анафилактикалық шок дамуы мүмкін.

Диализ үшін басқа жарғақшаны пайдалану немесе Лизиноприлді басқа антигипертензивтік препараттармен (АКФ тежегіштерімен емес) уақытша алмастыра тұру ұсынылады.

Десенсибилизацияны жүргізердің алдында Лизиноприлді тоқтату керек.

Нейтропения, агранулоцитоз

Нейтропения, агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемия АКФ тежегіштерін қабылдап жүрген емделушілерде аса сирек жағдайларда байқалады. Бұл құбылыстар Лизиноприлді қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтымды болып келеді. Препаратты иммунодепрессанттарды, аллопуринолды немесе прокаинамидті қабылдап жүрген аутоиммундық аурулары бар емделушілерде аса сақтықпен пайдалану керек. Лизиноприлді мұндай науқастарда пайдаланғанда қандағы лейкоциттер деңгейіне жүйелі түрде бақылау жүргізіп отыру ұсынылады.

Тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, Lapp лактазасы тапшылығы, глюкоза – галактоза сіңуінің бұзылуы синдромы

Құрамында лактоза моногидратының болуына байланысты, Лизиноприлді сирек байқалатын тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Lapp лактазасы тапшылығы немесе глюкоза – галактоза сіңуінің бұзылуы синдромы бар емделушілерге тағайындамау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жағымсыз реакциялары (бас айналуы) дамуы мүмкін болғандықтан, Лизиноприлді қабылдау кезінде көлік құралын жүргізу және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасау ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: шок жағдайына дейінгі ауыр гипотония, гиперкалиемия, брадикардия, тахикардия, ентігу, бүйрек жеткіліксіздігі, жөтел, бас айналуы, мазасыздық.

Емі: асқазанды шаю, Лизиноприл таблеткаларын ішке қабылдағаннан кейін адсорбенттер мен натрий сульфатын қабылдау. Су-электролит теңгерімі мен қан сарысуындағы креатинин концентрациясын бақылау қажет.

Белгілеріне қарай ем, көктамыр ішіне 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісін, айқын гипотония кезінде адреномиметиктерді енгізу тағайындалады. Брадикардия кезінде атропин енгізіледі, қажет болса кардиостимулятор тағайындауды қарастыруға болады. Лизиноприл организмнен гемодиализдің көмегімен шығарылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3, 5 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынады.

Пішінді ұяшықты қаптамалардың (картоннан жасалған пәшкеге салмай) картоннан жасалған қораптарға салынуына жол беріледі. Әр қорапқа қаптамалар санына қарай медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтар салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81, т/ф: 561342

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

527881811477976637_ru.doc 105.5 кб
393353251477977785_kz.doc 146.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники