Лизак (таблетки для рассасывания со вкусом шоколада)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Лизак
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Шоколад дәмімен соруға арналған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: құрғақ затына шаққанда лизоцим гидрохлориді 10 мг,
100 % құрғақ затына шаққанда деквалиний хлориді 0,25 мг,
қосымша заттар: декстроза моногидраты ST, повидон, магний стеараты, дәмдік қоспалар: какао ұнтағы, шоколад.
Сипаттамасы
Жалпақ беткейлі, сызығы мен ойығы бар, какао дәмімен, теңбілдермен, сұрдан қоңыр түске дейінгі таблеткалар. Таблетка беткейінің мәрмәрлануына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.
АТХ коды R02А А20
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Деквалиний хлориді өте елеусіз мөлшерде сіңіріледі.
Лизоцим асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Қандағы лизоцим концентрациясы шыңына 1-1,5 сағаттан соң жетеді. Лизоцим организм тіндеріне кең таралады, әсіресе шырышты қабықтарда жиналады. Ішек ферменттерімен гидролизденеді, метаболиттер түрінде несеппен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Лизак – жергілікті антисептигі бар, бактерияға қарсы және зеңге қарсы әсер ететін біріктірілген препарат. Препараттың емдік әсері оның құрамына кіретін компоненттерге байланысты.
Деквалиний хлориді – квинолиндер тобының антисептигі, басым түрде жергілікті – антисептикалық әсері; негізінен грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты – бактерияға қарсы әсері; ең бастысы Candida albicans, кейбір Trychophyton түрлері мен эпидермофиттерге қарсы – зеңге қарсы әсері бар.
Бактерияға қарсы әсері еріту және деполимеризациялау, сондай-ақ гликолиз және дегидрогеназалар белсенділігін жою жолымен қоздырғыштың ақуыздары мен ферменттерін денатурациялауға, рибосомалар деңгейінде ақуыздар синтезін бұзуға;жасушалық жарғақшаның цитолизіне негізделген. Беткейлік белсенді катионды әсері оның бактериостатикалық әсерінің грамтеріс микроорганизмдерге қарағанда грамоңдарға қатысты күшті болуы негізінде жатыр.
Лизоцим – бұл мукополисахарид, жасуша қабырғаларының ерімейтін полисахаридтерінің еритін мукопептидтерге айналуы салдарынан грамоң бактерияларға қатысты тиімді. Ол сондай-ақ грамтеріс бактериялар, вирустар мен зеңдерге қатысты тиімді.
Лизоцим жергілікті қабынуға қарсы әсер етеді және организмнің спецификалық емес қорғанысын арттырады.
Қолданылуы
-
препаратқа сезімтал қоздырғыштар туғызған ауыз қуысы мен тамақтың қабыну үдерістерін жергілікті антисептикалық емдеуде (катаральді, ойық жаралы, фиброзды гингивиттер; афтозды стоматиттер; ауыз қуысы мен жұтқыншақ кандидозы; фарингиттер; тонзиллиттер; ларингиттер және глосситтер)
-
ауыз қуысы мен тамаққа операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жұқпалардың алдын алуда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға ұсынылатын доза.
Соруға арналған 1 таблеткадан әр 2-3 сағат сайын (тәулігіне 10 таблеткадан көп емес) қолданылады. Қабыну симптомдары азайған соң – 1 таблеткадан әр 4 сағат сайын.
4-тен 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын доза.
Соруға арналған 1 таблеткадан әр 3 сағат сайын (тәулігіне 5 таблеткадан көп емес) қолданылады. Қабыну симптомдары азайған соң – 1 таблеткадан әр 4 сағат сайын.
Белсенді компоненттерінің біртіндеп босатылуы және ауыз қуысы мен жұтқыншақ шырышты қабығымен жанасуын ұзарту үшін таблетканы шайнамай, баяу сору керек, осының нәтижесінде әсер етуші заттар патологиялық ошаққа тиімді жеткізіледі.
Препаратты қабылдағаннан кейінгі 30 минут ішінде емделушінің тамақтанудан және ішуден бас тарта тұрғаны жөн.
Емдеуді ауру симптомдары жойылғаннан кейін тағы да 1-2 тәулік бойы жалғастыру ұсынылады.
Лизакты ауру симптомдары жойылғанша қолдану ұсынылады. Егер симптомдар 5-7 тәулік емдеуден кейін жойылмаса, емдеудің мұнан арғы тактикасын белгілеу үшін дәрігерге жүгіну қажет.
Жағымсыз әсерлері
Әдетте препараттың көтерімділігі жақсы, айтарлықтай жағымсыз реакциялары жайлы хабарлар болмаған. Дегенмен, мынадай жағымсыз дәрі-дәрмектік реакциялар болуы мүмкін:
Асқазан-ішек жолы тарапынан:
-
жүрек айнуы
-
ауыздың құрғауы
-
ауыз қуысы дисбактериозы (ұзақ қолданғанда)
Иммундық жүйе тарапынан:
-
аллергиялық реакциялар (есекжем, бөрту, қышыну)
Жергілікті реакциялар:
-
күйдіруді сезіну және тамақтың тітіркенуі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Кайексалатпен (гиперкалиемияны емдеуге арналған дәрі) бір мезгілде қолданғанда тері мен шырышты қабықтардың, әсіресе асқазан-ішек жолы ауыр некроздық зақымдануларының даму ықтималдығы бар.
Деквалиний хлоридінің бактерияға қарсы белсенділігі анионды детергенттерді, мысалы, тіс пастасын бір мезгілде қолданған кезде төмендейді.
Айрықша нұсқаулар
Шоколад дәмімен соруға арналған бір таблетканың құрамында 0,05 НБ бар екендігін қант диабеті бар науқастардың ескергені жөн.
Жұқпа жайылуының негізгі клиникалық симптомдары болғанда жүйелі антибактериялық емдеу тағайындау қажет. Қандай да бір жағымсыз әсерлері пайда болған кезде Лизак қабылдауды дереу тоқтатып, басқа дәрілік зат тағайындау қажет.
Жергілікті емдеу үшін басқа препараттармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.
Педиатрияда қолдану
Препарат осы дәрілік түрінде аспирацияның даму қаупі бар болғандықтан 4 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.
Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану
Бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Осыған байланысты, егер балаға әсерінің ықтимал қатерінен емдік әсері артып түскен жағдайда, препаратты жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде дәрігермен кеңескеннен кейін қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозалануы туралы деректер жоқ.
Препарат аз мөлшерде сіңіріледі, сондықтан артық дозалану мүмкіндігі аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
6 немесе 10 таблеткадан мөлдір емес полимер үлбірден (пигменттелген ақ) және тесілген немесе тесілмеген баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан (10 таблеткадан) немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан (6 таблеткадан) медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
“Фармак” ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63
Тіркеу куәлігінің иесі
“Фармак” ЖАҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, 050009 Алматы қ., Абай к-сі 157, 5 кеңсе
Тел/факс: +7 (727) 250 66 23, электронды поштасы: Djatlova88@mail.ru