Леркамен® 20

МНН: Лерканидипин
Производитель: Берлин - Хеми АГ (Менарини Групп)
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lercanidipine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019923
Информация о регистрации в РК: 30.07.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Леркамен 20

Халықаралық патенттелмеген атауы

Лерканидипин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 20 мг таблеткалар.

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 20 мг лерканидипин гидрохлориді (18,8 мг лерканидипинге баламалы),

қосымша заттар:

таблетка ядросы: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты (А типі), повидон К 30, магний стеараты

қабықтың құрамы: Опадри 02F25077: гипромеллоза, тальк, титанның қостотығы (Е171), макрогол 6000, темірдің қызыл тотығы (Е 172)

Сипаттамасы

Қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, бір жақ бетінде сызығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

«Баяу» кальций өзекшелерінің бөгегіштері. «Баяу» кальций өзекшелерінің селективті бөгегіштері. Дигидропиридин туындылары. Лерканидипин

ATХ коды С08СA13

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Лерканидипин гидрохлориді ішке 10 – 20 мг дозада қабылданғаннан кейін толық сіңеді, ал 3,30 нг/мл ± 2,09 стандартты ауытқуды және 7,66 нг/мл ± 5,90 стандартты ауытқуды құрайтын плазмадағы ең жоғары концентрациясына сәйкесінше шамамен қабылдағаннан кейін 1,5—3 сағаттан кейін жетеді.

Лерканидипин энантиомерінің екеуінің де плазмалық концентрациясының профилі ұқсас болатындығын көрсетеді: плазмада ең жоғары концентрацияға жету уақыты бірдей, плазмадағы ең жоғары концентрациясы және кинетикалық қисық астындағы аудан (AUC) (S)-энантиомерде орта есеппен 1,2 есе жоғары, ал екі энантиомердің жартылай шығарылу кезеңі негізінен бірдей. Энантиомерлердің өзара бір-біріне айналуы in vivo тәжірибеде байқалған жоқ.

Бауыр арқылы алғаш өткен кезде метаболизмінің жоғары болуы салдарынан емделушілерде ас қабылдағаннан кейін пероральді қолданылатын лерканидипиннің толық биожетімділігі шамамен 10% құрайды, препарат дені сау еріктілерде аш қарынға қабылдаған кезде ол осы мәннің 1/3-де дейін азаяды.

Лерканидипинді ішке қабылдағаннан кейінгі биожетімділігі, егер өте майлы тағамды қабылдағаннан кейін 2 сағаттан кешіктірмей қабылданса, 4 есеге артады. Сондықтан Лерканидипин препаратын тамаққа дейін қабылдаған жөн.

Плазмадан тіндерге және ағзаларға таралуы тез және ауқымды. Лерканидипиннің сарысулық ақуыздармен байланысу дәрежесі 98%-дан асып кетеді. Бүйрек немесе бауыр қызметтерінің бұзылу дәрежелері ауыр болатын емделушілерде плазмадағы ақуыз азайтылған, сондықтан оларда дәрілердің бос фракциясы жоғары болуы мүмкін. Лерканидипин гидрохлориді CYP 3A4 ферментімен қарқынды түрде метаболизденеді; бастапқы дәрі несептен және нәжістен табылмайды. Ол негізінен белсенді емес метаболиттерге айналады, және қабылданған дозаның 50%-ға жуығы несеппен бірге шығарылады. Элиминация негізінен, биотрансформация жолымен жүреді.

Жартылай шығарылу кезеңі 8-10 сағатты құрайды, ал емдік әсері, дәрінің жасушалық мембрана липидтерімен байланысу дәрежесінің жоғары болуы салдарынан, 24 сағат бойы жалғасады. Қайталап қолданған кезде жиналып қалу байқалған жоқ.

Ауыз арқылы қолданған кезде лерканидипиннің плазмалық концентрациясы қабылданған дозаға тікелей пропорциональды түрде байланысты болмайды (кинетикасы желілік емес).

10, 20 немесе 40 мг лерканидипинді қабылдағаннан кейін плазмада байқалатын ең жоғары концентрациялар 1:3:8 арақатынаста, ал плазмадағы концентрацияның қисық астындағы ауданының уақытқа тәуелділігі 1:4:18 арақатынаста болады, ол бауыр арқылы алғаш өткен кезде метаболизмнің біртіндеп қанығатынын көрсетеді. Осылайша, биожетімділігі дозаның жоғарылауымен артады.

Лерканидипиннің егде жастағы емделушілерде және бүйрек қызметінің бұзылуы әлсіз немесе орташа дәрежелі немесе бауыр қызметінің бұзылуы аздап немесе орташа дәрежелі емделушілерде байқалатын фармакокинетикалық қасиеттері ұқсас және емделушілердің жалпы популяциясындағы фармакокинетикадан айырмашылығы жоқ; бүйрек қызметінің бұзылу дәрежесі ауыр емделушілерде немесе диализге тәуелді емделушілерде дәрілердің концентрациялары өте жоғары болады (шамамен 70%-ға артады).

Бауыр қызметінің бұзылуы орташа немесе ауыр дәрежелі емделушілерде лерканидипиннің жүйелік биожетімділігі артуы мүмкін, өйткені дәрі әдетте, негізінен, бауырда метаболизденеді.

Фармакодинамикасы

Лерканидипин дигидропиридин тобына жататын кальций антогонистері болып табылады және жүрек және тегіс бұлшықет жасушаларына кальцийдің трансмембраналы түрде келуін тежейді.

Оның гипертензияға қарсы әсер ету механизмі қантамырлардың тегіс бұлшықеттерін тікелей босаңсыту әсерімен жүзеге асады, соның нәтижесінде қантамырлардың жалпы шеткергі кернеуі төмендейді.

Плазмадан жартылай шығарылуы фармакокинетикалық кезеңінің қысқа болуына қарамастан, оның мембраналық бөліну коэффициентінің жоғары болуы салдарынан лерканидипиннің гипертензияға қарсы әсері ұзаққа созылады және васкулярлы іріктелуінің жоғары болуының арқасында теріс инотроптық әсерлері жоқ.

Лерканидипинмен туындаған тамырдың кеңеюі қабылдауды бастағаннан кейін біртіндеп жүзеге асатын болғандықтан, гипертензиямен емделушілерде рефлекторлы тахикардиямен жедел ағымды гипотензия сирек байқалады.

Басқа асимметриялық 1,4-дигидропиридиндер жағдайы кезіндегідей, лерканидипиннің гипертензияға қарсы әсері, негізінен, оның (S)-энантиомері арқылы жүзеге асады.

Емдік көрсетілімдерін растау үшін жүргізілген клиникалық зерттеулерге қосымша ретінде гипертензияның ауыр дәрежесімен (қанның диастолалық қысымының стандартты ауытқуының орташа мәні ± 114,5 ± 3,7 мм с.б. құрайды) емделушілерді енді бір бақыланбайтын ауқымды емес, рандомизирленген зерттеу көрсеткендей, лерканидипин гидрохлоридін тәулігіне 20 мг дозада тәулігіне бір рет қабылдаған емделушілердің 40%-да (25 емделуші) және 10 мг препаратты тәулігіне екі рет қабылдаған емделушілердің 56%-да (25 емделушіден) қан қысымы қалпына келтірілген.

Систолалық гипертензиямен емделушілерде плацебоға қарсы қосарлы рандомизирленген бақыланбаған зерттеуде лерканидипин қан қысымын 172,6 ± 5,6 мм с.б. орташа бастапқы мәнінен 140,2±8,7 мм с.б. мәніне дейін тиімді төмендетеді.

Қолданылуы

- ауырлығы әлсіз немесе орташа дәрежелі эссенциальді гипертензияны емдеу үшін

Қолдану тәсілдері және дозасы

Ішке қабылдаған кездегі тиісті дозасы күніне бір рет, тамақтанудан кем дегенде 15 минут бұрын, 10 мг құрайды; доза емделушінің жекелей сезімталдығына байланысты 20 мг-ға дейін арттырылуы мүмкін.

Дозаны таңдауды біртіндеп жүргізген жөн, өйткені дәріні қабылдағаннан кейін, гипертензияға қарсы ең жоғары әсер білінбейінше, шамамен екі апта өтуі мүмкін.

Гипертензияға қарсы бір препараттың қолданылуы талапқа сай бақыланбаған кейбір емделушілерге Леркамен® 20 препаратын қолдану, егер оны бета-адренорецепторлар бөгегіштермен (атенолол) емдеуге, диуретикпен (гидрохлортиазид) немесе ангиотензин өзгертуші ферментпен (каптоприл немесе эналаприл) емдеуге қосымша ретінде тағайындаса, жағымды әсер етеді.

"Доза – жауап реакция" тәуелділік қисығы күшті байланысты болғандықтан және 20-30 мг құрайтын доза жоғары шегі болғандықтан, бәлкім, өте жоғары дозаларда емнің тиімділігінің жоғарылауының ықтималдылығы аз, керісінше, жағымсыз әсерлердің пайда болуы ұлғаюы мүмкін.

Егде жастағы емделушілерге қолданылуы: фармакокинетикалық деректер және клиникалық тәжірибе тәуліктік дозаларды таңдаған кезде түзету қажет етілмейтінін айтса да, егде жастағы адамдарды емдеуге кіріскенде аса сақтық танытқан жөн.

Балаларға қолданылуы: 18 жасқа толмаған емделушілерге қолдануға клиникалық тәжірибе жоқ болғандықтан, қазіргі таңда балаларға қолдануға болмайды.

Бүйрек немесе бауыр қызметі бұзылғанда қолданылуы: бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуы әлсіз немесе орташа дәрежелі емделушілерді емдеуді бастаған кезде аса сақ болған жөн. Әдеттегі тиісті дозалық режим емделушілердің осы тобына жағымдылығы қалыпты болса да, дозаны тәулігіне 20 мг-ға дейін арттырғанда сақ болу керек. Препараттың гипотензиялық әсері бауыр қызметі бұзылған емделушілерде күшеюі мүмкін; демек, мұндай жағдайларда дозаны түзету қажет етілуі мүмкін.

Леркамен® 20 препаратын бауыр қызметінің бұзылуы ауыр дәрежелі емделушілерге немесе бүйрек қызметінің бұзылуы ауыр дәрежелі (шумақтық сүзілу жылдамдығы минутына < 30 мл) емделушілерге қолдануға болмайды.

 

Жағымсыз әсерлері

Кейде (≥1/1000 <1/100)

- бас ауыру, бас айналу

- тахикардия, жүректің лүпілі,

-дененің жоғары жағына қан тебу, сирақтың немесе аяқтың ісінуі (шеткергі ісінулер)

- бөртпе, терінің қызаруы

- сүйек-бұлшықет жүйесінің және дәнекер тіннің бұзылуы

Сирек (≥1/10000 <1/1000)

- ұйқышылдық

- стенокардия, кеуде тұсының ауыруы

- жүректің айнуы, диспепсия, диарея, іш тұсының ауыруы, құсу

- миалгия

- полиурия

- астения, жоғары шаршағыштық

Өте сирек (<1/10000 )

- жоғары сезімталдық

- психикалық бұзылыстар

- тұрақты емес өршімелі стенокардия, кейбір жағдайларда миокард инфарктісі дамығанға дейін

- сананың бұзылуы

- артериялық гипотензия

- қан сарысуында бауыр трансаминазасы белсенділігінің қайтымды түрде жоғарылауы

- тері және тері асты тіндерінің бұзылуы

- жиі несеп шығару

- жалпы жағдайының өзгеруі

- қызыл иектің гиперплазиясы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші зат лерканидипинге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдықта

- кальций өзекшелерінің дигидропиридинді бөгегіштеріне жоғары сезімталдықта

- жүктілікте және емшек емізу кезеңінде

- ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге, егер олар тиімді контрацепцияны қолданбаса

- жүректің сол жақ қарыншасынан шығатын қантамырларының обструкциясында

- қалпына келмейтін жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде

- тұрақсыз стенокардияда

- бүйрек немесе бауыр қызметінің ауыр дәрежедегі бұзылуында

- миокард инфарктінен кейін 1 ай кезең ішінде

- препаратты күшті CYP 3A4 тежегіштерімен, циклоспоринмен, грейпфрут шырынымен біріктіріп қабылдауға

- галактозаны көтере алмаушылықтың туа біткен синдромы, глюкоза - галактоза мальабсорбциясы синдромы

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Леркамен® 20 препаратының CYP 3A4 ферментінің әсерімен метаболизденетіні белгілі, сондықтан лерканидипинмен бірге қабылданатын CYP 3А4 тежегіштері және индукторлары лерканидипиннің метаболизмі және шығарылу үдерісіне ықпалын тигізе алады.

Леркамен® 20 препаратын CYP 3A4 тежегіштерімен (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир, эритромицин, тролеандомицин) бір мезгілде тағайындамаған жөн.

