Левофлоксацин (500 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Левофлоксацин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Левофлоксацин
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - левофлоксацин гемигидраты 514,5 мг
(левофлоксацинге шаққанда 500,0 мг),
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), кальций стеараты, стеарин қышқылы, натрий альгинаты,
қабықтың құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), полисорбат 80 (твин-80), хинолинді сары бояғыш, вазелин майы.
Сипаттамасы
Екі беті дөңес, сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі пайдалануға арналған бактерияларға қарсы препараттар. Микробтарға қарсы препараттар - хинолон туындылары. Фторхинолондар. Левофлоксацин.
АТХ коды J01МА12
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Левофлоксацин ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолдарынан тез және іс жүзінде толық сіңеді. Биожетімділігі 95-100% құрайды. Ас қабылдау толық сіңуіне және жылдамдығына мардымсыз әсер етеді.
Плазмадағы ең жоғары концентрациясына 500 мг бір реттік дозада 1,6 ± 1,0 сағаттан кейін жетеді. Ақуыздармен байланысуы 30-40%. Организмнен салыстырмалы баяу шығарылады (жартылай шығарылу кезеңі - 6-8 сағат). Экскрециясы негізінен бүйректер арқылы, шумақтық сүзіліс және өзекшелік сөлініс жолымен жүреді.
Ағзалар мен тіндерге жақсы өтеді. Бауырда аздаған бөлігі тотықтанады және/немесе дезацетилденеді. Левофлоксациннің 5% азы биотрансформация өнімдері түрінде экскрецияланады.
Өзгермеген түрінде несеппен 75% - 90% шығарылады, тіпті бір рет қабылдағаннан кейін де несепте 20-24 сағат ішінде анықталды, нәжісте ішке қабылданған дозаның 4% анықталды.
Фармакодинамикасы
Левофлоксацин - фторхинолондар тобынан кең ауқымды бактерицидті әсерімен бактерияларға қарсы дәрі, офлоксациннің солға айналатын изомері. Левофлоксациннің әсер ету механизмі бактериялық ДНК-гираза мен топоизомераза IV белсенділігін бәсеңдету болып табылады, суперспирализацияны және ДНҚ үзілуінің қайта тізілуін бұзады, ДНҚ синтезін бәсеңдетеді, цитоплазмада жасуша қабырғасының терең морфологиялық өзгерістерін туындатады.
Левофлоксацин микроорганизмдердің көптеген штамдарына қатысты белсенді.
- аэробты грамоң микроорганизмдер: Enterococcus faecalis, Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал), Staphylococcus haemoliticus (метициллинге сезімтал), Staphylococcus saprophyticus, Streptococcus pneumoniae (пенициллинге төзімді штамдарды қоса), Streptococcus pyogenes және Streptococci (C және G топтары); Staphylococcus haemoliticus (метициллинге төзімді);
- аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Haemophilus influenzae (ампициллинге сезімтал және төзімді), Heamophilus parainfluenzae, Klebsiella pneumoniae, Klebsiella oxytoca, Legionella pneumophila, Moraxella catarrhalis 1+ /-, Pasteurella multocida, Proteus vulgaris, Proteus mirabilis, Pseudomonas aeruginosa, Serratia marcescens, Salmonella species, Shigella species, Yersinia enterocolitica, басқа да Enterobacter spp, Bordetella pertussis, Citrobacter spp, Acinetobacter spp, Morganella morganii, және Providencia spp.;
- анаэробты микроорганизмдер: Clostridium perfringes, Bacteroides fragilis, Peptostreptococci; басқа да Bacteroides spp., Clostridium difficile;
- жасушаішілік микроорганизмдер: Chlamidia pneumoniae, Chlamidia psittaci, Mycoplasma pneumoniae, Mycobacterium tuberculosis.
Қолданылуы
-
жедел синуситте
-
созылмалы бронхиттің өршуінде
-
ауруханадан тыс пневмонияда
-
тері және жұмсақ тіндердің жұқпаларында
-
созылмалы бактериялық (создық, хламидиялық) простатитте
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге: 500 мг таблеткаларды тәулігіне 1-2 рет қабылдайды. Дозасы мен емдеу ұзақтығы жұқпаның сипаты мен ауырлығына, сондай-ақ болжамды қоздырғыш сезімталдығына қарай анықталады. Таблеткаларды шайнамай, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып, аспен бірге немесе ас қабылдау арасында қабылдау керек. Қолданылуы жөніндегі нұсқаулықты қатаң сақтау керек.
