Лидоплюс® (спрей для ротовой полости и горла)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Лидоплюс®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ауыз қуысына және тамаққа арналған спрей 30 мл
Құрамы
1 мл спрейдің құрамында
белсенді заттар: 1,25 мг деквалиний хлориді
1,0 мг лидокаин гидрохлориді
қосымша заттар: натрий сахарині, аммоний глицирризинаты, пропиленгликоль, 96% этанол, натрий гидроксиді, тазартылған су.
Сипаттамасы
Түссіз мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Антисептиктер.
АТХ коды R02А А20
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Деквалиний хлориді ауыздың шырышты қабығына сіңбейді. Тағайындалған барлық доза организмнен тік ішек арқылы шығарылады. Лидокаин гидрохлориді шырышты қабықпен сіңіріледі. Жансыздандыратын әсері шамамен 5 минуттан кейін тіркеледі. Лидокаин бауырда тасымалданады. Негізгі метаболиттер, моно-этил-глицин-ксилидин (белсенді метаболит) және глицин – ксилидин несеппен бөлінеді. Лидокаиннің 10%-дан аздауы өзгермеген күйде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Деквалиний хлориді әсер ету ауқымы кең антисептик болып табылады. Ол әр түрлі грамоң және грамтеріс бактерияларға қарсы, сондай-ақ зеңдер мен ашытқыларға қарсы белсенді. Лидокаин гидрохлориді амидтік типтегі қазіргі заман антисептигі болып табылады. Лидокаин шеткергі жүйке импульстерінің пайда болуы мен жүзеге асуын бөгейтін буккальді-фарингеальді сезімталдықтың болмауын қамтамасыз етеді.
Қолданылуы
- баспа, фарингит, тонзиллит, стоматит, афтоз, глоссит, гингивит сияқты ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы-қабыну ауруларын жергілікті симптоматикалық және демеуші емдеуде
- паразит зеңдер туындататын (микоз) ауруларды симптоматикалық емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Пульверизатордың ұшын ауыз қуысына енгізеді де, басады. Құтыны тіке ұстау керек. Тәулігіне 3-6 қолданысқа (0,1 мл-ден 2 бүрку).
24 сағат ішінде 12 бүркуден аспауы керек.
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек - шамадан тыс дозалаудан болатын уытты реакциялар, ауыз шырышты қабығының зақымдануы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық
- ауыз шырышты қабығының ауыр зақымдануы
- 12 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Деквалиний хлориді сабынмен және анионды беткейлік-белсенді заттармен, сондай-ақ құрамында фенолды қосылыстары бар зарарсыздандырушы дәрілермен үйлеспейді. Басқа анестетиктермен бір мезгілде тағайындамаған дұрыс.
Айрықша нұсқаулар
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анықталмаған
Артық дозалануы
Симптомдары: есінеу, сылбырлық, жүрек айну, құсу.
Емі: препаратты пайдалануды тоқтату.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 мл препараттан микродозаторы бар (поли-этиленполипропилен) сорғымен және түссіз полипропилен қалпақшамен тығындалған янтарь шыныдан жасалған құтыға салынған.
Құтыларға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.
1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Лабима СА, Бельгия Брюфармэкспорт c.п.р.л., Бельгия үшін.
Рю де ля Гротт, 14 – 1020 Брюссель қ.
Тіркеу куәлігінің иесі
Брюфармэкспорт c.п.р.л., Бельгия
Қазақстан Республикасында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі, 142, 724 кеңсе
тел.:+7 (727) 250-72-70;
e-mail: alma02@mail.ru