Левомицетин

МНН: Хлорамфеникол
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chloramphenicol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015612
Период регистрации: 30.03.2016 - 30.03.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Левомицетин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлорамфеникол

Дәрінің түрі

0,25% спиртті ерітінді

Құрамы

100 мл ерiтiндi құрамында

белсендi зат – хлорамфеникол 0,25 г

қосымша заттар – 100 мл-ге дейін 70 % этил спиртi

Сипаттамасы

Мөлдiр, түссiз немесе сәл сарғыш реңi бар, спирттiң иiсi бар сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған басқа бактерияларға қарсы препараттар.

АТХ коды D06AХ02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Левомицетиннің спиртті ерітіндісін теріге қолдану барысында фармакокинетикалық қасиеттері анықталмаған.

Фармакодинамикасы

Левомицетин – кең ауқымды бактериостатикалық әсері бар антибиотик, микроб жасушасындағы ақуыздың түзілу үдерісін бұзады. Пенициллиннің, тетрациклиннің, сульфаниламидтердің әсеріне төзімді грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің көпшілігіне белсенді; трофикалық және күйіктен болған іріңді жаралардың тазаруына, жазылуына ықпал етеді, эпителизацияны жеделдетеді.

Қолданылуы

– терінің iрiңдi қабынуы

– жұқпа жұқтырған күйіктер

– фурункулдар

– трофикалық жаралар

– сыртқы есту өзегiнiң бактериялық инфекция туғызған қабыну үдерістерінде

Қолдану тәсiлдері мен дозалары

Ерітіндіні зақымданған жерлерге жағады немесе ерітіндімен суланған дәкеден (мақтадан) жасалған тампонмен жеңіл қимылмен сүртеді. Сыртқы есту өзегiне ерiтiндi сіңірілген мақтадан жасалған тампон салынады. Емдеу курсы 2-5 күн.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін (терінің тітіркенуі, тері бөртпесі, есекжем).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта

– псориазда

– экземада

– терінің зеңдер туғызған ауруларында

– 1 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуi

Левомицетин спиртті ерітіндісін сыртқа қолданғанда басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Бұрынырақ цитостатикалық препараттармен немесе сәулелік еммен ем қабылдаған пациенттерде сақтықпен қолданады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат жүкті әйелдерде және лактация кезеңінде, дәрігердің тағайындауымен, егер күтілетін емдік әсері ықтимал қауіптен артқан жағдайда қолдануға болады.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі

Автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне препарат әсер етпейді

Артық дозалануы

Байқаусызда ішіп қойса улану симптомдары байқалуы мүмкін: құсу, жүрек айнуы, диарея, метеоризм.

Емі – симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

0,25% спирттi ерiтiндi, полиэтиленді және шыны құтыларда 60 мл қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамада.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 оС-ден 30 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

1 жыл 6 ай

Жарамдылық мерзiмi өткеннен кейін қолдануға болмайды

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндiрушi «Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы Б.Бұлқұшев көшесi 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Б.Бұлқұшев көшесі, 4е,

тел/факс +7727233-27-58 E-mail: farm-4@mail.ru

Прикрепленные файлы

266424701477976270_ru.doc 40.5 кб
843239231477977481_kz.doc 45.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники