Левомицетин-опти® (0.5%)

МНН: Хлорамфеникол
Производитель: ЛеКос ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chloramphenicol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016329
Период регистрации: 20.04.2016 - 20.04.2021

Инструкция

Саудалық атауы

ЛЕВОМИЦЕТИН-ОПТИ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлорамфеникол

Дәрілік түрі

Көз тамшысы 0,25 % 15 мл және 0,5 % 10 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді затхлорамфеникол 2.5 немесе 5.0 мг

қосымша заттар: 20.0 мг бор қышқылы, натрий гидроксиді (ерітіндінің рН түзету үшін), инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе сарғыш-жасыл сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Микробтарға қарсы препараттар. Антибиотиктер. Хлорамфеникол.

АТХ коды S01АА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты көзге тамызғанда көзішілік және ішінара жүйелі сіңу жүзеге асады. Левомицетиннің емдік концентрациясы жергілікті қолданған кезде мөлдір қабықта, көздің сулы ылғалында, нұрлы қабықта, шыны тәрізді денеде, көздің сулы ылғалында пайда болады; көз бұршағына препарат енбейді. Негізінен белсенді емес метаболиттер түрінде несеппен, ішінара өтпен және нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Әсер ауқымы кең бактериостатикалық антибиотик.

Бактерияға қарсы әсерінің механизмі микроорганизмдердің ақуыз синтезінің бұзылуымен байланысты, майда ерігіш болғандықтан, бактериялардың жасушалық жарғақшасы арқылы өтеді және бактериялық рибосомалардың 50S суббірлігімен қайтымды байланысады, онда өсетін пептидтік тізбектерге амин қышқылдарының көшуі тежеледі. Левомицетин Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Klebsiella pneumoniae, Enterobacter (Aerobacter) кейбір түрлеріне, Neisseria, Staphylococcus aureus, Streptococcus spp. түрлеріне (оның ішінде Streptococcus pneumoniae, Streptococcus hemolyticus), Moraxella lacunata, риккетсиялар мен микоплазмаларға қатысты белсенді.

Препарат пенициллинге, стреп­томицинге, сульфаниламидтерге, тетрациклиндерге төзімді бактериялар штаммдарына қатысты белсенді. Қышқылға төзімді бактерияларға, көгілдір таяқшаға, клостридиялар мен қарапайымдыларға қатысты тиімділігі аз. Препаратқа дәрілік төзімділік салыстырмалы түрде баяу дамиды, бұл ретте, әдетте, басқа химиотерапиялық дәрілерге айқаспалы төзімділік туындамайды.

Қолданылуы

Сезімтал микрофлоралар туындатқан көздің бактериялық инфекциялары:

- конъюнктивиттерде, оның ішінде инфекциялық

- блефаритте

- блефароконъюнктивитте

- кератитте

- кератоконъюнктивитте

- салдарлы бактериялық инфекциялар болғанда жүйке салдануынан болған кератитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 1 жастан асқан балаларға: жергілікті конъюнктивалық қалтаға 1-2 тамшыдан әрбір 1-4 сағат сайын инстилляция түрінде күніне 3-4 рет.

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер әрбір пациентке жекелей анықтайды.

Емдеу курсының ұсынылатын ең жоғары ұзақтығы 2 аптаны құрайды.

Жағымсыз әсерлері

- тамызғаннан кейінгі алғашқы секундтарда жылдам өтетін шымылдату орын алуы мүмкін

- жергілікті аллергиялық реакциялар болуы мүмкін: қабақтың ісінуі, қышыну, көздің тітіркенуі және жас ағу

- көру және шеткергі жүйкелердің невриті; бас ауыруы, бас айналуы пайда болуы мүмкін

ұзақ қолданғанда:

- көздің өткірлігі төмендеуі

- ретикулоцитопения

- лейкопения

- гранулоцитопения

- тромбоцитопения

- эритроцитопения

сирек:

- апластикалық анемия, агранулоцитоз

- зеңдік инфекция

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- жеке көтере алмаушылық

- сүйек кемігінде қан түзілуінің бәсеңдеуі

- бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі

- жедел интермиттирлейтін порфирия

- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

- тері аурулары (псориаз, экзема, зеңдік зақымданулар)

- вирустық және зеңдік көз аурулары

- жүктілік және лактация кезеңі

- 1 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бауырдағы зат алмасуға әсер ететін қан түзілуін бәсеңдететін препараттармен (сульфаниламидтермен, цитостатиктермен), сәулелік еммен бір мезгілде тағайындағанда – жағымсыз әсердің даму қаупі артады.

Эритромицинмен, клиндамицинмен, линкомицинмен бір мезгілде қолданған кезде левомицетин осы препараттарды байланысқан күйден ығыстыруы мүмкін немесе 50S бактериялық рибосомалары субъбірлігімен байланысуына кедергі ететіндіктен әсерінің өзара әлсіреуі байқалады.

Ішілетін гипогликемиялық препараттармен тағайындағанда бауырдағы метаболизмінің бәсеңдеуі және плазмадағы концентрациясының жоғарылауы есебінен олардың әсерінің күшеюі байқалады.

Левомицетин Р450 цитохромының ферментті жүйесін бәсеңдетеді, сондықтан фенобарбиталмен, фенитоинмен, тікелей емес антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда осы препараттардың метаболизмі әлсіреуі және плазмада олардың концентрациясының артуы байқалады.

Аминогликозидтер, пенициллиндер, В полимиксині, тетрациклиндер, цефалоспориндер, эритромициндердің бактерияға қарсы әсерін төмендетеді. Сонымен бірге аскорбин қышқылымен, гидрокортизонмен, В тобындағы витаминдермен үйлесімсіз.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты профилактикалық мақсатта тағайындауға болмайды. Препаратты негізсіз тағайындауға және оны жеңіл түрдегі инфекциялық ауруларға, әсіресе балалар тәжірибесінде қолдануға болмайды. Емдеу үдерісінде қан көрінісін жүйелі бақылау қажет.

Бұрын сәулелік ем немесе цитостатикалық препараттармен ем қабылдаған пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Ерітінді ластанбауы үшін құтыны нығыздап жауып, тамшуырдың ұшын қандай да бір бетке тигізбей сақтау керек.

Педиатрияда қолдану

Дәрілік затты 1 жасқа дейінгі балаларға тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті басқару немесе қауіптілігі зор механизмдерді пайдалану кезінде сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Жергілікті қолданғанда препараттың артық дозалануы жайында деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл (0.5 % доза үшін) және 15 мл-ден (0.25 % доза үшін) алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қалпақпен герметикалық тығындалған полиэтиленді тамшылатқыш құтыларға құйылған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 0С-ден 25 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейін препараттың сақталу мерзімі – 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«ЛеКос» ЖШС

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЛеКос» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.

e-mail: lecos1@mail.ru; www.lecos.kz

 

 

Прикрепленные файлы

418395661477976249_ru.doc 50 кб
139480931477977512_kz.doc 62.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники