Лекролин® (40 мг/мл)

МНН: Кромоглициевая кислота
Производитель: Сантен АО, по лицензии Дайчи Санкио Ко. Лтд, Япония
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Cromoglicic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014154
Период регистрации: 18.06.2014 - 18.06.2019

Инструкция

Саудалық атауы

ЛекролинÒ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кромоглиций қышқылы

Дәрілік түрі

4% (40 мг/мл) көз тамшысы

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – натрий кромогликаты 40 мг,

қосымша заттар: бензалконий хлориді, глицерин, поливинил спирті, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш түсті ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Аллергияға қарсы басқа да препараттар. Кромоглиций қышқылы.

АТХ коды S01GX01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көздің шырышты қабығы арқылы сіңуі және жүйелі сіңуі – мардымсыз. Тамшыларды көзге тамызғаннан кейінгі биологиялық жетімділігі 0,03% құрайды. Натрий кромогликаты плазма ақуыздарымен (65%) қайтымды байланысады. Натрий кромогликаты метаболизденбейді және өтпен немесе несеппен шығарылмайды. Парентеральді қолданғаннан кейін плазмадағы жартылай шығарылудың элиминациялық кезеңі 80 минутты құрайды.

Фармакодинамикасы

ЛекролинÒ аллергияға қарсы дәрі, жарғақша тұрақтандырғыш әсер береді, жуан жасушалардың дегрануляциясына, және олардан гистаминнің, брадикининнің, лейкотриендердің (оның ішінде, баяу әсер ететін субстанцияның) және басқа биологиялық белсенді заттардың бөлініп шығуына кедергі жасайды. Алдын алу үшін қолданған кезде өте тиімді. ЛекролинÒ көз тамшысын қолданғанда стероидтар мен антигистаминді дәрілерді тағайындау қажеттігін төмендетеді.

Аллергиялық аурулар кезінде толық клиникалық әсерге препаратпен емдеген соң бірнеше күннен немесе аптадан кейін жетеді.

Қолданылуы

  • аллергиялық конъюнктивитте

Қолдану тәсілі және дозасы

Ересектер және 8 жастан асқан балаларға:

Әрбір конъюнктивальды қапқа 1-2 тамшыдан тәулігіне 2 рет.

Тек дәрігердің тағайындауы бойынша.

Маусымдық аллергиялық конъюнктивитте емдеуді алғашқы белгілері пайда болысымен бастау керек немесе тозаңдар пайда болатын маусым басталғанға дейін алдын алу мақсатында қолдану керек.

Емдеу курсын емдеуші дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

ЛекролинÒ жергілікті қолданған кезде әдетте жақсы көтеруге болады және көздің тітіркену белгілері сирек кездеседі.

Жиі (> 1/100)

  • қысқа мерзімді шымылдатуды сезіну, көздің жергілікті тітіркенуі және көз көруінің өткінші бұлдырауы

Өте сирек (< 1/10000)

  • аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • 8 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ЛекролинніңÒ басқа дәрілік препараттармен жағымсыз өзара әрекеттесулері бұрын байқалған жоқ.

Лекролиннің® құрамында глюкокортикостероидтар бар офтальмологиялық препараттармен қолдану қажеттілігін төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

ЛекролинÒ көз тамшылары құрамында консервант ретінде бензалконий хлориді бар, және оларды жанаспалы линза киген кезде қолданбаған жөн. Көз тамшылары инстилляциясы алдында жанаспалы линзаларды көзден алған және препаратты қолданғаннан кейін кем дегенде 15 минуттан соң қайтадан орналастырған жөн.

Әрбір қолданудан кейін құтыны жауып қою қажет. Тамшуырдың ұшын көзге тигізіп алмаған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және емшек емізу кезеңінде сақтықпен қолданған жөн. Лекролинді® қолдану жүктілікте және лактация кезеңінде клиникалық тұрғыдан дәлелденуі керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Уақытша көздің тұмандануына байланысты көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Артық дозалану ықтималдығы аз, өйткені жергілікті және жүйелі сіңуі – аз.

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан қатты бұралып жабылатын пластик қалпақшасы бар полиэтиленді тамшылатқыш-құтыға құйылады.

1 құты қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны алғаш ашқаннан кейін 1 ай ішінде қолдану керек.

Қаптамада көрсетілген сақтау мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Сантен АҚ, Нииттюхаанкату 20, 33720 Тампере, Финляндия

Тіркеу куәлігінің иесі

Сантен АҚ, Нииттюхаанкату 20, 33720 Тампере, Финляндия

Қазақстан Республикасы аумағында өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстандағы «Cантен» АҚ өкілдігі

Алматы қ-сы, Желтоқсан к-сі, 129/65, 56 пәтер

Телефон нөмірі – 250-39-17

Факс нөмірі - 250-39-17

Электронды поштасы: atlana_kz@rambler.ru

 

Прикрепленные файлы

874721271477976654_ru.doc 48.5 кб
546108161477977789_kz.doc 48.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники