Лекоклар® (125 мг/5 мл)

МНН: Кларитромицин
Производитель: С.С.Сандоз С.Р.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clarithromycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121849
Период регистрации: 10.12.2015 - 10.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Лекоклар®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кларитромицин

Дәрілік түрі

Iшке қабылдау үшiн суспензия дайындауға арналған түйіршіктер 125 мг/5 мл және 250 мг/5 мл

Құрамы

5 мл дайындалған суспензияның құрамында:

белсенді зат - 125 мг немесе 250 мг кларитромицин бар,

қосымша заттар

пеллеттер: полоксамер 188, повидон К-30, гипромеллоза, макрогол 6000, титанның қостотығы (Е 171), метакрил қышқылы - этилакрилат сополимер (1:1) (Eudragit L30D-55), триэтилцитрат, глицерол моностеараты, полисорбат 80,

түйіршіктер: ұнтақ тәрізді сахароза, мальтодекстрин, ұнтақ тәрізді калий сорбаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, ксантан шайыры, ұнтақ тәрізді жеміс пуншы хош иістендіргіші, титанның қостотығы (Е 171).

Сипаттамасы

Ақтан сарғыш түске дейінгі түйіршіктер. Дайындалған суспензия – ақтан сарғышқа дейінгі түсті.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Кларитромицин.

АТХ коды J01FA09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кларитромицин асқорыту жолынан жылдам және жақсы сіңеді. Микробиологиялық бәлсенді 14-ОН-кларитромицин бауыр арқылы бірінші өтуі кезінде түзіледі. Препаратты тамақпен бірге қабылдағанда 14-ОН-кларитромициннің сіңуі мен түзілуінің басталуы біраз іркіледі, бірақ жалпы биожетімділігі өзгермейді. Кларитромициннің фармакокинетикасы дозаға тәуелсіз болса да, тұрақты концентрациялары препаратты 2 күн қатарынан қабылдаған кезде анықталады.

Бесінші дозасын қабылдағаннан кейінгі фармакокинетикалық параметрлері (250 мг кларитромициннің суспензиясы): кларитромицин үшін Сmax – 1,98 мкг/мл, АUС – 11,5 мкг•сағ/мл, Тmax – 2,8 сағат және Т½ – 3,2 сағат және 14-ОН-кларитромицин үшін – сәйкесінше 0,67 мкг/мл, 5,33 мкг•сағ/мл, 2,9 сағат және 4,9 сағатты құраған.

Кларитромициннің организм тіндеріндегі концентрациялары қан сарысуындағыға қарағанда бірнеше есе жоғары. Тонзиллярлық және өкпе тіндерінде кларитромициннің жоғары концентрациялары байқалады. Кларитромициннің ортаңғы құлақ сұйықтығындағы концентрациялары қан сарысуындағы концентрациясынан артық. In vitro мәліметтерге сәйкес, кларитромицин 0,45-тен 4,5 мкг/мл дейінгі клиникалық тұрғыдан сәйкесінше концентрациялары кезінде адам қаны плазмасының ақуыздарымен орташа алғанда 70 %-ға байланысады. 14-ОН-кларитромицин бүйрекпен бөлініп шығатын негізгі метаболит болып табылады, және қабылданған дозасының шамамен 10–15 %-ын құрайды. Дозасының қалдығының көп бөлігі нәжіспен, негізінен өтпен шығарылады. Бастапқы затының 5–10 %-ы нәжіспен шығарылады.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер мен дені сау еріктілерде кларитромициннің тепе-теңдік концентрацияларында, бауыр дисфункциясы кезінде 14-ОН-кларитромицин концентрацияларының төменірек болуынан басқа айырмашылық жоқ.

500 мг кларитромицинді қабылдаған, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде фармакокинетикалық параметрлерінің мәндері бүйрек жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесіне сәйкес артқан.

Пациенттердің жас шамалары кларитромициннің фармакокинетикалық параметрлеріне әсер етпейді.

АИТВ инфекциясы бар балаларда кларитромицинді күніне 15–30 мг/кг/ дозаларда (дозасы екі қабылдауға бөлінген) қабылдағанда, кларитромициннің қан плазмасындағы жоғарырақ концентрациялары мен жартылай шығарылу кезеңінің ұзарғаны байқалған.

Фармакодинамикасы

Кларитромицин – Лекоклар препаратының әсер етуші заты – жартылай макролидтер тобының синтетикалық антибиотигі. Лекоклар препаратының бактерияға қарсы әсері оның сезімтал бактериялардың 5OS-рибосомалы суббірлігімен байланысуымен және ақуыз биосинтезін бәсеңдетуімен анықталады.

Лекоклар препараты ауруханалық штамдарды қоса, аэробты және анаэробты грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты тиімді. Кларитромициннің ең төменгі тежегіштік концентрациялары (ЕТТК) әдетте, эритромициннің ЕТТК қарағанда 2 есе төмен. Кларитромицин Helicobacter pylori-ге қарсы бактерицидті әсер етеді, кларитромициннің бейтарап рН кезіндегі белсенділігі, қышқыл рН кезіндегіге қарағанда жоғары. In vitro зерттеулер, Enterobacteriaceae және Pseudomonas штамдары, лактозаны ферменттемейтін грамтеріс бактериялар сияқты, кларитромицинге сезімтал емес.

Кларитромицин төмендегі микроорганизмдер штамдарының көпшілігіне қатысты белсенді:

Аэробты грамоң микроорганизмдер: Staphylococcus aureus, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Listeria monocytogenes.

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Moraxella catarrhalis, Neisseria gonorrhоeae, Legionella pneumophila.

Басқа микроорганизмдер: Mycoplasma pneumoniae, Chlamydia pneumoniae (TWAR).

Микобактериялар: Mycobacterium leprae, Mycobacterium kansasii, Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum, Mycobacterium avium, Mycobacterium intracellulare кіретін Mycobacterium avium сomplex (MAC),.

Микроорганизмдердің бета-лактамазалары кларитромициннің тиімділігіне әсер етпейді.

Стафилококтардың метициллин- және оксациллинге төзімді штамдарының көпшілігі кларитромицинге төзімді.

Helicobacter: H. рylori

Кларитромицин мұндай микроорганизмдер штамдарының көпшілігіне қатысты in vitro белсенді, бірақ оның аталған микроорганизмдерге қатысты клиникалық тиімділігі және оны инфекцияларды емдеуде қолданудың қауіпсіздігі бақыланатын клиникалық зерттеулерде дәлелденбеген.

Аэробты грамоң микроорганизмдер: Streptococcus agalactiae, Streptococci (C,F,G топтары), Viridans group streptococci.

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Bordetella pertussis, Pasteurella multocida.

Анаэробты грамоң микроорганизмдер: Clostridium perfringens, Peptococcus niger, Propionibacterium acnes.

Анаэробты грамтеріс микроорганизмдер: Bacteriodes melaninogenicus.

Спирохеттер: Borrelia burgdorferi, Treponema pallidum.

Кампилобактериялар: Campylobacter jejuni.

Қолданылуы

Кларитромицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық ауруларды емдеуде:

- жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларында, атап айтқанда тонзиллитте, фарингитте

- балалардағы синуситте және жедел ортаңғы отитте

- төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында (ауруханадан тыс пневмония және бронхит)

- тері мен жұмсақ тіндердің ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа инфекцияларында

Қолдану тәсілі және дозалары

6 айдан 12 жасқа дейінгі балалар

Емдеудің ұзақтығы әдетте қоздырғыштың түрі мен ауру ағымының ауырлығына байланысты 5-10 күнді құрайды. Суспензияны ас ішуге байланыссыз қолданады (сүтпен қабылдауға болады). Дене салмағы 8 кг дейінгі балаларға дозасын 1 кг дене салмағына есептеу қажет (тәулігіне 2 рет 7,5 мг/кг).

Баланың дене салмағы, кг

125 мг/5 мл

(тәулігіне 2 рет), мл

250 мг/5 мл

(тәулігіне 2 рет), мл

8 – 11

2,5

1,25

12 – 19

5,0

2,5

20 – 29

7,5

3,75

30 – 40

10,0

5,0

Емдеуді препаратты қолданудың, клиникалық тиімділігі байқалғанша жалғастырады (микобактерияға қарсы басқа препараттарды қосу қажет болуы мүмкін).

Streptococcus pyogenes инфекциялары (мысалы, бета-гемолитиктік стрептококк) емдеу курсының ең аз ұзақтығы - 10 күн.

Лекоклар препаратымен емдеудің ұзақтығы пациенттің жағдайына байланысты, және дәрігер белгілейді.

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар (дене салмағы 30 кг асатын)

Балаларға Лекоклар препаратын суспензия немесе таблеткалар түрінде тағайындауға болады.

Әдетте суспензия салмағы 30 кг асатын балаларға тағайындалмайды, пациенттердің бұл тобына препаратты таблеткалар түрінде тағайындау ұсынылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі дозасы

Креатинин клиренсі 30 мл/мин аз балаларға Лекоклар препаратының дозасын 50 %-ға азайту керек. Емдеу 14 күннен артыққа созылмауы тиіс.

Суспензияны дайындау тәсілі

Ішке қабылдауға арналған суспензияны дайындау сызбасы, 125 мг/5 мл және 250 мг/5 мл дозалары үшін:

Ұнтақтың мөлшері

Қосылатын су мөлшері

Дайындалған

суспензияның көлемі

Құтының көлемі (сыйымдылығы)

68.3 г (125 мг/5 мл дозасы үшін)

59.0 мл

100 мл

240 мл

68.3 г (250 мг/5 мл дозасы үшін)

57.0 мл

100 мл

240 мл

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер 125 мг/5 мл Лекоклар препараты: түйіршіктері бар құтыны сілкіп, екі бөліп 59 мл су (алдымен 2/3-сіне дейін, содан соң белгісіне дейін) қосыңыз және ақтан сарғыш түске дейінгі біртекті суспензия түзілгенше шайқаңыз.

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер 250 мг/5 мл Лекоклар препараты: түйіршіктері бар құтыны сілкіп, екі бөліп 57 мл су (алдымен 2/3-сіне дейін, содан соң белгісіне дейін) қосыңыз және ақтан сарғыш түске дейінгі біртекті суспензия түзілгенше шайқаңыз.

Қолдану тәсілі

Қолданар алдында шайқау керек.

Дайындалған суспензия ас ішуге байланыссыз, қаптамадағы өлшеуіш еккіштің көмегімен ішке қабылдауға арналған.

Суспензияны қабылдағаннан кейін, суспензияның сәл ащқылтым дәмін кетіру үшін бірден бірнеше жұтым су ішіп жіберу керек.

Балалар

Кларитромицинді суспензия түрінде қолдануды клиникалық зерттеу 6 айдан 12 жасқа дейінгі балалардың қатысуымен жүргізілді, сондықтан да суспензия түріндегі кларитромицинді 6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Төменде клиникалық зерттеулер кезінде және кларитромициннің әр түрлі дәрілік түрлері мен дозаларын маркетингтен кейін қолданған кезде туындаған жағымсыз реакциялар келтірілген. Кларитромицинмен байланысты немесе байланысты болуы ықтимал жағымсыз реакциялар туындау жиілігіне қарай бөлінген:

≥1/10 – өте жиі, ≥ 1/100-ден <1 /10 дейін – жиі, ≥1/1,000-ден < 1/100 дейін – жиі емес.

Жиі

- ұйқысыздық

- бас ауыруы

- дисгевзия (дәм сезудің бұзылуы), дәм сезудің бұрмалануы

- жүрек айнуы, іштің ауыруы, құсу, диспепсия, диарея

- бауырдың функционалдық тестілерінің нормадан ауытқуы

- бөртпе, гипергидроз

Жиі емес

- целлюлит1, кандидоз, гастроэнтерит2

- инфекциялар3, қынап инфекциясы

- лейкопения, нейтропения4, тромбоцитемия3, эозинофилия4

- анафилактоидтық реакциялар1, аса жоғары сезімталдық

- анорексия, тәбеттің төмендеуі

- үрейлену, күйгелектік

- естен тану1, дискинезия1, бас айналуы, ұйқышылдық, тремор

- естудің нашарлауы, құлақтың шыңылдауы

- жүректің тоқтап қалуы1, жүрекшелердің фибрилляциясы1, ЭКГ-дағы QT аралығының ұзаруы, экстрасистолия1, пальпитация

- демікпе1, мұрыннан қан кету2, өкпе қантамырларының эмболиясы1

- эзофагит1, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы2, гастрит, прокталгия2, стоматит, глоссит, іштің кебуі4, іштің қатуы, ауыздың құрғауы, кекіру, метеоризм

- холестаз4, гепатит4, АЛТ, АСТ, ГГТ деңгейінің жоғарылауы4

- буллездік дерматит1, қышыну, есекжем, макуло-папулездік бөртпе3

- бұлшықет түйілулері3, қаңқа-бұлшықет сіресуі1, миалгия2

- қан креатининінің жоғарылауы1, қандағы мочевина жоғарылауы1

- дімкәстану4, қызба3, астения, кеуденің ауыруы4, қалтырау4, шаршау4

- альбумин-глобулин арақатынасының өзгеруі1, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы4, қандағы лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы 4

Жеке-дара хабарламалар

1,2,3,4 Аталған жағымсыз реакциялар туралы тек препаратты мынадай түрлерде қолданғанда ғана хабарланған: 1 – инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 2 – ұзақ әсер ететін таблеткалар, 3 – суспензия, 4 – дереу босап шығатын таблеткалар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- Макролидтер тобының антибиотиктеріне немесе қосымша заттарының беруіне аса жоғары сезімталдық.

- Төмендегі препараттармен бірге тағайындау:

  • астемизол, цизаприд, пимозид, терфенадин

  • қастауыш алкалоидтары (мысалы, эрготамин немесе дигидроэрготамин)

  • ішу арқылы қолдануға арналған мидазолам

  • CYP3A4 (ловастатин немесе симвастатин) арқылы кеңінен метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер)

  • колхицин

  • тикагрелор немесе ранолазин

- Сыртартқыдағы QT аралығының ұзаруы, қарыншалық жүрек аритмиясы (екібағытты тахикардияны қоса).

- Гипокалиемия (QT аралығының ұзару қаупі).

- Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Төмендегі дәрілік препараттарды кларитромицинмен бірге қолдану қатаң түрде қарсы көрсетілімді, өйткені олардың бірігуі өзара әрекеттесуінің ауыр салдарыларын туғызуы мүмкін.

Цизаприд, пимозид, астемизол және терфенадин. Бұл препараттарды кларитромицинмен бір мезгілде қолданғанда QT аралығы ұзаруы және қарыншалық тахикардияны, қарыншалардың фибрилляциясын және екібағытты тахикардияны қоса, аритмиялар артуы мүмкін.

Қастауыш алкалоидтары. Маркетингтен кейінгі зерттеулер, кларитромицин мен эрготаминді немесе дигидроэрготаминді бірге қабылдау қастауыштың, тамырлардың түйілуі, аяқ-қолдар мен орталық жүйке жүйесін қоса, басқа тіндердің ишемиясы түрінде көрініс беретін уытты әсеріне алып келетінін көрсетеді.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер). Кларитромицинді ловастатинмен немесе симвостатинмен бірге қабылдау қарсы көрсетілімді, өйткені олар елеулі дәрежеде CYP3A4 арқылы метаболизденеді, ал кларитромициннің болуы олардың плазма концентрациясының артуын туғызады, соған байланысты миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупі арта түседі. Кларитромицинді аталған статиндермен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз тьуындаған жағдайлар туралы хабарламалар бар. Егер кларитромицинді қолдану міндетті болып табылса, онда кларитромицин қолданылған кезде ловастатинді немесе симвастатинді қабылдауды тоқтатады.

Кларитромицинді статиндермен бірге қолдануды сақтықпен тағайындау керек. Егер кларитромицин мен статиндерді бір мезгілде қолдану аса қажет болса, онда CYP3A метаболизміне тәуелсіз статинді, мысалы, флувастатинді тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. Статиннің мүмкіндігінше төмен дозасын беру ұсынылады. Пациенттерде миопатияның белгілер мен симптомдарын қадағалау қажет.

CYP3A4 индукциялайтын препараттар, (мысалы, рифампицин, рифабутин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай) кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі мүмкін. Бұл кларитромициннің концентрациясы мен оның тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Этравиринді қабылдаған кезде кларитромициннің белсенді метаболитінің концентрациясы артады, ал ритонавирді бір мезгілде қабылдаған кезде белсенді метаболиті-14-OH түзілуінің толықтай тежелгені байқалады.

Аритмияға қарсы препараттар. Маркетингтен кейінгі тәжірибеде кларитромицинді хинидинмен немесе дизопирамидпен бір мезгілде қолданған кездегі екібағытты тахикардия жағдайлары тіркелген.

Кларитромицинді аталған препараттармен бір мезгілдде қабылдағанда QT аралығының ұзаруын дер кезінде анықтау мақсатында, ЭКГ-мониторинг жүргізу ұсынылады. Кларитромицинмен емдеу кезінде аталған препараттардың қан сарысуындағы концентрацияларын қадағалау керек. Кларитромицин мен дизопирамидті бір мезгілде қабылдағандағы гипогликемия жағдайлары туралы да хабарламалар бар.

Ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық дәрілер және инсулин. Натеглинид және репаглинид сияқты белгілі бір гипогликемиялық дәрілер мен кларитромицинді бір мезгілде қолданғанда CYP3A энзимінің тежелуі байқалуы мүмкін, бұл гипогликемия туғызуы мүмкін. Глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг жасау ұсынылады.

CYP3A-пен байланысты өзара әрекеттесулер. CYP3A ферментінің тежегіші ретінде белгілі кларитромицинді, және бастапқыда CYP3A арқылы метаболизденетін кез келген басқа препаратты бірге қолдану, соңғысының қан плазмасындағы концентрациясының артуына алып келуі мүмкін, бұл өз кезегінде оның емдік әсері мен жағымсыз реакцияларды күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін.

Келесі дәрілік препараттар немесе препараттар тобы бір CYP3A изоферменті арқылы метаболизденетіні белгілі: альпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цизаприд, циклоспорин, дизопирамид, саңырауқұлақ алкалоидтары, ловастатин, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттар (мысалы, варфарин), пимозид, хинидин, рифабутин, силденафил, симвастатин, такролимус, терфенадин, триазолам және винбластин, бірақ бұл тізім толық емес. Мұндай өзара әрекеттесу механизмі Р450 цитохромы жүйесінің басқа изоферменті арқылы метаболизденетін фенитоинді, теофиллин мен вальпроатты қолданған кезде байқалған.

Омепразол. Кларитромицинмен бір мезгілде қабылдағанда плазмадағы омепразолдың тепе-теңдік концентрацияларының артқаны (Cmax, AUC0-24 пен t1/2 сәйкесінше 30%, 89% және 34%,-ға артуы) байқалған. Асқазандағы pH көрсеткішінің орташа мәні омепразолды бөлек қабылдаған кезде 5,2 және омепразолды кларитромицинмен бірге қабылдаған кезде 5,7 құрады.

Силденафил, тадалафил және варденафил. Фосфодиэстераза тежегіштерінің (силденафил, тадалафил және варденафилдің) плазмалық концентрацияларының, оларды кларитромицинмен бірге қолданған кезде артуы ықтимал, бұл фосфодиэстераза тежегіштерінің дозасын азайтуды қажет етуі мүмкін.

Теофиллин, карбамазепин. Клиникалық зерттеулердің нәтижелері кларитромицинмен бірге қабылдаған кезде теофиллин мен карбамазепиннің айналыстағы концентрацияларының аздап, бірақ статистикалық тұрғыдан маңызды (p≤0,05) артуы орын алатындығын көрсетеді.

Кларитромицинмен бір мезгілде қабылдаған кезде бірқатар препараттардың: омепразолдың, силденафилдің, варденафилдің, теофиллин мен карбамазепиннің, дигоксиннің, колхициннің, фенитоиннің, вальпроаттың плазмадағы концентрацияларының артқаны анықталды.

Триазолобензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам).

Мидазоламды ішу арқылы және кларитромицинмен бірге қабылдау қарсы көрсетілімді.

Триазолам және альпразоламды қоса, CYP3A арқылы метаболизденетін басқа бензодиазепиндерді қолданған кезде де аталған сақтық шараларын қолдану керек. Элиминациясы CYP 3A-ға тәуелді емес бензодиазепиндер үшін (темазепам, нитразепам, лоразепам), клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесудің даму ықтималдығы аз.

Кларитромицин мен триазоламды бірге қолданған кезде орталық жүйке жүйесі тарапынан өзара дәрілік әрекеттесулер мен жағымсыз әсерлердің (ұйқышылдық және сананың шатасуы сияқты) дамығандығы туралы маркетингтен кейінгі хабарламалар бар. ОЖЖ тарапынан болатын фармакологиялық әсерлердің арту мүмкіндігін ескере отырып, пациенттерді қадағалау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Аминогликозидтер: Кларитромицин мен басқа отоуытты препараттарды, әсіресе аминогликозидтерді бірге қабылдауды сақтықпен тағайындау керек.

Колхицин CYP3A үшін де, эффлюкстік тасымалдағыш p-гликопротеин үшін де субстрат болып табылады. Кларитромицин мен басқа макролидтер CYP3A мен p-гликопротеин тежегіштері болып табылатындығы белгілі. Кларитромицин мен колхицинді бір мезгілде қолданған жағдайда, кларитромициннің p-гликопротеин мен CYP3A тежеуі колхицин экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Пациенттерде колхицинмен уыттанудың клиникалық көріністерін қадағалап отыру қажет. Бауыр мен бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге кларитромицинмен бір мезгілде қабылдаған кезде колхициннің дозасын төмендету қажет. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге кларитромицин мен колхицинді бірге қабылдау қарсы көрсетілімді.

Зидовудин. АИТВ инфекциясы бар ересек пациенттердің таблеткалар түріндегі кларитромицин мен зидовудинді ішу арқылы бір мезгілде қабылдауы зидовудиннің тепе-теңдік концентрациясының төмендеуіне алып келеді. Кларитромицин ішу арқылы бір мезгілде қабылдаған кезде зидовудиннің сіңірілуіне әсер етеді, мұны кларитромицин мен зидовудинді қабылдаудың 4 сағаттық аралығын сақтау арқылы айтарлықтай дәрежеде болдырмауға болады. Бұл өзара әрекеттесу, кларитромициннің суспензиясын зидовудинмен және дидеоксиинозинмен бір мезгілде қабылдаған кезде АИТВ инфекциясы бар балаларда туындамайды.

Фенитоин және вальпроат. Өздігінен құралған есептердің нәтижелері бойынша, кларитромицин сияқты CYP3A тежегіштері мен теориялық тұрғыдан метаболизміне CYP3A қатыспайтын (мысалы, фенитоин және вальпроат) препараттар арасында өзара әрекеттесу байқалады. Ондай препараттарды кларитромицинмен бірге тағайындаған кезде олардың сарысудағы деңгейіне талдау жүргізу ұсынылады. Бұл препараттардың сарысудағы концентрацияларының артқаны туралы деректер бар

Дәрілік препараттармен екібағытты өзара әрекеттесуі

Атазанавир мен кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады. Бұл препараттар арасындағы екібағытты өзара әрекеттесуге дәлел бар. Кларитромицинді (күніне екі рет 500 мг) атазанавирмен (күніне бір рет 400 мг) бірге қолдану кларитромицин экспозициясының 2 есе артуына, 14-ОН-кларитромицин экспозициясының 70%-ға төмендеуіне және атазанавир AUC 28%-ға артуына алып келеді. Кларитромициннің емдік терезесінің сипаты елеулі болғандықтан, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде кларитромициннің дозасын төмендету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігінің орташа дәрежесі бар (КК 30-дан 60 мл/мин дейін) пациенттер үшін кларитромициннің дозасы 50%-ға төмендетілуі тиіс. КК 30 мл/мин аз пациенттер үшін, кларитромициннің дозасы сәйкесінше дәрілік түрін пайдалану арқылы 75%-ға төмендетілуі тиіс. Протеаза тежегіштермен бірге қабылдаған кезде кларитромициннің дозасы күніне 1000 мг аспауы тиіс.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары. Артериялық гипотензияның даму қаупіне байланысты, кларитромицинді CYP 3A4 (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) арқылы метаболизденетін кальций өзекшелерінің блокаторларымен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек. Олардың өзара әрекеттесуі кезінде кларитромициннің де, кальций өзекшелері блокаторларының да плазмалық концентрациялары артуы мүмкін. Кларитромицинді верапамилмен бірге қабылдаған пациенттерде артериялық гипотензия, брадиаритмиялар және лактоацидоз байқалады.

Итраконазол мен кларитромицин CYP 3A субстраттары және тежегіштері болып табылады, соған байланысты кларитромицин плазмадағы итраконазолдың плазмалық деңгейлерін арттыруы, немесе керісінше болуы мүмкін. Итраконазолды кларитромицинмен бірге қолданғанда күшейген немесе ұзаққа созылған фармакологиялық әсерінің көріністері мен симптомдарын анықтау үшін, пациенттер дәрігердің қатаң қадағалауында болуы тиіс.