Бүйрек функциясы қалыпты немесе бүйрек функциясы орташа төмендеген креатин клиренсі (КК) > 50 мл/мин емделушілер үшін препараттың мынадай дозалау режимін ұсынуға болады:
-
жедел синуситте- 500 мг тәулігіне бір рет 10-14 күн;
-
созылмалы бронхиттің өршуінде - 500 мг тәулігіне бір рет 7-10 күн;
-
ауруханадан тыс пневмонияда - 500 мг тәулігіне 1-2 рет 7-14 күн;
-
тері және жұмсақ тіндердің жұқпаларында - 500 мг тәулігіне бір рет 7-10 күн;
-
созылмалы бактериялық (создық, хламидиялық) простатитте - 500 мг тәулігіне бір рет 28 күн.
Ең жоғары бір реттік доза – 500 мг, ең жоғары тәуліктік доза – 1000 мг.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (≥1/100, <1/10)
- ұйқысыздық, бас ауыруы, бас айналуы
- жүрек айнуы, құсу, диарея
- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
Жиі емес (≥1/1000, <1/100)
- Candida жұқпасын қоса, зеңдік жұқпа
- патогеннің төзімділігі
- лейкопения, эозинофилия
- анорексия
- мазасыздану
- сананың шатасу жағдайы, жоғары қозғыштық
- ұйқышылдық, тремор, дисгевзия
- вертиго
- ентігу
- іштің ауыруы, диспепсия, іштің кебуі, іш қатуы
- қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы
- бөртпе, қышыну, есекжем, гипергидроз
- артралгия, миалгия
- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
- астения
Сирек (≥1/10000, <1/1000)
- тромбоцитопения, нейтропения
- ангионевротикалық ісіну, аса жоғары сезімталдық
- гипогликемия, әсіресе диабетпен емделушілерде
- психотикалық реакциялар (мысалы, елестеулермен, параноямен)
- депрессия, ажитация
- әдеттегіден тыс, шым шытырақ түстер көру
- конвульсиялар
- парестезия
- бұлыңғырлану секілді көрудің бұзылуы
- тиннитус
- тахикардия, жүректің қағуы
- гипотензия
- тендинитті қоса, сіңірлердің аурулары (мысалы, ахилл сіңірі)
- миастения грависпен науқастарда ерекше мәні бар бұлшықет әлсіздігі
- бүйректің жедел жеткіліксіздігі (мысалы, интерстициальді нефрит салдарынан)
- пирексия
Жиілігі белгісіз
- панцитопения, агранулоцитоз, гемолитикалық анемия
- анафилактикалық шок (анафилактикалық және анафилактоидты реакциялар кейде препараттың бірінші дозасын енгізгеннен кейін де пайда болуы мүмкін)
- анафилактоидты шок (тері-шырышты қабаттық реакциялар кейде препараттың бірінші дозасын енгізгеннен кейін де пайда болуы мүмкін)
- гипергликемия
- гипогликемиялық кома
- суицидальді ойларды немесе суицид әрекеттерін қоса, емделушінің өзіне қауіпті болып табылатын әрекеттермен психотикалық бұзылыстар
- шеткергі сенсорлық нейропатия
- шеткергі сенсомоторлы нейропатия
- аносмияны қоса паросмия
- дискинезия, экстрапирамидалық бұзылыстар
- агевзия
- естен тану
- қатерсіз бассүйекішілік гипертензия
- уақытша көрмей қалу
- естудің бұзылуы, естімей қалу
- жүректің тоқтап қалуына әкелетін, қарыншалық тахикардия.
- қарыншалық аритмия және қарыншалардың дірілдеуі- жыпылықтауы (негізінен QT аралығының ұзаруының қауіп факторы бар, емделушілерде байқалады), ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы
- бронхтүйілуі, аллергиялық пневмонит
- геморрагиялық диарея, өте сирек жағдайларда жалғанжарғақшалы колит, панкреатитті қоса, энтероколиттің барын көрсетеді
- сарғаю және өліммен аяқталатын жедел бауыр жеткіліксіздігі жағдайларын қоса, бауырдың ауыр зақымдануы ең бастысы, ауыр негізгі аурумен емделушілерде, гепатит
- уытты эпидермальді некролиз Стивенс-Джонсон Синдромы, полиморфты эритема, фотосенсибилизация реакциясы, лейкоцитокластық васкулит, стоматит
- рабдомиолиз, сіңірлердің үзілуі (мысалы, ахилл сіңірі)
- байламдардың, бұлшықеттің үзілуі
- артрит
- ауыру (арқаның, кеуде және аяқ-қолдың ауыруын қоса)
Осы аурумен науқастарда порфирия ұстамасын қоса, фторхинолондарды қолданумен байланысты басқа да жағымсыз әсерлері
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- левофлоксацинге немесе басқа да хинолондарға жоғары сезімталдық
- КК<50 мл/мин созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- эпилепсия және құрысу шегі төмен орталық жүйке жүйесінің басқа да зақымданулары
- порфирия
- сыртартқысындағы хинолондарды қолдануға байланысты сіңір зақымдануы
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Құрамында кальций, магний немесе алюминий бар антацидтермен, сукральфатпен, темір секілді екі – және үшвалентті катиондар бар препараттармен немесе мырыш бар мультивитаминдермен бір мезгілде қолданғанда олардың организмдегі концентрациясының азаюына әкелетін, хинолондардың сіңуі бұзылуы мүмкін. Осы препараттарды қабылдау аралығы 2 сағаттан кем болмауы керек.
QT аралығының ұзаруын туындататын дәрілік заттар
Левофлоксацинді, басқа фторхинолондар сияқты, QT аралығының ұзаруын туындататын (мысалы, ІА және ІІІ класының аритмияға қарсы препараттары, үшциклдық антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) препараттарды қабылдайтын емделушілерде сақтықпен қолдану керек.
Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін зерттеулерде левофлоксацин теофиллиннің фармакокинетикасына әсер етпейді (маркерлік субстраты CYP1A2), ол левофлоксациннің CYP1A2 тежегіші болып табылмайтынын көрсетеді.
Сукральфат
Левофлоксацин таблеткасының биожетімділігі сукральфатпен бір мезгілде қолданғанда елеулі төмендейді. Егер емделушіге Левофлоксацин және сукральфат қабылдау қажет болса, сукральфатты таблеткадағы левофлоксацин препаратын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдаған дұрыс.
Теофиллин, фенбуфен немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттар
Дегенмен, хинолондарды теофиллинмен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен немесе құрысу дайындығы шегін төмендететін басқа препараттармен бір мезгілде тағайындауда құрысу шегі төмендеуі мүмкін. Фенбуфен левофлоксациннің концентрациясын 13%-ға жоғарылатады.
Глюкокортикостероидтармен бір мезгілде қабылдау сіңірдің үзілу қаупін жоғарылатады.
Пробенецид және циметидин
Левофлоксациннің бүйректік клиренсі циметидинмен және пробенецидпен бір мезгілде қолданғанда төмендейді. Екі препарат та бүйректік өзекшелік сөліністі бөгейді, бүйрек функциясы шектеулі емделушілерде оларды Левофлоксацинмен бірге тағайындағанда сақтық шараларын сақтау керек.
Циклоспорин
Циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі левофлоксацинмен бір мезгілде тағайындағанда 33% -ға ұлғаяды.
Диабетке қарсы препараттар
Қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы, гипергликемия және гипогликемия хинолондарды және гипогликемиялық препараттарды бір мезгілде қабылдайтын емделушілерде байқалуы мүмкін. Сондықтан, осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда қандағы глюкоза деңгейін үнемі бақылау ұсынылады.
К витаминінің антагонистері
Левофлоксацинді К витаминінің антагонистерімен (варфарин) бір мезгілде қолданғанда қан ұюының көрсеткішіне бақылау жүргізу керек.
Айрықша нұсқаулар
Метициллинге төзімді алтын түстес стафилококтардың левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға төзімді болуының мүмкіндігі жоғары.
Сондықтан, левофлоксацинді метициллинге төзімді стафилококтармен туындаған белгілі немесе болжанған жұқпаларды емдеу үшін, егер зертханалық зерттеулер нәтижесінде микроорганизмдердің левофлоксацинге сезімталдығы (сондай-ақ, әдетте метициллинге төзімді стафилококпен туындаған жұқпаларды емдеуде тағайындалатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану талапқа сай емес деп саналғанда) нақтыланбаған болса қолдану ұсынылмайды.
Левофлоксацинді осы жұқпалар дұрыс диагностикаланған жағдайда жедел бактериялық синуситті және созылмалы бронхиттің асқынуын емдеуде қолдануға болады.
Тендинит және сіңір үзілуі
Сирек жағдайларда тендинит пайда болуы мүмкін. Ахилл сіңірі жиірек зақымданады, тендинит сіңірдің үзілуіне әкелуі мүмкін. Тендинит және сіңірдің үзілуі кейбір жағдайларда екі жақты, және левофлоксацинмен емді бастағаннан кейін 48 сағат ішінде пайда болуы мүмкін, сондай-ақ аталған патологиялардың емді тоқтатқаннан кейін бірнеше айдың ішінде пайда болу жағдайлары туралы хабарланды. Тендинит және сіңір үзілуі қаупі 60 жастан асқан емделушілерде, 1000 мг тәуліктік дозаны қабылдайтын емделушілерде, сондай-ақ кортикостероидтарды қабылдауда ұлғая түседі. Егде жастағы емделушілерде тәуліктік дозаны креатинин клиренсіне байланысты түзету керек. Сондықтан, левофлоксацинді тағайындауда емделушілерге мұқият мониторинг жүргізу керек. Тендинит симптомдары пайда болғанда барлық емделушілер дәрігермен кеңесуі тиіс. Тендинитке күдік туындағанда левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтату және зақымданған сіңірге тиісті ем бастау керек (мысалы, оның жеткілікті иммобилизациясын қамтамасыз ету сияқты).
Clostridium difficile туындаған ауру
Левофлоксацинмен емдеу уақытында немесе емді аяқтағаннан кейінгі (емді аяқтағаннан кейінгі бірнеше аптаны қоса), әсіресе ең ауыр, тұрақты және/немесе қан аралас диарея Clostridium difficile туындайтын ауру белгісі болуы мүмкін.
Clostridium difficile туындаған аурулар ауырлық дәрежесіне қарай жеңілден өмірге қауіп төндіретінге дейін ауытқуы мүмкін, бұл кезде ең ауыр формасы жалғанжарғақшалы колит болып табылады. Осылайша, егер левофлоксацинді қолданумен ем кезінде немесе емдеуден кейін емделушілерде ауыр диарея дамыса, аталған диагнозды ескерудің маңызы зор. Clostridium difficile туындаған ауруға күдік туындаса, левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтату және сәйкес емді кешіктірмей бастау керек. Аталған клиникалық жағдайда ішек перистальтикасын тежейтін препараттарды қолдануға болмайды.
Құрысу дамуына бейім емделушілер
Хинолондар құрысуға дайындық шегін төмендетуі және құрысуға түрткі болуы мүмкін. Левофлоксацинді сыртартқысында эпилепсиясы бар емделушілерге қолдануға болмайды және басқа да хинолондар сияқты, аталған препарат құрысуға бейім емделушілерде немесе белсенді заттары (мысалы, теофиллин) құрысуға дайындық шегін төмендететін дәрілік заттармен қатар емдегенде айрықша сақтықпен қолданылуы тиіс. Конвульсивті құрысулар дамыған жағдайда левофлоксацинді қолданумен емді тоқтату керек.
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар емделушілер
Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе айқын бұзылуы бар емделушілерде хинолонды бактерияға қарсы препараттармен емдеуде гемолитикалық реакцияларға бейімділік байқалуы мүмкін.
Осылайша, левофлоксацинді осы емделушілерде қолдану қажет болғанда оларды гемолиздің пайда болуына бақылау керек.
Бүйрек функциясының бұзылуымен емделушілер
Левофлоксацин негізінен бүйрек арқылы экскрецияланатындықтан олардың функциясының бұзылуымен емделушілерде Левофлоксациннің дозасы түзетілуі тиіс.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Левофлоксацин аса жоғары сезімталдық реакциясының ауыр және потенциалды летальді реакцияларын туындатуы мүмкін (мысалы, анафилактикалық шокқа дейін жететін ангионевротикалық ісіну), бұл кейде препараттың бірінші дозасын қабылдағаннан кейін дамуы мүмкін. Емделушілер емді тоқтатуы және тезірек тиісті жедел көмек үшін дереу емдеуші дәрігерге жедел жәрдем дәрігеріне қаралуы тиіс.
Ауыр буллезді реакциялар
Левофлоксацинді қолдануда Стивенс–Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз секілді ауыр буллезді тері реакцияларының даму жағдайы туралы хабарланды. Емделушілерге теріде/шырышты қабатта реакция дамыған жағдайда емді жалғастырмас бұрын дереу емдеуші дәрігермен байланысуды ұсыну керек.
Дисгликемия
Барлық хинолондарды қолданғандағы сияқты, әдетте пероральді гипогликемиялық препараттарды (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинді қолданумен қатар ем алатын диабетпен емделушілерде байқалатын гипо-, сондай-ақ гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза құрамының бұзылуының пайда болуы туралы хабарланды. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды. Диабетпен емделушілерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау керек.
Фотосенсибилизацияның алдын алу
Левофлоксацинді қолданғанда фотосенсибилизацияның пайда болуы туралы хабарланды. Емделу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 48 сағаттың ішінде фотосенсибилизацияның дамуының алдын алу үшін емделушілерге күшті күннің немесе жасанды УК сәуленің әсеріне (мысалы, УК лампа, солярий) қажетсіз ұшырауына болмайды,
К витамині антагонистерін қабылдаумен ем алудағы емделушілер
Левофлоксацин мен К витамині антагонисінің (мысалы, варфарин) біріктірілімін қолданумен ем алудағы емделушілерде, аталған препараттарды бір мезгілде қолданғанда коагуляциялық сынамалар көрсеткіштерінің (ПВ/МНО) және/немесе қан кетудің пайда болуының жоғарылау мүмкіндігіне байланысты коагуляциялық сынамалар нәтижесіне мониторинг жүргізу керек.
Психикалық реакциялар
Левофлоксацинді қоса, хинолондар қабылдаған емделушілерде психикалық реакциялардың пайда болғаны туралы хабарланған. Өте сирек жағдайларда, кейде тіпті левофлоксациннің бір ғана дозасын қабылдағаннан кейін осындай реакциялар емделушінің өзіне қауіпті болып саналатын суицидтік ойлар мен іс әрекеттердің пайда болуына дейін үдеген. Осындай реакциялар туындаған жағдайда левофлоксацин қабылдауды тоқтату және тиісті шараларға жүгіну керек. Психозбен немесе сыртартқысында психикалық аурулары бар науқастарда левофлоксацинді сақтықпен қолдану ұсынылады.
QT аралығының ұзаруы
Левофлоксацинді қоса, Фторхинолондарды QT аралығы ұзаруының төмендегідей белгілі қауіп факторы бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек:
- QT аралығы ұзаруының туа біткен синдромы
- QT аралығының ұзаруын туындататын дәрілік заттарды қатар қолдану (мысалы, IA және III класының аритмияға қарсы препараттары, үшциклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер)
-электролиттер теңгерімінің түзетілмеген бұзылуы (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)
-жүрек ауруы (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).
Егде жастағы науқастар және әйелдер QT аралығының ұзаруын туындататын препараттарға сезімтал болуы мүмкін. Сондықтан, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды емделушілердің аталған тобында сақтықпен қолдану керек.
Шеткергі нейропатия
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар қабылдаған емделушілерде жылдам дамуы мүмкін шеткергі сенсорлық нейропатия және шеткергі сенсомоторлық нейропатия туралы хабарланған. Нейропатия симптомдары пайда болса, болуы мүмкін қайтымсыз бұзылыстардың дамуының алдын алу үшін левофлоксацинді қолдануды тоқтату керек.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылыстар
Левофлоксацинді қолданғанда негізінен, ауыр аурулармен мысалы сепсиспен емделушілерде өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігіне дейін бауыр некрозы жағдайлары туралы хабарланды. Емделушілерге анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, қышыну және іштің ауыруы секілді бауыр ауруларының белгілері мен симптомдары пайда болғанда емді тоқтату және емдеуші дәрігермен байланысу ұсынылады.
Миастения гравистің өршуі
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар нейробұлшықеттік бөгейтін белсенділік иеленген және миастения грависпен зардап шегетін емделушілерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Өлім жағдайын және постмаркетингтік бақылау кезеңінде пайда болған өкпені жасанды қосымша желдетудің қажеттігін қоса елеулі жағымсыз реакциялар миастения грависпен зардап шегетін емделушілерде, фторхинолондарды қолданумен байланысты болды. Емделушінің сыртартқысында миастения гравис болғанда левофлоксацинді қолдану ұсынылмайды.
Көрудің бұзылуы
Көрудің бұзылуы пайда болғанда немесе препаратты қабылдаудың көзге әсері байқалғанда шұғыл түрде офтальмолог дәрігерге қаралу керек.
Асқынжұқпа
Левофлоксацинді әсіресе ұзақ уақыт бойы қолдану оған сезімтал емес микроорганизмдердің күшті көбеюіне алып келуі мүмкін.
Емделу кезінде асқынжұқпа пайда болғанда сәйкес шаралар қабылдау керек.
Зертханалық зерттеулердің нәтижесіне әсері
Левофлоксацинді қолданумен ем алудағы емделушілерде, несептегі апиындарды анықтауға талдау жалған оң нәтиже беруі мүмкін. Апиындардың барына талдау нәтижесін спецификалық әдістерді қолданумен растау қажет болуы мүмкін.
Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін бәсеңдетуі мүмкін, сондықтан, туберкулездің бактериологиялық диагностикасының жалған теріс нәтижесінің себебі болуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Левофлоксацинді жүкті әйелдерде қолдану туралы деректер шектеулі.
Клиникаға дейінгі зерттеулерде, репродуктивті уыттылығы тұрғысынан тікелей немесе қосымша зиянды әсерлері анықталған жоқ. Әйтсе де клиникалық деректер болмаған жағдайда, сондай-ақ эксперименталдық деректер фторхинолондармен өсіп келе жатқан организмде салмақ жүктемесін ұстайтын сіңірлердің зақымдану қаупін растайды, сондықтан, левофлоксацинді жүкті әйелдерде қолдануға болмайды.
Левофлоксаацинді емшекпен қоректендіру кезінде қолдануға болмайды.
Қазіргі уақытта левофлоксациннің емшек сүтімен бөлінуіне қатысты ақпараттар жеткіліксіз; бірақ басқа фторхинолондардың емшек сүтімен бөлінетіні белгілі. Клиникалық деректер болмаған жағдайда, сондай-ақ эксперименталдық деректер фторхинолондармен өсіп келе жатқан организмде салмақ жүктемесін ұстайтын сіңірлердің зақымдану қаупін растайды, сондықтан, левофлоксацинді емшекпен қоректендіру кезінде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бас айналуы, ұйқышылдық, көрудің бұзылуы секілді жағымсыз әсерлерін ескеріп, көлік құралдарын немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда сақтық шараларын сақтау керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: жүректің айнуы, асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатының эрозиялық зақымдануы, бас айналуы, сананың шатасуы, сананың бұзылуы және құрысу ұстамалары.
Емі: арнайы у қайтарғысы жоқ, препаратты қабылдауды тоқтату, асқазанды шаю, симптоматикалық ем, диализ тиімсіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған. Қорапшалар тұтынушылар ыдысына арналған картоннан жасалған қораптарға салынған. Медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтан ақпаратты қорапшаға жазуға болады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,
Рашидов к-сі 81, т/ф: 8(7252) 56 13 42
Тіркеу куәлігінің иесі
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім, тауар сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,
Рашидов к-сі 81,
Телефон нөмірі 7252 (561342)
Факс нөмірі 7252 (561342)
Электрондық поштасы infomed@santo.kz