CYP 3A4-нің күшті тежегіші кетоконазолмен өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулер осы өзара әрекеттесу нәтижесінде лерканидипиннің плазмадағы концентрациясының елеулі артатындығын көрcетеді (AUC мәні (қисық астындағы аудан) 15‑есе артады және эутомердің S-лерканидипинінің Сmax мәні 8 есе артады).

Циклоспорин және Леркамен® 20 бірге қабылданбауы тиіс. Леркамена 20 да, сонымен қатар циклоспоринде де осы дәрі-дәрмектерді біріктіріп қолдану нәтижесінде плазмадағы концентрацияның артқаны байқалды. Дені сау ерікті адамдарға жүргізілген зерттеулер, егер циклоспоринді қабылдау Леркамен 20 қабылдағаннан кейін 3 сағаттан соң жүзеге асатын болса, онда лерканидипиннің плазмадағы концентрациясының өзгермейтіндігін, сол уақытта циклоспориннің AUC мәні 27%-ға артатындығын көрсетті.

Алайда Леркамен 20 препаратын циклоспоринмен бірге қабылдау лерканидипиннің плазмадағы концентрациясын 3 есе арттырады және циклоспориннің AUC мәнін 21%-ға арттырады.

Леркамен 20 препаратын грейпфрут шырынымен бірге ішпеген жөн. Басқа дигидропиридиндер сияқты, лерканидипин грейпфрут шырынымен метаболизмінің тежелуіне, осының нәтижесінде жүйелік биожетімділігінің жоғарылауымен және гипотензиялық әсерінің артуымен ерекше сезімталдық білдіреді.

Егде жастағы еріктілерге Леркамен 20 препаратының 20 мг дозасын ішке қабылданатын мидазоламмен бірге тағайындаған кезде лерканидипиннің сіңуі (шамамен 40%-ға) артты, ал сіңу жылдамдығы азайды (tmax баяулады және 1,75 сағаттың орнына 3 сағатты құрады). Мидазоламның концентрациясы өзгерген жоқ.

Леркамен® 20 препаратын CYP 3A4-тің терфенадин, астемизол сияқты басқа субстраттарымен, аритмияға қарсы амидарон, квинидин сияқты ІІІ топ дәрілерімен біріктіріп тағайдалған кезде сақ болған жөн.

Леркамен® 20 препаратын CYP 3A4-тің, мысалы, конвульсияға қарсы дәрілер (мысалы, фенитоин, карбамазепин) және рифампицин сияқты индукторларымен бір мезгілде тағайындауға абайлап әрекет еткен жөн, өйткені гипотензиялық әсерін азайтуы мүмкін, ал артериялық қысымды әдеттегіден жиірек бақылаған жөн.

Леркамен® 20 препаратын метопрололмен (негізінен, бауыр арқылы шығарылатын β-бөгегішпен) біріктіріп қолданған кезде метопрололдың биожетімділігі өзгерген жоқ, сол уақытта лерканидипиннің биожетімділігі 50%-ға азайды. Бұл әсер, сірә, β-бөгегіш әсерінен бауырдағы қан ағымының азаюы салдарынан басталады, сондықтан ол осы топтың басқа дәрілерін қолданған кезде де кездесуі мүмкін. Демек, Леркамен 20 β-адрено-бөгегіш дәрілермен қауіпсіз түрде тағайындала береді, бірақ мұндай кезде доза түзетуді қажет етуі мүмкін.

Лерканидипиннің флуоксетинмен (CYP 2D6 және CYP 3A4 тежегішімен) өзара әрекеттесуіне жасы 65 ± 7 жастағы (орташа мәні ± стандартты ауытқуы) еріктілерде жүргізілген зерттеулер лерканидипиннің фармакокинетикасында клиникалық тұрғыдан елеулі өзгерістердің жоқтығын көрсетті.

Циметидиннің тәулігіне 800 мг-ын біріктіріп тағайындау лерканидипиннің плазмадағы концентрациясын елеулі өзгеріске ұшыратпайды, бірақ өте жоғары дозаларда сақтық қажет етіледі, өйткені Леркамена 20 биожетімділігі және гипотензиялық әсері артуы мүмкін.

20 мг Леркамен® 20 препаратын ұдайы β-метилдигоксинмен емделіп жүрген емделушілерге бір мезгілде тағайындау фармакокинетикалық өзара әрекеттесудің болмайтындығын көрсетті. Дигоксинмен емделген дені сау адамдарда, олар 20 мг Леркамен 20 препаратын ашқарынға қабылдағаннан кейін дигоксиннің Сmax мәнінің орта есеппен 33%-ға артқаны білінді, сол уақытта AUC мәні және бүйректік клиренсі аздап өзгерді. Дигоксинмен бір мезгілде ем қабылдап жүрген емделушілерде дигоксинмен улану белгілерін мұқият бақылап отырған жөн (клиникалық бақылауды жиі жүргізу керек).

Леркамен 20 препаратының 20 мг дозасы бірнеше рет 40 мг симвастатинмен бірге қабылданған кезде лерканидипиннің AUC мәні аздап өзгереді, сол уақытта симвастатиннің AUC мәні 56%-ға артты, ал оның белсенді метаболиті β-оксиқышқыл үшін мәні 28%-ға артты. Мұндай өзгерістердің клиникалық тұрғыдан маңызды болуы неғайбыл. Егер Леркамен 20 препаратын таңертеңгісін, ал симвастатинді кешкісін қабылдаса, осы препараттар үшін өзара әрекеттесуді күтпеуге болады.

Дені сау еріктілерде Варфаринмен біріктіріп 20 мг Леркамен 20 препаратын ашқарынға тағайындаған кезде варфариннің фармакокинетикасында өзгерістер байқалған жоқ.

Леркамен 20 препараты диуретиктермен және ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен бірге қауіпсіз түрде тағайындалады.

Алкоголь қабылдауға болмайды, өйткені ол гипертензияға қарсы қантамырларды кеңейтетін дәрілердің әсерін потенциялауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Лерканидипинді синусты түйін әлсіздігі синдромымен емделушілерде қолданғанда аса сақ болу керек (егер кардиостимулятор имплантатталмаса). Гемодинамикалық бақыланатын зерттеулермен қарыншалық қызметтің нашарлауы анықталмаса да, жүректің сол жақ қарыншасының қызметінің бұзылуымен емделушілерде сақ болу керек. Кейбір қысқа мерзім әсер ететін дигидропиридиндер жүректің ишемиялық ауруымен емделушілерде жүрек-қантамырлық қаупін жоғарылатуы мүмкін. Леркамен 20 ұзақ әсер иеленсе де, осы емделушілерде сақтық шараларын сақтау керек.

Кейбір дигидропиридиндер сирек жағдайларда жүрек тұсында ауырудың пайда болуына немесе стенокардияға әкеп соқтыруы мүмкін. Стенокардиямен емделушілерде осы ұстаманың жиілігінің артуы, ұзаруы немесе ауырлауы өте сирек байқалады. Жекелеген жағдайларда миокард инфаркті дамуы мүмкін.

Бүйрек немесе бауыр қызметі бұзылған кезде қолданылуы: бүйрек немесе бауыр қызметінің әлсіз немесе орташа дәрежелі бұзылуымен емделушілерді емдей бастаған кезде ерекше сақ болған жөн. Әдеттегі тиісті дозалау тәртібі емделушілердің осы тобына жағымдылығы қалыпты болса да, дозаны тәулігіне 20 мг-ге дейін арттыруға әрекет жасағанда сақ болуы керек. Препараттың гипотензиялық әсері бауыр қызметі бұзылған емделушілерде күшеюі мүмкін; мұндай жағдайларда дозаны түзету қажет етілуі мүмкін.

Леркамен® 20 бауыр қызметінің бұзылу дәрежесі ауыр емделушілерге немесе бүйрек қызметінің бұзылу дәрежесі ауыр (шумақтық сүзілу жылдамдығы минутына < 30 мл) емделушілерге қолданылмайды.

Леркамен® 20 тағайындалған емделушілер алкоголь қабылдаудан аулақ болғаны жөн, өйткені ол гипертензияға қарсы қантамырларды кеңейтетін дәрілердің әсерлерін потенциялауы мүмкін.

Конвульсияға қарсы дәрілер секілді CYP 3A4 индукторлары (мысалы, фенитоин, карбамазепин) және рифампицин лерканидипиннің плазмадағы концентрациясын төмендетуі мүмкін, сондықтан Леркамена 20 әсерінің тиімділігі күтілетіннен төмен болуы мүмкін.

Бір таблеткада 60 мг лактоза бар, сондықтан осы препарат лактаза тапшылығымен, галактоземиямен немесе глюкоза/галактозаның сіңуінің бұзылуымен емделушілерге тағайындалмауы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Лерканидипинге қатысты деректер бойынша егеу құйрықтар мен үй қоянында тератогенді әсеріне қатысты деректер жоғын көрсетеді, ал егеу құйрықтардағы репродуктивті қабілеті нашарлаған. Леркамена 20 жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға қатысты клиникалық тәжірибенің болмауына байланысты және дигидропиридиннің басқа қосылыстары жануарларда тератогенді әсер ететіні анықталғдықтан

Леркамен 20 жүктілік кезінде немесе бала туатын жастағы әйелдерге егер олар тиімді контрацепция қолданбаса тағайындауға болмайды. Лерканидипиннің жоғары липофильділігіне байланысты, оның емшек сүтіне таралуын күтуге болады. Сондықтан оны бала емізетін аналарға тағайындауға болмайды.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Леркамен 20 қатысты жүргізілген клиникалық тәжірибе көлікті басқару немесе машиналармен қызмет көрсету қабілетін нашарлатуы неғайбыл екендігін көрсетті. Алайда бас айналу, астения, шаршау, және сирек жағдайларда ұйқышылдық дамитындығына көңіл бөліп, сақтық шараларын сақтаған жөн.

Артық дозалануы

Осы препаратты нарыққа енгізгеннен кейін артық дозаланудың үш жағдайы болғаны жөнінде мәлімделген (150, 280 және 800 мг лерканидипин, тиісінше, өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет еткен кезде қабылданған).

Доза

Белгілері/симптомдары

Емдеу

Нәтижесі

150 мг + мөлшері анықталмаған алкоголь

Ұйқышылдық

Асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір

Сауығу

280 мг + 5,6 мг моксонидин

Кардиогенді шок, ауыр миокард ишемиясы, бүйрек қызметінің жеңіл жеткіліксіздігі

Катехоламиннің жоғары дозалары, фуросемид, оймақгүл, парентеральды плазма алмастырғыштар

Сауығу

800 мг

Жүректің айнуы, гипотензия

Белсенділендірілген көмір, іш айдағыштар, допамин көктамыр ішіне

Сауығу

Симптомдары: айқын гипотензия және рефлекторлы тахикардиямен шамадан тыс шеткергі вазодилатация, ауыр миокард ишемиясымен кардиогендік шок, әлсіз бүйрек жеткіліксіздігі, ұйқышылдық, құсу.

Емі: асқазанды шаю, катехоламиндердің, фуросемид, оймақгүл препараттарының жоғары дозасын енгізу және парентеральді плазманы енгізу, көктамыр ішіне допаминді енгізу, белсенділендірілген көмір, іш жүргізетіндерді қолдану.

Ауыр гипотензиялар, брадикардиялар пайда болған және естен айрылу жағдайларына жүрек-қантамыры жүйесі қызметін демеу үшін, брадикардияны тойтару үшін көктамыр ішіне атропин енгізу керек.

Осындай емделушілерде артық дозаланған жағдайда лерканидипиннің ұзартылған фармакологиялық әсері тұрғысынан кардиоваскулярлық жағдайды кем дегенде 24 сағат бойы бақылау қажет болып табылады. Диализге баға беру жөнінде мәліметтер жоқ. Дәрінің липофильділігі жоғары болғандықтан, оның плазмадағы концентрациясы қауіп кезеңінің ұзақтығын көрсететін параметр болып табылмауы ықтимал, және диализ тиімді болмауы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 немесе 14 таблеткадан мөлдір емес ПВХ және алюминийден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптама 14 таблеткадан, 6 пішінді ұяшықты қаптама 10 таблеткадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынған.

 

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Тіркеу куәлігінің иесі

Менарини Интернэшнл Оперейшнз Люксембург С.А.

1, Авеню де ла Гар 1611 Люксембург

Өндіруші және уәкілетті өкілі

Берлин-Хеми АГ (Менарини Групп)

Глиниккер Вег 125

12489 Берлин, Германия

Қаптаушы –ұйым

Берлин-Хеми АГ (Менарини Групп), Германия

РЕКОРДАТИ фирмасының лицензиясы бойынша

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аймағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР - дағы «Берлин-Хеми АГ» АҚ өкілдігі

Телефон нөмірі:+7 727 2446183, 2446184, 2446185

Факс нөмірі: +7 727 2446180

Электронды пошта: Kazakhstan@berlin-chemie.com

 

 

Прикрепленные файлы

789750501477976935_ru.doc 89 кб
536613601477978104_kz.doc 110 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники