Летрозол Аккорд

Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Летрозол Аккорд
Халықаралық патенттелмеген атауы
Летрозол
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 2,5 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 2,5 мг летрозол
қосымша заттар: лактоза моногидраты – 61.500 мг, жүгері крахмалы – 9.500 мг, гипромеллоза (2910 типі) – 3.000 мг, микрокристалды целлюлоза – 17.000 мг, натрий крахмалының гликоляты (А типі) – 5.000 мг, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы – 0.500 мг, магний стеараты – 1.000 мг, HPMC 2910/Гипромеллоза 6 ср Е464 – 1.875 мг, титанның қостотығы Е171 – 0.488 мг, темірдің сары тотығы Е172 – 0.300 мг, макрогол /ПЭГ 400 – 0.187 мг, тальк – 0.150 мг
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, екі жағы да тегіс сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы гормональді препараттар. Гормон антагонистері және олардың аналогтары. Ферменттер тежегіштері. Летрозол.
ATХ коды L02BG04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы Сіңуі. Летрозол асқазан-ішек жолынан тез және толық сіңеді (биожетімділігінің орта шамасы 99,9%). Ас ішу сіңірілу жылдамдығын болымсыз төмендетеді (қанда летрозолдың ең жоғары концентрациясына жету уақытының орташа мәні /Тсmax/ аш қарынға летрозол қабылдағанда 1 сағат және тамақпен қабылдағанда 2 сағат құрайды; қандағы летрозолдың ең жоғары концентрациясының орташа мәні /Тсmax/ аш қарынға қабылдағанда 129 20,3 нмоль/л және тамақпен қабылдағанда 98,7 18,6 нмоль/л құрайды), алайда летрозолдың сіңу дәрежесі («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан бойынша бағалағанда) өзгермейді. Сіңу жылдамдығындағы аздаған өзгерістер клиникалық мәнсіз болып бағаланады, сондықтан летрозолды ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.
Таралуы. Қан плазмасы ақуыздарымен летрозол байланысуы шамамен 60% (көбінесе альбуминмен - 55%) құрайды. Эритроциттердегі летрозол концентрациясы оның қан плазмасындағы деңгейінің 80% жуығын құрайды. Қан плазмасындағы шамамен 82% радиобелсенділігі 2,5 мг 14C-таңбаланған летрозол қолданудан кейін өзгермеген белсенді зат үлесіне тиеді. Демек, летрозол метаболиттерінің жүйелі әсері онша зор емес. Летрозол тіндерде тез және кең таралады. Тепе-теңдік күйі кезеңінде болжанатын таралу көлемі 1,87 0,47 л/кг жуық құрайды.
Биотрансформациясы және метаболизмі. Летрозол фармакологиялық белсенді емес карбинол қосылысының түзілуімен едәуір дәрежеде метаболизмге ұшырайды. Летрозол метаболизмдік клиренсі 2.1 л/сағат құрайды, бұл бауырдағы қан ағымы шамасынан аз (90 л/сағатқа жуық). Летрозолдың өз метаболитіне айналуы P450 цитохромы 3A4 және 2A6 изоферменттерінің әсер етуімен жүзеге асатыны анықталған. Летрозолдың жалпы элиминациясында басқа, әзірге сәйкестендірілмеген метаболиттердің шағын санының түзілуі, сондай-ақ өзгермеген препараттың несеппен және нәжіспен шығарылуы болмашы ғана рөл атқарады. Менопаузадан кейінгі дені сау еріктілерге 2,5 мг 14C-таңбалы летрозол енгізуден кейін өткен 2 аптаның ішінде несептен 88,2 7.6%, ал нәжістен 3,8 0,9% радиобелсенділік табылды. Несептен 216 сағатқа дейінгі кезеңде табылған, кем дегенде, 75% радиобелсенділігі (летрозол дозасының шамасынан 84,7 7,8%) карбинол метаболитінің глюкуронидті конъюгаттарының, 9% жуығы басқа екі сәйкестендірілмеген метаболиттің және 6% өзгермеген летрозолдың үлесіне тиді.
Шығарылуы. Қан плазмасынан жартылай шығарылуы болжанатын соңғы кезең 2-4 тәулікке жуық құрайды. Күнделікті 2,5 мг препарат қолданудан кейін летрозол тепе-тең концентрациясына 2-ден 6 аптаға дейінгі шекте жетеді, бұл орайда ол дәл сол дозаны бір рет қабылдаудан кейінгісінен шамамен 7 есе жоғары. Сонымен қатар, тепе-тең концентрация мәні препараттың бір реттік дозасын қабылдаудан кейін тіркелген шамаларына қарай есептеу негізінде жорамалдауға болатын тепе-тең концентрация мәнінен 1,5-2 есе асып кетеді. Бұл летрозолды 2,5 мг дозада күнделікті қолданғанда оның фармакокинетикасының дозаға байланысты емес сипатын көрсетеді. Летрозолдың тепе-тең концентрациясы ұзақ уақыт бойы емдеу барысында сақталатындықтан, летрозол жиналуы жалғаспайды деп қорытынды жасауға болады.
Дозаға байланыстылығы/байланыссыздығы. Летрозол фармакокинетикасы 10 мг дейін қабылдағанда (дозалар диапазоны: 0,01-ден 30 мг дейін) және 1,0 мг дейінгі тәуліктік дозасында (дозалар диапазоны: 0,1-ден 5 мг дейін) препараттың бір реттік дозасына пропорционал. Бір рет 30 мг дозада ішу арқылы қабылдаудан кейін «концентрация-уақыт» қисығы (AUC) көрсеткішінің пропорционалды артуы анықталған. Күнделікті 2,5 және 5 мг дозасында AUC мәні, тәулігіне 1,0 мг дозамен салыстырғанда, тиісінше, 2,5 және 5 есенің орнына шамамен 3,8 және 12 есе ұлғайған. Препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 2,5 мг құрайды, пропорционалдық артуы көрінетіндей болатын дозалар шекарасы, ал тәулігіне 5 мг дозасы – бұл пропорционалдық артуы айқындау бола түсетін доза. Тұрақты деңгейлеріне барлық тестіден өткізілген дәрілік режимдерде (күніне 0,1-5,0 мг) 1-2 ай қолданудан кейін жетті.
Пациент әйелдердің жекелеген топтарындағы фармакокинетикасы. Бүйрек функциясының жағдайы әртүрлі (24-сағаттық креатинин клиренсі 9-дан 116 мл/минутқа дейін ауытқитын) 16 еріктіде жүргізілген зерттеулерде 2,5 мг дозада бір рет летрозол қабылдаудан кейін оның фармакокинетикасының өзгермегені білінген.
Бауыр функциясының жағдайы әртүрлі еріктілерде жүргізілген ұқсас зерттеуде бауыр функциясының бұзылуы орташа білінетін тұлғаларда (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В класы) «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданның (AUC) орта шамалары дені сау тұлғалардағыдан 37% жоғары болды, бірақ бауыр функциясы бұзылмаған тұлғаларда байқалған мәндер диапазоны шегінде қалды. Летрозол фармакокинетикасының салыстырмалы зерттеуінде бауыр циррозы және бауыр функциясының ауыр бұзылулары (Чайлд-Пью бойынша C класы) бар 8 пациентте бір реттік дозасын қабылдаудан кейін AUC деңгейі мен жартылай шығарылу кезеңі, дені сау 8 еріктідегі сол көрсеткіштер деңгейімен салыстырғанда, тиісінше, 95 және 187% ұлғайды. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде сүт безі обырын емдеу, бауыр функциясының ауыр бұзылуларынсыз пациенттерге қарағанда, летрозолдың үлкен деңгейін талап етеді. Алайда, тәулігіне 5 немесе 10 мг дозасын алған пациенттерде уыттанудың артуы байқалмағандықтан, бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде дозасын азайту ақталмаған. Дегенмен де, ондай пациенттер жіті қадағалауда болуы тиіс.
Оған қоса, сүт безі обырының кең таралған түрлеріне шалдыққан 359 пациент әйелде бүйрек функциясы бұзылуының (креатинин клиренсінің есепті мәндері 20-50 мл/мин құрады) немесе бауыр функциясы бұзылуының плазмадағы летрозол концентрациясына қандай да бір ықпалы білінбеген.
Летрозол фармакокинетикасы жасқа байланысты емес.
Фармакодинамикасы
Летрозол Аккорд осы ферменттің суббірлігі - P450 цитохромы гемімен бәсекелі байланысу арқылы ароматаза белсенділігін тежейді, бұл барлық тіндерде эстрогендер синтезін төмендетеді. Эстрогендердің ісік өсуін көтермелеу әсерінің жойылуы ісік тінінің өсуі эстрогендер қатысуына байланысты болатын және гормональді ем қолданылатын жағдайларда ісік жауабының маңызды факторы болып табылады. Менопаузадан кейінгі әйелдерде эстрогендер түзілуі негізінен ароматаза арқылы жүзеге асады, ал ол бүйрек үсті бездерінің андрогендерін (негізінен, андростендион және тестостерон) эстронға және эстрадиолға айналдырады. Шеткері тіндерде және обырлы ісік тінінің тура өзінде эстрогендер биосинтезі тежелісіне ароматазаны спецификалық тежеумен жетуге болады.
Менопаузадан кейінгі дені сау әйелдерде Летрозол Аккордтың 0,1мг, 0,5 мг және 2,5 мг құрайтын бір реттік дозасы қан сарысуындағы эстрон мен эстрадиол деңгейін, тиісінше, 75-78% және 78% төмендетеді. Ең жоғары төмендеуіне 48-78 сағаттан соң жетеді.
Менопаузадан кейінгі сүт безі обырының кең таралған түріне шалдыққан әйелдерде күнделікті 0,1-5 мг дозада Летрозол Аккорд қабылдау қан плазмасында эстрадиол, эстрон және эстрон сульфаты деңгейлерінің бастапқы деңгейден 75-95% төмендеуіне әкеледі. Препаратты 0,5 мг және одан көп дозада қабылдаған көп жағдайда эстрон және эстрон сульфатының концентрациялары гормондарды анықтауға пайдаланылған әдістің сезімталдық шегінен төмен болып шығады. Бұл препараттың осы дозаларында эстрогендер синтезінің аса айқын бәсеңдеуіне жетуді білдіреді. Эстрогендер синтезінің бәсеңдеуі пациент әйелдердің бәрінде емделу кезеңі бойына сақталады.
Летрозол Аккорд – ароматаза белсенділігінің жоғары спецификалық тежегіші. Күнделікті 0,1-ден 5 мг дейінгі дозаларда летрозол алатын менопаузадан кейінгі пациент әйелдерде бүйрек үсті бездеріндегі стероидты гормондар - кортизол, альдостерон, 11-деоксикортизол, 17-гидроксипрогестерон, АКТГ синтезінің, сондай-ақ ренин белсенділігінің бұзылуы анықталмаған. Летрозол Аккордпен 0,1; 0,25; 0,5; 1; 2,5 және 5 мг тәуліктік дозада 6 және 12 апта емделуден соң АКТГ-мен көтермелену тестісін өткізуде альдостерон немесе кортизол синтезінің байқалатын азаюы анықталмаған. Осылайша, глюкокортикоидтар мен минералокортикоидтарды қосымша енгізу қажеттілігі жоқ.
Менопаузадан кейінгі дені сау әйелдерде 0,1 мг, 0,5 мг және 2,5 мг летрозолды бір рет енгізуден кейін плазма андрогендері (андростендион және тестостерон) концентрациясының, сондай-ақ күнделікті 0,1 мг-ден 0,5 мг дейінгі дозаны алатын менопаузадан кейінгі пациент әйелдердің плазмасында андростендион концентрацияларының өзгерістері болмаған, бұл эстрогендер биосинтезінің бөгелісінде андрогендер ізашарлары жиналуы жоқ екенін көрсетеді.
Летрозол Аккорд қолданылғанда эстрогендер биосинтезінің бөгелісі эстрогендер ізашарлары болып табылатын андрогендер (андростендион және тестостерон) жиналуына әкелмейді. Летрозол Аккорд қабылдайтын пациент әйелдерде қан плазмасында лютеиндеуші және фолликул көтермелеуші гормондар концентрациясы өзгермейді, сондай-ақ тиреотропты гормон, T4 және T3 деңгейлері бойынша бағаланатын қалқанша без функциясы өзгермейді.
Қолданылуы
-
гормон-оң ерте инвазиялық сүт безі обыры бар менопаузадан кейінгі әйелдерде сүт безі обырының адъювантты емінде
-
тамоксифенмен 5 жыл бойы алдын ала стандартты адъювантты ем алған гормон-оң ерте инвазиялық сүт безі обыры бар менопаузадан кейінгі әйелдерде адъювантты емді жалғастыруда
-
гормон-оң сүт безі обыры бар менопаузадан кейінгі әйелдерде бірінші желідегі емде
-
антиэстрогендермен алдыңғы ем алған менопаузадан кейінгі (табиғи немесе жасанды туындатқан) әйелдердегі қайталанудан немесе үдеуден кейін сүт безінің кең таралған обырында
-
химиялық ем сай келетін ем болып табылмайтын және шұғыл операциялық араласу көрсетілмеген гормон-оң, HER-2 теріс сүт безі обыры бар менопаузадан кейінгі әйелдердегі неоадьювантты емде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке қабылдауға. Летрозол Аккорд препаратын тамақпен немесе тамақсыз қабылдауға болады, өйткені ас ішу препараттың сіңуіне ықпал етпейді. Препаратты 2,5 мг тәуліктік дозасынан асыру ұсынылмайды.
Ересектер. Ұсынылатын Летрозол Аккорд дозасы тәулігіне 1 рет 2,5 мг құрайды. Адъювантты және кеңейтілген адъювантты емде Летрозол Аккорд препаратымен емдеуді 5 жыл немесе қайталану басталатын сәтке дейін жалғастырған жөн. Метастаздары бар науқастар Летрозол Аккорд препаратымен емделуді аурудың үдеу белгілері білінгенше жалғастырады.
Неоадъювантты ем жағдайларында ісіктің ұтымды азаюына жету үшін Летрозол Аккорд препаратын 4-8 ай бойы жалғастырған жөн. Егер емдеуге жауап жеткіліксіз болса, Летрозол Аккорд препаратымен емді тоқтатып, жоспарлы хирургиялық араласуды тағайындау және/немесе пациентпен әріқарай емдеу нұсқаларын талқылау керек.
Бауыр және/немесе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациент әйелдер. Бауыры жеңіл және орташа дәрежеде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А және В класы) немесе бүйрегі (креатинин клиренсі ≥10 мл/мин) зақымданған пациент әйелдер үшін препарат дозасын түзету қажет емес. Креатинин клиренсі <10 мл/мин бүйрек жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар науқастар туралы қолда бар деректер жеткіліксіз. Бауыр функциясының бұзылуы ауыр (Чайлд-Пью бойынша С класы) пациенттер мұқият қадағалауды қажет етеді.
Педиатрияда қолдану. Препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды. Балалар мен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерде Летрозол Аккорд препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Егде жастағы тұлғалар. Егде жастағы пациент әйелдерде Летрозол Аккорд препаратының дозасын түзету қажет емес.
Жағымсыз әсерлері
Әртүрлі жағымсыз әсерлерінің туындау жиілігін бағалағанда мына шектік бөліктер пайдаланылды: өте жиі (≥10%), жиі (≥ 1%-дан < 10% дейін), кейде (≥ 0.1%-дан < 1% дейін), сирек (≥ 0.01%-дан < 0.1% дейін), өте сирек (< 0.01%), жиілігі белгісіз (жинақталған деректерден алып есептеуге келмейді)
Өте жиі
-
гиперхолестеринемия
-
буындардың ауыруы
-
қан кернеулер
-
қатты терлеу
-
қатты қажу (соның ішінде, астения және дімкәстану)
Жиі
-
артериялық гипертензия
-
жүрек айну, құсу, диспепсия, іш қату, диарея, абдоминальді ауыру
-
анорексия, тәбеттің артуы, дене салмағын қосу
-
бас ауыру, бас айналу
-
алопеция, терінің құрғауы, бөртпе (соның ішінде, эритематозды, дақты-папулезді, псориаз тәрізді және везикулярлы бөртпе)
-
миалгия, сүйектердің ауыруы, остеопороз, сүйектердің сынуы
-
депрессия
-
шеткері ісінулер
-
қынаптан қан кету
Кейде
-
лейкопения
-
жүрек қағу (метастаздары бар пациенттер), тахикардия, ишемиялық жүрек-қантамыр асқынулары (соның ішінде, стенокардия ұстамаларының білінуі немесе өршуі, хирургиялық араласуды қажет ететін стенокардия, миокард инфарктісі, миокард ишемиясы)
-
тромбофлебит (соның ішінде, беткейлік және терең тамырлардың)
-
ісік ошақтарындағы ауыру (метастаздары бар пациенттер)
-
мазасыздық (соның ішінде, күйгелектік), ашушаңдық
-
ұйқышылдық, ұйқысыздық, есте сақтаудың нашарлауы, дизестезия (соның ішінде, парестезия, гипестезия), дәм сезу түйсіктерінің бұзылуы, ми қан айналымының жедел бұзылуы, білезік өзегі синдромы
-
артриттер
-
ентігу, жөтел
-
стоматит, ауыздың кеберсуі
-
бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
-
несеп жүйесінің инфекциялары, жиі несеп шығару
-
қынаптық бөліністер, қынаптың құрғауы, сүт бездерінің ауыруы
-
катаракта, көрудің тітіркенуі, көрудің бұлыңғырлануы
-
қышыну, есекжем
-
жайылған ісінулер, температураның көтерілуі, шырышты қабықтар құрғауы, шөлдеу
-
салмақ жоғалту
Сирек
-
өкпе эмболиясы, артериялық тромбоз, цереброваскулярлы инфаркт
Өте сирек
-
гепатит
Жиілігі белгісіз
-
анафилаксиялық реакциялар
-
ангионевроздық ісіну, уытты эпидермалық некролиз, мультиформалы эритема
-
триггерлі саусақ
Адъювантты ем кезінде мына жағымсыз реакциялар білінді: хирургиялық араласу қажет болатын стенокардия, жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, ишемиялық инсульт/ми қан айналымының транзиторлы бұзылулары.
Кеңейтілген адъювантты емде мынадай жағымсыз реакциялар білінді: хирургиялық араласу қажет болатын стенокардия, алғаш диагностикаланған стенокардия немесе оның нашарлауы, миокард инфарктісі, тромбоэмболиялық бұзылулар, ишемиялық инсульт/ми қан айналымының транзиторлы бұзылулары, сүйектердің сынуы мен остеопороз байқалды.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа белгілі жоғары сезімталдық
-
менопауза алдындағы эндокриндік статус
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
-
тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғаларға;
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Летрозол негізінен бауырда P450 цитохромының ферменттері - CYP3A4 және CYP2A6 ықпал етуімен летрозол метаболитіне метаболизденеді. Осылайша, летрозолдың жүйелі шығарылуы CYP3A4 және CYP2A6 изоферменттеріне ықпал ететін дәрілік препараттарға байланысты.
Қан сарысуында летрозол деңгейін арттыратын дәрілік препараттар.
CYP3A4 және CYP2A6 изоферменттерінің тежегіштері летрозол метаболизмін төмендетіп, сол арқылы оның қан плазмасындағы концентрациясын арттырады. Летрозол Аккорд препаратын изоферменттер белсенділігін бәсеңдететін препараттармен (CYP3A4 - кетоконазол, итраконазол, вориконазол, ритонавир, кларитромицин, телитромицин; CYP2A6 - метоксален) бір мезгілде қолдану летрозол әсерін күшейтуі мүмкін. Аталған препараттарды Летрозол Аккорд препаратымен бірге тағайындағанда сақ болу керек.
Қан сарысуында летрозол деңгейін бәсеңдететін дәрілік препараттар.
CYP3A4 изоферментінің индукторлары летрозол метаболизмін күшейтіп, сол арқылы оның қан плазмасындағы концентрациясын азайтады. CYP3A4 изоферментін белсенділендіретін препараттарды (мысалы, фенитоин, рифампицин, карбамазепин, фенобарбитал және шайқурай) бір мезгілде қолдану летрозолдың фармакологиялық әсерін төмендетуі мүмкін. Бұл осы препараттар Летрозол Аккорд препаратымен бірге тағайындалғанда ескерілу керек.
CYP2A6 изоферментінің қандай да бір белгілі индукторы туралы деректер жоқ. Летрозол Аккорд 2,5 мг препаратын тәулігіне 20 мг тамоксифенмен бірге тағайындау қан плазмасындағы летрозол деңгейін, орта есеппен, 38% төмендетеді. Осы өзара әрекеттесу механизмі белгісіз.
Жүйелі плазмалық концентрациялары летрозол арқылы өзгеріске ұшырайтын дәрілік препараттар.
In vivo, летрозол Р450 цитохромы изоферменттері - CYP2A6 және CYP2C19 белсенділігін (соңғысын орташа) бәсеңдетеді. Бұл шығарылуы негізінен CYP2C19 изоферментіне байланысты және емдік индексі шектеулі болатын дәрілік заттармен (мысалы, фенитоин, клопидогрел) бір мезгілде летрозол тағайындалғанда ескерілу қажет. CYP2A6 изоферменті үшін емдік индексі шектеулі дәрілік заттар туралы деректер жоқ.
Летрозолдың циметидинмен және варфаринмен (летрозолдың мақсатты тобында біріктірілген емде кең пайдаланылатын емдік өрісі тар сезімтал CYP2C9 үшін субстрат) өзара әрекеттесуі клиникалық мәнді өзара әрекеттесулерге әкелмейді.
Айрықша нұсқаулар
Летрозол Аккорд препаратын креатинин клиренсі < 10 мл/мин пациент әйелдерде қолдану деректері жоқ. Осындай пациент әйелдерге Летрозол Аккорд препаратын тағайындар алдында емдеудің ықтималды қаупі мен күтілетін әсері арасындағы арақатынасты мұқият таразылау керек. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) пациент әйелдерде летрозолдың жартылай шығарылу уақыты дені сау адамнан шамамен екі есе ұзағырақ. Ондай науқастарға дәрігердің аса мұқият қадағалауы қажет болады.
Летрозол Аккорд препаратымен емделу кезінде сүйек аппаратының жалпы сау күйіне мониторинг өткізу ұсынылады, өйткені остеопороз пайда болған және/немесе сүйектердің сыну жағдайлары тіркелген.
Менопауза жағдайы түсініксіз күйде қалатын пациенттерде Летрозол Аккорд препаратымен емдеуді бастар алдында лютеиндеуші гормон (ЛГ), фолликул көтермелеуші гормон (ФСГ) деңгейін және/немесе эстрадиол деңгейін анықтау керек. Летрозол Аккорд препаратын тек менопаузадан кейінгі әйелдерге тағайындауға болады.
Летрозол Аккорд препаратын тамоксифенмен немесе басқа антиэстрогендермен немесе құрамында эстроген бар препараттармен бірге тағайындау ұсынылмайды, өйткені бұл заттар летрозолдың фармакологиялық әсерін әлсіретуі мүмкін. Осы өзара әрекеттесу механизмі белгісіз.
Жүктілік және лактация кезеңі
Летрозол Аккорд препараты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға қарсы көрсетілімді.
Летрозол Аккорд препаратын жүкті әйелдерде қолданғанда туа біткен даму ақауларының (қоян жырық, гениталий даму патологиялары) бірлі-жарым жағдайлары тіркелген.
Постмаркетингтік есептерде аналары Летрозол Аккорд препаратын қабылдаған жаңа туған нәрестелерде туа біткен аномалиялар және өздігінен түсіп қалу жағдайлары хабарланған.
Дәрігер ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдермен (менопауза алдындағы кезеңдегі әйелдерді немесе менопаузадан кейінгі кезеңге таяуда енген әйелдерді қоса) олардың менопаузадан кейінгі статусы расталғанша тиісті контрацепция қолдану қажеттілігін талқылау керек.
Препарат құрамына лактоза кіретіндіктен, препаратты тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы кезінде қолдануға болмайды.
Фертильділік
Летрозолдың фармакологиялық әсері ароматазаны тежеу арқылы эстроген өндірілуін төмендетумен жүзеге асады. Менопауза алдында эстрогендер синтезінің тежелісі қандағы гонадотропиндер (ЛГ, ФСГ) деңгейінің жоғарылауына алып келеді. ФСГ жоғары деңгейі, өз кезегінде, фолликулдар өсуін көтермелеп, овуляцияны туғызуы мүмкін.
Көлік құралымен немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратпен емделу кезінде жалпы шаршау, әлсіздік, бас айналу ұйқышылдық байқалатындықтан, көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақтық шарасын қадағалау керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі: симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий фольгадан және поливинилхлоридті/поливинилиденхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 14 таблеткадан.
Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге пішінді ұяшықты 2 қаптамадан картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Intas Pharmaceuticals Limited. Matoda, Үндістан
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Accord Healthcare Limited. Middlesex, Ұлыбритания
Қаптаушы кәсіпорын
Accord Healthcare Limited. Middlesex, Ұлыбритания
Қазақстан Республикасы аумағында өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Авицена-ЛТД» ЖШС
050002, Алматы қ., Жангелдин к-сі, 31, 416 кеңсе
тел./факс: +7727 3572387 /88/ 89
e-mail: reg@avitsena.kz
Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
ConsultAsia ЖШС
Шевченко 165 Б к-сі, 909 а кеңсе
тел./факс: +77051708876/+77051708825
e-mail: pv@consultingasia.kz