Саквинавир мен кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады. Бұл препараттар арасындағы екібағытты өзара әрекеттесудің дәлелі бар.

Айрықша нұсқаулар

Антибиотикті ұзақ уақыт немесе қайталап қолдану сезімтал емес бактериялар мен зеңдердің шамадан тыс көбеюін туғызуы мүмкін. Суперинфекция туындаған жағдайда тиісті емдеуді бастау керек.

Кларитромицинді қолданған кезде бауыр функциясы бұзылған жағдайлар, соның ішінде бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылағаны, және сарғаюмен немесе онсыз жүретін гепатоцеллюлярлық немесе холестаздық гепатит жағдайлары тіркелген. Мұндай бауыр дисфункциясы ауыр және әдетте қайтымды болуы мүмкін. Сонымен қатар өліммен аяқталған бауыр жеткіліксіздігі жағдайы да тіркелген, олар күрделі қатарлас аурулармен немесе қатарлас дәрілік препараттарды қабылдаумен байланысты болған. Анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, қышынуы немесе іштегі ауырсыну сияқты гепатит симптомдары туындаған жағдайда, дереу кларитромицинді қолдануды тоқтату керек.

Кларитромициннің көп бөлігі бауыр арқылы шығарылады, сондықтан бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге бұл антибиотикті сақтықпен тағайындау керек.

Макролидтерді қоса, бактерияға қарсы препараттардың көпшілігін қабылдаған кезде жалғанжарғақшалы колит жағдайлары тіркелген, оның дәрежесі орташадан өмірге қауіпті түріне дейін ауытқып тұрады.

Кларитромицинді қоса, бактерияға қарсы препараттардың көпшілігін қабылдаған кезде Clostridium difficile-мен (CDAD) астасқан диарея жағдайлары тіркелген, оның дәрежесі орташадан өлімен аяқталатынға дейін ауытқып тұрады. Бактерияға қарсы препараттарды қабылдау ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл C. Difficile көбеюінің артуына алып келеді.

Колхицин. Маркетингтен кейінгі есептерде кларитромицинмен бірге қабылдаған кезде, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігіен зардап шеккен егде жастағы пациенттерде колхициннің уыттылығы туралы хабарланады. Кейбір пациенттерде өліммен аяқталған жағдайлар тіркелген. Кларитромицин мен колхицинді бірге қабылдау қарсы көрсетілімді.

Кларитромицинді триазолам және мидазолам сияқты триазолобензодиазепиндермен көктамыр ішіне бір мезгілде сақтықпен тағайындау керек.

Кларитромицин мен басқа отоуытты препараттарды, әсіресе аминогликозидтерді бірге қолдануды сақтықпен тағайындау керек. Емдеу кезінде және емдеуден кейін вестибулярлық және есту функцияларын қадағалау қажет.

QT аралығының ұзару қаупіне байланысты, кларитромицинді жүректің ишемия ауруы, жүректің ауыр жеткіліксіздігі, гипомагниемиясы, брадикардиясы (минутына <50 соғу) бар пациенттерде немесе QT аралығының ұзаруын тудыруы мүмкін басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдағанда сақтықпен пайдалану қажет. Кларитромицинді сыртартқысында туа біткен немесе жүре пайда болған QT аралығының ұзаруы немесе қарыншалық аритмиясы бар пациенттерге пайдалануға тыйым салынған.

Пневмония. Streptococcus pneumoniae макролидтерге төзімділігі мүмкін болғандықтан, кларитромицинді ауруханалық емес пневмонияны емдеу үшін тағайындаған кезде сезімталдыққа тест жүргізу маңызды. Ауруханалық пневмония жағдайында кларитромицинді басқа сәйкесінше антибиотиктермен қолдану керек.

Тері мен жұмсақ тіндердің ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа инфекциялары. Ондай инфекциялардың айтарлықтай жиі қоздырғыштары Staphylococcus aureus және Streptococcus pyogenes болып табылады, олар да макролидтерге төзімді болуы мүмкін. Соған орай, сезімталдығына зерттеу жүргізу қажет. Егер бета-лактамды антибиотиктерді пайдалану мүмкін болмаған жағдайларда (мысалы, аллергияға байланысты), басқа препараттарды, мысалы, клиндамицинді қолдану дұрысырақ болып табылады. Қазіргі кезде макролидтер тек тері мен жұмсақ тіндердің жекелеген инфекциялық зақымдалуларын, мысалы Corynebacterium minutissimum-тен туындаған ауруларды, кәдімгі безеулер және мен көшпелі эритеманы емдеу үшін, сондай-ақ, пенициллинмен емдеу мүмкін болмаған жағдайларда ғана пайдаланылады.

Егер анафилаксия, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз немесе эозинофилиямен және жүйелі көріністермен қатар жүретін дәрілік тері реакциясы, сияқты аса жоғары сезімталдықтың күрделі жедел реакциялары байқалса, кларитромицинді қолдануды дереу тоқтату және тез арада тиісінше ем жүргізу керек.

Кларитромицин мен басқа макролидтік антибиотиктердің, сондай-ақ линкомицин мен клиндамициннің арасында айқаспалы төзімділік болуы мүмкін екенін ескеру керек.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер). Кларитромицинді ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді. Кларитромицинді статиндермен бірге қабылдауды сақтықпен тағайындау керек. Кларитромицин мен статиндерді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиздің туындағаны туралы деректер бар. Ондай пациенттерде миопатияның белгілері мен симптомдарын қадағалау қажет. Егер кларитромицин мен статиндерді бір мезгілде қолдану аса қажет болса, статиннің барынша төмен дозасын беру ұсынылады. CYP3A метаболизміне тәуелсіз статинді, мысалы, флувастатинді тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек.

Ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық дәрілер және инсулин. Кларитромицин мен ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық дәрілерді (мысалы, сульфонилмочевина туындыларын), сондай-ақ инсулинді бір мезгілде қолданғанда елеулі гипогликемия туындауы мүмкін. Глюкоза деңгейіне мұқият бақылау ұсынылады.

Ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттар. Кларитромицинді варфаринмен бірге қолданғанда күрделі қан кетудің, ХҚҚ көрсеткіші (халықаралық қалыптастырылған қатынас) мен протромбиндік уақыттың елеулі артуының туындау қаупі бар. Кларитромицин мен ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттарды бір мезгілде қолданғанда, ХХҚ көрсеткіші мен протромбиндік уақытты жиі бақылау қажет.

Жүктілік

Кларитромицинді қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Осы себепті, кларитромицинді жүктілік кезінде, пайдасы мен қаупінің арақатынасын мұқият талдап алмай, әсіресе жүктіліктің І триместрінде қолдану ұсынылмайды.

Бала емізу кезеңі

Кларитромициннің бала емізу кезіндегі қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ. Кларитромициннің ана сүтімен шығарылатындығы белгілі.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кларитромицинді қолданған кезде бас айналуы, сананың шатасуы және бағдардан жаңылудың туындауы мүмкіндігін ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: асқазан-ішек жолы тарапынан симптомдар туындауы, сондай-ақ, психикалық жағдай өзгеруі мүмкін, параноидальді мінез-құлық, гипокалиемия және гипоксемия.

Емі: Лекоклар препаратын қолдануды тоқтату және сәйкесінше симптоматикалық емді бастау керек. Гемодиализ немесе перитонеальді диализдің сарысудағы кларитромицин концентрациясының деңгейіне елеулі әсері күтілмейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

68.3 г (125 мг/ 5 мл дозасы үшін) және 68.3 г-ден (250 мг/5 мл дозасы үшін) полиэтиленнен жасалған сыйымдылығы 240 мл, балалардың ашуынан қорғалған және бірінші ашылуын бақылау сақинасымен бұралатын қақпағы бар құтыларға салынған.

1 құтыдан полиэтиленнен/полипропиленнен жасалған өлшеуіш еккішпен бірге медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Дайындалған суспензияны 25 °С-ден аспайтын температурада 14 тәуліктен асырмай сақтау керек.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы/Тіркеу куәлігінің иесі

С.С. Сандоз С.Р.Л., Румыния

Livezeni Street, 7A, 540472 Targu Mures, Romania

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Сандоз Фармасьютикалс д.д.» АҚ өкілдігі, Алматы қ., Луганский к-сі 96,

Телефон нөмірі: +7 727 258 10 48, факс: +7 727 258 10 47

e-mail: kzsdz.drugsafety@sandoz.com

8 800 080 0066 – Қазақстан бойынша қоңырау шалуға арналған тегін нөмір

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

496374241477976341_ru.doc 156.5 кб
877569001477977600_kz.doc 187.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники