Левомицетин (1%, 10 мл)

МНН: Хлорамфеникол
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chloramphenicol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003174
Период регистрации: 19.11.2015 - 19.11.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 40.2 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Левомицетин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлорамфеникол

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған спиртті 1% ерітінді, 10 мл

Құрамы

100 мл препарат құрамында

белсенді зат - левомицетин 1.0 г

қосымша зат — этил спирті 70 % 100 мл-ге дейін

Сипаттамасы

Спирт иісі бар түссіз мөлдір немесе аздап сарғыш сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған өзге де бактерияларға қарсы препараттар. Хлорамфеникол.

АТХ коды D06AХ02

Фармакологиялық қасиеттері

Левомицетин әсері кең ауқымды антибиотик, микроб жасушасында ақуыз синтезінің үдерісін бұзады (жақсы липофильділікке ие бола отырып, бактериялардың жасушалық жарғақшасы арқылы өтеді және бактериялық рибосомалардың 50 S суббірліктерімен қайтымды байланысады, онда амин қышқылдарының өсуші пептидтік тізбектерге ауысуын кідіреді, бұл ақуыз синтезінің бұзылуына әкеледі). Көптеген грамоң және грамтеріс бактерияларға, риккетсияларға, спирохет және бірнеше ірі вирустарға (трахома қоздырғыштары, пситтакоз, шаптық лимфогранулематоза) қатысты белсенді; пенициллинге, стрептомицинге, сульфаниламидтерге төзімді бактерия штаммдарына әсер етеді. Әдеттегі дозаларда бактериостатикалық тұрғыдан әсер етеді. Қышқылға төзімді бактерияларға, көк іріңді таяқшаларға, клостридийге және қарапайымдыларға қатысты белсенділігі әлсіз. Күйген және іріңді жараларды және трофикалық ойықжараларды тазартуға және жазуға ықпал етеді, эпителизацияны жылдамдатады.

Қолданылуы

  • - терінің іріңді зақымдары

  • - жұқпа жұққан күйіктер

  • - бактериялық жұқпадан туындаған сыртқы есту каналының қабыну үдерістері

  • - трофикалық ойықжаралар

  • - фурункулдар

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті компресс, дымқылдау, инстилляция, сіңдіріп жағу түрінде. Сыртқы есту жолына ерітіндіге малынған мақта тампон қояды. Емдеу курсы 3-5 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • Жергілікті қолданғанда гиперемия, ұсақ папулезді бөртпе және қышыну түріндегі жергілікті реакциялар болуы ықтимал. Барлық құбылыстар препаратты тоқтатқаннан кейін қайтымды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жеке жақпаушылық

- препаратқа сезімталдық

- тері аурулары (псориаз, экзема, зеңдік зақымдану)

- 1 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ерітіндідегі ингредиенттердің шөгінді болып түсуін туындатуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Автокөлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл-ден дәрілік заттарға арналған бұралатын қақпағы бар полиэтилен құтыларды.

Құтылар медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге тиісті мөлшерде орама қағаздан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе термоотырғызатын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндруші

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ-сы,

Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ-сы,

Чкалов к-сі, 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

917639041477976325_ru.doc 43 кб
821884301477977577_kz.doc 45.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники